Постеризан®

Производитель: Др. Каде Фармацевтическая Фабрика ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения геморроя и анальных трещин для местного применения
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018337
Информация о регистрации в РК: 10.10.2016 - бессрочно
Номер регистрации в РБ: 1324/95/02/07/12/17
Информация о регистрации в РБ: 06.09.2017 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Постеризан®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ректальдік суппозиторийлер

Құрамы

Бір суппозиторий құрамында

белсенді зат: 387.10 мг стандартталған бактериялар өсіндісінің суспензиясы (БӨС) (құрамында ең жоғарғы 6.6 мг сұйық фенолмен белсенділігі жойылған және консервацияланған 6.6 х 108 E.сoli бар)

қосымша заттар: қатты май, макроголглицеролгидроксистеарат.

Сипаттамасы

Фенолға тән иісі бар ақтан ақшыл-сары түске дейінгі біртекті суппозиторий.

Фармакотерапиялық тобы

Геморрой және анустағы сызаттарды емдеу үшін жергілікті қолдануға арналған дәрілер. Геморрой және анустағы сызаттарды емдеу үшін жергілікті қолдануға арналған басқа да дәрілер.

АТХ коды С05AX

Фармакологиялық қасиеттері

Постеризанның белсенді ингредиенті – ішек таяқшасының белсенділігі жойылған бактериялары өсіндісінің суспензиясы (БӨС Eoli)

Фармакокинетикасы

Ректальді қолданылғаннан кейін БӨС E.сoli ішектің шырышты қабығына жылдам сіңіріледі. Сіңірілу дәрежесін, БӨС E.сoli деңгейін және оның организмнен шығарылуын зерттеуді препаратты жергілікті қолдану арқылы жүргізу мүмкін емес. Алайда БӨС E.сoli иммуногендік ингредиенттерінің өтуі зертханалық жануарлар тік ішегінің шырышты қабығына жүргізілген иммуногистологиялық зерттеулер жүзінде анықталды.

Фармакодинамикасы

Теріге және шырышты қабыққа жаққанда БӨС E.сoli спецификалық және спецификалық емес иммундық механизмдерді көтермелейді.

Иммунитеттің Т-жүйесін көтермелейді, лейкоциттердің және ретикулоэндотелий жүйесі жасушаларының, спецификалық емес иммунитеттің гуморальді факторлар қатарының фагоцитарлық белсенділігін жоғарылатады. Әсер ету орынында антиденелердің түзілуін және жасуша қабықшаларының концентрацияланған полисахаридтерінің әрі әртүрлі, соның ішінде антибиотиктерге және басқа бактерияға қарсы дәрілерге төзімді штаммдардың ішек таяқшалары метаболиттерінің болуы есебінен тіндердің патогендік микрофлора ықпалына төзімділігін арттырады. Экссудацияны азайтады, қан тамырларының өткізгіштігі мен тонусын қалыптандырады, зақымдалған тіндердің регенерациясын көтермелейді.

Қолданылуы

- геморрой салдарынан анальді аймақта болатын анустың қышынуы, бөліністер және ашытуда

- анустық сызаттарда, экземада

Қолдану тәсілі және дозалары

Суппозиторийлер таңертең және кешке, сондай-ақ әрбір дефекациядан кейін қолданылады.

Жақпамай мен суппозиторийлерді біріктіріп пайдалануға болады.

Аурудың симптомдары басылғаннан кейін әсерді тұрақтандыру және қайталанулардың профилактикасы үшін емдеуді 2-3 апта бойы жалғастырады.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

- терідегі аллергиялық реакциялар (мысалы, фенол консервантына)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттерінің біріне аса жоғары сезімталдықта

- 18 жасқа дейінгі балалық жас және жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесулері

Сипатталмаған

Айрықша нұсқаулар

Педиатрияда қолданылуы

Балаларға арналған Постеризанның® тиімділігі мен қауіпсіздігі түбегейлі анықталмаған. Бактериялар өсіндісінің стандартталған суспензиясының (БӨС Eoli) компоненттері балаларға зор қауіп төндірмейді.

Жүктілік және лактация

Жүкті әйелдерде, сондай-ақ лактация кезеңінде қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Ықпалын тигізбейді

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары сипатталмаған.

Кездейсоқ ішу арқылы қабылдағанда (балалар) іштің ауыруы, жүрек айнуы болуы мүмкін.

Артық дозаланған жағдайда – – симптоматикалық емдеу.

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 суппозиторийден алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

2 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салады.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Дәрігердің рецептісінсіз босатылады

Өндіруші

Др. Каде Фармацевтикалық фабрикасы ГмбХ,

Ригиштрассе, 2, 12277 Берлин, Германия

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

Др. Каде Фармацевтикалық фабрикасы ГмбХ, Берлин, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы:

«Фарма Гарант ГмбХ» компаниясының өкілдігі

Жібек Жолы к-сі 64, 618 кеңсе, Алматы қ., Қазақстан, 050002 тел./факс: (8 727) 273 84 36/ 273 86 40, электрондық пошта: pharmagarant.kaz@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

344037151477975721_ru.doc 43 кб
232470591477977432_kz.doc 54.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ