Преслон (1000 мг/4 мл)

МНН: Цитиколин
Производитель: Мефар Илач Санаи А.Ш.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Citicoline
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№022284
Информация о регистрации в РК: 01.09.2021 - 01.09.2031

Инструкция

Саудалық атауы

Преслон

Халықаралық патенттелмеген атауы

Цитиколин

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған ерітінді 500 мг/ 4 мл, 1000 мг/4 мл

Құрамы

Бір ампуланың ішінде:

белсенді зат - цитиколин натрий 522.50 мг 1045.04 мг

500 мг немесе 1000 мг цитиколинге баламалы;

қосымша заттар: натрий гидроксиді, хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су

Сипаттамасы

Мөлдір, түссіз немесе қоңырқай-сары түсті ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Психоаналептиктер. Психостимуляторлар және басқа да ноотроптар. Цитиколин

ATХ коды N06BX06

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Цитиколин жақсы сіңеді, вена ішіне енгізгеннен және ішке қабылдағаннан кейінгі биожетімділігі бірдей.

Метаболизмі.

Препарат холин мен цитидин түзумен ішек пен бауырда метаболизденеді. Қабылдағаннан кейін холиннің плазмадағы концентрациясы айтарлықтай жоғарылайды.

Таралуы.

Цитиколин холин фракциясын құрылымдық фосфолипидтерге және цитидин фракциясын – цитидинді нуклеотидтер мен нуклеин қышқылдарына жылдам енгізумен ми құрылымдарында айтарлықтай дәрежеде таралады. Цитиколин миға өтіп және құрылымдық фосфолипидтер фракциясының бөлігін түзіп, жасушалық, цитоплазмалық және митохондриальді жарғақшаларға белсенді тіркеледі.

Шығарылуы.

Цитиколиннің енгізілген дозасының тек 15 % адам организмінен шығарылады: 3 % кемі бүйрекпен және ішек арқылы және 12 % жуығы деммен шығарылатын СО2 (көмірқышқыл газбен).

Цитиколиннің несеппен экскрециясын 2 фазаға бөлуге болады: барысында шығарылу жылдамдығы төмендейтін 36 сағатқа созылатын бірінші фаза, және экскреция жылдамдығы баяуырақ төмендейтін екінші фаза. Осындай жағдай деммен шығарылатын СО2 байқаладышығарылу жылдамдығы шамамен 15 сағаттан кейін жылдам төмендейді, ал содан кейін біршама баяу төмендейді.

Фармакодинамикасы

Ноотропты препарат. Холинергиялық нейрондарда жүйке импульстарының берілуін жақсартады; нейрональді жарғақшалардың пластикалығына және рецепторлар функциясына оң әсер етеді. Церебральді қанайналымын жақсартады, мидағы метаболизмдік үдерістерді күшейтеді, мидың ретикулярлық формациясының құрылымын белсенділендіреді және мидың жарақаттық зақымдануында сананы қалпына келтіреді.

Преслон холин көзі болып табылады, ацетилхолин синтезін арттырып құрылымдық (опорных) фосфолипидтердің нейрондар жарғақшаларындағы биосинтезін стимуляциялайды, ол өз кезегінде жарғақшалық механизмдер функциясының, оның ішінде ионалмастыратын насостың және модуляциясы жүйке берілісінің қажет шарты болып табылатын ондағы рецепторлардың қызмет жасауының жақсаруына ықпал етеді.

Преслон жадының нашарлауын, эмоциялық ауытқымалықты, әрекетсіздік, күнделікті әрекеттерді орындау барысында және өзін-өзі қызметпен қамтудағы қиындықтарды қоса, гипоксия және ми ишемиясында байқалатын симптомдарды жақсартады.

Преслон когнитивтік, сезімталдық дегенеративтік және қантамырлық этиологиядағы неврологиялық қимыл бұзылыстарын емдеуде тиімді.

Қолданылуы

  • жедел фазадағы инсульт және оның неврологиялық асқынуларында

  • мидың жарақаттық зақымдануы және оның неврологиялық асқынуларында

Қолдану тәсілі және дозалары

Баяу венаішілік инъекция түрінде (5 минут ішінде) немесе тамшылатып вена ішіне құюмен (40-60 капель в минуту) вена ішіне тағайындайды.

Инсульт және бас сүйек-ми жарақатының жедел кезеңінде емді кейіннен күніне 1-2 инъекциядан (500 – 2000 мг) бұлшықет ішіне енгізуге немесе 45-90 күнге дейін ішке қабылдауға ауысумен аурудың ауырлығына байланысты екі апта ішінде препаратты 1000 – 2000 мг дозада күнделікті вена ішіне енгізуден бастайды. Препараттың дозасын және қабылдау курсын емдеуші дәрігердің ұсынымы бойынша өзгертуге болады.

Жағымсыз әсерлері

Өте сирек (< 1/10000)

  • аллергиялық реакциялар, есекжем, экзантема, терінің алқызыл түске дейін қызаруы, терінің қышынуы, ісінулер, анафилаксиялық шок дамуы мүмкін

  • бас ауыруы, бас айналуы, елестеулер, қозу, ұйқысыздық, температураның жоғарылауы, ысыну сезімі, тремор, салданған аяқ-қолдың жансыздануы

  • диспноэ

  • жүрек айнуы, құсу, диарея, бауыр ферменттері белсенділігінің өзгеруі

  • артериялық қысымның жоғарылауы немесе қысқа мерзімдік төмендеуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • парасимпатикалық жүйке жүйесінің жоғары тонусымен (ваготония) жағдайлар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Цитиколин L-дигидроксифенилаланиннің әсерін күшейтеді.

Құрамында меклофексонат бар дәрілік заттармен бір мезгілде тағайындауға болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Бас-сүйек миішілік қанқұйылу жағдайында 1000 мг тәуліктің дозадан арттырмай минутына 30 тамшы жылдамдықпен вена ішіне баяу енгізу керек.

Препаратты ампуланы ашқаннан кейін дереу қолану керек. Препаратпен ампула тек бір рет қолдануға арналған. Препараттың қалдығын жою керек.

Препарат венаішілік изотониялық ерітінділердің және декстроза ерітінділерінің барлық түрлерімен сыйымды.

Препаратты басқа дәрілік заттармен бір ыдыста араластыруға болмайды.

Педиатрияда қолданылуы

Цитиколинді балаларда қолдануға қатысты жеткілікті деректер жоқ.

Препаратты қолданудың пайдасы болуы мүмкін қаупінен жоғары болған жағдайда ғана қолданады.

Жүктілік немесе лактация кезеңінде қолдану

Цитиколинді жүкті әйелдерге қолдану жөнінде жеткілікті деректер жоқ. Цитиколиннің емшек сүтіне экскрециялануы және оның ұрыққа әсері туралы деректер жоқ. Сондықтан жүктілік немесе емшекпен қоректендіру кезінде препаратты егер анасы үшін күтілген пайдасы ұрық үшін әлеуетті қаупінен жоғары болған жағдайда ғана тағайындайды.

Препараттың көлік құралдарын басқаруда немесе механизмдермен жұмыс жасауда реакция жылдамдығына әсер ету ерекшеліктері

Цитиколин көлік құралдарын және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: препараттың жағымсыз әсерлерінің күшеюі.

Преслонды ұзақ уақытқа тағайындау енгізу тәсіліне тәуелсіз уытты әсерлермен қатар жүрген жоқ.

Емі: симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

4 мл препараттан (500 мг/4 мл, 1000 мг/4 мл доза үшін) шыныдан жасалған I типті түссіз ампулаларда.

5 ампуладан пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші/қаптаушы

Мефар Илач Санаи А.Ш., Түркия

Стамбул қ-сы, Курткой, Пендик, Рамазаноглу, Ансар к-сі №20

Тіркеу куәлігінің иесі

Гранд Медикал Групп АГ, Швейцария

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы:

«Гранд Медикал Групп АГ» Қазақстан Республикасындағы өкілдігі

Мамыр-4, 297а үй, 3 кеңсе

Тел/факс: 8 (727) 228 17 83

Ұялы тел.: +7701 – 991-74-35

Прикрепленные файлы

132960041477976206_ru.doc 52 кб
924445671477977462_kz.doc 79 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники