Платифиллина гидротартрат (раствор для инъекций, 0.2%, Здоровье ООО)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Платифиллин гидротартраты
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Инъекцияға арналған 0,2% ерітінді
Құрамы
1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат - 2 мг платифиллин гидротартраты,
қосымша зат: инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Мөлдір, түссіз сұйықтық
Фармакотерапиялық тобы
Ішек қызметінің бұзылуын емдеуге арналған препараттар.
Синтетикалық холинобөгегіштер – үшіншілік амин тобы бар эфирлер
АТХ коды 03АА
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Платифиллин гистогематикалық бөгет (гематоэнцефалдықты қоса есептегенде), жасушалық және синаптикалық мембраналар арқылы оңай өтеді. Үлкен дозаларда енгізген кезде орталық жүйке жүйесінің тіндерінде елеулі концентрацияларда жиналып қалады. Бауырда метаболизденеді. Бүйректер және ішек арқылы шығарылады. Дұрыс қолданған жағдайда (дозасы, енгізу арасындағы аралықтары) жиналып қалмайды.
Фармакодинамикасы
Платифиллиннің әсер ету механизмі М-холинорецепторлардың бөгелуімен жүзеге асады, соның нәтижесінде жүйке импульстарының постганглионарлық холинергиялық талшықтардан эффекторлы ағзаларды иннервациялайтын жасушаларға берілуі бұзылады; тегіс бұлшықеттерге тікелей босаңсытатын әсер береді. Вегетативтік ганглийлердің Н-холинорецепторларын едәуір нашар бөгейді.
Антихолинергиялық дозаға тәуелді әсер береді: аз дозаларда сілекей және бронх бездерінің секрециясын, тердің бөлінуін, көздің аккомодациясын тежейді, қарашықты кеңейтеді, жүректің жиырылу жиілігін арттырады; үлкен дозаларда – асқазан-ішек жолының (өт шығару жолдарын және өт қалтасын қоса есептегенде) және несеп шығару жолдарының жиырылу белсенділігін төмендетеді, асқазан секрециясын басады.
Холинобөгегіш әсері жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлігінің жоғары тонусының аясында үлкен дәрежеде бөгегіш әсер немесе М-холиностимуляторлардың әсерін білдіреді.
Кезеген жүйкенің ықпалын азайта отырып, жүректің өткізгіштігін жақсартады, миокардтың қозғыштығын арттырады, жүректен қанның айдалуын ұлғайтады. Терінің ұсақ қантамырларын кеңейтеді. Жоғары дозаларда қантамырды қозғалтқыш орталықты басады және симпатикалық ганглийлерді бөгейді, соның салдарынан қантамырлар кеңейеді және артериялық қысым төмендейді (негізінен көктамырішілік енгізген кезде). Жатырдың, қуықтың және несепшығару жолдарының тегіс бұлшықеттері босаңсиды; спазмолитикалық әсер ете отырып, ауыру синдромын жояды. Кезеген жүйке тонусының жоғарылауынан немесе холиностимуляторлардан бронхтардың тегіс бұлшықеттері босаңсиды; тыныс алу көлемі ұлғаяды, бронх бездерінің секрециясы тежеледі.
Шеткергі жүйкелерге ықпалы жөнінен атропинге ұқсас, бірақ азырақ уытты және жағымдылығы өте жақсы. Атропинмен салыстырғанда шеткергі М-холинорецепторларға айқындылығы азырақ әсер береді, аз дәрежеде тахикардияны тудырады (әсіресе үлкен дозаларда қолданғанда) және ішкі секреция бездерінің секрециясын баяу тежейді.
Қолданылуы
- гастродуоденальді аймақтың ауруларында: асқазан мен он екі елі ішектің тегіс бұлшықеттерінің түйілуінде, гастродуоденитте; пилороспазмда; холелитиазда
- панкреатиттегі ауыру синдромында
- өт шығару жолдарының дискинезиясында, бауыр, бүйрек және ішек шаншуларында
- бронх демікпесінде (бронхо- және ларингоспазмға жол бермеу үшін), ми қантамырларының түйілуінде
- альгодисменореяда
- ангиотрофоневрозда
- артериялық гипертензияда, стенокардияда (біріктірілген ем құрамында)
- ацетонмен, бор қышқылымен, күшті қышқылдармен, мышьякпен, резерпинмен уланғанда
Қолдану тәсілі және дозалары
Тері астына тағайындайды.
Шаншуға ұқсас абдоминальді ауыруды, бронх демікпесінің ұзаққа созылған ұстамасын, церебральді және шеткергі ангиоспазмдарды басу үшін ересектерге және 15 жастан асқан балаларға тері астына тәулігіне 1-2 рет 1–2 мл-ден енгізеді.
Курстық емдеуде тері астына 10–15–20 күн ішінде тәулігіне 1-2 рет 1–2 мл енгізеді .
Қантамырларды кеңейту және артериялық қысымды төмендету үшін көктамырішілік енгізу қолданылады.
Бір реттік және тәуліктік дозаларды, енгізу жиілігін дәрігер көрсетілімдерге және емделушінің жасына қарай әрқайсысына жекелей белгілейді. Ең жоғары бір реттік доза – 0,01 г, ең жоғары тәуліктік доза – 0,03 г.
Жағымсыз әсерлері
- ауыз ішінің құрғауы, шөлдеу
- артериялық қысымның төмендеуі, тахикардия,
- мидриаз, аккомодацияның бұзылуы, фотофобия
- ішек атониясы
- бас айналу, бас ауыру, құрысулар, жедел психоз (препаратты жоғары дозаларда қолданған кезде)
- несептің кідіруі
- өкпе ателектазы
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- платифиллинге жекелей жоғары сезімталдық
- жабық бұрышты глаукома
- кахексия
- айқын атеросклероз, жүрек қызметінің ІІ және ІІІ дәрежелі жеткіліксіздігі, аритмиялар, тахикардия
- қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы
- бауыр және/немесе бүйрек қызметінің ауыр жеткіліксіздігі
- пилородуоденальді стеноз, рефлюкс-эзофагит, рефлюкс-эзофагитпен біріккен диафрагмалық жарық, ішектің салданып бітелуі немесе атониясы, ойық жара колитпен асқынған мегаколон , асқазан-ішек жолы ағзаларынан қан кету
- миастения
- егде жас
- жүктілік және лактация кезеңі
- 15 жасқа дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Фенобарбиталдың және натрий этаминалының седативтік және ұйықтатқыш әсерін күшейтеді, прозерин әсерін бөгейді, ішке тағайындалатын Н2-гистаминолитиктердің, дигоксиннің және рибофлавиннің әсерін арттырады, (жиырылуын баяулатады және сіңуін жақсартады). Адреномиметиктер және нитраттар көзішілік қысымның артуын күшейтеді.
М-холиноблокаторлар, амантадин, галоперидол, фенотиазин, моноаминоксидаза тежігіштері, үшциклдік антидепрессанттар, хинидин сульфаты, изониазид, кейбір антигистаминдік препараттар антихолинергиялық жағымсыз әсерлердің пайда болу қаупін арттырады. Антихолинэстеразалық препараттармен бір мезгілде қолдануға болмайды.
Морфин жүрек-қантамыр жүйесіне тежегіш әсерді, моноаминоксидаза тежегіштері – оң хроно- және батмотропты әсерді, жүрек гликозидтері – оң батмотроптық әсерді, хинидин, новокаинамид – холинобөгегіш әсерді күшейтеді.
Тегіс бұлшықеттердің түйілуіне байланысты ауырғанда препараттың әсерін анальгетиктер, седативтік дәрілер, транквилизаторлар; қантамырлар түйілуіне – гипотензивтік және седативтік дәрілер күшейтеді.
Айрықша нұсқаулар
Жүректің жиырылу жиілігінің артуы дұрыс емес ауруларда (жедел қан кету, жыпылықтайтын аритмия, тахикардия, тиреотоксикозда (тахикардия күшеюі мүмкін), дене температурасы жоғарылаған кезде (тер бездері белсенділігінің басылуы салдарынан оның әрі қарай жоғарылауы мүмкін), өңеш ахалазиясында және қақпа стенозында, егде жастағы науқастарда немесе әлсіз науқастардағы ішек гипотониясында, ашық бұрышты глаукомада, жүктілік кезіндегі токсикозда, балалардың миы зақымданғанда, Даун ауруында, балалардың церебральді сал ауруында аса сақтықпен қолданады.
Дәрілік заттың көлікті басқару және күрделі техникамен жұмыс жасау қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Емдеу кезеңінде зейінді жұмылдыруды және психомоторлы реакциялардың шапшаңдығын қажет ететін қауіпті қызмет түрлерін тоқтата тұрған жөн.
Емделушілерге емнің бас кезінде бас айналудың, бас ауырудың пайда болуы мүмкін екендігі ескертілуі тиіс.
Артық дозалануы
Симптомдары: ішектің салданып бітелуі, несептің жедел ағымды кідіруі (қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы бар науқастарда), аккомодацияның салдануы, көзішілік қысымның жоғарылауы, ауыз қуысының, мұрынның, тамақтың шырышты қабығының құрғауы, жұтынудың қиындауы, мидриаз (нұрлы қабықтың толық жоғалуына дейін), діріл, құрысулар, гипертермия, орталық жүйке жүйесінің қозып, кейін тежелуге ұласуы, тыныс алу және қантамырларды қозғалту орталығы қызметінің басылуы.
Емдеу: қарқынды диурез, ішек парезін бәсеңдететін және тахикардияны азайтатын холинэстераза тежегіштерін (физостигминді, галантаминді немесе прозеринді) енгізу. Орташа қозуда және әлсіз құрысуларда – магний сульфатын енгізу, ауыр жағдайларда – натрий оксибутираты, оксигенотерапия, өкпені жасанды желдету. Өмірге қауіп төндіретін тахикардияда – хинидин сульфаты, пропранолол.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Шыны ампулаларда 1 мл-ден. Ампулаға өздігінен желімделетін заттаңба жапсыруға болады. 10 ампула медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен және кесетін керамикалық дискімен немесе ампулалық керамикалық пышақпен бірге ішінде бөлгіш аралықтары бар қорапқа салынған.
Препарат сындыру сақинасы немесе нүктесі және кертігі бар ампулаға қапталғанда, кесетін керамикалық дискіні немесе ампулалық керамикалық пышақты салмауға болады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Сақтау мерзімі
5 жыл
Препаратты қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
“Здоровье” «Фармацевтикалық компаниясы» ЖШҚ.
Украина, 61013, Харьков қ-сы, Шевченко к-сі, 22.
тел. (057) 757-0-777
факс (057) 714-96-20
Тіркеу куәлігінің иесі
“Здоровье” «Фармацевтикалық компаниясы» ЖШҚ.
Украина, 61013, Харьков қ-сы, Шевченко к-сі, 22.
тел. (057) 757-0-777
факс (057) 714-96-20
Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы
Мекенжайы: “Здоровье” «Фармацевтикалық компаниясы» ЖШҚ.
Украина, 61013, Харьков қ-сы, Шевченко к-сі, 22.
Телефон: (057) 714-96-22
Факс: (057) 714-96-22
Электрондық пошта: bronina@zt.kharkov.ua