Преднизолон (раствор 30 мг/мл, Аджио Фармацевтикалз Лтд)

МНН: Преднизолон
Производитель: Аджио Фармацевтикалз Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Prednisolone
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№011406
Информация о регистрации в РК: 10.12.2021 - 10.12.2031
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 71.17 KZT
Предельная цена реализации в РК: 164.02 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Преднизолон

Халықаралық патенттелмеген атауы

Преднизолон

Дәрілік түрі

Көктамыр ішіне және бұлшықет ішіне енгізуге арналған 30 мг/мл ерітінді

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді заттар - преднизолон фосфатына баламалы, преднизолонның натрий фосфаты - 30 мг,

қосымша заттар: динатрий эдетаты, динатрий гидрофосфаты, натрий дигидрофосфаты дигидраты, пропиленгликоль, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Түссіз немесе жасыл-сарғыш реңді, мөлдір ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

  • Жүйелі пайдалануға арналған кортикостероидтар. Глюкокортикостероидтар. Преднизолон.

    АТХ коды Н02AB06

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препараттың 90% жуығы қан плазмасының ақуыздарымен: транскортинмен (кортизолды байланыстыратын глобулинмен) және альбуминдермен байланысады. Преднизолон негізінен глюкурон және күкірт қышқылдарымен конъюгациялану арқылы бауырда, ішінара бүйректерде және басқадай тіндерде метаболизденеді. Метаболиттері белсенді емес. Өт және шумақтық сүзілу арқылы несеппен бөлінеді де, оның 80-90% бүйрек өзекшелері арқылы қайта сіңеді. Дозасының 20% бүйректермен өзгермеген күйде шығарылады. Көктамыр арқылы енгізгеннен кейін қан плазмасынан жартылай шығарылу кезеңі 2-3 сағат.

Фармакодинамикасы

Преднизолон - синтетикалық глюкокортикоидты препарат, гидрокортизонның сусыздандырылған аналогы. Қабынуға қарсы, аллергияға қарсы және иммунодепрессиялық әсері бар, бета-адренорецепторлардың эндогенді катехоламиндерге деген сезімталдығын арттырады.

Спецификалық цитоплазмалық рецепторлармен (глюкокортико-стероидтарға (ГКС) арналған рецепторлар барлық тіндерде, әсіресе бауырда көп кездеседі) өзара әрекеттесіп, ақуыздардың (оның ішінде өмірлік маңызы бар жасушаішілік үдерістерді реттейтін ферменттердің) түзілуін индукциялайтын кешен түзеді.

Қабынуға қарсы әсері эозинофилдердің және жуан жасушалардың қабыну медиаторларының босап шығуын бәсеңдетуіне; гиалурон қышқылын өндіретін липокортиндердің түзілуін индукциялау және жуан жасушалардың санын азайтумен; қылтамырлардың өткізгіштігін азайтумен; жасуша жарғақшаларын (әсіресе лизосомальды) және органелл жасушаларын тұрақтандырумен байланысты; Қабыну үдерісінің барлық сатысына әсер етеді: арахидон қышқылы деңгейінде простагландиндердің (Pg) синтезін тежейді, (липокортин фосфолипаза А2-ні бәсеңдетеді, арахидон қышқылының либерациясын басады, қабыну үдерісіне, аллергияға ж.б. ықпал ететін эндогендік асқынтотықтардың, лейкотриендердің биосинтезін тежейді), "қабыну цитокиндерінің" (интерлейкин 1, альфа ісіктері некрозы факторы ж.б.) синтезін тежейді; жасуша жарғақшаларының әртүрлі зақымдаушы факторлардың әсеріне төзімділігін жақсартады.

Ақуыз алмасуы: қан плазмасындағы глобулиндердің санын азайтып, бауыр мен бүйректерде альбуминдер синтезін (альбумин/глобулин коэффициентін жоғарылатумен) жоғарылатады, бұлшықет тіндерінде ақуыздардың синтезін төмендетіп, ондағы катаболизмді күшейтеді.

Липидтік алмасу: жоғары май қышқылдарының, триглицеридтердің синтезін жоғарылатады, майдың таралуын реттейді (майдың жиналуы негізінен иық белдеуі тұсында, бет, іш аумағында болады), гиперхолестеринемияның пайда болуына алып келеді.

Көмірсу алмасуы: асқазан-ішек жолдарынан көмірсудың сіңуін күшейтеді; глюкозо-6-фосфатазаның белсенділігін арттырады (глюкозаның бауырдан қанға түсуін жоғарылатады); фосфоэнолпируваткарбоксилазаның белсенділігін және аминотрансферазаның синтезін (глюконеогенездің белсенділенуін) жоғарылатады; гипергликемияның дамуына ықпал етеді.

Су-электролит алмасуы: Na+ мен суды организмде ұстайды, К+ шығуын ынталандырады (минералокортикоидты белсенділік), асқазан-ішек жолынан Са2+-ның сіңуін азайтып, кальцидің сүйектерден «шайылып» және бүйректер арқылы шығаралуын арттырады да, сүйектердің минералдануын азайтады.

Иммунодепрессиялық әсері лимфоидты тіндердің инволюциясынан туындаған, лимфоциттердің (әсіресе Т-лимфоциттердің) пролиферациясының басылуына, В-жасушаларының көшіп жүруінің бәсеңдеуіне және Т- және В-лимфоциттердің өзара әрекеттесуіне, лимфоциттер мен макрофагтардан цитокиндердің (интерлейкин-1, 2; гамма-интерферон) босап шығуын тежеуге және антиденелердің пайда болуын төмендетуге негізделген.

Аллергияға қарсы әсері аллергиялық медиаторлардың синтезі мен секрециясының төмендеуі, сенсибилизацияланған жуан жасушалар мен базофилдерден гистаминнің және басқа да биологиялық белсенді заттардың босап шығуының тежелуі, айналымдағы базофилдер санының азаюы, лимфоидты және дәнекер тіндердің өсуінің бәсеңдеуі, Т- және В-лимфоциттер санының, толық жасушалардың азаюы, эффекторлық жасушалардың аллергиялық медиаторларға сезімталдығының төмендеуі, антидене пайда болуының басылуы және организмнің иммундық жауап беруінің өзгеруі нәтижесінде дамиды.

Тыныс алу жолдарының обструкциялық ауруларында дәрінің әсері негізінен қабыну үдерісін тежеуге, шырышты қабықтардың ісінуін болдырмауға немесе айқындылығын азайтуға, бронх эпителиінің шырышты қабатының астындағы қабатта эозинофильдік инфильтрацияны төмендетуге, және бронхтың шырышты қабатына айналымда жүретін иммундық кешеннің жинақталуына, сондай-ақ шырышты қабықтың ойық жаралануы мен десквамациясын тежеуге байланысты. Кіші және орташа калибрлі бронхтардағы бета-адренорецепторлардың эндогенді катехоламиндерге және экзогенді симпатомиметиктерге деген сезімталдығын арттырады, шырыш өнімін азайту есебінен оның тұтқырлығын төмендетеді. Адренокортикотропты гормонның синтезі мен секрециясын бәсеңдетеді, соның салдарынан эндогенді ГКС синтезденуі азаяды. Қабыну үдерісі кезінде дәнекер тіндердің реакцияларын тежеп, тыртық түзетін тіндердің пайда болу мүмкіндігін азайтады.

Қолданылуы

Организмде глюкокортикостероидтардың концентрациясын тез жоғарылатуды талап ететін ургентті жағдайларда:

- шоктық жағдайларда (күйіктен, жарақаттан, операциядан, уыттанудан болған) – тамыр тарылтқыш дәрілер, плазманың орнын алмастырушы препараттар, басқа да симптоматикалық ем жүргізу тиімсіз болғанда

- аллергиялық реакцияларда (жедел өрбіген ауыр түрлері), гемотрансфузиялық шок, анафилактикалық шок, анафилактоидты реакциялар

- мидің ісінуінде (оның ішінде ми ісігі аясындағы немесе хирургиялық араласумен, сәулемен емдеумен немесе бастың жарақаттануымен байланысты)

- бронх демікпесінде (ауыр түрі), демікпе статусында

- дәнекер тіндердің жүйелік ауруларында (жүйелі қызыл жегі, ревматоидты артрит)

- жедел бүйрекүсті безінің жеткіліксіздігі

- тиреотоксикозды кризде

- жедел гепатитте, бауыр комасында

- қабыну үрдісін азайту және тыртықтанып тарылудың алдын алуда (қышқылдармен және сілтілермен уланғанда).

Қолдану тәсілі және дозасы

Препараттың дозасын және емнің ұзақтығын, көрсетілімдерге, аурудың ауырлығына байланысты әр науқас үшін дәрігер жеке анықтайды. Преднизолонды көктамыр ішіне (тамшылатып немесе сорғалатып) немесе бұлшықет ішіне енгізеді. Көктамыр ішіне әдетте препаратты алдымен сорғалата енгізіп, артынан тамшылатып енгізеді.

Бүйрекүсті безінің жедел жеткіліксіздігінде препараттың бір реттік дозасы 100 - 200 мг, тәулік дозасы 300-400 мг құрайды.

Ауыр аллергиялық реакцияларда Преднизолонды 100-200 мг тәуліктік дозада 3-16 күн бойы енгізеді.

Бронх демікпесі кезінде препаратты аурудың ауырлығына және кешенді емнің тиімділігіне қарай 3 күннен 16 күнге дейінгі емдеу курсына 75 мг-ден 675 мг-ге дейін енгізуге болады; ауыр жағдайларда дозасын емдеу курсына 1400 мг дейін көтеруге және әрі қарай дозасын біртіндеп төмендетуге болады.

Демікпе статусында Преднизолонды тәулігіне 500-1200 мг дозада енгізеді де, артынан тәулігіне 300 мг-ге дейін төмендетіп, демеуші дозаға ауысады.

Тиреотоксикозды кризде препаратты 100 мг-ден тәулігіне 200-300 мг дозада енгізеді; қажет болған жағдайда тәуліктік дозаны 1000 мг-ге арттыруға болады. Қолдану ұзақтығы емдік әсеріне байланысты, әдетте 6 күнге дейін.

Стандартты емге төзімді шок кезінде емдеудің бастапқы кезінде Преднизолонды сорғалата енгізіп, одан соң тамшылатып енгізуге көшеді. Егер алғашқы 10-20 мин ішінде артериялық қан қысымы көтерілмесе, онда көктамыр ішіне сорғалата құюды қайталайды.

Бір реттік доза 50-150 мг құрайды (ауыр жағдайда - 400 мг-ге дейін). Препаратты қайталап 3-4 сағаттан кейін енгізуге болады. Шоктық жағдайдан шығарып алғаннан кейін артериялық қысым тұрақтағанша тамшылатып енгізуді жалғастыру керек.

Тәуліктік доза 300-1200 мг құрауы мүмкін (кейіннен дозасын біртіндеп төмендетеді).

Жедел бауыр-бүйрек жеткіліксіздігінде (жедел түрде уланғанда, операциядан немесе босанудан кейінгі кезеңдерде және басқа), Преднизолонды тәулігіне 25-75 мг-ден енгізеді; көрсетілім бар болғанда тәуліктік дозаны 300-1500 мг-ге дейін және одан да жоғары арттыруға болады.

Ревматоидты артритте және жүйелі қызыл жегіде Препараттың жүйелі түрде қолданатын дозасына тәулігіне Преднизолонды қосымша 75-125 мг-лік дозада енгізеді, емдеу 7-10 күннен аспайды.

Жедел гепатитте Преднизолонды тәулігіне 75-100 мг-ден 7-10 күн бойы енгізеді.

Қышқылдармен, сілтілермен уланып, асқорыту және жоғарғы тыныс алу жолдары күйген жағдайда Преднизолонды тәулігіне 75-400 мг дозада 3-18 күн бойы енгізеді.

Көктамыр ішіне енгізу мүмкін болмаған жағдайда, Преднизолонды сол дозада бұлшықет ішіне енгізуге болады. Жедел өрбіген жағдайды тоқтатқаннан кейін преднизолонды ішке таблетка түрінде, дозасын соңынан біртіндеп төмендете отырып тағайындайды. Препаратты ұзақ уақыт бойы қабылдағанда препараттың тәуліктік дозасын біртіндеп төмендету керек. Ұзақ уақыт бойы ем жүргізгенде оны бірден тоқтатуға болмайды!

Жасы 2 айдан 12 айға дейінгі балаларға дене салмағының әр келісіне тәулігіне 2-3 мг-ден, 1 жастан 14 жас аралығындағыларға дене салмағының әр келісіне тәулігіне 1-2 мг-ден, б/і, к/і баяу енгізеді (3 минут бойы). Қажет болған жағдайда бұл дозаны 20-30 минуттан соң қайтадан енгізуге болады.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі (>1/10); жиі (>1/100, <1/10); жиі емес (>1/1000, <1/100); сирек (>1/10000, <1/1000); өте сирек (<1/10000).

Жалпы алғанда, болжанған жағымсыз әсерлердің, гипоталамус-гипофиз-бүйрекүстілік безі жүйесі супрессиясын қосқанда, даму жиілігі дозаға, емді тағайындау уақытына және емдеу ұзақтығына байланысты. Жағымсыз әсерлерді, мүмкіндігінше, өте аз кезең ішінде тиімді ең төмен дозаны қолданумен барынша азайтуға болады.

Өте жиі

- преднизолонның иммуносупрессиялық және қабынуға қарсы әсерінің салдарынан жұқпаларға бейімділіктің жоғарылауы, бұрыннан бар жұқпаның өршуі, жасырын жұқпалардың белсенділенуі және жұқпа белгілерінің бүркемеленуі

- эозинофилдер және лимфоциттер мөлшерінің төмендеуі

- бұрыннан бар аурудың бүркемеленуіне немесе өршуіне әкеп соқтыратын иммуносупрессорлық және қабынуға қарсы әсер

- преднизолонды ұзақ уақыт пероральді түрде қабылдаған кезде болатын (гипоталамустың тежелуімен басталатын және бүйрекүсті безі қыртысының нағыз атрофиясымен аяқталатын) бүйрекүсті безі қызметінің жеткіліксіздігі, бүйрекүсті безі қызметінің жеткілікіздігі салдарынан болатын тоқтату синдромы (бас ауыру, жүректің айнуы, бас айналу, анорексия, әлсіздік, көңіл-күйдің өзгеруі, апатия және стресстік жағдайға талапқа сай емес реакция, инсулинге сезімталдығы төмен «стероидты қант диабеті», қант диабетінен зардап шегіп жүрген емделушілерде қандағы қант деңгейінің жоғарылауы (100%). Өсу гормоны секрециясының бұзылуы және өсу гормонына сезімталдықтың төмендеуі нәтижесінде балаларда өсудің кідіруі

- көзішілік қысымның жоғарылауы (ішілетін препаратпен ем қабылдаған емделушілердің 40%-ға дейіні), препаратты ұзақ уақыт ішіп қабылдаған емделушілердің 30%-да катаракта

- өкпенің обырына шалдыққан емделушілерде өкпе абсцесі (12%)

- арқаның ауыруы, қимыл-қозғалыстың төмендеуі, қатты ауыру, омыртқалардың компрессиялық сынуы және омыртқалар биіктігінің төмендеуі, ұзын сүйектердің сынуы сияқты белгілері бар остеопороз (ішке қабылдауға арналған препаратпен ұзақ уақыт емделген кезде 25%, 4.4 тарауды қараңыз). Жоғары дозалармен емдеген кезде миопатия (10%).

Жиі

  • лейкоциттер мен тромбоциттер мөлшерінің жоғарылауы

  • физиологиялық дозадан жоғары пероральді дозаларды ұзақ уақытқа тағайындаған кезде (әдетте тәулігіне 50 мг-нан астам) майдың жиналуының өзгеруін қоса, Кушинг синдромы (ай тәрізді бет, орталықтан семіру, «өгіз өркеш»), калийдің орнына натрийді ұстап қалу салдарынан болатын гипокалиемия, ұрпақ өрбіте алатын жастағы әйелдерде аменорея, ішке қабылданатын жоғары дозалармен емдегенде холестерин, триглицеридтер және липопротеиндер деңгейлерінің жоғарылауы

- эйфория, депрессия, кортикостероидтармен индукцияланған психоз

- гипертензия (натрийдің кідіруі салдарынан, ол сұйықтықтың кідіруіне әкеп соғады), жүрек қызметінің іркілген жеткіліксіздігінің өршуі (натрийдің кідіруі нәтижесінде)

- туберкулездің даму қаупінің жоғарылауы

- ауыз қуысының кандидозы, колит, илеит, дивертикулит кезіндегі симптомдардың күшеюі

- шырышты қабықтардың зеңдік жұқпасы, созылулар, безеу бөртпесі, теріде көгерулердің пайда болуы, дерматит, экхимоз, бет эритемасы, атрофия, гирсутизм, жараның баяу жазылуы, қатты терлеу, телеангиэктазиялар және терінің жұқаруы, бұрыннан бар тері ауруларының бүркемеленуі немесе нашарлауы.

- түнгі полиурия

Жиі емес

- аллергиялық реакциялар

- ішілетін аз дозалармен емдеген кезде қант диабеті (<1%), ішу арқылы аз дозалармен емдеген кезде холестерин, триглицеридтер және липопротеиндер деңгейлерінің жоғарылауы

- ұйқысыздық, көңіл-күйдің құбылуы, жеке тұлғалық өзгеру, маниакальді синдром және елестеулер

- тыныс алу бұлшықетінің миопатиясы

- асқазанның ойық жарасы немесе жиекті ішектің ойық жарасы, асқазан-ішектік қан құйылулар (0,5%), асқазанның, ішектің тесілуі

- сүйек тінінің асептикалық некрозы

- кальций мен фосфаттың экскрециясы жоғарылауы салдарынан несеп тастарының пайда болуы, жыныс гормондары секрециясының бұзылуы (етеккірдің бұзылуы, гирсутизм, импотенция), васкулит

Сирек

- қанның ұюы салдарынан тромбоз қаупі

- қалқанша без қызметінің өзгеруі

- церебральді безгекте кома жағдайы созылуы мүмкін, ақыл- ес кемуі.

- көздің герпестік жұқпаларымен (осы жұқпаның бүркемеленуі салдарынан) бір мезгілде көздің мөлдір қабығының бұзылу қаупінің жоғарылауы, глаукома (ішілетін препаратпен ұзақ уақыт емделуден)

Өте сирек

- кетоацидоз және гиперосмолярлы кома, латентті гиперпаратиреоздың білінуі, порфирия дамуының жылдамдауы

- ісік лизисі синдромы

- латентті эпилепсия ауруының білінуі, мидың жалған ісігі (бас ауыру, анық көре алмау және көрудің бұзылуы сияқты симптомдары бар бассүйекішілік қатерсіз гипертензия)

- экзофтальм (препаратпен ұзақ уақыт ішу арқылы емдегеннен кейін)

- жүректің минуттық көлемінің төмендеу қаупі жоғары кардиомиопатия; гипокалиемия салдарынан болатын аритмия

- жоғары дозалармен ұзақ емделгеннен кейін болатын панкреатит

- эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Преднизолонға немесе препараттың компонентіне жоғарғы сезімталдылық өмірлік көрсетілім бойынша аз уақытқа тағайындау үшін бірден бір қарсы көрсетілім болып табылады.

Балалардың өсу кезеңінде ГКС тек абсолютті көрсетілімдер бойынша қолданылып, ондай науқастар емдеуші дәрігер тарапынан мұқият бақылауда болуы керек.

Мынандай аурулар мен жағдайларда сақтықпен тағайындалуы керек:

- асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара аурында, эзофагитте, гастритте, жедел немесе латентті пептидтік ойық жарада, жақында ғана жасалған ішек анастомозында, тесілу немесе абсцесске айналу қаупі бар спецификалық емес ойық жаралы колитте, дивертикулитте, HbsAg оң реакциясымен созылмалы гепатитте

- паразитарлық және табиғаты вирустық, зеңдік немесе бактериялық (қазіргі кезде немесе жақын арада орын алған, бұған жақын арада аурулармен қарым-қатынаста болуын қоса) жұқпалы ауруларда - қарапайым ұшық, белдемелі герпес (виремиялық фаза), желшешек, қызылша; амебиаз, стронгилоидоз; жүйелі микоз; белсенді және латентті туберкулез. Ауыр жағдайдағы жұқпалы аурулар кезінде қолдануға тек спецификалық ем аясында ғана жол беріледі.

- вакцинациялау алдындағы немесе одан кейінгі кезең (вакцинациядан 8 апта бұрын және одан 2 апта кейін) БЦЖ - екпесінен кейінгі лимфаденит, иммунитет тапшылығы жағдайы (оның ішінде ЖИТС немесе АИВ жұқтырғандар)

- жақында өткерген миокард инфарктісі (жедел және баяу өрбитін миокард инфарктісі бар науқастарда некроз ошағы әрі қарай жайылуы мүмкін, тіндердің тыртықтанып бітуі ұзарып, соның салдарынан жүрек бұлшық етінің жыртылып кетуі мүмкін), жүректің созылмалы ауыр жеткіліксіздігі, артериялық гипертензия, гиперлипидемия

- қант диабеті (оның ішінде көмірсуларға деген төзімділіктің бұзылуы), тиреотоксикоз, гипотиреоз, Иценко-Кушинг ауруы, семіру (ІІІ-ІV сатысы)

- бүйрек және/немесе бауырдың созылмалы ауыр жеткіліксіздігі, нефроуролитиаз

- гипоальбуминемия және оның дамуына бейім жағдай

- жүйелік остеопороз, миастения gravis,

- жедел психоз, полиомиелит (бульбарлы энцефалит түрінен басқасы)

- ашық және жабықбұрышты глаукома

- жүктілік

- БЦЖ-екпесінен кейінгі лимфаденит

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Преднизолонды басқадай көктамырішіне енгізетін препараттармен бірге енгізгенде фармацевтикалық тұрғыдан үйлесімсіз болуы мүмкін, сондықтан басқа препараттардан бөлек (к/і болюсті түрде, немесе басқа тамшылатқыш арқылы, екінші ерітінді ретінде) енгізу керек. Преднизолон ерітіндісін гепаринмен араластырғанда шөгінді пайда болады.

Преднизолонды мыналармен бір мезгілде тағайындағанда:

- "бауырдың" микросомалъды ферменттерінің индукторларымен (фенобарбитал, фенитоин, теофиллин, рифампицин, эфедрин) оның концентрациясының төмендеуіне әкеледі.

- диуретиктермен (әсіресе, "тиазидті" және карбоангидраза тежегіштерімен) және В амфотерицинмен бірге тағайындағанда организмнен К+ шығарылуын арттыруы мүкін; құрамында натрий бар препараттармен – ісінулер және артериялық қысым жоғарылауы

- В амфотерицинмен жүрек жеткіліксіздігінің орын алу қаупі арта түседі

- жүрек гликозидтерімен – оның жағымдылығы нашарлайды, және қарыншалық экстрасистолияның (гипокалиемияның салдарынан) даму қаупі арта түседі

- тікелей емес антикоагулянттармен - олардың әсерін (сирек-күшейтеді) төмендетеді (дозасын түзетуді қажет етеді).

- антикоагулянттармен және фибринолитиктермен – асқазан-ішек жолдары ойық жарасынан қан кету қаупі жоғарылайды.

- этанолмен және қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен (ҚҚСП) - бірге қолданғанда асқазан-ішек жолдарында эрозивті - ойық жараның пайда болу қаупі күшейіп, қан кету орын алуы мүмкін (артриттерді ҚҚСП-пен біріктіріп емдегенде қосынды емдік әсерге байланысты глюкокортикостероидтардың дозасы төмендеуі мүмкін)

- парацетамолмен – гепатоуыттылықтың (бауыр ферментерінің индукциясы және парацетамолдың уытты метаболитінің пайда болуы) даму қаупі арта түседі.

- ацетилсалицил қышқылымен – оның шығарылуын жылдамдатып, қандағы концентрациясын төмендетеді (преднизолонды қабылдауды тоқтатқанда қандағы салицилаттардың деңгейі жоғарылайды және жағымсыз әсерлердің пайда болу қаупі арта түседі).

- инсулинмен және ішу арқылы қолданатын гипогликемиялық препараттармен, гипотензивті дәрілермен - олардың тиімділігі төмендейді.

- D витаминімен- ішекте Са2+ сіңуіне ықпалы төмендейді.

- соматотропты гормонмен бірге қолданғанда соңғысының тиімділігі төмендейді, ал празиквантелмен бірге қолданғанда - оның концентрациясын төмендетеді.

- М-холиноблокаторлармен - (антигистаминдік препараттар және үшциклді антидепрессантарды қосқанда) және нитраттармен біріктіргенде көзішілік қысым жоғарылауына ықпал етеді.

- изониазид пен мекселитин олардың метаболизмін арттырады (әсіресе "баяу" ацетилаторлардың), бұл олардың плазмадағы концентрациясын төмендетеді. Карбоангидразаның тежегіштері және

"ілмектік " диуретиктер остеопороздың даму қаупін арттыруы мүмкін.

- индометацин, Преднизолонды альбуминдермен байланысынан ығыстыра отырып, оның жағымсыз әсерлерінің даму қаупін жоғарылатады.

- АКТГ Преднизолонның әсерін күшейтеді.

- эргокальциферол және паратгормон Преднизолон туындататын остеопатияның дамуына кедергі келтіреді.

- циклоспорин мен кетоконазол Преднизолонның метаболизмін баяулата отырып, кейбір жағдайларда оның уыттылығын арттыруы мүмкін.

- андрогендер мен стероидты анаболиялық препараттарды Преднизолонмен бір мезгілде тағайындау шеткергі ісінулердің және гирсутизмнің дамуына, бөртпенің пайда болуына ықпал етеді.

- эстрогендер мен ішу арқылы қолданылатын құрамында эстрогендер бар контрацептивтер Преднизолонның клиренсін төмендетеді, бұл оның әсерін күшейтумен қатар жүруі мүмкін.

- митотан және бүйрекүсті безі қыртысы қызметінің басқа да тежегіштері Преднизолон дозасын жоғарылатуды қажет етуі мүмкін.

- вирустарға қарсы тірі вакциналармен бір мезгілде және басқа түрдегі иммунизациялау аясында қолданғанда вирустардың белсенділігі артып, жұқпаның даму мүмкіндігі арта түседі.

- антипсихотикалық дәрілер (нейролептиктер) және азатиопринмен Преднизолонды тағайындағанда катарактаның даму қаупі арта түседі.

- антитиреоидты препараттармен бір мезгілде қолданғанда Преднизолонның клиренсі төмендейді, ал тиреоидты гормондармен қолданғанда жоғарылайды.

Айрықша нұсқаулар

Емдеуді бастардан бұрын ( емдеу барысында - ургенттік жағдайда мүмкін болмауына байланысты) науқаста болуы мүмкін қарсы көрсетілімдерді анықтау үшін тексеру жүргізу керек. Клиникалық тексеріске жүрек –қантамырлар жүйесін тексеру, өкпені рентгенологиялық тексеру, асқазан және он екі елі ішекті, несеп шығару жүйесін және көру ағзаларын тексеру; қан формуласын, қан плазмасындағы глюкоза мен су-электролиттер мөлшерін бақылау қамтылуы тиіс.

Преднизолонмен емдеу барысында (әсіресе ұзақ уақыт бойы емделгенде) көз дәрігерінің бақылауында болып, артериялық қысымды, су-электролит теңгерімі жағдайын, сондай-ақ шеткергі қан көрінісін және қандағы глюкоза деңгейін бақылап отыру керек.

Жағымсыз әсерлерді азайту мақсатында организмге К+ түсуін (емдәм, калий препараттарын) арттыру керек. Ішілетін тағам ақуыздарға, витаминдерге бай болып, құрамында май, көмірсу және ас тұзы мөлшері шектеулі болуы керек.

Препараттың әсері гипотиреозы және бауыр циррозы бар ауруларда күшейе түседі.

Препарат эмоциональды тұрақсыздықты немесе психоздық бұзылуларды күшейтуі мүмкін. Сыртартқысында психоз көрсетілсе, Преднизолонды үлкен дозада дәрігердің қатаң бақылауымен тағайындайды.

Демеуші ем жүргізу кезіндегі стресстік жағдайларда (мысалы, хирургиялық операциялар, жарақат немесе жұқпалы аурулар) глюкокортикостероидтарға деген қажеттіліктің артуына байланысты, препараттың дозасына түзетулер енгізу керек. Пайдалануды кенеттен тоқтатқанда, әсіресе, препарат бұның алдында жоғарғы дозада тағайындалған болса «тоқтату» синдромы дамуы мүмкін (анорексия, жүрек айнуы, мәңгіру, жайылған түрдегі қаңқа-бұлшықет ауыруы, жалпы әлсіздік), сондай-ақ Преднизолонды тағайындауға себеп болған аурудың өршуі мүмкін.

Преднизолонмен емдеу барысында, тиімділігінің (иммундық жауаптың) төмендейтініне байланысты вакцинация жүргізуге болмайды.

Интеркуррентті жұқпалар кезінде, сепсистік жағдайларда және туберкулезде Преднизолонды тағайындай отырып, бір мезгілде бактерицидті әсері бар антибиотиктермен ем жүргізген дұрыс.

Қант диабеті бар науқастарға қандағы глюкоза деңгейіне бақылау жасап, керек болған жағдайда емді реттеп отыру керек.

Сүйек-буын жүйесіне рентгенологиялық (омыртқа мен саусақтар суреті) бақылау жүргізу керек.

Бүйректің және несеп шығару жолдарының латентті жұқпалы аурулары бар науқастарда, Преднизолон диагностикалық маңызы бар лейкоцитурияны тудыруы мүмкін.

Преднизолон метаболиттері 11- және 17-оксикетокортикостероидтардың мөлшерін жоғарылатады.

Педиатрияда қолданылуы

Балалар преднизолонмен ұзақ уақыт бойы емделгенде бала бойының өсуі мен ой-өрісінің дамуына мұқият бақылау жүргізу керек. Емдеу кезеңінде балалар қызылшамен немесе желшешекпен ауырғандармен қарым-қатынаста болған болса, оларға профилактикалық тұрғыдан спецификалық иммуноглобулиндерді тағайындайды.

Бүйрекүсті безінің жеткіліксіздігі кезінде әлсіз минералокортикоидты әсері бар болғандықтан, Преднизолонды минералокортикоидтармен біріктіре қолданады.

Жүктілік және лактация

Жүктілік кезінде ( әсіресе І триместрде) тек өмірлік көрсетілімдер бойынша ғана қолданылады.

Жүктілік кезеңінде ұзақ емдеуде ұрықтың өсуінің бұзылу мүмкіндігі  жоққа шығарылмайды. Жүктіліктің ІІІ триместрінде қолданған жағдайда ұрықтың бүйрекүсті безі қыртысының атрофиясы даму қаупі бар, бұл  жаңа туылғандарда орын басу емін жүргізуді талап етуі мүмкін. 

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті деп саналатын механизмдерді басқаруға әсер ету ерекшеліктері.

Препарат автомобиль жүргізу немесе техникамен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: Жоғарыда көрсетілген жағымсыз әсерлері күшеюі мүмкін. Емі: Преднизолонның дозасын азайту қажет. Симптоматикалық емдеу.

  • Шығарылу түрі және қаптамасы

    1 мл препараттан күңгірт шыныдан жасалған ампулаға салынады.  Пластик тостағаншаға немесе алюминий фольгадан және ПВХ  мөлдір үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 3 ампуладан   салынады.  Пластик тостағанша немесе пішінді ұяшықты қаптама медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік  және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.  

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Аджио Фармацевтикалз Лтд

A—38, Нандижиот Индастриал Эстайт, Сафедпул, Курла-Андхери Роад, Мумбай- 400 072

Тел: +91-22-28518206/ 42319000

Факс: +91-22-28518204

regulatory@agio-pharma.com

Тіркеу куәлігінің иесі

Аджио Фармацевтикалз Лтд

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнімнің сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Аджио Фармацевтикалз Лимитед өкілдігі

Алматы қ-сы, Шевченко к-сі, 118 үй, 228 кеңсе

тел: +7(727)2240402

regulatory@agio-pharma.com

 

 

 

 

Прикрепленные файлы

379161841477976901_ru.doc 96 кб
714539261477978072_kz.doc 141 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники