Преднизолон ВР

МНН: Преднизолон
Производитель: Симпекс Фарма Пвт. Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Prednisolone
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015739
Информация о регистрации в РК: 26.08.2016 - 26.08.2021
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 7.01 KZT
Предельная цена реализации в РК: 1 142.01 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Преднизолон ВР

Халықаралық патенттелмеген атауы

Преднизолон

Дәрілік түрі

Таблеткалар, 5 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат- 5 мг преднизолон ВР бар

қосымша заттар: жүгері крахмалы, лактоза, натрий крахмалының гликоляты, магний стераты, тазартылған тальк, коллоидты кремнийдің қостотығы.

Сипаттамасы

Дөңгелек ақ түсті жалпақ келген бетінің бір жағында сызығы және ойығы бар таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі түрде қолданылатын кортикостероидтер. Глюкокортикостероидтар. Преднизолон.

АТХ коды Н02АВ06

 

Фармакологиялық әсерлері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағанда асқазан-ішек жолында (АIЖ) жақсы сіңеді. Қан плазмасындағы ең жоғарғы концентрациясы 90 минуттан соң байқалады. Жартылай шығарылу кезеңі шамамен 3 сағатты құрайды. Қан плазмасындағы преднизалонның басым бөлігі транскортинмен (кортизолмен байланыстыратын глобулинмен) байланысады. Негізінен бауырда метаболизденеді. Препараттың 20% өзгермеген күйде несеп арқылы шығарылады.

Фармакодинамикасы

Синтетикалық глюкокортикостероидты дәрі. Қабынуға қарсы, аллергияға қарсы, иммуносупрессиялық, антиэкссудативтік және қышынуға қарсы әсер етеді. Катаболизмдік әсер береді, қанда глюкозаның деңгейін жоғарылатады, май тінінің таралуын туындатады. АКТГ және глюкокортикостероидтардың екінші рет бүйрекүсті бездерімен синтезін мен секрециясын тежейді.

Қолданылуы

  • жүйелі қызыл жегі, түйінді периартериит, дерматомиозит және полимиозит, жүйелі васкулиттерде

  • ревматизм, ревматоидтық артритте, Бехтеров ауруында

  • жайылған склерозда

  • біріншілік және екіншілік бүйрекүсті безі жеткіліксіздігінде ( соның ішінде бүйрекүсті безін алып тастағаннан кейінгі Адиссон ауруы)

  • адреногенитальді синдромында

  • бронх демікпесінде

  • аллергиялық реакцияларда (сарысу құю ауруы, есекжем, аллергиялық ринит, аллергиялық конъюнктивит, Квинке ісінуі)

  • гепатитте

  • гипогликемиялық жай-күйде

  • шығу тегі аутоиммунды бүйрек ауруларында

  • агранулоцитозда, лейкоздың әртүрлерінде, тромбоцитопениялық пурпурада, гемолитикалық анемияда

  • Ходжкин ауруы

  • күлдіреуікте, экземада, эксфолиативті дерматитте, псориазда, Лайэлл эпидермолизінде

  • симпатикалық офтальмия, іріңсіз кератит, ирит, иридоциклит, увеит, хореоидит

  • педиатрияда: жедел өрбитін ревматизм, кіші хорея, бронх демікпесінің ауыр түрі, нефроздық синдром.

Қолдану тәсілі және дозалары

Дозасы аурудың түрі мен емнің жауабына қарай жеке белгіленеді. Күткен әсерді алған соң дозаны ең төменгі тиімді дозасына дейін біртіндеп төмендетіледі. Сондай-ақ дәріні жоспарлы түрде қабылдауды тоқтатуда да дозасын біртіндеп төмендету керек.

Дәрілік затты тәуліктік ритмге байланысты , ертеңгісін үлкен (немесе барлық ) доза бөлігін қабылдауға кеңес беріледі. Бірақ кейбір жағдайларда преднизолонды жиі қабылдау қажет болуы мүмкін.

Препаратты аз ғана сумен ішеді.

Препараттың дозасын қабылдау уақытын өткізіп алған кездері оны тезірек қабылдаған жөн, немесе, егер келесі қабылдау уақыты жақындап қалса, өткізіп алған доза қабылданбайды. Бірден қосарланған дозаны қабылдамаған жөн. Ауру жедел өршіген жағдайда және орын басатын ем ретінде ересектерге алғашқы доза есебінде тәулігіне 20-30 мг (4-6 таблетка) тағайындайды. Демеуші доза тәулігіне 5-10 мг (1-2 таблетка) құрайды. Бұдан жоғары дозаларды нефроздық синдромда, лейкозда, кейбір ревматизмдік аурулар кезінде тағайындайды.

Жайылған склероздың өрбу жағдайында: 7 күн бойы тәулігіне 200 мг, әрі қарай 1 ай бойы тәулігіне 80 мг.

Балаларға арналған доза: бастапқы доза - дене салмағының әр кг-на 1 мг - 2 мг есеппен тәулігіне үш немесе төрт қабылдауға, демеуші доза 0.3-0.6 мг/кг/тәул.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз әсерлердің жиілігі мен айқындылығы дозаның қолдану ұзақтығына, пайдаланылатын дозаның шамасына және циркадтық тағайындалу ритмін орындау мүмкіндігіне байланысты.

- аритмия, брадикардия, артериялық гипертензия, созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің дамуы немесе көріністелуінің күшеюі, гипокалиемияға тән ЭКГ-өзгерістер. Жедел және жеделге жуық миокард инфарктысы бар науқастарда –некроз ошағының таралуы, тыртық тіндері қалыптасуының баяулауы, бұл жүрек бұлшықетінің ажырауына әкелуі мүмкін

- лейкоцитурия, тромбозға және тромбоэмболияға апаратын гиперкоагуляция

- бас ауыруы, бас айналуы, мишықтың жалған ісігі, бассүйекішілік қысымның жоғарылауы, құрысулар

- артқы субкапсулярлық катаракта, көру жүйкесінің ықтимал көзішілік қысымның жоғарылауы, салдарлы бактериялық, зеңдік немесе вирустық көз инфекцияларының дамуына бейімділік, нұрлы қабықтың трофикалық өзгерістері, экзофтальм

- жүрек айнуы, құсу, эпигастрияның ауыруы, диарея, панкреатит, асқазан мен он екі елі ішектің «стероидты» ойықжарасы, эрозивті эзофагит, асқазан-ішек жолынан қат кету және тесілуі, тәбеттің жоғарылауы немесе төмендеуі, метеоризм, ықылық. Сирек жағдайларда – «бауырлық» трансаминазалар мен сілтілік фосфатаза белсенділігінің жоғарылауы

- регенерация үдерісінің баяулауы, петехиялар, қанталау, гематомалар, экхимоздар, стриялар, терінің жұқаруы, гипер- немесе гипопигментация, безеулер, пиодермияның дамуына бейімділік

- балалардағы өсудің және сүйектену үдерісінің баяулауы (эпифизарлық өсу аймағының уақытынан бұрын жабылуы), остеопороз, өте сирек – сүйектің патологиялық сынуы, тоқпан және ортан жілік бастиегінің асептикалық некрозы, бұлшықет сіңірлерінің үзілуі, «стероидты» миопатия, бұлшықет массасының азаюы (атрофия)

- глюкозаға төзімділіктің төмендеуі, «стероидты» қант диабеті немесе латентті қант диабетінің манифестациясы, гипоталамустық-гипофизарлық-бүйрекүсті жүйесінің бәсеңдеуі, етеккір оралымының бұзылуы, балалардағы жыныстық дамудың кідіруі, Иценко-Кушинг синдромы (ай тәрізді бет, гипофизарлық типтегі семіру, гирсутизм, артериялық қысымның жоғарылауы, дисменорея, аменорея, миастения, стриялар)

- гипокальциемия, теріс азоттық теңгерім (ақуыздардың жоғары дәрежедегі ыдырауы), дене салмағының жоғарылауы. Преднизолонның минералокортикостероидты белсенділігімен негізделген жағымсыз әсерлер: сұйықтықтың және Na+ кідіруі (шеткергі ісіну), гипернатриемия, гипокалиемиялық синдром – аритмия, миалгия немесе бұлшықет түйілуі, ерекше әлсіздік және шаршағыштық

- организмнің инфекцияларға төзімділігінің төмендеуі

- бөртпе, қышыну, гиперемия, есекжем, Квинке ісінуі, анафилактикалық шок

- делирий, бағдардан адасу, эйфория, елестеулер, маниакальді-депрессиялық психоз, депрессия, паранойя, күйгелектік, мазасыздық, ұйқысыздық

- тоқтату синдромы, ісінулер, афтоздық ойықжара, уролиттердің туындау қаупінің жоғарылауы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- қазіргі сәтте бар немесе біраз уақыт бұрын болған шығу тегі вирустық, зеңдік немесе бактериялық паразиттік және инфекциялық аурулар: қарапайым герпес, офтальмологиялық герпес, белдемелі герпес (виремиялық фаза), желшешек, қызылша; амебиаз, стронгилоидоз (анықталған немесе күдікті); жүйелік микоз; белсенді және латентті туберкулез

- вакцинациядан кейінгі кезең (ұзақтығы 10 апта: вакцинацияға дейін 8 апта және одан кейін 2 апта), БЦЖ екпесінен кейінгі лимфаденит

- АИТВ-инфекциясынан туындаған иммун тапшылық жағдайы

- асқазан-ішек жолдарының аурулары: асқазан мен он екі елі ішектің ойықжаралы аурулары, эзофагит, гастрит, жедел немесе латентті пептикалық ойықжара, біраз уақыт бұрын жасалған ішек анастамозы, спецификалық емес ойықжаралы колит тесілу немесе іріңнің қалталану қаупімен, дивертикулит

- жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары: біраз уақыт бұрын болған миокард инфаркті, декомпенсацияланған созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, артериялық гипертензия, тромбоэмболиялық ауруға бейімділік

- эндокриндік жүйенің аурулары: қант диабеті және көмірсуларға төзімділіктің бұзылуы, тиреотоксикоз, гипотиреоз, Иценко-Кушинг ауруы

- ауыр созылмалы бүйрек және/немесе бауыр жеткіліксіздігі, нефроуролитиаз

- гипоальбуминемия

- жүйелік остеопороз

- миастения gravis

- жедел психоз

- семіру (III-IV дәреж.)

- полиомиелит (бульбарлық энцефалит түрін қоспағанда)

- ашық- және жабықбұрышты глаукома

- галактоза жақпаушылығы, лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромының сирек тұқым қуалайтын түрлері бар пациенттер

Дәрілермен өзара әрекеттестігі

Препаратты диабетке қарсы дәрілік заттармен, антикоагулянттармен, салицилаттармен, несеп диуретиктермен, барбитураттармен бірге тағайындағанда сақ болу керек.

Преднизолонның әсері барбитураттар немесе фенитоин препараттарын қабылдайтын пациенттерде бәсеңдейді.

Рифампицинмен бірге қолданғанда рифампициннің емдік әсері әлсіреуі мүмкін.

Біріктірілген емінің ерте сатысында циклоспорин преднизолон метаболизмін төмендетеді. Тиісінше, жартылай шығару кезеңі ұзарып, клиренс азаяды. Бұл жағдайларда преднизолон дозасы түзетуді талап етеді.

Алдыңғы ұзақ мерзімді басқа кортикостероидтармен емдеу преднизолонның жартылай шығару кезеңін қысқартады.

Гормондық контрацептивтермен бір мезгілде қолдану - преднизолонның әсерін күшейтеді.

Салицилаттармен бір мезгілде қолданылғанда қан кетудің пайда болу мүмкіндігі жоғарылайды.

Диуретиктермен бір мезгілде қолдану электролиттік теңгерімнің бұзылуын өршітеді.

Диабетке қарсы дәрілермен бір мезгілде қолданғанда қанда глюкоза деңгейінің төмендеу жылдамдығы баяулайды. Преднизолонды қабылдайтын пациенттерде инсулинге деген мұқтаждықты өсіреді.

Жүрек гликозидтерімен бір мезгілде қолданғанда гликозидтік уыттанудың туындау қаупі күшейеді.

Гипотензиялық дәрілермен бір мезгілде қолданғанда олардың әсері азаюы мүмкін.

М-холиноблокаторлармен (антигистаминдік препараттар, үшциклдік антидепрессанттарды қосқанда) және нитраттармен бір мезгілде қолдану көзішілік қысымның туындауына түрткі болады.

Басқадай кортикостероидтарды (андрогендер, эстрогендер, пероралдық контрацептивтер және стероидтық анаболиктер) бір мезгілде қолдану безеудің пайда болуын туындатады. Преднизолонды, психозға қарсы дәрілерді, карбутамидты және азатиопринді пайдалану аясында катарактаның туындау қаупі жоғарылайды.

Айрықша нұсқаулар

Науқасқа емді бастар алдында ықтимал қарсы көрсетілімдерді анықтау бойынша тексеру қажет. Клиникалық тексеруге жүрек-қантамыр жүйесін зерттеу, өкпені рентгенологиялық зерттеу, асқазан мен он екі елі ішекті зерттеу; несеп бөлу жүйесін, көру мүшелерін зерттеу кіруі тиіс. Зертханалық тексеруге мыналар кіруі тиіс: жалпы қан талдауы, қандағы және несептегі глюкоза концентрациясын, қан плазмасындағы электролиттерді талдау.

Ұзақ уақыт глюкокортикоидтармен емдеу кезінде артериялық қысымды тұрақты бақылау, несептегі және қандағы глюкоза деңгейін анықтау, нәжісті жасырын қанға қатысты талдау жүргізу, қан ұю көрсеткіштерінің талдауы, омыртқа бағанын рентгенологиялық талдау, офтальмологиялық тексеру (3 айда 1 рет).

Емдеу уақытында иммунизация жүргізбеген жөн.

Глюкокортикоидтармен емдеу кезінде пациенттерде ерекше стресстік жағдайлар туындаса жылдам әсер ететін кортикостероидтардың дозасын стресстік жағдай уақытында, оған дейін және одан кейін ұлғайту ұсынылады.

Преднизолонмен емдеу уақытында алкоголь қабылдауға болмайды.

Емнің ұзақтығына және дозаға байланысты препараттың кальций метаболизміне теріс ықпал етуі мүмкін. Остеопороздың профилактикасы ұсынылады, бұл пациенттерде қауіп факторлары (оның ішінде – отбасылық бейімдік, егде жас, постменопауза, ақуыз бен кальцийді тұтынудың жеткіліксіздігі, шамадан тыс шылым шегу, алкогольді шамадан тыс қабылдау, сондай-ақ дене белсенділігінің төмендеуі) болғанда аса маңызды. Профилактика кальций мен D витаминін жеткілікті түрде қабылдауға негізделген, сондай-ақ дене белсенділігі де кіреді.

Преднизолонмен емдеуде жағымсыз әсерлерді азайту үшін тиісті диетаны тағайындау дұрыс деп саналады.

Преднизолонның жоғарғы дозаларын ұзақ уақыт бойы пайдаланғанда (кемінде 4 апта бойы тәулігіне 30 мг) дәрілік затты қабылдауды тоқтатқаннан кейін бірнеше ай ішінде сақталатын сперматогенездің қайтымды бұзылыстары туындауы мүмкін.

Физиологиялықтан жоғары преднизолонның дозаларын (шамамен 7,5 мг преднизолон немесе баламасы) 3 аптадан аса қабылдап жүрген пациенттерде преднизолонмен емді біртіндеп тоқтату қажет. Емді мынадай пациенттер тобында ем 3 аптадан аз жүргізілген болса да біртіндеп тоқтату керек:

– преднизолонмен емдеудің қайталау курстарынан өткен пациенттер;

– ұзақ емнен (айлар, жылдар) кейін бір жыл бойы қайта емдеу курсы тағайындалған пациенттер;

– тәулігіне 40 мг преднизолон немесе баламасын қабылдайтын пациенттер;

– себебі кортикостероидтерді экзогенді қабылдау болып табылмайтын бүйрекүсті безінің жеткіліксіздігі бар пациенттер.

Емді тоқтатқаннан кейін тоқтату синдромы, бүйрекүсті безінің жеткіліксіздігі туындауы, сондай-ақ себебінен преднизолон тағайындалған осы аурудың өршуі мүмкін. Егер преднизолонмен емдеу аяқталғаннан кейін бүйрекүсті безінің функционалдық жеткіліксіздігі байқалса препарат қабылдауды дереу жаңғырту, ал дозаны төмендетуді өте баяу және сақтықпен жүргізу қажет (мысалы, тәуліктік дозаны 7-10 күн бойы 2-3 мг-ге төмендету керек).

Бүйрекүсті безі қабығының атрофиясы ұзақ емдеу кезінде дамиды және емді тоқтатқаннан кейін бірнеше жыл бойы сақталуы мүмкін.

Стероид-индуцияланған салдарлы бүйрекүсті безінің жеткіліксіздігі дозаны біртіндеп төмендету нәтижесінде ең төменгіге дейін кемуі мүмкін. Жеткіліксіздіктің бұл түрі ем аяқталғаннан кейін бірнеше ай сақталуы мүмкін, сондықтан аталған кезеңде туындаған кез келген стресстік жағдайда кортикостероидтармен емді жаңғырту қажет.

Күрт тоқтатқан жағдайда, әсіресе жоғарғы дозаларды алдыңғы қолдану кезінде тоқтату синдромы туындайды, ол қызбамен, тәбеттің төмендеуімен, жүрек айнуымен, құсумен, диареямен, мәңгірумен, бас айналуымен, жайылған сүйек-бұлшықет ауыруымен, астениямен білінеді.

Гиперкортицизмнің даму қаупіне байланысты бірнеше ай бойы бұрынырақ жүргізілген преднизолонмен ұзақ емдеуден кейін кортизонмен емдеудің жаңа курсын әрқашан төменгі бастапқы дозалардан бастау керек (өмір үшін қауіпті шиеленісті жағдайларды қоспағанда).

Интеркурренттік инфекцияларда, сепсистік жағдайларда және туберкулезде бір уақытта антибиотикотерапия жүргізу қажет.

Преднизолонды пероральді гипогликемиялық препараттарды немесе антикоагулянттарды қабылдау аясында қолдану қажет жағдайда соңғыларының дозалау режимін түзету қажет.

Препаратты жай-күйлерін тұрақты мониторингілеу арқылы бас сақинасы, эпилепсиясы, бүйрек және/немесе бауыр жеткіліксіздігі, жедел немесе белсенді гепатиті, циррозы, тұқым қуалайтын сыртартқысында глаукомасы және/немесе қант диабеті, стероидтық миопатиясы және/немесе сыртартқысында туберкулезі бар пациенттерге, сыртартқысында ауыр аффективтік бұзылыстары (әсіресе стероидты психоз) бұрыннан немесе осы уақытта бар пациенттерге, эмоциялық тұрақсыздық кезінде немесе психоздық үрдістерде сақтықпен қолдану керек.

Қабыну реакциясын және иммундық функцияны кортикостероидтармен басу инфекцияларға төзімділіктің төмендеуіне, олардың ауырлығының күшеюіне, латентті инфекцияның іске қосылуына немесе интеркурренттік инфекцияның өршуіне, сондай-ақ олардың симптомдарының бүркемеленуіне әкелуі мүмкін.

Қызылша, желшешек сияқты аурулар преднизолон қолдану кезінде ауырлау түрде өтеді. Сондықтан бұл аурулармен ауырмаған адамдарға жұқтыруға барынша жол бермеу үшін сақ болған жөн. Науқастармен байланысқан жағдайда бірден дәрігерге көріну қажет. Иммуноглобулинмен профилактикалық ем ұсынылады.

Ауыр инфекциялық ауруларда қолдануға спецификалық микробқа қарсы ем аясында ғана болады.

Кортикостероидтарды қолдану уақытында денеге күш түсу белсенділігінен кейін рабдомиолиздің және миоглобинурияның туындауы мүмкін. Бұл кортикостероидтарды қабылдаумен немесе денеге күш түсу белсенділігінің артуымен негізделгені белгісіз.

Орталық сероздық хориоретинопатиясы бар пациенттерде кортикостероидтармен емдеу торлы қабықтың экссудативті ажырауының күрделі асқынуына және көру қабілетінің ұзақ уақыт жоғалуына әкелуі мүмкін.

Кортикостероидтардың тікелей ісік түзуші ықпалы туралы хабарланбады, бірақ иммуносупрессантатармен емдеуге ұшырайтын пациенттерде малигнизацияның қарқынды таралуы қаупі бар.

Преднизолонды диуретиктермен біріктіріп қолдану кезінде электролиттік теңгерімді әсіресе мұқият бақылау керек. Гипокалиемия профилактикасы мақсатында преднизолонмен ұзақ емдеу кезінде калий препараттарын және көзішілік қысымның ықтимал жоғарылауымен және субкапсулярлық катаракта қабілетінің дамуымен байланысты тиісті диета тағайындау қажет.

Менопауза уақытында әйелдерге сақтықпен қолдану, сондай-ақ остеопороздың ықтимал туындауына қатысты зерттеу жүргізу қажет.

Аддисон ауруы кезінде жедел бүйрекүстік безінің жеткіліксіздігінің (аддисон кризис) даму қаупіне байланысты барбитураттарды бір уақытта тағайындауға жол бермеу керек.

Егер сыртартқыда псориаз, құрысулар болса преднизолонды ең төменгі тиімді дозаларда ғана қолдану керек.

Сыртартқысында депрессиялық, маниакальдік-депрессиялық психоз, алдыңғы стероидтық психоз кіретін ауыр аффективтік бұзылыстар бұрыннан немесе осы уақытта бар пациенттерде жүйелі кортикостероидтар қолдану мәселесі ерекше назар аударуды талап етеді. Пациенттер және/немесе қамқоршылар психика тарапынан болатын күрделі жағымсыз әсерлердің даму мүмкіндігіне қатысты ескертілуі тиіс. Симптомдар әдетте ем басталған соң бірнеше күн немесе апта ішінде байқалады. Аталған жағымсыз әсерлердің туындау қаупі жоғарғы дозаларды қолданғанда жоғары. Реакциялардың көпшілігі дозаны төмендеткеннен немесе препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін жойылады, дегенмен кейде специфкалық емдеу қажет болады. Осындай симптомдар дамығанда дәрігерге қаралу қажет. Сондай-ақ психикалық бұзылыстар глюкокортикоидтарды тоқтатқан уақытта байқалуы мүмкін.

Балалар

Кортикостероидтар сәбилік, балалық және жасөспірімдік кезеңде өсуді баяулатады, олар қайтымсыз болуы мүмкін және сондықтан препаратты ұзақ қолданудан аулақ болу керек. Егер ұзақ емдеу қажет болса ем гипоталамустық-гипофизарлық-бүйрекүсті безі жүйесінің және өсудің кідіруін ең төменгі бәсеңдеуімен шектелуі тиіс. Сәбилер мен балалардың өсуін және дамуын мұқият қадағалау керек. Өсу кезеңінде глюкокортикостероидтарды абсолюттік көрсетілімдер бойынша және емдеуші дәрігердің мұқият қадағалауымен ғана қолдануға болады.

Емделу кезеңінде қызылшамен немесе желшешекпен ауыратын науқастармен байланыста болған балаларға профилактика ретінде спецификалық иммуноглобулиндер тағайындау керек (байланыстан кейін 10 күн бойы).

Жүктілік және лактация кезеңі

Кортикостероидтардың плацента арқылы өту қабілеті жеке препараттар арасында түрленеді. Преднизолон плацента арқылы өтеді, алайда 88% преднизолонның плацента арқылы өткеннен кейін белсенділігі жойылады. Кортикостероидтарды буаз жануарларға қолдану ұрық дамуында аномалия, оған қоса қасқыр таңдай, жатырішілік өсудің кідірісін туындатуы мүмкін және мидың өсуіне және ұрықтың дамуына ықпал етеді. Кортикостероидтар адамда қасқыр таңдай/қоянжырық сияқты туа біткен аномалиялардың ұлғаюына әкелуі мүмкін деген дәлелдер жоқ. Дегенмен, ұзақ мерзім бойы немесе жүктілік ағымында бірнеше рет енгізгенде кортикостероидтар ұрық өсуінің жатырішілік кідіру қаупін арттыруы мүмкін. Теориялық тұрғыдан нәрестелерде кортикостероидтардың пренатальді ықпал етуінен кейін гипоадренализм дамуы мүмкін, бірақ ол әдетте босанғаннан кейін кенеттен өтеді және сирек клиникалық маңызды. Жүктілік уақытында преднизолонды ұзақ қолданған аналардан туылған нәрестелерде катаракта жағдайлары байқалған. Кортикостероидтар жүктілерге аса қажет жағдайда - анаға келетін пайдасы ұрыққа төнетін қауіптен басым болғанда ғана тағайындалуы тиіс. Преэклампсиясы немесе организмдегі сұйықтықтың кідіруі бар пациенттер мұқият мониторингіленуі тиіс.

Кортикостероидтар аздаған мөлшерде емшек сүтіне бөлінеді. Преднизолонның күнделікті 40 мг-ге дейінгі дозалары балаларда жүйелі әсерлер туындатуы неғайбыл. Преднизолонның жоғарғы дозаларын (тәулігіне 40 мг аса) қабылдайтын аналар үшін бүйрекүсті безінің функцияларын басу белгілерінің бар-жоғын бақылануы тиіс. Препаратты бала емізетін аналарға емнің басымдықтары балаға қатысты потенциальді қауіптерінен басым болғанда ғана тағайындау керек. Егер дәрілік затты ұзақ қолдану міндетті болып табылса онда емшекпен емізуді тоқтату қажет.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерді емдеу, әсіресе, ұзақ мерзімге жоспарланғанда кортикостероидтардың жалпы жағымсыз әсерлерінің, атап айтқанда остеопороздың, диабеттің, гипертонияның, гипокалиемияның, инфекцияларға бейімділіктің, тері жұқаруының күрделірек салдары ескеріле отырып жоспарлануы тиіс. Пациенттің жай-күйін мониторингілеу қажет.

Дәрілік заттың автокөліктерді немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Емдеу кезеңінде автокөлік жүргізу кезінде және жоғары дәрежеде назар аударуды және психомоторлық реакциялардың жылдамдығын талап ететін қызметтің аса қауіпті түрлерімен айналысқанда сақтық таныту қажет.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, іш аумағының ауыруы, қан кету, бүйрекүсті безі функциясының бұзылуы.

Емі: асқазанды шаю, белсендірілген көмірді қабылдау, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

100 таблеткадан полиэтилен пакетте. Пакет силикагелмен бірге HPDE пластик банкіге салынған. Банкінің аузы алюминий фольгамен желімделген және бұрандалы пластмасса қақпақпен жабылған. Банкіге өздігінен желімделетін қағаздан жасалған заттаңба жапсырылған және жылу ұстайтын үлбірмен бекітілген. Банкі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

СИМПЕКС ФАРМА Пвт.Лтд

Зауыт: Сек-35, Бегампур Хатола Инд. Ареа, Гаргаон, Үндістан.

Бас кеңсе: В-4/160, Сафдуржанг Энклаве Нью Дели – 110 029, Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Корал-Мед Казахстан» ЖШС

Алматы қ., Әуезов к-сі 3

Тел./факс + 7 727 266 95 50, E-mail: coralmedkz@mail.ru

Прикрепленные файлы

505699701477976151_ru.doc 84.5 кб
614431051477977437_kz.doc 103 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники