Преднизолон (мазь, 0.5%, 10 г, Нижфарм ОАО)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Преднизолон
Халықаралық патенттелмеген атауы
Преднизолон
Дәрілік түрі
Сыртқа қолдануға арналған 0,5% жақпамай
Құрамы
100 г жақпамайдың құрамында
белсенді зат – 0,5 г преднизолон,
қосымша заттар: дистилляцияланған глицерин (глицерол), вазелин, стеарин қышқылы, №1 эмульгатор (Lanette® SX), нипагин (метилпарагидроксибензоат), нипазол (пропилпарагидроксибензоат), тазартылған су.
Сипаттамасы
Ақ түсті жақпамай
Фармакотерапиялық тобы
Тері ауруларын емдеу үшін сыртқа қолдануға арналған кортикостероидтар. Белсенділігі әлсіз кортикостероидтар (I топ).
АТЖ коды D07AA03
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Преднизолон тері беткейінен елеусіз сіңуінен кейін плазма ақуыздарымен байланысады, негізінен бауырда жүретін метаболизмге ұшырайды. Плацентарлық бөгет арқылы өтеді. Бүйрек арқылы бөлінеді. Тері жабындары тұтастығының бұзылуы немесе окклюзиялық таңғыш преднизолонның тері арқылы сіңуін жоғарылатуы мүмкін.
Фармакодинамикасы
Сыртқа қолданған кезде қабынуға қарсы, аллергияға қарсы, қышынуға қарсы және антиэкссудативті әсер етеді.
Арахидон қышқылының түзілуін, қабыну медиаторларының (гистаминнің, простагландиндердің, лейкотриендердің, лизосомальді ферменттердің және т.б.) түзілуі мен босап шығуын басады. Терінің қабыну реакциясын басады, қабыну ошағында тамырлардың вазодилатациясы мен жоғары өткізгіштігін азайтады.
Қолданылуы
- шығу тегі микробты емес терінің қабыну және аллергиялық ауруларын кешенді емдеуде: экзема, аллергиялық, себореялық және жанаспалы дерматит, нейродермит, псориаз, қызыл жегі, эритродермия.
Қолдану тәсілі мен дозалары
Сыртқа. Терінің зақымданған жерлеріне күніне 1-3 рет жұқалап жағады.
Емдеу курсының ұзақтығы аурудың сипаты мен емдеу тиімділігіне байланысты болады, әдетте бұл 6-14 күн құрайды; аурудың қарқынды ағымда жүруі кезінде 20 күнге дейін ұзартылуы мүмкін. Тиімділігін күшейту үшін шектеулі ошақтарда окклюзиялық таңғыштарды пайдалануға болады. Жақпамайды 1 жастан бастап және одан асқан балаларға қолданған кезде емдеудің жалпы ұзақтығын шектеген және глюкокортикостероид резорбциясын (сіңуін) күшейтетін шараларды (қыздырғыш, бекіткіш және окклюзионды таңғыштар) болдырмаған жөн.
Жағымсыз әсерлері
-
препарат жағылған бөлік шегіндегі гиперемия, ісіну, қышыну, әсіресе жеке көтере алмаушылығы бар емделушілерде стероидты безеулер, телеангиэктазиялар, теріні ашытуы, тітіркенуі, құрғауы
-
терінің салдарлы жұқпалы зақымданулары, ондағы атрофиялық өзгерістер, гипертрихоз (препаратты ұзақ қолданғанда)
-
преднизолонның резорбтивті әсерінің байқалуы түріндегі гиперкортицизм (әсіресе үлкен бөліктерде ұзақ қолданғанда). Мұндай жағдайларда препарат тоқтатылады.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
-
туберкулез, мерез, тері ісіктері
-
кәдімгі безеу, қызғылт безеу (аурудың өршуі мүмкін)
-
терінің жарақатты, ойық жаралы зақымданулары
-
терінің бактериальді, вирустық және зеңдік аурулары
-
жүктілік пен лактация кезеңі
-
1 жасқа дейінгі балалар.
Дәрілермен өзара әрекеттестігі
Гирсутизм мен безеудің пайда болуына бір мезгілде глюкокортикостероидтарды, андрогендерді, эстрогендерді, ішу арқылы қабылданатын контрацептивтер мен стероидты анаболиктерді қабылдау ықпал етеді.
Преднизолон антикоагулянттардың ұюға қарсы әсерін күшейтеді. Салицилаттарды қабылдау аясында қан кету ықтималдығын арттырады. Диуретиктермен бір мезгілде қабылдағанда электролиттік алмасудың бұзылуы мүмкіндігін жоғарылатады. Жүрек гликозидтерімен уыттану қаупін күшейтеді. Диабетке қарсы препараттардың гипогликемиялық әсерін азайтады және рифампициннің бактерияға қарсы белсенділігін төмендетеді. Антацидті препараттармен үйлестіру ұсынылмайды.
Айрықша нұсқаулар
Терінің жұқпалы зақымдануларының алдын алу үшін Преднизолон жақпамайын бактерияларға және зеңдерге қарсы дәрілермен үйлесімде тағайындау ұсынылады.
Бала жасында
Бала жасында бүйрек үсті безі қыртысының қызметін бәсеңдету жылдам дамуы мүмкін. Мұнымен қоса, өсу гормоны шығарылуының төмендеуі байқалады.
Препаратты ұзақ уақыт бойы қолданғанда дене салмағын, бойдың өсуін, плазманың кортизол деңгейін байқап отыру қажет.
Препаратты қолданудың ұзақтығы 14 күннен аспауы тиіс.
Дәрілік заттың автокөлік немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Автомобиль немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Симптомдары: препаратты үлкен дозада ұзақ қолданған кезде гиперкортицизм симптомдарының пайда болуы мүмкін.
Емі: препаратты тоқтату аясындағы симптоматикалық ем.
Шығарылу түрі мен қаптамасы
Алюминий сықпаға 10 г салынған.
Әр сықпа медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.
Сақтау шарттары
25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«Нижфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы
603950, Нижний Новгород қ.
ҚҚП-459, Салганская к-сі, 7
Тел (831) 278-80-88
Факс (831) 430-72-28
Bеб сайт: http://www.nizhpharm.ru
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
«Нижфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Нижфарм» ААҚ Өкілдігі
050043, Қазақстан Республикасы,
Алматы қ., Хан-Тәңірі ы/а, 55б
тел.: (727) 271-99-68
факс: (727) 255-33-78
e–mail: almaty@stada.kz