Повидон-йод (мазь)

МНН: Повидон - йод
Производитель: Борисовский завод медицинских препаратов ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Povidone-iodine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020588
Информация о регистрации в РК: 03.06.2014 - 03.06.2019
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 179.63 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Повидон-йод

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған жақпамай

Құрамы

Бір сықпаның ішінде:

әсер етуші зат –йодталған повидон 2.0г,

қосымша заттар: макрогол 4000, 1М натрий гидроксидінің ерітіндісі, тазартылған су, макрогол 400.

Сипаттамасы

Әлсіз йод иісі бар біртекті консистенциялы қоңыр түсті жақпамай

Фармакотерапиялық тобы

Антисептиктер және дезинфекциялайтын препараттар. Йод препараттары.

Повидон-йод

АТХ коды D08AG02.

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Поливинилпирролидон йодты байланыстыратын йодоформдарға жатады. Терімен немесе шырышты қабаттармен жанасқан кезде йод біртіндеп және баяу босап шығады. Сыртқа қолданған кезде  2 % кемі сіңеді. Сіңгеннен кейін бауырға түседі, және ол жерде негізінен поливинилпирролидонмен кешеннен йодид-ионының баяу босап шығуымен байланысты элиминациясы жүреді. Поливинилпирролидон-йод кешенінің ыдырау уақыты бойынша анықталатын жартылай элиминациялану кезеңі 7 сағатқа жуықты құрайды және Повидон-йод некроздалған тіндердің ақуызымен немесе іріңмен жанасқан жағдайда азаяды.

Фармакодинамикасы

Повидон-йод белсенді йод концентрациясы 0,1-1 % құрайтын, поливинилпирролидон-йод координациялық кешені болып табылады. Антисептикалық және дезинфекциялайтын әсер көрсетеді.

Әсер ету механизмі поливинилпирролидон-йод кешенінен атомдық йодтың және йодид-ионының баяу босап шығуымен байланысты, олар бактериялар қабырғасының трансжарғақшалық тасымалдаушы ақуыздарының және ақуыз-ферменттердің аминтобымен йодамин түзе отырып, өзара әрекеттеседі. Бұл ақуыздың өзінің төртіншілік құрылымын жоғалтуына және құрылымдық, тасымалдаушылық және катализдік функциясының жойылуына алып келеді.

Повидон-йод микробтарға қатысты кең ауқымды әсерге ие.

Грамоң бактерияларға Streptococcus spp. (оның ішінде S. mutans, S. sanguis), Staphylococcus spp. (оның ішінде S. aureus), Bacillus subtillis (вегетативті түрлері және споралары), Propionibacterium acne, Clostridium spp., грамтеріс бактерияларға Escherichia spp., Klostridium spp., Proteus spp., Pseudomonas spp., Schigella spp., Salmonella spp., зеңдерге Aspergillus spp., Candida spp., Microsporum spp., Penicillum spp., Nocardia spp., Trichophyton spp., Actinomyces spp. (оның ішінде A. viscosus, A. naeslundii), вирустарға және кейбір қарапайымдыларға қатысты белсенділігі жоғары.

Повидон-йод қолданған жерде бүкіл йод босап шыққанша сақталатын, тіннің жұқа боялған қабаты пайда болады. Поливинилпирролидон болуы арқасында белсенді йод микроорганизмдерге бактериялық әсер көрсете отырып, тінге тітіркендіретін және күйдіретін әсер берместен, препараттан баяу және біртіндеп босап шығады. Қан ақуыздары және ірің болған кезде Повидон-йодтың микробқа қарсы белсенділігі біршама төмендейді.

Қолданылуы

- ұсақ кесілулер және сыдырулар, беткейлік шағын күйіктер, трофикалық және варикозды ойық жаралар, ойылулар

- терінің жедел және созылмалы бактериялық және кандидозды инфекцияларында кешенді ем құрамында.

Қолдану тәсілі және дозалары

Дәрілік затты сыртқа және жергілікті қолданады. Жақпамайды зақымданған жерге жұқа қабатпен, ысқыламай жағады. Жақпамайдың қолдану жиілігі тәулігіне 1-2 рет. Емдеу ұзақтығы 7-14 күн.

Зақымданған аумақ жақпамайды қолданар алдында тазартылуы және алдын ала құрғатылуы тиіс, өйткені оның тиімділігі қан және ірің сияқты әртүрлі органикалық заттар болғандықтан, олар тотығатын және белсенді йодты байланыстыратындықтан төмендейді.

Іріңді хирургиялық жараларда және жұқпа жұқтырған күйіктерде жақпамайды дәке таңғыштың астына жағады, оны дәкенің түсі толық түссізденгеннен кейін ауыстыру керек, бірақ 4 сағаттан ерте емес.

Жаңадан болған I-II дәрежедегі термиялық және химиялық күйіктерде жақпамайды жұқа қабатпен дәке таңғыштың астына жағады. Жақпамай сіңген таңғыш толық түссізденгеннен кейін – оны ауыстырады, бірақ 4 сағаттан ерте емес. Струп пайда болғанға дейін таңғыштың төменгі қабатын алып тастайды.

Трофикалық және варикозды ойық жараларда Повидон-йодты жақпамайлы таңғыш түрінде қолданады. Жараның айналасындағы теріні сабынмен жылы сумен жуады, одан кейін мырыш жақпамайымен өңдейді. Жараға Повидон-йодты 2-3 мм қабатпен жағады, содан кейін дәке сүрткінің 3 қабатымен бос жауып қояды. Таңуды тәулігіне 1-2 рет жасайды (Повидон-йод сіңдірілген дәке сүрткінің түсі өзгергеннен кейін), мұндайда сүрткінің төменгі қабатын жараның бетінен алып тастамайды, ал жақпамайды соның үстіне жағады. 4-7 күннен кейін жалпы немесе жергілікті ванна тағайындайды, содан кейін емді жалғастырады.

Жағымсыз әсерлері

- қышыну, қолдану орнындағы гиперемия

- аллергиялық реакциялар

Сирек:

- псориазға ұқсас қызыл ұсақ буллезді элементтер түзілетін жанаспалы дерматит

Жекелеген жағдайларда:

- терінің ауқымды бөлігіне жаққанда (дене беткейінің 10 % асатын ауданы) және 14 күннен астам емдеу ұзақтығында йодтың сіңуі елеулі мөлшерде болуы және йодизм және гипертиреоз дамуы мүмкін

- Повидон-йодты үлкен көлемде пайдаланғаннан кейін (мысалы, күйікті емдеу кезінде) электролитті теңгерімнің бұзылу (гипернатриемия, осмолярлықтың бұзылуы және метаболизмдік ацидоз жекелеген жағдайларда тіпті бүйрек жеткіліксіздігіне дейін) жағдайлары сипатталған.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- йодқа және дәрілік заттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- қалқанша бездің аурулары (түйіндік, коллоидты, эндемиялық зоб, тиреоидит Хашимото, тиреотоксикоз, қалқанша без аденомасы)

- Дюринг герпетиформалы дерматиті

- радиоактивті йодпен бір мезгілде емдеу

- 2 жасқа дейінгі балаларға

- жүктілік (II-III триместр) және лактация кезеңі.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Бір мезгілде қолданған кезде жүйелі бактерияға қарсы емнің әсерін күшейтеді.

Құрамында сынап немесе тотықтырғыштар бар дезинфекциялайтын дәрілермен, сілті ерітінділерімен (йод-поливинилпирролидон кешенінің жылдамдатылған ыдырауы жүреді) фармацевтикалық тұрғыда үйлесімсіз.

Ісікке қарсы радиоактивті йодпен емнің әсерін, тиоамид тобының (тиамазол, пропилтиоурацил) тиреостатикалық дәрілерінің әсер етуін әлсіретеді.

Калий йодидімен және амиодаронмен бір мезгілде қолданғанда йодизм және қалқанша без функциясының бұзылу қаупі арта түседі. Қан болған кезде бактерицидті әсері азаяды.

Құрамында келесі ингредиенттер: хлоргексидин, йіткіш қышқыл, күміс бар дәрілік заттармен бір мезгілде қолдануға болмайды.

Повидон-йод кешені pH 2-7 диапазонында микробқа қарсы әсерге ие. Ақуыздармен және қанықпаған органикалық заттармен өзара әрекеттесуі оның тиімділігін төмендетеді.

Повидон-йод жақпамайын және жараларды емдеуге арналған ферментті жақпамайды бір мезгілде қолдану екі препараттың да тиімділігін төмендетеді.

Айрықша нұсқаулар

Препарат тек жергілікті қолдануға ғана арналған. Препаратты ұзақ уақыт қолдану тітіркенуді туғызуы, сирек жағдайларда теріде ауыр реакция беруі мүмкін. Тітіркенушілік немесе аса жоғары сезімталдық белгілері пайда болған кезде препаратты жағуды тоқтату керек. Препараттың көзге түсіп кетуін болдырмау керек.

Тағайындау кезіндегі сақтандырулар. Қалқанша без функциясының бұзылуы бар адамдарда сақтық керек. Аталған топтағы пациенттерде Повидон-йодты қолдану мүмкіндігінше шектелуі тиіс және қалқанша без функциясын мұқият бақылау жағдайында ғана жүргізілуі керек. Препаратты бауыр және бүйрек (бұрын диагностикаланған бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі) функциясының бұзылуы бар пациенттерде жүйелі түрде қолдағанда аса жоғары сақтық керек.

Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде де абай болу керек. Литий препаратын қабылдаушы пациенттерде жақпамайды ұдайы қолданудан аулақ болу қажет.

Зертханалық көрсеткіштерге ықпалы. Повидон-йодтың тотықтырғыш қасиетіне байланысты оның іздік мөлшері нәжістегі жасырын қанды, несептегі қан немесе глюкозаны анықтау үшін кейбір зерттеулер түрін жүргізгенде, жалғаноң нәтижеге алып келуі мүмкін. Повидон-йодты қолдану кезінде қалқанша безбен йодтың сіңірілуі төмендеуі мүмкін, ол кейбір диагностикалық зерттеулердің нәтижесіне (мысалы, қалқанша без сцинтиграфиясына, ақуызбен байланысқан-йодты анықтауға, радиоактивті йодты қолданып өлшеуге) ықпал етуі, сондай-ақ қалқанша без ауруларын емдеу үшін қолданылатын йод препараттарымен өзара әрекеттесуі мүмкін. Повидон-йодпен ұзақ уақыт емдеуден кейінгі зерттеулерде бұрмаланбаған нәтижелерді алу үшін осы препаратсыз өтетін жеткілікті ұзақ уақыт кезеңін ұстану ұсынылады.

Педиатрияда пайдаланылуы. Повидон-йодты жаңа туылған және 2 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды, өйткені олардың терісінің өткізгіштігі жоғары және оларда йодқа жоғары сезімталдық жиі пайда болады, бұл гипертиреоздың даму қаупін арттырады. Балаларда препараттың ауызға және асқазан-ішек жолына кездейсоқ түсіп кетуіне жол бермеу керек.

Жүктілік және лактация. Атомдық йод және йодид-ионы плацентарлық бөгет арқылы жеңіл өтеді, емшек сүтіне бөлінеді және балада зобтың дамуын туындатуы мүмкін. Повидон-йодты жүктілік кезеңінде (3-ші айдан бастап) қолдануға болмайды. Лактация кезінде қолдану қажет болғанда емшек емізуді емдеудің бүкіл кезеңі бойына және емдеу аяқталғаннан кейін 1 апта бойы тоқтату керек.

Автокөлік құралдарын басқару және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс жүргізу қабілетіне ықпалы.

Повидон-йод автокөлік құралдарын басқару қабілетіне және кез келген қауіптілігі зор механизмдермен айналысуға әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: ауыздың металл дәм тауы, сілекейдің көп бөлінуі, ауыз немесе жұтқыншақта ауыру немесе ашытып күйдіру сезімі, көздің тітіркенуі және ісінуі, тері реакциялары, асқазан-ішектік бұзылыстар және диарея, бүйрек функциясының бұзылуы және анурия, қан айналымы жеткіліксіздігі, салдарлы асфиксиясымен көмейдің ісінуі, өкпенің ісінуі, метаболизмдік ацидоз, гипернатриемия.

Емі: препаратты тоқтату, тері мен шырышты қабатты жылы сумен жуу, құрғататын лосьондар және мырыш оксиді бар суспензияны жергілікті қолдану. Йодид-иондарының арнайы у қайтарғысы хлорид натрий болып табылады, оны тәулігіне 10-20 г дозада судың мол мөлшерімен ( тәулігіне 3-5 л), йодид-иондарының элиминациясын жылдамдату үшін тағайындайды. Қажет болса, электролиттік теңгерімді, бүйрек және қалқанша без функциясын ерекше бақылаумен симптоматикалық және демеуші ем жүргізіледі.

Шығарылу түрі және қаптамасы

20 г -ден алюминий сықпада. Әр сықпаны медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салады.

Сақтау шарттары

25 °С –ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы, Беларусь Республикасы, Минск облысы, Борисов қ, Чапаев к-сі, 64,

тел/факс +375(177)734043.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы, Беларусь Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнімнің ауар) сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасы, 050004, Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 30, «МедФармИнтерСервис» ЖШС, тел. 87013066011, 87714140258.

 

Прикрепленные файлы

660373931477976698_ru.doc 72.5 кб
278214311477977834_kz.doc 84.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники