Прегасейф (75 мг)

МНН: Прегабалин
Производитель: МСН Лабораториез Прайвэт Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Pregabalin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№122122
Информация о регистрации в РК: 11.03.2016 - 11.03.2021
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 60.18 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Прегасейф

Халықаралық патенттелмеген атауы

Прегабалин

Дәрілік түрі

75 мг, 150 мг және 300 мг капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат – 75.00 мг, 150 мг немесе 300 мг прегабалин,

қосымша заттар: сусыз лактоза (DCL-21), желатинделген крахмал (Крахмал 1500), тальк,

капсула қабығының құрамы: метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, натрий лаурилсульфаты, тазартылған су, сары сансет (Е 110) (300 мг доза үшін), тартразин (Е 102) (150 мг доза үшін), титанның қостотығы (Е 171), понсо 4 R (Е 124) (75 мг, 150 мг және 300 мг доза үшін), кармуазин (Е 122) (75 мг, 150 мг және 300 мг доза үшін), бриллиантты көк (Е 133) (300 мг доза үшін), желатин.

Сипаттамасы

Өлшемі № 2, қызыл түсті қақпағы және ақ түсті корпусы бар қатты желатин капсулалар (75 мг доза үшін).

Өлшемі № 0, қызыл түсті қақпағы және сары түсті корпусы бар қатты желатин капсулалар (150 мг доза үшін).

Өлшемі № 0, қара түсті қақпағы және күңгірт қоңыр қызыл түсті корпусы бар қатты желатин капсулалар (300 мг доза үшін).

Капсуланың ішінде – ақ түйіршіктелген ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Эпилепсияға қарсы басқа да препараттар. Прегабалин

АТХ коды N03AX16

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Прегабалин ашқарында тез сіңеді. Препарат қан плазмасында ең жоғары концентрациясына бір рет, сондай-ақ қайталап қолданған кезде 1 сағаттан соң жетеді. Ішке қабылдау кезінде прегабалиннің биожетімділігі >90% құрайды және дозаға байланысты емес. Қайталап қолданғанда тепе-тең жай-күйіне 24-48 сағаттан соң жетеді. Тамақ ішу прегабалиннің сіңу жылдамдығын нашарлатады. Бұл арада Сmax шамамен 25-30 % төмендейді, ал ең жоғары концентрациясына (tmax) жету уақыты шамамен 2.5 сағатқа дейін ұзарады. Алайда прегабалинді тамақ ішумен қолдану оның сіңуіне клиникалық мәнді ықпал етпейді.

Ішке қабылдаудан кейін прегабалиннің таралу көлемі шамамен 0.56 л/кг құрайды. Препарат қан плазмасының ақуыздарымен байланыспайды.

Прегабалин метаболизмге мүлде ұшырамайды. Препараттың шамамен 98% несепте өзгермеген күйде анықталды. N-метилденген прегабалин туындылары, несепте табылған прегабалиннің негізгі метаболиті дозаның 0.9% құрады.

Прегабалин негізінен бүйрекпен шығарылады. Орташа жартылай шығарылу кезеңі 6.3 сағат құрайды. Плазмадан прегабалин клиренсі және бүйрек клиренсі креатинин клиренсіне тура пропорционал.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Прегабалин клиренсі креатинин клиренсіне тікелей пропорционалды. Одан өзге, прегабалин гемодиализ кезінде қан пзалмасынан оңтайлы шығарылады (4 сағат гемодиализден кейін прегабалиннің қан плазмасындағы концентрациясы шамамен 50 % төмендейді). Өйткені элиминацияның негізгі жолы бүйрекпен шығарылу болып табылады, бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде дозаны төмендету талап етіледі, ал гемодиализден кейін қосымша дозалар қабылдау қажет.

Бауыр функциясының бұзылуы

Бауыр функциясының бұзылған пациенттерде арнайы фармакокинетикалық зерттеулер жүргізілген жоқ. Прегабалин елеулі метаболизмге ұшырамайтындықтан және несеппен көбінесе өзгермеген күйде шығарылатындықтан бауыр функциясының бұзылуы прегабалиннің қан плазмасындағы концентрациясына едәуір ықпал етпейтіні күтіледі.

Егде жастағы (65 жастан асқан) пациенттер

Прегабалин клиренсінің төмендеу үрдісі егде жастағыларда болады. Осы прегабалинді пероральді қабылдау кезіндегі клиренстің төмендеуін креатинин клиренсінің төмендеуімен салыстыруға келеді, бұл жас ұлғаюымен байланысты. Бүйрек функциясы жасқа байланысты төмендеген пациенттерге прегабалин дозасын азайту керек болуы мүмкін.

Фармакодинамикасы

Прегасейф – препаратының белсенді заты прегабалин гамма-аминобутир қышқылының аналогы болып табылады ((S)-3-(аминометил)-5-метилгексаной қышқылы).

Прегабалин орталық жүйке жүйесіндегі шеткері сенсорлық нейрондардың кальций өзекшелерінің потенциалына тәуелді қосымша субъбірліктерімен (α2-дельта-протеин) байланысады, бұндай байланысу оның анальгетикалық және құрысуға қарсы әсерлерінің білінуіне ықпал етуі мүмкіндігі болжанады.

Қолданылуы

  • ересектердегі нейропатиялық ауыруда

- салдарлы жайылған немесе онсыз парциальді құрысулары бар ересектердегі эпилепсияда (қосымша дәрі ретінде)

- ересектердегі жайылған үрейлі бұзылыстарды емдеу

Қолдану тәсілі және дозалары

Препарат тәулігіне 150-ден 600 мг дейінгі дозада екі немесе үш қабылдауда ішке, ас ішуге байланыссыз қолданылады.

Нейропатиялық ауыру

Емді тәулігіне 150 мг дозадан бастайды. Қол жеткен әсерге және жағымдылығына қарай 3-7 күннен кейін дозаны тәулігіне 300 мг дейін, қажет болғанда тағы да 7 күннен кейін – тәулігіне ең жоғары 600 мг дозаға дейін арттыруға болады.

Эпилепсия

Емді тәулігіне 150 мг дозадан бастайды. Қол жеткен әсерді және жағымдылығын ескере отырып, 1 аптадан кейін дозаны тәулігіне 300 мг дейін, ал тағы да бір аптадан соң – тәулігіне ең жоғары 600 мг дозаға дейін арттыруға болады.

Жайылған үрейлі бұзылыстар

Препарат екі немесе үш қабылдауда тәулігіне 150 мг –ден 600 мг дейінгі дозада қолданылады. Емнің қажеттігі ұдайы қайта қарастырылуы тиіс. Емді тәулігіне 150 мг дозадан бастау ұсынылады. Қол жеткен әсерді және жағымдылығын ескере отырып, 1 аптадан кейін дозаны тәулігіне 300 мг дейін, тағы да бір аптадан соң – күніне 450 мг дейін, ал тағы бір аптадан соң тәулігіне ең жоғары 600 мг дозаға дейін арттыруға болады.

Препаратты тоқтату

Егер емдеуді тоқтату қажет болса, мұны кемінде 1 апта ішінде біртіндеп атқару ұсынылады.

Бүйрек функциясы бұзылған науқастар

Гемодиализ алатын науқастарда препараттың тәуліктік дозасын бүйрек функциясын ескере отырып таңдайды. Гемодиализдің әрбір 4 сағаттық сеансынан кейін дереу қосымша дозаны тағайындайды (1 кестені қараңыз).

1 кесте. Бүйрек функциясын ескере отырып, Прегасейф дозасын таңдау.

Креатинин клиренсі (мл/мин)

Прегасейфтің тәуліктік

дозасы

Тәулігіне қабылдау

жиілігі

 

Старттық

доза (мг/тәулік)

Ең жоғары доза (мг/тәулік)

 

>60

 

150

600

2-3

>30 - <60

75

300

2-3

>15-<30

25-50

150

1-2

<15

25

75

1

Диализден кейінгі қосымша доза (мг)

 

25

100

Бір рет

Бауыр функциясы бұзылуы бар науқастарда қолданылуы

Бауыр функциясы бұзылуы бар науқастарда доза түзету талап етілмейді.

Егде адамдарда қолданылуы (65 жастан асқан)

Егде жастағы адамдарға бүйрек функциясы төмендеуіне байланысты препарат дозасы төмендетілуі талап етілуі мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі (>1/10)

- бас айналуы, бас ауыруы, ұйқышылдық

Жиі (>1/100, <1/10)

- назофарингит

- тәбеттің артуы

- эйфория, сананың шатасуы, ашушаңдық

- атаксия, назар аударудың бұзылуы, қимыл үйлесімінің бұзылуы, жадының нашарлауы, тремор, дизартрия, парестезиялар, гипестезия, седативті әсер, тепе-теңдіктің бұзылуы, мәңгіру

- анық көрмеу («көз алдының тұмандануы»), диплопия

- вертиго

- ұйқысыздық, либидоның төмендеуі, эректильді дисфункция

- ауыздың құрғауы, жүрек айнуы*, құсу, метеоризм, іш кебуі, іш қату, диарея*

- эректильді дисфункция

- қатты қажу, шеткері ісіну, ісіну, жүрістің бұзылуы, құлау, масаю сезімі, өзін-өзі нашар сезіну

- дене салмағының жоғарылауы

- бұлшықет құрысуы, артралгия, арқаның ауыруы, қол-аяқтың ауыруы, омыртқа бағанының мойын бөлімі бұлшықеттерінің түйілуі

Жиі емес

- нейтропения

- аса жоғары сезімталдық*

- анорексия, гипогликемия

- елестеулер, паника ұстамасы, мазасыздық, үрейлі қозу, депрессия, депрессиялық көңіл-күй, көтеріңкі көңіл-күй, озбырлық*, көңіл-күйдің құбылуы, өзін-өзі танымау, сөйлеу қиындығы, ерекше түстер, либидоның жоғарылауы, аноргазмия, апатия

- талып қалу, мелшию, миоклонус, естен тану*, психомоторлық аза жоғары сезімталдық, дискинезия, постуральді бас айналу, интенциялық тремор, нистагм, когнитивті бұзылыс, психикалық бұзылыс*, сөйлеудің бұзылуы, гипорефлексия, гиперестезия, шымылдатуды сезіну, агевзия, дімкәстік*

- шеткері көрудің жоғалуы, көрудің бұзылуы, көздің ісуі, көру алаңының ақауы, көру өткірлігінің төмендеуі, көздің ауыруы, астенопия, фотопсия, құрғақ көз синдромы, көп жас ағу, көздің тітіркенуі

- гиперакузия

- тахикардия, I дәрежедегі атриовентрикулярлық блокада, синустық брадикардия, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі*

- гипотензия, гипертензия, ыстық құйылу, гиперемия, қол мен аяқтың суықтығы

- ентігу, мұрыннан қан кету, жөтел, мұрынның бітелуі, ринит, қорылдау, мұрын шырышының құрғақтығы

- гастроэзофагеальді рефлюксті ауру, көп сілекей бөлінуі, оральді гипестезия

- папулезді бөртпе, есекжем, гипергидроз, қышыну*

- буын ісінуі, миалгия, бұлшықет құрысуы, мойынның ауыруы, бұлшықет сіресуі

- несепті ұстай алмау, дизурия

- сексуальді дисфункция, эякуляцияның кідіруі, дисменорея, сүт безінің ауыруы

- жайылған ісіну, беттің ісінуі*, кеуденің қысылу сезімі, ауыру, пирексия, шөл, қалтырау, астения

- қан креатинфосфокиназасы деңгейінің жоғарылауы, аланинаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы, аспартатаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы, қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауы, тромбоциттер санының азаюы, қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы, гипокалиемия, дене салмағының азаюы

Сирек

- ангионевроздық ісіну*, аллергиялық реакция*

- ширақтық

- құрысулар*, паросмия, гипокинезия, дисграфия

- көрудің жоғалуы*, кератит*, осциллопсия, көру түйсігі тереңдігінің өзгеруі, мидриаз, қылилық, көру түйсігінің айқындығы

- QT аралығының ұзаруы*, синустық тахикардия, синустық аритмия

- тамақтағы қысылу сезімі, өкпе ісінуі*

- тілдің домбығуы*, дисфагия, асцит, панкреатит

- Стивенс-Джонсон синдромы*, суық тер

- рабдомиолиз

- олигурия, несептің кідіруі*, бүйрек жеткіліксіздігі

  • аменорея, сүт безінің ұлғаюы, сүт безінен шығатын бөліністер, гинекомастия*

- лейкоциттер санының азаюы

* Препаратты тіркеуден кейінгі зерттеу уақытында тіркелген қосымша реакциялар

Болжанған жағымсыз реакциялар туралы мәліметтердің хабарламасы

Дәрілік препаратты тіркеуден кейінгі болжанған жағымсыз реакциялар туралы мәліметтердің хабарламасында үлкен мән бар. Бұл дәрілік препараттың пайда және қауіп арақатынасына мониторингін жалғастыруға мүмкіндік береді.

Медицина қызметкерлері мен пациенттерден осы медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтың соңында көрсетілген мекенжай бойынша кез келген жағымсыз реакциялар туралы хабарлауды сұрайды.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың белсенді затына немесе кез келген басқа компонентіне аса жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңінде

- ұрпақ өрбіту жасындағы контрацепцияның сенімді әдісін

пайдаланбайтын әйелдерге

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Прегабалин негізінен несеппен өзгеріссіз күйде шығарылатындықтан, адамда метаболизмге елеусіз ұшырайды (<2% доза несепте метаболиттер түрінде қалпына келеді), дәрілік заттар метаболизмін in vitro тежемейді және плазма ақуыздарымен байланыспайды, оның фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер түзуі немесе оған ұшырау ықтималдығы аз.

Прегасейфтің фенитоин, карбамазепин, вальпрой қышқылы, ламотриджин, габапентин, лоразепам, оксикодон және этанолмен клиникалық мәнді фармакокинетикалық өзара әрекеттесу белгілері анықталмаған. Ішуге арналған қант құрамын төмендететін дәрілер, диуретиктер, инсулин, фенобарбитал, тиагабин және топираматтың Прегасейф клиренсіне клиникалық елеулі ықпалын тигізбейтіні анықталған.

Құрамында норэтистерон және/немесе этинилэстрадиол бар ішуге арналған контрацептивтерді прегабалинмен бір мезгілде қолданғанда екі препараттың да тепе-тең фармакокинетикасы өзгермеген.

Препарат оксикодоннан туындаған когнитивтік және қозғалыс функцияларының бұзылуын күшейтеді. Прегасейф этанол және лоразепамның әсерін күшейтуі мүмкін.

Прегасейф және ОЖЖ бәсеңдететін препараттарды қабылдайтын пациенттерде тыныс алу жеткіліксіздігі және кома туралы мәлімдеулер болды.

Прегасейфті апиынды анальгетиктер сияқты іш қатуын туындатуы мүмкін препараттармен бір мезгілде тағайындауда асқазан-ішек жолдарының төменгі бөліктерінің функциясы төмендеуі (мысалы, ішектің тарылуы, ішектің салданып бітелуі, іш қатуы) мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты сирек тұқым қуалайтын аурулары, оның ішінде галактоза жақпаушылығы, Лапп лактаза жеткіліксіздігі және глюкоза/галактоза сіңуі бұзылуы бар науқастарға тағайындауға болмайды. Қант диабеті бар кейбір науқастарға Прегасейфпен ем аясында денеге салмақ қосқан жағдайда қант төмендететін дәрілердің дозаларын түзету талап етілуі мүмкін.

Бас айналуы, ұйқышылдық, естен тану, санының шатасуы және психикалық бұзылыс

Прегабалинмен емдеу бас айналуымен және ұйқышылдықпен қатар жүреді, олар егде жастағы пациенттерде кездейсоқ жарақаттар (құлау) қаупін арттыруы мүмкін. Препаратты тіркеуден кейінгі қолдану барысында естен тану, сананың шатасуы және психикалық бұзылыс туралы хабарламалар түсті. Сондықтан пациенттерге препараттың потенциалды әсерлері белгілі болмағанша сақ болу керек.

Көрумен байланысты әсерлер

Бақыланатын зерттеулерде прегабалинмен ем қабылдап жүрген пациенттерде плацебо алатын пациенттерге қарағанда көру өткірлігінің нашарлауы жиі байқалды; көптеген жағдайларда бұл жағымсыз әсер препарат қолдануды жалғастырғанда жоғалды. Офтальмологиялық тексеру жүргізілген клиникалық зерттеулерде көру өткірілігінің төмендеу жағдайларының жиілігі және көру аймағының өзгеруі плацебо алатын пациенттермен салыстырғанда прегабалин қабылдайтын пациенттерде жоғары болды; көз түбі тарапынан болатын өзгерістер жиілігі плацебо қабылдайтын пациенттерде жоғары болды.

Препаратты тіркеуден кейінгі қолдану кезеңінде де көру мүшелері тарапынан болатын жағымсыз құбылыстар тіркелген оның ішінде көрудің жоғалуы, анық көрмеу немесе көру өткірлігінің басқа да өзгерістері, олардың көбі қысқа уақытты сипатқа ие. Препаратты тоқтату көру тарапынан болатын бұл симптомдардың жоғалуына немесе айқындығының төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек жеткіліксіздігі жағдайлары туралы хабарланды және кейбір жағдайларда прегабалин қолдануды тоқтату аталған жағымсыз реакцияның қайтымдылығына әкелді.

Қатарлас эпилепсияға қарсы препараттарды тоқтату

Бұл препаратты эпилепсияға қарсы емге монотерапия ретінде қолдану мақсатында қосу жағдайында прегабалиннің көмегімен құрысу ұстамаларын бақылауға қол жеткізгеннен кейін қатарлас эпилепсияға қарсы препараттар қолдануды тоқтату туралы жеткіліксіз деректер бар.

Тоқтату симптомдары

Прегабалинмен қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді емді тоқтатқаннан кейін кейбір пациенттерде тоқтату симптомдары байқалды. Физикалық тәуелділікті растайтын келесі құбылыстар байқалды: ұйқысыздық, бас ауыруы, жүрек айнуы, үрей, диарея, тұмауға ұқсас синдром, күйгелектік, депрессия, ауыру, құрысулар, гипергидроз және бас айналуы. Бұл туралы пациентке емнің басында хабарлау керек.

Прегабалинді қолдану барысында немесе оны тоқтатқаннан кейін бірден, эпилепсиялық статус және жайылған құрысу ұстамаларын қоса құрысулар туындауы мүмкін. Прегабалинмен ұзақ емдеуді тоқтатуға қатысты, деректер тоқтату симптомдарының жиілігі және ауырлығы препарат дозасына байланысты болуы мүмкін екендігін растайды.

Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі

Прегабалин қабылдаған кейбір пациенттерде тіркеуден кейінгі кезеңде созылмалы жүрек жеткіліксіздігі жағдайлары тіркелген. Бұл реакциялар көбінесе прегабалинді нейропатиялық көрсетілімдер бойынша қолдану уақытында жүрек-қантамыр бұзылыстары бар егде жастағы пациенттерде байқалды. Прегабалинді мұндай пациенттерге абайлап қолдану керек. Прегабалин қолдануды тоқтату реакцияның шешілуіне әкелуі мүмкін.

Сүйек кемігінің зақымдануымен негізделген орталық нейропатиялық ауыруды емдеу

Сүйек кемігінің зақымдануымен негізделген орталық нейропатиялық ауыруды емдеу уақытында жағымсыз реакциялардың жалпы жиілігі, орталық жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз реакциялар жиілігі және әсіресе ұйқышылдық жиілігі жоғарылаған. Бұл осы ауруды емдеу үшін қажетті қатарлас дәрілік препараттардан (мысалы, түйілуге қарсы препараттар) туындаған аддитивті әсермен негізделуі мүмкін. Оны осы ауруды емдеу үшін прегабалин тағайындағанда ескеру керек.

Суицидтік ой және мінез-құлық

Бірнеше көрсетілім бойынша эпилепсияға қарсы препараттар қабылдайтын пациенттерде суицидтік ой және мінез-құлық тіркелген. Эпилепсияға қарсы дәрілік препараттарға рандомизацияланған плацебо-бақыланатын зерттеулердің мета-анализі де суицидтік ойлар мен суицидтік мінез-құлықтың туындау қаупінің аздаған жоғарылауын көрсетті. Осы қауіптің механизмі белгісіз және қолжетімді деректер прегабалинді қолданғандағы қауіптің арту мүмкіндігін жоққа шығармайды. Осыған байланысты пациенттер суицидтік ой мен мінез-құлықтың пайда болу белгілеріне қатысты мониторингіленуі тиіс және тиісті емдеу мүмкіндігін қарастыру керек. Пациенттерге (сондай-ақ пациенттерге күтім жасайтын адамдарға) суицидтік ой мен мінез-құлық пайда болған жағдайда медициналық көмекке жүгінуді ұсыну керек.

Асқазан-ішек жолының төменгі бөлімдері функциясының төмендеуі

Тіркеуден кейінгі кезеңде Прегабалинді апиындық анальгетиктер сияқты іш қатуын туындатуы мүмкін дәрілік препараттармен бір уақытта қолданғанда асқазан-ішек жолының төменгі бөлімдері функциясының төмендеуімен байланысты құбылыстар (мысалы, ішек бітелісі, салданған ішек бітелісі және іш қату) тіркелген. Прегабалин мен апиындық препараттарды бір уақытта қолданғанда іш қатуының алдын алу үшін шаралар қолдану мүмкіндігін қарастыруға болады (әсіресе әйел және егде жастағы пациенттерде).

Дұрыс қолданбау, шамадан тыс қолдану және тәуелділік

Препаратты дұрыс қолданбау, шамадан тыс қолдану немесе оған тәуелділік жағдайлары туралы хабарланған. Анамнезінде психикалық белсенді заттарды шамадан тыс тұтынған пациенттерге прегабалинді сақтықпен тағайындау керек және ондай пациенттерді препаратты дұрыс қолданбау, шамадан тыс қолдану немесе оған тәуелділік симптомдарын (төзімділіктің дамуы, дозаны арттыру, препаратты іздеуге бағытталған мінез-құлық) анықтау мақсатында қадағалау керек.

Энцефалопатия

Энцефалопатия жағдайлары туралы, көбінесе энцефалопатияға әкелуі мүмкін негізгі аурулары бар пациенттерде хабарланған.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Прегасейф препараты дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне аздаған немесе орташа ықпал көрсетуі мүмкін. Прегасейф бас айналуын және ұйқышылдық туындатуы және осы арқылы көлік құралдарын басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне ықпал етуі мүмкін. Пациенттерге көлік құралдарын басқарудан, күрделі механизмдермен жұмыс істеуден немесе кез келген аса қауіпті қызметті жүзеге асырудан аталған препарат олардың осы қызметті атқару қабілетіне ықпал ететіні анықталғанға дейін аулақ болу ұсынылады.

Артық дозалануы

Симптомдары: ұйқышылдық, сананың шатасуы, үрейлі қозу, мазасыздық, сирек жағдайларда кома.

Емі: жалпы демеуші ем және қажет болса гемодиализ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

75 мг, 150 мг және 300 мг капсулалар.

10 капсуладан бір жағы алюминий фольгадан және екінші жағынан поливинилхлоридті/поливинидихлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

3 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

MSN Laboratories Private Limited

Plot No 42, Anrich Industrial Estate, Bollaram,

Medak District - 502 325. A. P., Үндістан.

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

MSN Laboratories Private Limited, Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан аталған өнімнің сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

Қазақстан, Алматы қ. Жангелдин к-сі, 31, 205 кеңсе

Тел. +7 747 8163142

Прикрепленные файлы

110278711477976316_ru.doc 108.5 кб
933181801477977522_kz.doc 52.33 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники