Потенциале (50 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Потенциале
Халықаралық патенттелмеген атауы
Силденафил
Дәрілік түрі
Қабықпен қапталған 50 мг және 100 мг таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат: 50 мг немесе 100 мг силденафил (силденафил цитраты түрінде);
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармелозасы, гипромелоза, магний стеараты, коллоидты кремнийдің қостотығы, титанның қостотығы (Е 171), тальк, пропиленгликоль, полиэтиленгликоль 6000 (макрогол 6000), индигокармин (Е 132).
Сипаттамасы
Екі жақ беті дөңес, көгілдір (50 мг доза үшін) немесе көк түсті (100 мг доза үшін) қабықпен қапталған таблеткалар. Көлденең кесіндісінде екі қабат көрінеді.
Фармакотерапиялық тобы
Эрекцияның бұзылуын емдеуге арналған препараттар. Силденафил.
АТХ коды G04BЕ03
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Силденафил асқазан-ішек жолынан тез сіңеді. Аш қарынға ішу арқылы қабылдағаннан кейін 30-120 минуттан соң (орта есеппен алғанда 60 минуттан соң) қан плазмасында ең жоғары концентрацияға жетеді. Ішке қабылдаған кездегі биожетімділігі 40% құрайды. Егер препаратты майлы тағаммен бірге қабылдаса, сіңу жылдамдығы төмендейді және қан плазмасында ең жоғары концентрацияға жету уақыты орта есеппен 60 минутқа артады, ал қан плазмасында ең жоғары концентрациясы орта есеппен 29%-ға төмендейді.
Силденафилдің таралу көлемі (Vss) тепе-тең жағдайда орта есеппен 105 л құрайды, бұл оның тіндерге таралғанын көрсетеді. Силденафил және оның негізгі айналымдағы М-десметилді метаболиті плазма ақуыздарымен шамамен 96%-ға байланысады. Ақуызбен байланысуы препараттың жалпы концентрациясына байланысты емес.
Силденафил негізінен CYP3A4 (негізгі жолы) және CYP2C9 (қосымша жолы) микросомальді бауыр изоферменттерінің әсерімен метаболизденеді. Негізгі айналымдағы метаболит силденафилдің М-десметилденуі нәтижесінде түзіледі. ФДЭ-ға әсер етуінің селективтілігі жөнінен метаболиті силденафилге ұқсас, ал оның ФДЭ5-ке қатысты белсенділігі сол препараттың өзінің белсенділігінің шамамен 50%-ын құрайды. Плазмадағы метаболит концентрациясы силденафил концентрациясының шамамен 40%-ын құрайды. М-десметилметаболит әрі қарай метаболизмге ұшырайды; оның жартылай шығарылуының ақырғы кезеңі 4 сағатқа жуыққа тең.
Силденафилдің жалпы клиренсі сағатына 41 л құрайды, жартылай шығарылу кезеңі – 3-5 сағат. Силденафил метаболиттер түрінде, негізінен нәжіспен бірге (қабылданған дозаның 80 %-ы) және аз дәрежеде несеппен бірге (қабылданған дозаның 13%-ы) шығарылады.
Фармакодинамикасы
Потенциале эректильді қызметі бұзылған науқастарды емдеу үшін ішу арқылы қабылданатын препарат болып табылады. цГМФ-cпецификалық 5 типті фосфодиэстеразаның (ФДЭ5) селективті тежегіші.
Силденафил кавернозды дененің тегіс бұлшықетті жасушаларын тікелей босаңсытатын әсер бермейді, алайда кавернозды денелерде цГМФ ыдырауына жауап беретін ФДЭ5 тежеу арқылы азот тотығының (NO) босаңсытқыш әсерін едәуір арттырады. Сексуальді стимуляция кезінде NO/цГМФ метаболизмдік жолының белсенділенуінде ФДЭ5-тің силденафилмен тежелуі кавернозды денелерде цГМФ концентрациясының жоғарылауына әкеледі. Сондықтан силденафилдің фармакотерапиялық әсерінің білінуі үшін жыныстық қозу қажет.
Қолданылуы
- эрекцияның бұзылуын емдеуге
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектерге жыныстық қатынастан 1 сағат бұрын ішке 50 мг доза тағайындайды. Әсеріне байланысты доза 25 мг-ға дейін азайтылуы немесе 100 мг-ға дейін арттырылуы мүмкін. Ұсынылатын ең жоғары доза тәулігіне 1 рет 100 мг. Таблетканы аздаған су мөлшерімен бүтіндей жұтқан жөн.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі ≥1/10
- бас ауыру
- ыстық кернеулер
Жиі ≥1/100 - <1/10
- көрудің нашарлауы (фотосенсибилизация, көру жітілігінің бұзылуы)
- қарқындылығы әлсіз транзиторлы хроматопсия
- жүрек лүпілінің күшеюі
- мұрынның бітелуі
- диспепсия
Сирек ≥1/10000 - <1/1000
- тері бөртпесі
- көздің ауыруы және көздің қызаруы
- тахикардия, қарыншалық аритмия, миокард инфарктісі, тұрақсыз стенокардия
- мұрыннан қан кету
- миішілік қан кету
- транзиторлы ишемиялық шабуыл
- артериялық гипертензия немесе гипотензия, естен тану
- құсу
- приапизм, ұзақ эрекция
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- силденафилге немесе препарат компоненттерінің қандай да болсын біреуіне жоғары сезімталдық
- жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары (мысалы, тұрақсыз стенокардия, жүрек қызметінің ауыр жеткіліксіздігі)
- препаратты нитраттармен және азот тотығымен босап шығатын басқа да дәрілік заттармен ем қабылдап жүрген емделушілерге қолданбаған жөн
- бауыр қызметінің ауыр жеткіліксіздігі
- артериялық гипотензия (АҚ 90/50 мм с. б.-нан төмен)
- жақын арада миокард инфарктісі немесе ми инсульті болған
- тор қабықтың тұқым қуалайтын дегенеративті аурулары (мысалы, retinitis pigmentosa)
- артериялардың қабынуына байланысты емес, көріністің мұның алдында ФДЭ5 тежегішін қолданумен байланысты болғанынан немесе болмағанынан тыс, көру жүйкесінің алдыңғы ишемиялық нейропатиясы салдарынан көздің көрмей қалуы
- балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Басқа дәрілік заттардың силденафилге әсері.
Іn vitro зерттеулер.
Силденафилдің метаболизмі көбінесе Р450 цитохромының (CYP) 3А4 изоформасының (негізгі жолы) және 2С9 изоформасының (қосымша жол) қатысуымен жүреді. Сондықтан осы изоферменттердің тежегіштері силденафил клиренсін төмендетуге қабілетті.
Іn vivo зерттеулер.
Осы клиникалық зерттеу деректерінің популяциялық фармакокинетикалық талдамасы CYP3А4 тежегіштерімен (мысалы, кетоконазол, эритромицин, циметидин сияқты) бір мезгілде қолданғанда силденафилдің клиренсінің төмендегенін көрсетті. Силденафилді және CYP3A4 тежегіштерін бір мезгілде қолданғанда жағымсыз құбылыстар жиілігінің өскені байқалмаса да, силденафилдің белгіленген бастапқы дозасы 25 мг құрайды.
АИВ-протеаза тежегіштерін, Р450 өте күшті тежегішін, тепе-тең концентрация жағдайларында (тәулігіне 1 рет 500 мг) және силденафилді (бір реттік дозасы 100 мг) бір мезгілде қолдану силденафилдің Cmax 300%-ға (4 есеге) артуына және силденафилдің плазмалық AUC мәнінің 1000%-ға (11 есеге) жоғарылауына әкелді. 24 сағаттан кейін силденафилдің плазмалық деңгейі, силденафилдің өзін бөлек қолданған кездегіге тән шамамен 5 нг/мл деңгейімен салыстырғанда, әлі де шамамен 200 нг/мл құрады, ол Р450 субстраттарының ауқымды өрісіне ритонавирдің елеулі ықпалына сәйкес келеді. Силденафил ритонавирдің фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді. Фармакокинетикалық өзара әрекеттесу нәтижелерін негізге алатын болсақ, силденафилді және ритонавирді бір мезгілде тағайындауға болмайды; ешқандай кез келген жағдайда силденафилдің ең жоғары дозасы 48 сағат ішінде 25 мг-нан аспауы тиіс.
АИВ-протеаза тежегіштері саквинавирді, CYP3A4 тежегішін, тепе-тең концентрацияны (тәулігіне үш рет 1200 мг) қамтамасыз ететін дозада және силденафилді (бір рет 100 мг) бір мезгілде қолдану силденафилдің Cmax мәнінің 140%-ға жоғарылауына және силденафилдің (AUC) жүйелік экспозициясының 210%-ға жоғарылауына әкелді. Силденафилдің саквинавирдің фармакокинетикасына ықпалы анықталған жоқ. CYP3A4 өте күшті тежегіштерінің, мысалы, кетоконазол және итраконазол сияқты, өте айқын ықпалы болады деп шамаланады.
Силденафилді (бір реттік 100 мг) және CYP3A4 арнайы тежегіші эритромицинді тепе-тең жағдайда (5 күн бойы тәулігіне екі рет 500 мг) қолданғанда силденафилдің жүйелік экспозициясының (AUC) 182%-ға жоғарылағаны байқалды. Дені сау еркек еріктілерде азитромициннің (3 күн бойы тәулігіне 500 мг) силденафилдің және оның айналымдағы негізгі метаболитінің AUC, Cmax, Tmax мәндеріне, элиминация жылдамдығының константысына және кейінгі жартылай шығарылу кезеңіне ықпалы байқалған жоқ. 800 мг доза циметидинді (Р450 цитохромының тежегіші және CYP3A4 өзіне тән емес тежегіші) 50 мг доза силденафилмен бір мезгілде қолданғанда дені сау ерікті адамдарда силденафилдің плазмалық концентрациясын 56%-ға жоғарылатты.
Грейпфрут шырыны ішек қабырғасында CYP3A4 әлсіз тежегіші болып табылады және силденафилдің плазмалық деңгейін орташа жоғарылатуы мүмкін.
Антацидтік дәрілерді (магний гидроксиді/алюминий гидроксиді) бір рет қолдану силденафилдің биожетімділігіне ықпалын тигізбейді.
Барлық дәрілік заттармен өзара әрекеттесуіне арнайы зерттеу жүргізілмесе де, популяциялық фармакокинетикалық талдама деректері бойынша, силденафилдің фармакокинетикасы оны CYP2C9 тежегіштері тобына (толбутамид, варфарин, фенитоин), CYP2D6 тежегіштері тобына (мысалы, серотонинді кері қармап қалатын селективті тежегіштер, үшциклдік антидепрессанттар), тиазидтік және тиазидке ұқсас диуретиктер, ілмектік және калий сақтаушы диуретиктер, ангиотензинге өзгертуші фермент тежегіштері, кальций антагонистері, бета-адренорецептор антагонистері немесе CYP450 метаболизмінің индукторлары (мысалы, рифампицин, барбитураттар сияқты) тобына жататын дәрілік заттармен бір мезгілде қолданғанда өзгерген жоқ. Никорандил кальций өзекшелері белсенділендіргіші мен нитрат гибриді болып табылады. Нитратты компонент оның силденафилмен күрделі өзара әрекеттесу мүмкіндігін жүзеге асырады.
Силденафилдің басқа дәрілік заттарға әсерлері
Іn vitro зерттеулер.
Силденафил – Р450 цитохромының 1А2, 2С9, 2С19, 2D6, 2Е1 және 3А4 (IК50> 150 mM) изоформаларының әлсіз тежегіші. Силденафилдің ең жоғары шектегі плазмалық концентрациялары шамамен 1 мкмольге тең болғандықтан, препараттың осы изофермент субстраттарының клиренсіне ықпал етуі екіталай.
Силденафилдің және фосфодиэстеразаның өзіне тән емес, мысалы, теофиллин және дипиридамол сияқты тежегіштерінің өзара әрекеттесуі жөнінде деректер жоқ.
Іn vivo зерттеулер.
Силденафилдің азот тотығы/циклдік гуанозинмонофосфат (цГМФ) метаболизміне ықпал ететіндігі белгілі болғандықтан, бұл препараттың нитраттардың гипотензивтік әсерін потенциялайтыны анықталды, сондықтан оны азот тотығының донорларымен немесе кез келген түрдегі нитраттармен бір мезгілде қолдануға болмайды.
Кейбір бейім емделушілерде силденафилді және альфа-адренорецепторлар бөгегіштерін бір мезгілде қолдану симптоматикалық гипотензияның пайда болуына әкелуі мүмкін, ол көбіне силденафилді қолданғаннан кейін 4 сағат ішінде пайда болады. Дәрілік заттардың ерекше өзара әрекеттесуіне жүргізілген зерттеулер барысында альфа-адренорецептор бөгегіші доксазозин (4 мг және 8 мг) және силденафил (25 мг, 50 мг және 100 мг) қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы (ҚБҚГ) бар емделушілерге бір мезгілде қолданылды, олардың жағдайы доксазозинді қолданған кезде тұрақтанды. Осы зерттелген популяциялардағы науқастың жатқан кездегі артериялық қысымы орташа 7/7 мм. с.б., 9/5 мм. с.б. және 8/4 мм. с.б.-ға қосымша төмендегені, және тұрған кездегі артериялық қысымы 6/6 мм. с.б., 11/4 мм. с.б., 4/5 мм. с.б.-ға орташа төмендегені байқалды. Силденафилді және доксазозинды бір мезгілде қолданғанда олардың тұрақтануы доксазозинді қолданған кезде қол жеткен емделушілерде кейде симптоматикалық ортостатикалық гипотензияның пайда болғаны жөнінде мәлімделді. Мұндай мәлімдеулерде бас айналу және естен тану алдындағы, бірақ синкопесіз жағдайлар жөнінде айтылған.
Силденафилді (50 мг) және CYP2C9 метаболизденетін толбутамидті (250 мг) немесе варфаринді (40 мг) бір мезгілде қолданғанда ешқандай да маңызды өзара әрекеттесулер байқалған жоқ.
Силденафил (50 мг) ацетилсалицил қышқылын (150 мг) қолданудан болатын қан кету уақытының ұзаруына әкелмеді.
Силденафил (50 мг) қанда этанолдың орташа ең жоғары 80 мг/дл деңгейінде дені сау ерікті адамдарда алкогольдің гипотензивтік әсерін потенциялаған жоқ.
Силденафилді қабылдаған емделушілерде, диуретиктер, бета-адренорецептор бөгегіштері, АӨФ тежегіштері, ІІ ангиотензин антагонистері, гипертензияға қарсы дәрілік заттар (қантамырларды кеңейтетін және орталықтан әсер ететін), адренергиялық нейрон бөгегіштері, кальций өзекшелерінің бөгегіштері және альфа-адренорецептор бөгегіштері сияқты гипотензивтік дәрілік заттар сияқты кластарын бір мезгілде қолданғанда жағымсыз әсерлердің профилінде, плацебомен салыстырғанда, ешқандай айырмашылықтар байқалған жоқ. Артериялық гипертензиясы бар емделушілерге силденафилді (100 мг) және амлодипинді бір мезгілде қолданған кезде болатын өзара әрекеттесулерге арнайы жүргізілген зерттеулерде жатқан кезде систолалық артериялық қысымның 8 мм. с.б.-на қосымша төмендегені байқалды. Диастолалық артериялық қысымның тиісті төмендеуі 7 мм. с.б. құрады. Шамасы жөнінен, артериялық қысымның осы қосымша төмендеуі тек силденафилді дені сау ерікті адамдарға қолданған кезде байқалғандағыға ұқсас болды.
Силденафил 100 мг дозада CYP3A4 субстраттары болып табылатын АИВ-протеаза тежегіштерінің, саквинавирдің және ритонавирдің фармакокинетикалық көрсеткіштеріне ықпалын тигізген жоқ.
Айрықша нұсқаулар
Жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде, тұрақсыз стенокардияда, соңғы 6 айда миокард инфарктісін бастан кешкенде, инсультта немесе өмірге қауіп төндіретін аритмияларда, артериялық гипертензияда (артериялық қысым (АҚ) > 170/100 мм с. б.) немесе гипотонияда (АҚ < 90/50 мм с. б.) сақтықпен қолдану керек.
Емдеуді бастамас бұрын емделушінің медициналық сыртартқысын жинаған және эректильді қызметтің бұзылуын және оның ықтимал себептерін анықтау үшін физикалық зерттеу жүргізген жөн.
Жыныстық белсенділігі жүрек тарапынан белгілі қауіппен қатарласа жүретіндіктен, эректильді қызметтің бұзылуына қандай да болсын емді бастамас бұрын дәрігер емделушінің жүрек-қантамыр жүйесінің жағдайына баға беруі тиіс.
Потенциале қан тамырларды кеңейтетін әсер береді, ол артериялық қысымның жеңіл және қысқа мерзімдік төмендеуімен білінеді. Потенциалені тағайындағанға дейін дәрігер мұндай әсер белгілі бір, әсіресе жыныстық белсенділікпен біріккен негізгі ауруы бар емделушілерге жағымсыз әсер ететін-етпейтіндігін мұқият таразылауы тиіс. Вазодилататорларға сезімталдығы жоғары емделушілерге сол жақ қарыншасынан шығатын жолдың обструкциясы (мысалы, қолқа стенозы, гипертрофиялық обструктивті кардиомиопатия) бар емделушілер, немесе мультижүйелік атрофияның сирек синдромы, осы біліністердің біреуі артериялық қысымның реттелуінің вегетативтік жүйке жүйесі тарапынан ауыр бұзылуы болып табылатын емделушілер жатады.
Потенциале нитраттардың гипотензивтік әсерін потенциялайды.
Постмаркетингтік кезеңде жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан, миокард инфарктісін, тұрақсыз стенокардияны, жүректен кенет өлуді, қарыншалық аритмияны, цереброваскулярлы қан құйылуды, транзиторлы ишемиялық шабуылды, артериялық гипертензияны және артериялық гипотензияны қоса есептегенде, жағымсыз реакциялар туралы мәлімделді, олар силденафилді қолдану уақытымен сәйкес келді.
Көптеген емделушілерде, бірақ барлығында бірдей емес, жүрек-қантамыр аурулары қаупінің факторлары болды. Осындай көп жағымсыз реакциялар жыныстық қатынас кезінде немесе одан кейін бірден байқалды, тек бірнешеуі ғана препаратты жыныстық қатынассыз-ақ қолданғаннан кейін көп ұзамай болды. Сондықтан осындай жағымсыз реакциялардың пайда болуы қауіпті факторлармен байланысты ма, жоқ па, немесе олардың пайда болуы басқа факторлардан болған-болмағанын анықтау мүмкін емес.
Эректильді қызметтің бұзылуын емдеуге арналған препараттарды, соның ішінде Потенциалені, пенисінде анатомиялық деформациялары (мысалы, ангуляция, кавернозды фиброз немесе Пейрони ауруы) бар емделушілерге, немесе приапизмнің (мысалы, орақ-жасушалы анемия, көптеген миелома немесе лейкемия сияқты) пайда болуына мүмкіндік беретін жағдайдағы емделушілерге абайлап тағайындаған жөн.
Силденафилді эректильді қызметтің бұзылуын емдеудің басқа әдістерімен бір мезгілде қолданудың қауіпсіздігі және тиімділігі зерттелген жоқ, сондықтан мұндай біріктірулерді қолдануға болмайды.
Көрудің бұзылуы және көру жүйкесінің артериялық емес алдыңғы ишемиялық нейропатиясы жөнінде мәлімделген, бұл силденафилді және басқа да ФДЭ5 тежегіштерін қолданумен байланысты. Емделушілерге көру кенеттен нашарлаған жағдайда Потенциале препаратын қолдануды тоқтатуы немесе дереу дәрігерге қаралуы керектігі жөнінде ескерткен жөн.
Силденафилді және ритонавирді бір мезгілде қолдануға болмайды.
Альфа-адренорецепторлар бөгегіштерін қабылдап жүрген емделушілерге Потенциалені абайлап қолданған жөн, өйткені мұндай біріктіру осыған бейім кейбір емделушілерде симптоматикалық гипотензияға әкеп соғуы мүмкін. Симптоматикалық гипотензия әдетте Потенциалені қолданғаннан кейін 4 сағат ішінде пайда болады. Ортостатикалық гипотензияның пайда болу қаупін барынша азайту мақсатында силденафилмен емдеуді альфа-адренорецептор бөгегіштерін қолданып жүрген, гемодинамикалық тұрғыдан тұрақты емделушілерде ғана бастауға болады. Мұндай емделушілерге Потенциаленің ұсынылатын бастапқы дозасы 25 мг-ды құрайды.
Бұдан басқа, емделушілерге ортостатикалық гипотензия симптомдары пайда болған жағдайда қалай әсер ету керектігін мәлімдеп отырған жөн.
Адамның тромбоциттерін зерттеу in vitro силденафил натрий нитропрусидінің агрегацияға қарсы әсерін потенциялайтынын көрсетті. Потенциалені қанның ұюы бұзылған немесе жедел пептикалық ойық жарасы бар емделушілерге қолданудың қауіпсіздігі жөнінде ешқандай да мәлімдемелер жоқ. Осылайша, силденафил осындай топтағы емделушілерге пайдасы мен қаупіне жан-жақты баға берілгеннен кейін ғана қолданылуы мүмкін.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Препарат бас айналуға және көрудің нашарлауына себеп болатындықтан, автомобильді басқарғанда және қауіпті механизмдермен жұмыс жасағанда сақ болу қажет.
Артық дозалануы
100 мг-нан асатын доза препараттың тиімділігін жақсартпайды, бірақ жағымсыз әсерлердің айқындылығын күшейтуі мүмкін.
Емдеу: Артық дозаланған жағдайда симптоматикалық ем жүргізу қажет. Диализ силденафил клиренсін жылдамдатпауы мүмкін, өйткені соңғысы плазма ақуыздарымен белсенді байланысады және несеппен бірге шығарылмайды.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Поливинилхлоридті ЭП-73 маркалы үлбірден және алюминий фольга негізіндегі қаптамалық бума материалдан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 2 таблеткадан салынған.
Пішінді 1 немесе 2 қаптама медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
300С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«Технолог» ЖАҚ.
20300, Украина, Умань қ-сы, Черкасск облысы, Мануильский к-сі, 8
Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі
«Технолог» ЖАҚ, Украина
Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«Medicus Centre» ЖШС
050000, Алматы қ-сы, Мусоргский к-сі, 2А
тел: +007(7272) 71-48-12, 71 48 13
e-mail: postavki@medicus.kz