Полынь горькая

МНН: Полыни горькой трава
Производитель: Зерде-Фито ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты, стимулирующие аппетит
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023019
Информация о регистрации в РК: 07.06.2017 - 07.06.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Ащы жусан

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Шөп, 50 г

Құрамы

Бір қорапшаның ішінде

белсенді зат - 50 г ащы жусан шөбі

Сипаттамасы

Тесіктерінің диаметрі 8 мм електен өтетін және тесіктерінің диаметрі 0.5 мм електен өтпейтін сабақтар, гүлшанақтар мен жапырақтардың үзіктері. Түсі-сұрғылт-жасыл. Хош иісті, өзіндік ерекшелігі бар, күшті. Дәмі хош иісті-ащы.

Фармакотерапиялық тобы

Асқорыту жолы және зат алмасу. Тәбет көтермелегіштер

АТХ коды А15

Фармакологиялық қасиеттері

Жусан препараттары басқа да ащылар сияқты асқазан-ішек жолы бездерінің функциясын рефлекторлы көтермелейді, өт бөлінуін күшейтеді және ас қорытуды елеулі жақсартады. Бұл әсері тамақ өнімдерінің түсуіне асқазан-ішек жолы шырышты қабықтары нейрорецепторлары реакциялары мен қозғыштығының жоғарылауымен түсіндіріледі.

Терпендік қосылыстар қабынуға қарсы және кардиостимуляциялайтын әсер етеді. Жусанның эфир майы орталық жүйке жүйесінің жұмысын қоздырады және қалыпқа келтіреді. Қанықпаған көмірсутектің фунгицидті және бактерицидті қасиеттері бар.

Ащы жусан шөбі өсімдік тектес дәрілер тобының дәрілік препараты болып табылады. Ащы жусан шөбінің әсер ету механизмі тағам тітіркендіргіштеріне қозғыштықтың жоғарылауымен түсіндіріледі. Препарат асқорыту бездері функциясын, өт секрециясы мен панкреатин сөлі секрециясын көтермелеу қабілетіне ие және асқазан сөлі секрециясын күшейтеді, тәбетті қоздыру үшін және асқорытуды жақсарту үшін қолданылады. Ащы жусан шөбі өт айдайтын және тәбетті көтермелейтін дәрілік заттар тобына жатады.

Қолданылуы

кешенді ем кезінде:

- асқорыту мүшелерінің жұмысын жақсарту және тәбетті ашу үшін;

- созылмалы холециститте, өт шығару жолдарының дискинезиясында

Қолдану тәсілі және дозалары

10 г (2 ас қасық) препаратты эмальданған ыдысқа салып, үстіне 200 мл (1 стақан) қайнаған су құйып, қақпақпен жабады да, қайнап тұрған су моншасында 15 мин қыздырады, бөлме температурасында 45 мин бойы салқындатып сүзеді, қалған шикізатты сығады. Алынған тұнбаның көлемін қайнаған сумен 200 мл-ге дейін жеткізеді.

Дайындалған тұнбаны салқын жерде 2 тәуліктен асырмай сақтайды.

1/4 стақаннан күніне 3 рет ас қабылдаудан 30 мин бұрын ішеді.

Қолданар алдында тұнбаны шайқау керек.

Емдеу курсын емдеуші дәрігер жекелей тағайындайды.

Жағымсыз әсерлері

Ащы жусанда ұзақ қолдану жеңіл улануды, аллергиялық реакцияларды туындатуы мүмкін; қыжыл, гастралгия, диарея, жүрек айну, құсу, ауыр жағдайларда елестеулер және құрысулар орталық сипаттағы жалпы уытты құбылыстармен (ұзақ қолданғанда) қатар жүруі мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- жекелей жақпаушылық;

- асқазан секрециясының жоғарылауы;

- гиперацидті гастрит, асқазан және 12 елі ішектің ойық жара ауруы, рефлюкс-эзофагит;

- энтероколиттер;

- қан кету, қаназдық;

- жедел холецистит;

- жүктілік, лактация кезеңі;

- балаларға (12 жасқа дейінгі)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Препаратты дәрігермен алдын ала кеңеспей қабылдауға болмайды және пайдаланудан оңды әсер болуына кепілдік бере алмайды. Өндіруші медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта берілген ақпаратты дұрыс қолданбау нәтижесінде туындаған ықтимал жағымсыз салдарына ешқандай жауапкершілік алмайды. Демікпесі барлар жусанды сақтықпен немесе дәрігердің бақылауымен қабылдаулары қажет. Емдеу курсы өзіндік жай-күйі жақсы болғанда 2 аптадан, көп дегенде бір айдан аспауы тиіс, өйткені мерзімін ұзарту кейде жағымсыз әсер етеді. Жусан препараттары үлкен дозаларда құстыртады, қан қысымына әсер етеді (аз дозаларда жоғарылатады, үлкен дозаларда төмендетеді). Өсімдіктің улылығы аз. Жусаннан жасалған препараттарды дәрігердің бақылауымен, емдеу мерзімі мен қабылдау ережелерін сақтай отырып қабылдау керек.

Препараттың автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қолдану автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: тремор, құсу, бас ауыру, бас айналу, елестеулер, құрысулар. Емі: симптоматикалық.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

50 г препараттан полипропилен немесе полимер және біріктірілген материалдан немесе полиэтиленнен жасалған пакеттер қартон қорапшаға салынған, оған медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдерінде қысқаша аңдатпа жазылады.

Қорапша полипропилен немесе полимерден және біріктірілген материалдан жасалған немесе полиэтилен үлбірмен жабылып, сонан соң медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтың тиісті санымен бірге қораптық картоннан жасалған топтық тасымалдау ыдысына салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 18оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші/Қаптаушы

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан, 160019, Оңтүстік-Қазақстан облысы, Шымкент қ., Химфарм зауыты ы/а, 2/1

Тіркеу куәлігінің иесі

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын, дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан, 160019, Оңтүстік-Қазақстан облысы, Шымкент қ., Химфарм зауыты ы/а, 2/1.,

тел./факс +7 (7252) 50-34-50, 50-37-06, 50-37-27,

е-mail: kontakt@ zerdеfito.kz

4

Прикрепленные файлы

Полынь_горькая_каз.doc 0.06 кб
Полынь_горькая_рус.docx 0.03 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту