Полисорб МП
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Полисорб МП
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Ішке қабылдау үшін суспензияны дайындауға арналған үнтақ
Қүрамы
Бір грамм препараттың құрамында
белсенді зат - 1 г коллоидты кремнийдің қостотығы
Сипаттамасы
Жеңіл ақ немесе көгілдір реңкімен ақ, иіссіз және дәмсіз ұнтақ. Сумен араластырған кезде жүзгін түзеді.
Фармакотерапиялық тобы
Басқа да ішек адсорбенттері
АТХ коды А07ВС
Фармакологиялық қасиеттері
Полисорб МП (медициналық ішке қабылданатын) - органикалық емес, селективті емес, бөлшектерінің мөлшері 0,09 мм-ге дейін, SiO2 химиялық формуласымен жоғары дисперсиялық кремнеземнің негізіндегі полифункциональді энтеросорбент.
Фармакокинетикасы
Полисорб МП асқазан-ішек жолында ыдырамайды, сіңірілмейді және
өзгермеген түрде шығарылады.
Фармакодинамикасы
Полисорб МП айқын сіңіргіш және детоксикациялық қасиеттеріне ие. Асқазан-ішек жолының қуысында препарат эр түрлі жаратылыстағы эндогенді және экзогенді уытты заттарды, патогендік бактериялар мен бактериялық уыттарды, антигендерді, тағамдық, аллергендерді, дәрілік заттарды және уларды, ауыр металдардың түздарын, радионуклидтерді, алкогольді қоса байланыстырып, организмнен шығарады. Полисорб МП, сондай-ақ организмнен зат алмасудың кейбір өнімдерін, соның ішінде билирубиннің, мочевинаның, холестериннің және липидті кешендердің артығын, сондай-ақ эндогенді токсикоздың дамуына жауапты метаболиттерді сіңіреді.
Қолданылуы
Емдеу және алдын алу мақсатында.
Емдеу мақсатында:
- шығу тегі әр түрлі жедел және созылмалы уыттануларда, күшті әсер ететін және улы заттармен, соның ішінде дәрілік препараттармен және алкогольмен, алкалоидтармен, ауыр металдардың түздарымен жедел улануларда
- тағамдық уытты-жүқпаларды қоса, кез келген генездің жедел ішек жүқпаларында, сондай-ақ шығу тегі жүқпалы емес диариялық синдромда дисбактериозда (кешенді емдеудің қүрамында)
-
айқын уыттанумен қоса жүретін іріңді-септикалық ауруларда
-
тағамдық және дәрілік аллергияда
-
гипербилирубинемияда (вирусты гепатит және басқа да сары аурулар) және гиперазотемияда (созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі).
Алдын алу мақсатында:
- экологиялық қолайсыз аймақтардың түрғындарына және зиянды өндірістердің қызметкерлеріне
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектерге және балаларға ішке сулы суспензия түрінде ғана! Суспензия алу үшін препараттың қажетті мөлшерін 1/4 - 1/2 стакан суға мүқият араластырады. Препаратты әрбір қабылдау алдында жаңадан суспензия дайындау және оны тамаққа дейін немесе басқа дәрілерді қабылдағанға дейін 1 сағат қалғанда ішу үсынылады. Суспензияны қолданар алдында шайқау керек!
Ересектерге. Ересектерде орташа тәуліктік доза (6-12г) дене массасына 0,1-0,2 г/кг. Препаратты бір тәулік ішінде 3-4 рет қабылдайды. Ересектерде ең жоғары тәуліктік доза (20 г) дене массасына 0,33 г/кг.
Балаларга. Балалар үшін доза дене массасына қарай есептеледі (кестені қараңыз).
Балалар үшін тәуліктік дозаны есептеу кестесі
Емделушінің дене массасы кг.-да |
Тәуліктік доза г.-да |
||
ең төмен |
орташа |
ең жоғары |
|
10,0 |
1,0 |
1,5 |
2.0 |
15,0 |
1,5 |
2,25 |
3,0 |
20,0 |
2,0 |
3,0 |
4,0 |
25,0 |
2,5 |
3,75 |
5,0 |
30,0 |
3,0 |
4,5 |
6,0 |
40,0 |
4,0 |
6,0 |
8,0 |
50,0 |
5,0 |
7,5 |
10,0 |
60,0 |
6,0 |
9,0 |
12,0 |
Тағамдық аллергия жағдайында препаратты тамақ қабылдау алдында тікелей қолданады, Полисорб МП тәуліктік дозасын күні бойы үш рет қабылдауға бөледі.
Емдеу үзақтығы диагнозына және ауру ауырлығына байланысты, жедел
уыттанулар кезінде емдеу курсы 3-5 күн, аллергиялық аурулар, созылмалы
уыттанулар кезінде емдеу үзақтығы 10-14 күнге дейін. Қайталау курстары
дэрігердің үсынысы бойынша 2-3 аптадан кейін.
Әр түрлі аурулар кезінде Полисорб МП қолдану ерекшеліктері.
Тағамдық уытты-жұкпа және жедел уланулар. Емдеуді бастауда 0,5-1%
Полисорб МП жүзгінімен асқазанды шаю ұсынылады. Ауыр уланулар кезінде
алғашқы тәулікте асқазанды шаю әрбір 4-6 сағат сайын зонд арқылы
жүргізіледі, сонымен қатар препаратты ішке қабылдайды. Ересектерге
біржолғы доза күніне 2-3 рет науқастың дене массасына 0,1-0,15 г/кг құрауы
мүмкін.
Жедел ішек жұқпалары. Емдеудің басқа тәсілдерімен кешенде аурудың алғашқы сағаттарында немесе тәулігінде Полисорб МП емдей бастау ұсынылады. Алғашқы тәулігінде - тәуліктік доза 5 сағат ішінде қабылдау аралығы 1 сағаттан қабылданады. 2-тәулікте - тәуліктік доза 6 сағат аралығымен, тәулік ішінде 4 рет қабылданады. Емдеу ұзақтығы 3-5 күн. Вирусті гепатитті емдеу. Вирусті гепатитті кешенді емдеуде Полисорб МП аурудың алғашқы 7-10 күндері ішінде әдеттегі дозада уытсыздандыратын дәрі ретінде қолданады.
Аллергиялық ауырулар. Дэрілік немесе тағамдық генездің жедел аллергиялық реакциялары кезінде Полисорб МП 0,5-1% жүзгінімен асқазанды және ішекті алдын ала шаю ұсынылады. Содан кейін препаратты клиникалық әсер басталғанға дейін әдеттегі дозаларда береді. Созылмалы тағамдық аллергиялар кезінде Полисорб МП курстары 7-10-15 күннен үсынылады, препаратты тікелей тамақ алдында қабылдайды. Ұқсас курстар жедел қайталанатын есекжем және Квинке ісінуі, эозинофилия кезінде және поллиноздардың және басқа атопиялардың өршуі аясы қарсаңында көрсетілген.
Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі. 2-3 апта үзілісімен 25-30 күн ішінде дене массасына 0,15-0,2 г/кг тәуліктік дозада Полисорб МП емдеу курстарын қолданады.
Алдын алу мацсатында.
Ересектерге. Ересектерге орташа тәуліктік дозасы дене массасына 0,1-0,2 г/кг(6-12г).
Балаларға. Балаларға орташа тәуліктік дозасы дене массасына қарай есептеледі (жоғарыдағы кестені қараңыз). Препаратты бір тәулік ішінде 3-4 рет қабылдайды. Қабылдау курсы 7-10 күн.
Жағымсыз әсерлері
Сирек
- аллергиялық реакциялар, диспепсия, іш қату
Полисорб МП ұзақ, 14 күннен астам қабылдаған кезде витаминдердің, кальцийдің сіңірілуі бұзылуы мүмкін, осыған байланысты поливитаминдік препараттарды, кальцийді алдын алу мақсатында қабылдау үсынылады.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
өршу фазасындағы асқазанның және 12 елі ішектің ойық жарасы
-
асқазан-ішек жолынан қан кету
-
ішек атониясы
-
препаратты жеке көтере алмаушылық
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Ішке бірмезгілде қабылданатын дэрілердің емдеу әсерінің төмендеуі мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Полисорб МП «үстінен асыра» бір шай қасығы препараттың 1 г., «үстінен асыра» бір ас қасығы 2,5-3 г. құрайды.
Жүктілік және лактация кезеңі
Шектеусіз қолданылады.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету
Көлік құралын немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Артық дозалану жағдайлары анықталмаған.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға арналған үнтақ.
Препаратты 1 г-нан немесе 3 г-нан қаптамалық қағаздан немесе жылу қабатымен, қолдануға рұқсат етілген басқа материалдардан бір реттік қолдану пакеттеріне салады. 5 немесе 10 бір реттік пакеттен медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге тұтыну ыдысына арналған картоннан жасалған пәшкеге салынған.
5 немесе 10 бір реттік пакеттен медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың тең санымен бірге полиэтиленнен жасалған пакеттерге топтап, гофра қораптарға салынған.
Бір реттік пакеттерді тікелей топтық қаптамаға салуға жол беріледі, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтар пакеттердің санына сәйкес салынады.
Бір реттік пакеттерге заттаңба мәтінін тікелей алғашқы қаптамаға салады. 12, 25 және 50 г-нан полистиролдан немесе полиэтиленнен немесе полиэтилен-терефталаттан немесе қолдануға рұқсат етілген басқа материалдардан жасалған, алғашқы ашылуын бақылаумен ұқсас материалдардан жасалған қақпақтармен тығындалған банкілерде. Банкіге заттаңбалық қағаздан немесе жазба парақтан немесе қолдануға рұқсат етілген басқа материалдардан жасалған заттаңбаны желімдейді.
5 немесе 10 банкіден медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың тең санымен бірге жылу ұстайтын үлбірге қаптайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ жерде, 25° С-ден аспайтын температурада.
Қаптаманы ашқаннан кейін тығыз жабылатын сыйымдылықта сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Полисорб» АҚ , Ресей, 456652, Челябинск облысы, Копейск қ-сы, Томск к-сі, 14-үй, тел. (351) 278-19-89, тел/факс (351)778-51-26
Тіркеу куәлігінің иесі
«Полисорб» АҚ , Ресей Федерациясы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан препараттың сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы: «Нестеренко Н.А.» ЖК,
Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қ., Фурманов к., 128-үй,16 кеңсе, телефон: +7 727 279 66 59, е-mail: ір_n_nesterenko@list.ru