Полудан (лиофилизат для приготовления глазных капель)

МНН: Полирибоадениловой кислоты калиевая соль, Полирибоуридиловой кислоты калиевая соль
Производитель: Лэнс-Фарм ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Противовирусные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019135
Информация о регистрации в РК: 06.08.2012 - 06.08.2017

Инструкция

Саудалық атауы

Полудан

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Көз тамшы дәрісін дайындауға арналған лиофилизат 100 ӘБ

Құрамы

Бір құтының ішінде

белсенді заттар: полирибоаденил қышқылының калий тұзы (калий

полирибоаденилаты) 0.1000 мг, полирибоуридил қышқылының калий тұзы (калий полирибоуридилаты) 0.1070 мг,

қосымша заттар: натрий гидрофосфаты (2-орын басқан натрий фосфорқышқылы), калий дигидрофосфаты (1- орын басқан сусыз калий фосфорқышқылы), натрий хлориді.

Сипаттамасы

Ақ түсті лиофилизат

Фармакотерапиялық тобы

Көз ауруларын емдеуге арналған препарат.

Вирусқа қарсы дәрілер.

АТЖ коды S01AD

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Жергілікті инстилляция кезінде сіңірілуі анықталмаған.

Фармакодинамикасы

Полудан - полирибоаденил және полирибоуридил қышқылдарының биосинтетикалық полирибонуклеотидті кешені. Эндогенді интерферон синтезінің индукторы. Вирусқа қарсы және иммунтүрлендіруші белсенділігі бар.

Инстилляция қан сарысуы мен көз жасы сұйықтығында енгізгеннен кейін 3 сағаттан соң анықталатын эндогенді интерферонның өнуін көтермелейді. Бүкіл курс бойы күнделікті енгізу арқылы интерферонның жоғары деңгейі (қанда 110 ӘБ/мл және көз жасы сұйықтығында 75 ӘБ/мл) сақталып тұрады, енгізуді тоқтатқаннан кейінгі екінші күні мүлдем дерлік (10 ӘБ/мл титрінен аспайды) анықталмайды. Офтальмогерпесі бар науқастарда бастапқыда төмендетілген табиғи киллер жасушаларының, сондай-ақ басқа да иммунокомпетентті жасушалардың белсенділігін күшейтеді.

Қолданылуы

Көздің вирусты аурулары:

- аденовирустық және герпестік конъюнктивитте

- беткейлік кератоконъюнктивитте

- кератитте

   

Қолдану тәсілі және дозалары

Жергілікті.

Көзге тамызуға арналған Полудан ерітіндісін құты ішіндегіні 2 мл инъекцияға арналған суда еріту жолымен даярлайды. Дайын ерітіндіні тек тоңазытқышта сақтаған жағдайда, күні бойы пайдалануға болады. Ересектерде қолданылуы: конъюнктивальді қапқа 1-2 тамшыдан тәулігіне 6-8 рет тамызады. Қабыну құбылыстарының басылу шамасына қарай тамызу санын тәулігіне 3-4 ретке дейін қысқартады.

Балаларда қолданылуы: конъюнктивальді қапқа 1-2 тамшыдан тәулігіне 3-4 рет тамызады. Қабыну құбылыстарының басылу шамасына қарай тамызу санын тәулігіне 1-2 ретке дейін қысқартады.

7 күн ішінде әсері болмаған жағдайда препараттың субконъюнктивальді инъекциясы тұрғысында дәрігермен кеңесу қажет.

Жағымсыз әсерлері

-

аллергиялық реакциялар (қышу, бөтен денені сезіну, конъюнктивальді инъекцияның күшеюі, төменгі өтпе қатпарында жекелеген фолликулдардың пайда болуы)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

-

препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Полуданды ферментті препараттармен бір мезгілде қолданған кезде Полуданның клиникалық тиімділігі эндогенді интерферонға ферменттердің бұзатын әсер беруіне байланысты азаяды.

Вирус жұқпаларын емдеуге арналған антибиотиктермен және дәрілік заттармен үйлесімді.

Айрықша нұсқаулар

Жағымсыз әсерлері

Жүктілік және лактация

Полуданның жүктілік және лактация кезеңінде қолданылуы туралы деректер жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Анықталмаған.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

Резеңке тығынмен герметикалық тығындалып, тамшылатқыш қақпақпен жиынтықтағы алюминий қалпақшамен қаусырылған көлемі 5 мл болатын түссіз шыны құтыда 100 ӘБ.

1 немесе 3 тамшылатқыш қақпақпен жиынтықтағы 1 немесе 3 құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге қораптық картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 8ºС -ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«ЛЭНС-Фарм» ЖШҚ, Ресей Федерациясы.

Заңды мекенжайы: 143033, Мәскеу облысы, Одинцов ауданы, Горки-Х кенті, 30а үй

Өндіріс және шағым қабылдаушы мекенжай: 601125, Владимир обл., Петушин ауданы, Вольгинский кенті, 95 корпус, 67 корпус

Тел. (49243) 7-17-53

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«ЛЭНС-Фарм» ЖШҚ, Ресей Федерациясы.

Заңды мекенжайы: 143033, Мәскеу облысы, Одинцов ауданы, Горки-Х кенті, 30а үй

Қазақстан Республикасында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы: «ВЕРОФАРМ» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Саин к-сі, 30 үй, 116 кеңсе

тел.: (727) 273-1634, (727) 230-09-09

 

Прикрепленные файлы

266386571477977085_ru.doc 52.5 кб
283880451477978259_kz.doc 61 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники