Полиоксидоний® (суппозитории вагинальные и ректальные, 12 мг)

МНН: Азоксимера бромид
Производитель: Петровакс Фарм НПО ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Иммуноcтимуляторы
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№002370
Информация о регистрации в РК: 13.02.2023 - 13.02.2033
Номер регистрации в РБ: 10504/16/18/20/21
Информация о регистрации в РБ: 31.12.2021 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Полиоксидоний®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Азоксимер бромиді

Дәрілік түрі

Қынаптық және ректальді 6 мг және 12 мг суппозиторийлер

Құрамы

Бір суппозиторийдің құрамында

белсенді зат –6 мг немесе 12 мг азоксимер бромиді

қосымша заттар: маннитол, повидон, бетакаротен

негізі – ірі бұршақ какаосының майы – массасы 1.3 г суппозиторий алынғанша

Сипаттамасы

Торпеда пішінді, өзіне тән какао майының әлсіз иісі бар, ашық сары түсті суппозиторийлер. Кесіндісінде ауа стерженьдері немесе воронкаға ұқсас шұңқырлары болуы мүмкін.

Фармакотерапиялық тобы

Иммуномодуляторлар

АТХ коды L0З

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Полиоксидоний® суппозиторийлерін тік ішекке енгізген кездегі биожетімділігі жоғары (70%-дан аз емес), енгізгеннен кейін 1 сағаттан соң қанда ең жоғары концентрацияға жетеді. Жартылай таралу кезеңі – 0.5 сағатқа жуық, жартылай шығарылу кезеңі – 36.2 сағат. Организмде олигомерлерге дейін гидролизденеді, олар көбіне бүйректер арқылы шығарылады. Жиналып қалмайды.

Фармакодинамикасы

Полиоксидонийдің® иммунитетті модуляциялайтын әсері бар, организмнің жергілікті және кең таралған жұқпаларға қатысты төзімділігін арттырады. Полиоксидонийдің® иммунитетті түрлендіретін негізгі механизмі фагоцитоздайтын жасушаларға және табиғи киллерлерге тікелей әсері, сондай-ақ антиденелердің түзілуін стимуляциялау болып табылады.

Полиоксидоний® әртүрлі жұқпалардан, жарақаттардан, күйіктерден, аутоиммундық аурулардан, қатерлі жаңа түзілімдерден, хирургиялық операциялардан кейінгі асқынулардан, химиотерапиялық дәрілерін, цитостатиктерді, стероидтық гормондарды қолданудан болған салдарлық иммунитет тапшылығында иммунитетті қалпына келтіреді. Иммунитетті модуляциялайтын әсерімен қатар, Полиоксидонийдің® айқын уытсыздандырғыш және антиоксидантты белсенділігі бар, организмнен уыттарды, ауыр металл тұздарын шығару қабілетіне ие, липидтердің асқын тотығуын тежейді. Аталған қасиеттері Полиоксидоний® табиғатының құрылымымен және жоғары молекулалы табиғатымен анықталады.

Оны кешенді ем құрамына енгізу онкологиялық науқастарда уыттануды азайтады, жұқпалы асқынулардың және миелосупрессия, құсу, диарея, цистит, колит түріндегі және химиялық және сәулемен емдеу аясында пайда болатын басқа да жағымсыз әсерлердің пайда болуына жол бермейді, бұл көптеген жағдайларда сызбаны өзгертпей-ақ стандартты ем жүргізуге мүмкіндік береді.

Полиоксидонийді® салдарлық иммунитет тапшылығы жағдайы аясында қолдану емдеу тиімділігін арттыруға және емдеу ұзақтығын қысқартуға, антибиотиктерді, бронхолитиктерді, глюкокортикостероидтарды пайдалануды едәуір азайтуға, ремиссия мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді.

Препараттың жағымдылығы жақсы, митогендік, поликлональді белсенділігі, антигендік қасиеттері жоқ, аллергизирлейтін, мутагендік, эмбриоуыттық, тератогендік және канцерогендік әсер бермейді.

Қолданылуы

Ересектерде және 6 жастан асқан балаларда иммунитет тапшылығын түзету үшін кешенді ем құрамында:

  • асқыну сатысында да, сондай-ақ ремиссия сатысында да стандартты түрде емдеуге келмейтін қайталанатын созылмалы жұқпалы-қабыну ауруларында

  • жедел вирустық, бактериялық және зеңдік жұқпаларда

  • урогенитальді жолдың қабыну ауруларында, соның ішінде уретритте, циститте, пиелонефритте, простатитте, сальпингоофоритте, эндомиометритте, кольпитте, цервицитте, цервикозда, бактериялық вагиноздарда, соның ішінде этиологиясы вирустық болғанда

  • туберкулездің әртүрлі формаларында

  • қайталанатын бактериялық, зеңдік және вирустық жұқпалардан асқынған аллергиялық ауруларда (соның ішінде поллинозда, бронх демікпесінде, атопиялық дерматитте)

  • ұзақ уақыт иммунодепрессанттармен емделген ревматоидты артритте; асқынған ОРА немесе ЖРВА ауруы барысында

  • регенераторлық үдерістерді белсенді ету үшін (сынықтар, күйіктер, трофикалық ойық жаралар)

  • жиі және ұзақ уақыт (жылына 4-5 реттен астам) ауыратын адамдарда

  • ісіктерді химиялық және сәулемен емдеу үдерісінде және одан кейін

  • дәрілік препараттардың нефро - және гепатоуыттық әсерін төмендету үшін

Монотерапия түрінде:

  • қайталанатын герпестік жұқпалардың алдын алу үшін

  • созылмалы жұқпа ошақтары асқынуларының маусымдық алдын алу үшін; эпидемиялық кезең алдында тұмаудың және ОРА алдын алу үшін

  • қартаю немесе жағымсыз факторлар әсерінен пайда болатын салдарлық иммунитет тапшылығын түзету үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Полиоксидонийдің® 6 мг және 12 мг суппозиторийлері тәулігіне 1 рет тік ішекке және қынапқа қолданылады. Дозалау тәсілін және режимін диагнозына, үдеріс жеделдігіне және ауырлығына қарай, дәрігер белгілейді. Полиоксидоний® күн сайын, күнара немесе аптасына 2 рет тік ішекке және қынапқа қолданылуы мүмкін.

Полиоксидонийдің® 12 мг суппозиторийлері ересектерде ішекті тазалағаннан кейін тік ішекке тәулігіне 1 рет 1 суппозиторийден қолданылады;

гинекологиялық ауруларда жатқан күйде қынап ішіне тәулігіне 1 рет (түнге қарай) 1 суппозиторийден енгізіледі.

Полиоксидонийдің® 6 мг суппозиторийлері мыналарда қолданылады:

6 жастан асқан балаларда ішекті тазалағаннан кейін тік ішекке тәулігіне 1 рет 1 суппозиторийден;

ересектерде жатқан күйде тік ішекке және қынап ішіне тәулігіне 1 рет 1 суппозиторийден демеуші доза ретінде.

Қолданудың стандартты сызбасы

3 күн бойы тәулігіне 1 рет күн сайын 6 мг немесе 12 мг 1 суппозиторийден, содан кейін күнара 10-20 суппозиторийлік курс.

Қажет болған жағдайда емдеу курсын 3-4 айдан соң қайталайды.

Ұзақ уақыт иммуносупрессивтік ем қабылдап жүрген, онкологиялық, жүре келе пайда болған иммундық жүйе ақауы – АИВ бар, сәулеленуге ұшыраған науқастар үшін ұзақ, 2-3 айдан 1 жылға дейін Полиоксидониймен® демеуші ем қолданылады (ересектерге 12 мг, 6 жастан асқан балаларға 6 мг аптасына 1-2 рет).

Кешенді емдеу құрамында қолданылатын сызбалардың варианттары

  • созылмалы жұқпалы-қабыну ауруларының асқыну сатыларында -

стандартты сызба бойынша, ремиссия сатысында - 1 суппозиторийден 1-2 күн сайын, жалпы курсы 10-15 суппозиторий

  • жедел ағымды жұқпалы үдерістерде және регенераторлы үдерістерді белсенді ету үшін (сынықтар, күйіктер, трофикалық ойық жаралар) – күн сайын 1 суппозиторийден. Емдеу курсы – 10-15 суппозиторий

  • туберкулезде – стандартты сызба бойынша. Емдеу курсы – кем дегенде 15 суппозиторийден, әрі қарай аптасына 2 суппозиторийден 2-3 айлық курсқа дейін демеуші ем қолданылуы мүмкін

  • ісіктерді химия- және сәулемен емдеу аясында – емдеу курсын бастаудан 2-3 күн бұрын күн сайын 1 суппозиторийден. Әрі қарай суппозиторийлерді енгізу жиілігін химиялық және сәулемен емдеудің жағымдылығына және ұзақтығына қарай, дәрігер белгілейді

  • жиі (жылына 4-5 реттен астам) және ұзақ уақыт ауырған адамдарда және ревматоидты артритте реабилитация үшін – күнара 1 суппозиторийден. Емдеу курсы – 10-15 суппозиторий

  • салдарлық иммунитет тапшылығын, соның ішінде қартаю салдарынан пайда болатын, түзету үшін – аптасына 2 рет 12 мг 1 суппозиторий. Курс – жылына 2-3 рет кем дегенде 10 суппозиторий.

Монотерапия түрінде:

  • созылмалы жұқпа ошақтары асқынуының маусымдық алдын алу үшін, қайталанатын герпестік жұқпалардың алдын алу үшін – ересектерде күн ара 6-12 мг-нан, балаларда – 6 мг-нан. Курс – 10 суппозиторий

  • салдарлық иммунитет тапшылығын түзету үшін, тұмау мен ОРА алдын алу үшін – стандартты сызба бойынша

- гинекологиялық ауруларда тік ішекке және қынапқа – стандартты сызба бойынша

Препараттың кезекті дозасын өткізіп алған жағдайда емделуші оны есіне түсіру бойына енгізген жөн, осыдан кейін препаратты әдеттегідей қолданған жөн. Ем делуші өткізіп алған дозаның орнын толтыру үшін екі еселенген дозаны енгізуіне болмайды.

Жағымсыз әсерлері

Өте сирек (< 1/10 000)

– аллергиялық реакциялар болуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі (клиникалық қолдану тәжірибесі жоқ)

- 6 жасқа дейінгі балалар

Сақтықпен: бүйрек қызметінің жедел жеткіліксіздігі.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Полиоксидоний® көптеген дәрілік заттармен, соның ішінде антибиотиктермен, вирусқа қарсы, зеңге қарсы және гистаминге қарсы препараттармен, глюкокортикостероидтармен және цитостатиктермен үйлеседі.

Айрықша нұсқаулар

Көрсетілген дозаларды және емдеу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігердің кеңесінсіз арттырмаған жөн.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 5 суппозиторийден салынған .

Пішінші ұяшықты екі қаптама медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 2оС-ден 15°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Петровакс Фарм ҒӨБ» ЖШҚ, Ресей Федерациясы

Заңды мекенжайы:

142143, Мәскеу облысы, Подольск ауданы, Покров ауылы, Сосновая к-сі, 1 үй, тел./факс: +7 (495) 926-21-07, e-mail: info@petrovax.ru.

Өндірілген орны: 115598, Мәскеу қ-сы, Загорьевская к-сі, 10 үй, 4 корп., тел./факс: +7 (495) 329-17-18.

Қапталған: 142143, Мәскеу облысы, Подольск ауданы, Покров ауылы, Сосновая к-сі, 1үй , тел./факс: +7 (495) 926-21-07.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Петровакс Фарм ҒӨБ» ЖШҚ, Ресей Федерациясы

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Мекенжайы:

«Петровакс Фарм ҒӨБ» ЖШҚ

Ресей Федерациясы, 142143, Мәскеу облысы, Подольск ауданы, Покров ауылы, Сосновая к-сі, 1 үй ,

Телефон:

+7 (495) 926-21-07

Факс:

+7 (495) 926-21-07

Электронды поштасы:

 

info@petrovax.ru

 

 

 

Прикрепленные файлы

823722711477978153_kz.doc 78.5 кб
10504_16_18_20_21_p.pdf 3.56 кб
10504_16_18_20_21_s.pdf 3.04 кб
Инструкция_Полиоксидоний_супп_12_№10_рус.docx 0.06 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ