Подорожник большой

МНН: Подорожника большого листья
Производитель: Зерде-Фито ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Отхаркивающие препараты
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023358
Информация о регистрации в РК: 08.11.2017 - 08.11.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Үлкен жолжелкен

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Жапырақтар 30 г

Құрамы

Бір қорапшаның ішінде

белсенді зат Үлкен жолжелкен жапырақтары 30 г

Сипаттамасы

Диаметрі 8 мм-лік тесіктері бар елеуіш арқылы өткен, жапырақтардың әртүрлі пішіндегі бөлшектері; түсі жасыл немесе қоңырлау-жасыл.

Фармакотерапиялық тобы

Қақырық түсіретін препараттар

АТХ коды  R05CA

Фармакологиялық қасиеттері:

Өсімдік тектес заттар. Жапырағының құрамында гликозид аукубин, флавоноидтар, кермек тату, иіткіш және пектиндік заттар, шырыштар, С және К дәрумені, каротин, холин, сапониндер және алкалоидтар ізі бар. Шырыштың, ферменттің, фитонцидтің арқасында жолжелкен жапырағынан алынған тұнба тыныс алу жолдарының жыпылықтаған эпителий кірпікшелерінің белсенділігін күшейтеді, ол бронхтық шырыш сөлінісінің күшеюіне әкеледі, соның салдарынан қақырық сұйылтылады және жөтелген кезде оның шығуын жеңілдетеді. Жапырақтан жасалған тұнба қақырық түсіретін әсер береді және бронхит, көкжөтел, бронхтық демікпе, туберкулез кезінде қосымша зат ретінде пайдаланылады.

Өсімдікте фитонцидтердің болуы сондай-ақ препараттың микробқа қарсы әсеріне себепші болады. Сулы тұнба жараның жылдам тазаруына және жазылуына ықпал етеді. Соғып алуларда, жаңада кесіп алу және жарақаттануда, созылмалы ойық жараларда, терең жарада, іріңдерде және сыздауықта дәкемен сулап басу және шаю үшін қолданады.

Қышқылдылығы төмен асқазанның талаурап ауыруы кезінде, энтериттер мен колиттерде, ойық жара ауруларында жолжелкен тиімді емдік препарат болып табылады.

Қабынуға қарсы, жара- және ойық жара жазатын әсерлер полисахаридтердің, пектиндік және иіткіш заттардың, бензой және салицил қышқылының болуына байланысты.

К дәруменінің болуына байланысты қан тоқтататын әсерге ие.

Қолданылуы

Кешенді ем кезінде:

- бронхиттерде

- қышқылы төмен гастриттерде, энтериттер мен колиттерде, ойық жара ауруында

Сыртқа дәкені сулап басу және шаю үшін:

- соғып алуларда, жаңадан кесіп алғанда және жараланғанда, созылмалы ойық жараларда, тесік жараларда, іріңді жараларда және сыздауықта.

Қолдану тәсілі және дозалары

Шикізаттың 10 г (2 ас қасық) жуығын эмальді ыдысқа салып, үстіне 200 мл (1 стақан) қайнаған ыстық су құйып, қақпақпен жабады, 30 минут бойы қайнаған суда (су моншасында) қыздырады бөлме температурасында 10 минут бойы салқындатып, сүзеді, қалған шикізатты сығады. Алынған қайнатпаның көлемін қайнаған сумен 200 мл-ге дейін жеткізеді. Дайындалған қайнатпаны салқын жерде 2 тәуліктен асырмай сақтау керек. 1/2-1/3 стақаннан күніне 3-4 рет тамақтанар алдында 10-15 минут бұрын қабылдайды. Қолданар алдында шайқау керек.

Емдеу курсын әр науқас үшін дәрігер жекелей тағайындайды.

Жағымсыз әсерлері

Мүмкін:

- аллергиялық реакциялар

- сирек жағдайларда қыжыл

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне асқын сезімталдық

- гиперацидтік гастрит

- қышқылдығы жоғары асқазанның ойық жара ауруы

- бауыр функциясының ауыр бұзылулары

- бүйрек функциясының ауыр бұзылулары

- бас сүйек –ми жарақаты, ми аурулары

- жүктілік және лактация кезеңі

- алкоголизм

- 12 жасқа дейінгі балалар жасы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Көлік құралдарын және әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

Полипропиленді немесе полимерлік және біріктірілген материалдан жасалған немесе полиэтиленді пакеттерге препараттың 30 г-ын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медициналық қолдану жөніндегі қысқаша аңдатпасы жазылған картон қорапшаға салынған.

Корапшаны полипропиленді немесе полимерлік және біріктірілген материалдан немесе полиэтиленді үлбірмен жабады, одан кейін қартон қораптан жасалған топтық тасымалдау ыдысына мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтың тиісті санымен бірге салады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші/Қаптаушы

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан, 160019, Оңтүстік Қазақстан облысы,

Шымкент қ., Химфармзауыты ықшам ауданы, 2/1

Тіркеу куәлігінің иесі

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнімнің (тауардың) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан, 160019, Оңтүстік Қазақстан облысы,

Шымкент қ., Химфармзауыт ықшам ауданы, 2/1.,

тел./факс +7 (7252) 50-34-50, 50-37-06, 50-37-27,

е-mail: kontakt@ zerdеfito.kz

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттардың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан, 160019, Оңтүстік-Қазақстан облысы,

Шымкент қ., Химфармзауыт ықшам ауданы, 2/1.,

тел./факс +7 (7252) 50-34-50, 50-37-06, 50-37-27,

е-mail: kontakt@ zerdеfito.kz

Прикрепленные файлы

Подорожник_КАЗ.doc 0.05 кб
Подорожник_цветки_рус.doc 0.05 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту