Подорожника сок

МНН: Подорожника сок
Производитель: Лубныфарм ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты, стимулирующие аппетит
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№009830
Информация о регистрации в РК: 11.09.2023 - 11.09.2033

Инструкция

Жолжелкен шырыны

Саудалық атауы

Жолжелкен шырыны

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішуге арналған сұйықтық, 100 мл

Құрамы

100 мл сұйықтықтың құрамында:

белсенді заттар: иман жапырақ шөптерінің шырыны 50 мл

үлкен жолжелкен жапырағының шырыны 50 мл,

қосымша заттар: этанол 96%, натрий метабисульфиті.

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар қоңыр-қошқыл түсті сұйықтық. Сақтау кезінде шөгіндінің тұнуына жол беріледі. Қолданар алдында шайқау керек.

Фармакотерапиялық тобы

Тәбетті көтермелейтін дәрі. Тәбетті ынталандырушы.

АТХ коды А15

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сипатталмаған.

Фармакодинамикасы

Жолжелкеннің құрамында гликозид ринантині, С витамині, каротин, полисахаридтер, иіткіш заттар, ащы заттар, флавоноидтар және басқа да қосылыстар бар. Препарат сөлініс көтермелеуші, қабынуға қарсы, аллергияға қарсы әсерге ие, ас қорытуды реттейді, тәбетті жоғарылатады.

Қолданылуы

- гастриттерде

- асқазан сөлінің бөлінуінің төмендеуі аясында болатын функциональді диспепсияда

Қолдану тәсілі және дозасы

Жолжелкен шырынын тамақтанғанға дейін 15-30 минут бұрын ішуге тағайындайды. Күніне 1 ас қасықтан 3 рет қабылдайды. Емдеу курсы 30 күн.

Жағымсыз әсерлері

Анықталмаған.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне асқын сезімталдық

  • гиперацидті гастрит

  • жоғары қышқылдылығы бар асқазанның ойық жара ауруы

- буыр қызметінің ауыр бұзылуы

- бүйрек қызметінің ауыр бұзылуы

- бассүйек-ми жарақаты, ми ауруы

- жүктілік және лактация кезеңі

- маскүнемдік

- балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препарат ұйықтататын препараттардың, транквилизаторлардың, нейролептиктердің, алкогольдің әсерін көтермелеуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты қолданар алдында дәрігерден кеңес алу керек!

Қолдану алдында шайқау керек.

Дәрілік заттардың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат құрамында этил спирті бар болғандықтан, препаратпен емдеу кезінде көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмді басқарудан бас тарту керек.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайы сипатталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Ниппельді тығынмен тығындалған және бұралып жабылатын қақпақпен жабылған құтыларда 100 мл-ден.

Құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынған.

Пәшкілер хром-эрзац макулатуралық немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе гофрирленген картоннан жасалған жәшікке салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 80С-ден 150С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Сақтау кезінде шөгіндінің тұнуына жол беріледі.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші ұйымның атауы мен елі

«Лубныфарм» ААҚ.

37500, Украина, Лубны қ-сы, Полтава обл., Петровский к-сі, 16.

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Лубныфарм» ААҚ, Украина.

Қаптаушы ұйымның атауы мен елі

«Лубныфарм» ААҚ, Украина.

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Фарм-Евро» ЖШС

050039, Алматы қ-сы, Майлин к-сі, 72 үй, 34 пәтер

Факс: +7(272) 71-84-97

E-mail: farmevro@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

616264051477977021_ru.doc 38.5 кб
531668431477978205_kz.doc 50 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники