Полвастерол (10 мг)

МНН: Розувастатин
Производитель: Фармацевтический завод Польфарма АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Rosuvastatin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019723
Информация о регистрации в РК: 31.01.2018 - 31.01.2023
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 60.8 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Полвастерол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Розувастатин

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған 5 мг, 10 мг, 20 мг, 40 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат –

кальций розувастатині

(розувастатинге баламалы)

5.20 (5.00)

10.40 (10.00)

20.80 (20.00)

41.60

(40.00)

қосымша заттар: лактоза моногидраты (1 типі), лактоза моногидраты (2 типі), микрокристалды целлюлоза, натрий цитраты, В типті кросповидон, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты.

Сипаттамасы

Үлбірлі қабықпен қапталған, ақ немесе ақ дерлік түсті, дөңгелек пішінді, екі жағы дөңес, бір бетінде «5» өрнегі бар (5 мг доза үшін) таблеткалар.

Үлбірлі қабықпен қапталған, ақ немесе ақ дерлік түсті, дөңгелек пішінді, екі жағы дөңес, бір бетінде «10» өрнегі бар (10 мг доза үшін) таблеткалар.

Үлбірлі қабықпен қапталған, ақ немесе ақ дерлік түсті, дөңгелек пішінді, екі жағы дөңес, бір бетінде «20» өрнегі бар (20 мг доза үшін) таблеткалар.

Үлбірлі қабықпен қапталған, ақ немесе ақ дерлік түсті, дөңгелек пішінді, екі жағы дөңес, бір бетінде «40» өрнегі бар (40 мг доза үшін) таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Гиполипидемиялық препараттар ГМГ-КоА редуктаза тежегіштері

АТХ коды С10А А07

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Розувастатин ГМГ-КоА редуктаза бәсекелес селективті тежегіші, 3-гидрокси-3-метилглутарилкоэнзим А мевалонатқа айналдырушы ферменті, холестерин ізашары болып табылады. Розувастатин әсерінің негізгі нысанасы холестерин синтезі (ХС) және тығыздығы төмен липопротеиндер катаболизмі (ТТЛП) жүзеге асырылатын бауыр болып табылады.

Розувастатин тығыздығы өте төмен липопротеиндердің (ТӨТЛП) синтезі тежелуіне алып келетін ТТЛП қармалуы мен катаболизмін жоғарылата отырып, жасуша беткейінде ТТЛП бауыр рецепторларының санын ұлғайтады және сол арқылы ТТЛП және ТӨТЛП жалпы санын азайтады. Розувастатин қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясына пероральді қабылдаудан кейін шамамен 5 сағаттан соң жетеді. Абсолютті биожетімділігі шамамен 20% құрайды. Розувастатин көбіне бауыр арқылы жұтылады. Розувастатиннің таралу көлемі шамамен 134 л құрайды. Розувастатиннің 90% жуығы плазма ақуыздарымен, негізінен альбуминмен байланысады. Розувастатин шектелген метаболизмге ұшырайды (10% жуығы). Розувастатин цитохром Р450 жүйесі ферменттері метаболизмі үшін профильді емес субстрат болып табылады. Розувастатин метаболизміне қатысатын негізгі изоэнзимі - CYP2C9 болып табылады. CYP2С19, CYP3А4 және CYP2D6 ферменттері метаболизмге аз дәрежеде тартылған.

Розувастатиннің негізгі анықталған метаболиттері - N-дисметил және лактонды метаболиттер. N-дисметилдің белсенділігі розувастатинге қарағанда шамамен 50%-ға азырақ, лактонды метаболиттер фармакологиялық тұрғыда белсенді емес. Айналымдағы ГМГ-КоА редуктазаны тежеу бойынша фармакологиялық белсенділіктің 90% астамын розувастатин, қалғандарын – оның метаболиттері қамтамасыз етеді. Розувастатин дозасының 90% жуығы өзгермеген түрде нәжістермен (сіңірілген және сіңірілмеген розувастатинді қоса) шығарылады. Қалған бөлігі несеппен шығарылады. Плазмалық жартылай шығарылу кезеңі (Т ½ ) шамамен 19 сағатты құрайды. Препараттың дозасын ұлғайтқанда жартылай шығарылу кезеңі өзгермейді. Орташа геометриялық плазмалық клиренс сағатына 50 литрге жуықты құрайды (ауытқу коэффициенті 21.7%). ГМГ-КоА редуктаза тежегіштерінің басқа жағдайларындағы сияқты, розувастатиннің бауыр қармалуы үдерісіне розувастатиннің бауырлық элиминациясында маңызды рөл орындайтын холестериннің жарғақшалық тасымалдаушысы тартылған. Розувастатиннің жүйелік экспозициясы дозаға пропорционалды ұлғаяды. Розувастатиннің емдік әсері ем басталғаннан кейін бір апта ішінде айқындалады, емнің 2 аптасынан соң болуы мүмкін ең жоғары тиімділіктің 90%-а жетеді. Ең жоғары емдік әсеріне әдетте 4 аптаға қарай қол жетеді және ұдайы қабылдауда демеледі.

Фармакодинамикасы

Полвастерол ТТЛП-холестерин (ТТЛП-ХС), жалпы холестерин, триглицеридтердің жоғары құрамын азайтады (ТГ), тығыздығы жоғары липопротеин холестерині (ТЖЛП -ХС) құрамын жоғарылатады, сондай-ақ құрамындағы аполипопротеин В (АпоВ), ТЖЛП емес ХС, ТӨТЛП -ХС, ТӨТЛП- ТГ төмендетеді және аполипопротеин А-I деңгейін ұлғайтады (АпоА-I), ТТЛП-ХС /ТЖЛП-ХС төмендетеді, жалпы ХС/ТЖЛП-ХС және ТЖЛП емес -ХС / ТЖЛП-ХС және AпoB/AпoA-I арақатынасын төмендетеді.

Полвастерол гиперхолестеринемиялы немесе гипертриглицеридемиясыз және отбасылық гиперхолестеринемиялы ересек емделушілерде нәсіліне, жынысы немесе жасына байланыссыз тиімді.

Қолданылуы

- біріншілік гиперхолестеринемияда ( IIa типті, отбасылық гетерозиготты гиперхолестеринемияны қоса) немесе аралас дислипидемияда ( IIb типті), ем-дәм және басқа да емнің дәрі-дәрмексіз әдістері жеткіліксіз болғанда, ем-дәмге қосымша ретінде (мысалы, дене шынықтыру жаттығулары, дене салмағының төмендеуі)

- отбасылық гомозиготты гиперхолестеринемияда ем- дәмге қосымша ретінде және басқа липид төмендететін ем (мысалы, ТТЛП-аферезі), немесе бұл ем емделушіге жақпаған жағдайларда

- ересек емделушілерде ем-дәмге қосымша ретінде атеросклероз үдеуін баяулату үшін емнің бір бөлігі ретінде жалпы холестерин (ЖХС) және ТТЛП- ХС деңгейлерін мақсатты деңгейге дейін төмендету үшін

- ересек емделушілерде жүрек-қан тамыр ауруларының атеросклероз дамуының жоғары қаупінде қосымша ем ретінде жүрек-қан тамыр асқынуларының алдын алу үшін.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке, таблетканы шайнамай және ұсақтамай, сумен іше отырып, тұтастай жұту керек. Тамақ қабылдауына ба йланыссыз тағайындалуы мүмкін. Полвастеролмен ем басталғанға дейін және ем уақытында емделуші стандартты гиполипидемиялық ем-дәмді сақтауы тиіс. Препарат дозасы емнің мақсатына және ем жауабына қарай жеке таңдап алынуы тиіс. Препарат қабылдауды жаңа бастаған емделушілер үшін ұсынылатын бастапқы доза немесе басқа ГМГ-КоА редуктаза тежегіштерін қабылдаудан ауыстырылған емделушілер үшін Полвастерол тәулігіне 1 рет 5 немесе 10 мг құрауы тиіс. Бастапқы дозаны таңдауда холестерин құрамы деңгейін басшылыққа алып және жүрек-қан тамырлары асқынуларының болуы мүмкін қаупін назарда ұстау керек, сондай-ақ жағымсыз әсерлер дамуының потенциалды қаупін бағалау керек.

Қажет болғанда, препаратты 4 апта қолданудан кейін доза ұлғайтылуы мүмкін. Препарат дозасы біртіндеп жоғарылату керек.

40 мг дозада қабылдағанда жағымсыз әсерлер дамуы мүмкіндігіне байланысты, дозаны ең жоғары 40 мг дейін жоғарылату тек ауыр гиперхолестеринемиясы бар және жүрек-қан тамырлары асқынулары қаупі жоғары емделушілерде (әсіресе отбасылық гиперхолестеринемиясы бар емделушілерде) емнің күтілген нәтижесіне 20 мг дозада қабылдағанда қол жеткізе алмаған жағдайда қарастырылуы мүмкін. Препаратты 40 мг дозада қабылдайтын емделушілерді бақылау ұсынылады .

Препаратты бұрын қабылдамаған емделушілерге 40 мг дозада тағайындау ұсынылмайды. Емнің 2-4 аптасынан кейін және/немесе Полвастеролды дозасын жоғарылатқанда липид алмасуы көрсеткіштерін бақылау қажет (қажет болғанда доза түзету талап етіледі).

Ересек емделушілерде жүрек-қан тамыр ауруларының атеросклероз дамуының жоғары қаупінде қосымша ем ретінде жүрек-қан тамыр асқынуларының алдын алу үшін.

Ұсынылатын доза – тәулігіне бір рет 20 мг.

Егде емделушілер

Дозаны түзету талап етілмейді. 70 жастан асқан емделушілерге препараттың бастапқы 5 мг дозасы ұсынылады.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілер

Ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде доза түзету талап етілмейді, препараттың бастапқы ұсынылатын дозасы 5 мг. Бүйрек қызметінің орташа бұзылуы бар емделушілерде (креатинин клиренсі минутына 60 мл азырақ) - препаратты 40 мг дозада қолдануға болмайды. Айқын бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде (креатинин клиренсі минутына 30 мл азырақ) – Полвастерол препаратын қолдануға болмайды.

Бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілер

Препаратты Чайльд-Пью шкаласы бойынша 9 баллдан жоғары емделушілерде қолдану тәжірибесі жоқ.

Айрықша популяциялар. Этникалық топтар

Полвастеролдың фармакокинетикалық параметрлерін әртүрлі этникалық топтарға жататын емделушілерде зерттеуде жапондар мен қытайларда розувастатиннің жүйелік концентрациясының ұлғайғаны анықталған. Бұл фактіні аталған топ емделушілеріне розувастатин тағайындағанда ескеру керек. Азиялық нәсіл емделушілері үшін ұсынылатын бастапқы доза 5 мг құрайды.

Миопатияға бейімі бар емдеушілер

Миопатия дамуына бейім факторлары бар емделушілерге препаратты 40 мг дозада тағайындауға болмайды. Бұл топтың емделушілері үшін ұсынылатын бастапқы доза 5 мг құрайды.

Жағымсыз әсерлері

Жиі (> 1/100, < 1/10)

- бас ауыруы, бас айналуы

-жүрек айнуы, іштің ауыруы, іш қатуы

- миалгиялар

- астениялық синдром

- қант диабеті (ашқарынға қандағы глюкоза деңгейі 5,6 – 6,9

ммоль/л емделушілерде)

Жиі емес (> 1/1000, < 1/100)

-қышыну, бөртпе, есекжем

Сирек (> 1/10 000, < 1/1 000)

- ангионевротикалық ісінуді қоса жоғары сезімталдық реакциялары

- миопатия, рабдомиолиз

- «бауыр» трансаминазалары деңгейі жоғарылауы, панкреатит

Өте сирек (< 1/10 000)

-сарғаю, гепатит

- полинейропатия

- жадыны жоғалту

- гематурия

- артралгиялар

- депрессия, ұйқы бұзылуы

- жыныстық дисфункция

Бірлі-жарым жағдайлар

- интерстициальді өкпе аурулары

Полвастерол қабылдаған емделушілерде протеинурия анықталуы мүмкін. Көптеген жағдайларда протеинурия ем барысында азаяды немесе жойылады және бұл бұрыннан бар бүйрек ауруларының жедел немесе елеулі үдеуін білдірмейді. ГМГ-КоА-редуктазаның басқа тежегіштерін қолданудағы сияқты жағымсыз әсерлер туындау жиілігі дозаға тәуелді сипатта болады.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- розувастатинге немесе препараттың кез келген компоненттеріне жоғары сезімталдық

- тұрақты жоғарылауын қоса, белсенді фазадағы бауыр аурулары трансаминазалардың сарысулық белсенділігі және қан сарысуындағы трансаминазалардың белсенділігінің кез келген жоғарылауы (жоғары қалып шегімен салыстырғанда 3 еседен көп)

- жедел бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 30 мл/мин аз)

- миопатиялар

- циклоспоринді бір мезгілде қабылдау

-жүктілік, лактация кезеңі, контрацепцияның талапқа сай әдістерінің болмауы

- миоуытты асқынулардың дамуына бейімділік

- тұқым қуалайтын галактоза көтере алмаушылық, лактаза жеиткіліксіздігі немесе глюкоза және галактоза мальабсорбциясы синдромы

40 мг доза үшін

- ауырлығы орта дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі минутына 60 мл аз)

- гипотиреоз

- розувастатинның плазмалық концентрациясы жоғарылауына алып келетін жай-күй

- фибраттарды бір мезгілде қабылдау

- азиялық нәсілді емделушілер

- сыртартқысында бұлшықет аурулары болуы

- сыртартқысындағы басқа ГМГ –КоА редуктаза тежегіштерін немесе фибраттар қолдану аясындағы миоуыттылық

- алкогольді шектен тыс қолдану

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Циклоспорин:

Циклоспорин және розувастатинді бірге қолдану уақытында, розувастатиннің ППК деңгейі дені сау еріктілерде бақыланған деңгейден орташа алғанда 7 есе жоғары болды.

Бірге қабылдау циклоспориннің плазмадағы концентрациясына әсер етпейді.

К витаминінің антагонистері:

ГМГ-КоА-редуктазаның басқа тежегіштерімен емдегі сияқты, ем басында немесе К витаминінің антагонистерін (мысалы, варфарин немесе кумариннің басқа антикоагулянты) бір мезгілде ем бастау немесе дозаны жоғарылату Халықаралық Қалыпқа келтірілген Коэффициенттің (INR) ұлғаюына алып келуі мүмкін. Розувастатин қабылдауды тоқтату немесе дозасын төмендету Халықаралық Қалыпқа келтірілген Коэффициенттің төмендеуіне алып келуі мүмкін. Бұндай жағдайларда Халықаралық Қалыпқа келтірілген Коэффициентке тиісті бақылау керек.

Эзетимиб:

Розувастатинмен бірге қабылдау нәтижесінде әрбір препараттың ППК немесе Cmax өзгереді. Алайда препараттар арасындағы фармадинамикалық өзара әрекеттесулердің жағымсыз әсерлер туындауына әсері анықталуы мүмкін болмай отыр.

Гемфиброзил және басқа да липидті төмендететін препараттар:

Розувастатин және гемфиброзилді қоса қолдану нәтижесінде розувастатиннің Cmax және ППК (4.4 тарауды қараңыз) 2 есе ұлғаяды.

Өзара әрекеттесулерді зерттеу туралы деректер негізінде фенофибратпен тиісінше өзара әрекеттесулер күтілмейді. Алайда фармакодинамикалық өзара әрекеттесулер жүруі мүмкін.

Гемфиброзил, фенофибрат, басқа фибраттар және ниациннің (никотин қышқылы) липид төмендететін дозалары (>немесе күніне 1 г тең) ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерімен қоса қолданғанда миопатия қаупін күшейтеді, өйткені бұларды жекелей қабылдағанда миопатия туындауы мүмкін.

40 мг дозаны фибратпен қоса қолдануға болмайды (4.3 және 4.4 тарауларды қараңыз). Бұл емделушілер сондай-ақ 5 мг дозадан бастауы тиіс.

Протеаза тежегіштері:

Өзара әрекеттесулердің тура механизмі белгісіз болғанына қарамастан, протеаза тежегіштерін бірге пайдалану розувастатиннің әсерін елеулі күшейтуі мүмкін. Фармакокинетикалық зерттеулерде 20 мг розувастатинді және препаратты протеазаның 2 тежегішімен біріктірілімде қоса қабылдау

(400 мг лопинавир /100 мг иртонавир) дені сау волонтерлерде розувастатиннің ППК (0-24) гомеостазы және Cmax тиісінше шамамен 2 мәрте және 5 мәрте ұлғаюымен астасты. Осылайша, протеаза тежегіштерін қабылдайтын, АИВ бар емделушілерде розувастатинді қоса пайдалану ұсынылмайды.

Антацидтер:

Розувастатинді құрамында алюминий және магний гидроксиді бар антацид суспензияларымен бір мезгілде қолдану розувастатиннің плазмадағы концентрациясының шамамен 50% азаюына алып келеді.

Бұл әсер антацидті розувастатиннен кейін 2 сағаттан соң қабылдағанда жұмсарды. Бұл өзара әрекеттесудің клиникалық мәні зерттелмеген.

Эритромицин:

Розувастатин және эритромицинді бір мезгілде қолдану ППК (0-t) 20% азаюына және розувастатиннің Cmax30% азаюына алып келеді. Бұл өзара әрекеттесу эритромициннен болатын ішек перистальтикасының күшеюінен туындауы мүмкін.

Оральді контрацептивтер/гормон алмастыратын ем:

Розувастатинді және оральді контрацептивтерді бір уақытта қолдану этинилэстрадиол және норгестрелдің ППК тиісінше 26% және 34% ұлғаюына алып келеді. Плазмадағы деңгейдің бұл ұлғаюы оральді контрацептив дозасын таңдауда назарда болуы тиіс. Бір мезгілде розувастатин және гормон аламастырғыш ем алған тұлғалар туралы фармакокинетикалық деректер қолда жоқ, сондықтан бұндай әсерлерді жоққа шығаруға болмайды. Алайда, бұл біріктірілім әйелдердегі клиникалық зерттеулерде кең ауқымда қолданылады және жақсы көтерімді.

Басқа медициналық препараттар:

Өзара әрекеттесулердің арнайы зерттеулері туралы деректер негізінде дигоксинмен клиникалық елеулі өзара әрекеттесу күтілмеді.

Цитохром P450 ферменттері:

in vitro және in vivo зерттеулері нәтижесі розувастатинның цитохром P450 изоферменттерінің индукторы да, тежегіші де болмайтынын көрсетеді.

Оның үстіне, розувастатин бұл изоэнзимдер үшін қоректік субстрат болып табылмайды. Розувастатин және флуконазол (CYP2C9 және CYP3A4 тежегіші) немесе кетоназол (CYP2A6 және CYP3A4 тежегіші) арасында клиникалық елеулі өзара әрекеттесулер бақыланбады. Розувастатин және итраконазолді бірге қабылдау нәтижесінде (CYP3A4 тежегіші) розувастатиннің ППК 28% ұлғаяды. Бұл аздаған ұлғаю клиникалық мәнді деп есептелмейді. Осылайша, цитохром P450 метаболизмі нәтижесінде препараттардың өзара әрекеттесуі күтілмейді.

Айрықша нұсқаулар

Сақтықпен

40 мг аз доза үшін: тұқым қуалайтын бұлшықет ауруларының жеке немесе отбасылық сыртартқысы және ГМГ-КоА-редуктаза басқа тежегіштерін немесе фибраттарды пайдаланғандағы бұлшықет уыттылығының бұрынғы сыртартқысы, алкогольді шамадан тыс қолдану, гипотиреоз, нәсілдік қатысы (азиялық нәсіл), фибраттармен бір мезгілде тағайындалуы.

Миопатия/рабдомиолиз даму қаупі бар –бүйрек жеткіліксіздігі, жасы 70 жастан асқан, розувастатинның плазмалық концентрациясы жоғарылауы анықталатын жай-күй, сыртартқыдағы бауыр ауруы, сепсис, артериялық гипотензия, кең ауқымды хирургиялық араласулар, жарақаттар, ауыр метаболикалық, эндокриндік немесе электролиттік бұзылулар немесе бақыланбайтын эпилепсия.

Педиатриялық практикада қолдану

Препаратты 18 жасқа дейінгі балаларда қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі әлі толық анықталмаған.

Тірек-қимыл аппараты тарапынан

Полвастеролды барлық дозаларында қолданғанда және әсіресе препаратты 20 мг асатын дозада қабылдауда тірек-қимыл аппаратына әсерлері төменде мәлімделген: миалгия, миопатия, сирек жағдайларда рабдомиолиз.

Креатинфосфокиназаны анықтау

КФК қарқынды дене жүктемесінен кейін немесе КФК ұлғаюының басқа болуы мүмкін себептері болғанда жүргізу керегі жоқ, алынған нәтижелердің дұрыс емес интерпретациясына алып келуі мүмкін. Егер КФК бастапқы деңгейі елеулі жоғарылаған жағдайда (қалыптың жоғары шегінен 5 есе жоғары), 5-7 күннен кейін қайталап өлшеуді жүргізу керек. Егер қайталама тест КФК бастапқы деңгейін нақтыласа (қалыптың жоғары шегімен салыстырғанда 5 еседен астам жоғары) емді бастаудың керегі жоқ. Дәрігерге күтпеген жерден бұлшықет ауыруы, бұлшықет әлсіздігі немесе түйілуі пайда болуын, әсіресе дімкәстікпен және қызбамен үйлесімде пайда болу жағдайларын дереу мәлімдеу қажеттігі туралы емделушіні хабардар ету керек. Бұндай емделушілерде КФК деңгейін анықтау керек. Егер КФК деңгейі елеулі ұлғайса (қалыптың жоғары шегімен салыстырғанда 5 еседен астам жоғары) немесе егер бұлшықет тарапынан симптомдар күрт айқындалса және күн сайын жайсыздық туындатса (егер КФК деңгейі қалыптың жоғары шегімен салыстырғанда 5 есе аз болса да) ем тоқтатылуы тиіс.

Егер симптомдар жойылса және КФК қалыпқа қайтып келсе Полвастеролды немесе басқа ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерін төмен дозада емделушіні мұқият бақылаумен қайта тағайындау туралы мәселені қайта қарау керек.

Симптомдар болмаған жағдайда КФК ұдайы бақылаудың қажеті жоқ.

Полвастеролды қабылдауда және қоса жүретін емде қаңқа мускулатурасына әсері ұлғайғаны туралы белгілер анықталмаған. ГМГ-КоА-редуктазаның басқа тежегіштерін фибрин қышқылы туындыларымен үйлестіре, гемфиброзил, циклоспорин, никотин қышқылын, азольді зеңге қарсы дәрілер, протеаз тежегіштері және макролидті антибиотиктерді қоса қабылдаған емделушілерде миозит және миопатия жағдайларының саны ұлғайғаны туралы хабарланған. Гемфиброзил кейбір ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерімен үйлестіре тағайындағанда миопатия туындау қаупін ұлғайтады. Сондықтан, Полвастерол және гемфиброзилді бір уақытта тағайындау ұсынылмайды. Полвастерол және фибраттарды немесе ниацинді бірге қолданудың болуы мүмкін қаупі мен пайдасының арақатынасы мұқият таразылануы тиіс.

Ем басталғаннан кейін 2-4 аптадан соң және/немесе Полвастерол дозасын жоғарылатқанда липид алмасуы көрсеткіштерін бақылау керек (қажет болғанда доза түзетілуі талап етіледі).

Бауыр

Ем басталғанға дейін және ем басталғаннан 3 айдан соң бауыр қызметінің көрсеткіштерін анықтауды жүргізу керек. Егер қан сарысуындағы трансаминаза белсенділігінің деңгейі қалыптың жоғары шегінен 3 есе асып кетсе Полвастерол қабылдауды тоқтату немесе препарат дозасын азайту керек.

Гиперхолестеринемиясы бар емделушілерде гипотиреоз немесе нефротикалық синдром салдарынан негізгі ауруларды емдеу Полвастеролмен ем басталғанға дейін жүргізілуі тиіс.

Өкпенің интерстициальді ауруы

Статиндерді қолдануда өкпенің интерстициальді ауруының жағдайы мәлімделген, әсіресе ұзақ ем жүргізілгенде. Сипатталатын белгілеріне ентігу, құрғақ жөтел және жалпы күйдің нашарлауы (шаршау, салмақ жоғалту және қызба) кіруі мүмкін. Егер емделушіде өкпенің интерстициальді ауруы дамуына күдік бар болса статиндармен емді тоқтату керек.

Қант диабеті

Ашқарында қандағы глюкоза деңгейі 5,6 – 6,9 ммоль/л емделушілерді розувастатинмен емдеу қант диабеті ауруы қаупі жоғарылауымен байланыстырылды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Ем уақытында автомобильді басқару немесе механизмдермен жұмыс кезінде бас айналуы туындау мүмкіндігін ескеру керек.

Артық дозалануы

Симптомдары – жағымсыз әсерлер симптомдарының айқындығы.

Емі – симптоматикалық және демеуші шаралар. Бауыр қызметін және КФК деңгейін бақылау керек. Гемодиализ тиімділігінің ықтималдығы аз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алюминий фольгадан (АЛ/ОПА/АЛ/ПВХ) және поливинилхлоридті үлбірмен ламинацияланған жылтыр жағы, полиамидпен ламинацияланған күңгірт-ақ жағы бар жұмсақ фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған.

3 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 300С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«ПОЛЬФАРМА» АҚ фармацевтикалық зауыты, Польша

Пельплиньска көшесі 19, 83-200 Старогард Гданьски

Тіркеу куәлігінің иесі

«Химфарм» АҚ, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Химфарм» АҚ, Шымкент қ-сы, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ,

Рашидов к-сі, н/ж, т/ф: 560882

Телефон нөмірі 7252 (561342)

Факс нөмірі 7252 (561342)

Электронды поштасы standart@santo.kz

 

Прикрепленные файлы

608516501477976909_ru.doc 112.5 кб
737653991477978066_kz.doc 105 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники