Платифиллин-Дарница

МНН: Платифиллин
Производитель: Фармацевтическая фирма «Дарница» ЧАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Синтетические холиноблокаторы - эфиры с третичной аминогруппой
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№008566
Информация о регистрации в РК: 11.05.2016 - 11.05.2021
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 14.64 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Платифиллин-Дарница

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған ерітінді 0,2 %

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат - 2 мг платифиллин гидротартраты,

қосымша зат - инъекцияға арналған су

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Ішектің функционалдық бұзылыстарын емдеуге арналған препараттар.

Синтетикалық холиноблокаторлар – үшіншілік амин тобы бар эфирлер.

АТХ коды А03АА

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Парентеральді енгізгеннен кейін платифиллин гистогематикалық бөгеттер, жасушалық және синапстық жарғақшалар арқылы жылдам және оңай өтеді. Жоғары дозаларын енгізгенде орталық жүйке жүйесінде едәуір концентрацияларда жинақталады. Организмде платинецин және платинецин қышқылын түзе отырып, гидролизге ұшырайды. Бүйрекпен несеп арқылы және ішектен нәжіс арқылы шығарылады. Дұрыс қолданылғанда (дозалары, енгізулер арасындағы аралықтары) жинақталмайды.

Фармакодинамикасы

Платифиллин-Дарница – М–холиноблокаторлық әсер беретін табиғи алкалоид. Атропинмен салыстырғанда шеткергі М-холинорецепторларға (асқазан-ішек жолы ағзаларының тегісбұлшықеттерінің және нұрлы қабықтың циркулярлық бұлшықетінің жасушаларына спазмолитикалық әсері жағынан атропиннен 5-10 есе әлсіздеу) аз ықпал етеді. М-холинорецепторларды бөгей отырып, постганглиялық холинергиялық жүйкелердің олар иннервациялайтын эффекторлық ағзалар мен тіндерге (жүрек, тегісбұлшықетті ағзалар, сыртқы секреция бездері) жүйке импульстері берілісін бұзады. Ішінара Н-холинорецепторларды бөгейді. Холинобөгегіштік әсері көп дәрежеде парасимпатикалық вегетативтік жүйке жүйесі тонусының жоғарылығы немесе М-холиномиметиктердің әсері аясында білінеді. Атропинге қарағанда, азғантай дәрежеде, әсіресе жоғары дозаларда қолданылғанда тахикардия туғызады. Кезбе жүйкенің әсерін азайта отырып, жүректің өткізгіштігін жақсартады, миокардтың қозғыштығын арттырады, жүректің минуттық көлемін ұлғайтады. Ганглияблокаторлық және тікелей миотроптық спазмолитикалық әсер береді, терінің ұсақ тамырларының кеңеюін туғызады. Жоғары дозаларда тамырды қозғалту орталығын бәсеңдетеді және симпатикалық ганглилерді бөгейді, соның салдарынан тамырлар кеңейеді және артериялық қысым төмендейді (негізінен, көктамыр ішіне енгізгенде). Атропинге қарағанда ішкі секреция бездерін әлсіз бәсеңдетеді, тегіс бұлшықеттер тонусының, асқазанның, он екі елі ішектің, аш ішек пен тоқ ішектің перистальтикалық жиырылуларының амплитудасы мен жиілігін, өт қалтасы тонусының орташа төмендеуін (өт шығару жолдарының гиперкинезиясы бар тұлғаларда) туғызады. Гипокинезия кезінде өт қалтасының тонусы қалыпты құрамына дейін артады. Жатырдың, қуықтың және несеп шығару жолдарының тегіс бұлшықеттерінің босаңсуын туғызады. Спазмолитикалық әсер бере отырып, ауыру синдромын басады. Кезбе жүйке тонусының артуы немесе холиномиметиктер туғызған бронхтардың түйілуі кезінде оның тегіс бұлшықеттерін босаңсытады, тыныс алу көлемін арттырады, бронх бездерінің сөлінісін бәсеңдетеді. Парентеральді енгізгенде нұрлы қабықтың дөңгелек бұлшықетінің босаңсуы салдарынан қарашықтың кеңеюін туғызады. Сонымен қатар көзішілік қысым жоғарылайды және аккомодация салдануы басталады (цилиарлық дененің кірпікшелі бұлшықетінің босаңсуы). Атропинмен салыстырғанда аккомодацияға ықпалы аздау және қысқа уақытқа білінеді. Ми мен тыныс алу орталығын, көбінесе - жұлынды қоздырады (жоғары дозаларда құрысулар, орталық жүйке жүйесінің, тамыр қозғалтқыш және тыныс алу орталықтарының бәсеңдеуі болуы мүмкін). Гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтеді.

Қолданылуы

- гастродуоденитте, функционалдық диспепсияда, пилороспазмда (кешенді ем құрамында)

- холециститте, холелитиазда (кешенді ем құрамында)

- ішек шаншуында, өт шаншуында, бүйрек шаншуында (кешенді ем құрамында)

- бронх демікпесінде (бронх түйілуінің алдын алу үшін), бронхореяда

- альгодисменореяда

- церебралдық артериялардың түйілуінде

- ангиотрофоневрозда

Қолдану тәсілі мен дозалары

Ересектер мен 15 жастан асқан балаларға тері астына, спазмдық ауруларды, бронх демікпесінің ұзақ ұстамасын, церебральді және шеткергі ангиоспазмды басу үшін тәулігіне 1-2 рет 1-2 мл ерітінді. Курстық емдеуде 10-15-20 күн бойы тәулігіне 1-2 рет тері астына 1-2 мл енгізеді.

Ересектерге арналған жоғары дозалары: бір реттік -10 мг, тәуліктік –30 мг.

Бір реттік және тәуліктік дозаларын, енгізу жиілігін көрсетілімдер мен пациенттің жасына байланысты, дәрігер жекелей анықтайды.

Жағымсыз әсерлері

- ауыздың құрғауы, шөлдеу, дәм сезулердің бұзылуы, дисфагия, атонияға дейін ішек моторикасының азаюы, өт шығару жолдары мен өт қалтасы тонусының азаюы

- несеп шығаруға қиналу және несептің іркілуі

- тахикардия, экстрасистолияны, миокард ишемиясын қоса аритмия

- беттің қызаруы, ысыну сезімі

- бас ауыруы, бас айналуы, күйгелектік, ұйқысыздық

- қарашықтардың үлкеюі, фотофобия, аккомодация салдануы, көзішілік қысымның жоғарылауы

- бронхтардың секреторлық белсенділігі мен тонусының азаюы, бұл тұтқыр қақырықтың түзілуіне алып келеді, одан жөтелу қиындайды

- тері бөртпесі, есекжем, эксфолиативті дерматит

- анафилаксиялық реакциялар, анафилаксиялық шок

- басқа да: тер бөлінісінің азаюы, терінің құрғауы, дизартрия.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- жыпылықтағыш аритмия, тахикардия, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, жүректің ишемиялық ауруы, митральді стеноз, жүректің жиырылу жиілігінің артуы жағымсыз болуы мүмкін ауыр артериялық гипертензия

- жедел қан кету

- тиреотоксикоз

- гипертермиялық синдром

- өңеш ахалазиясы, асқазан қақпасының стенозы, бітелумен қатар жүретін ішек атониясы

- глаукома

- бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігі

- gravis миастениясы

- несептің іркілуі немесе соған бейімділік

- ми зақымдалуы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Шизофрениямен науқастарда галоперидолмен бір мезгілде қолданғанда психозға қарсы әсері төмендеуі мүмкін.

Фенобарбиталдың, пентобарбиталдың, магний сульфаты мен натрий этаминалының тыныштандыратын және ұйықтататын әсерін күшейтеді. Верапамилді қабылдаудан болған брадикардияны; морфин туғызған жүрек айнуын, құсу мен брадикардияны қайтарады.

Прозериннің әсерін бөгейді.

Ішке тағайындалған Н2-гистаминолитиктердің, дигоксин мен рибофлавиннің әсерлерін арттырады (перистальтиканы бәсеңдетеді және сіңуін жақсартады).

Адреномиметиктер мен органикалық нитраттар көз іші қысымының жоғарылауын әлеуеттендіреді.

М-холиноблокаторлар, амантадин, галоперидол, фенотиазиндер, МАО тежегіштері, үш циклдық антидепрессанттар, бензактизин, хинидин сульфат, изониазид, кейбір антигистаминдік препараттар (дифенгидрамин), дизопирамид, новокаинамид антихолинергиялық жағымсыз әсерлерінің даму қаупін арттырады.

Холинэстераза тежегіштерімен антагонизмге ие. Антихолинэстеразалық препараттармен бір мезгілде қолдануға болмайды.

Морфин жүрек-қантамыр жүйесін бәсеңдеткіш әсерін күшейтеді, МАО тежегіштері – оң хроно- және батмотроптық әсер, жүрек гликозидтері – оң батмотроптық әсер, хинидин, новокаинамид – холинбөгегіштік әсер береді.

Тегіс бұлшықеттердің түйілулерімен байланысты ауыруларда, анальгетиктер, тыныштандыратын дәрілер, транквилизаторлар; қантамыр түйілулерінде – гипотензиялық және тыныштандыратын дәрілер препараттың әсерін күшейтеді.

Айрықша нұсқаулар

Несеп шығару жолдарының обструкциясынсыз қуықасты безінің гипертрофиясы бар пациенттерде, Даун ауруында, балалардың церебральді салдануында, рефлюкс-эзофагитте, рефлюкс-эзофагитпен астасқан диафрагманың өңеш саңылауының жарығында; спецификалық емес ойық жаралы колитте, мегаколонда; ксеростомиясы бар пациенттерде; егде жастағы және әлсіреген науқастарда, қайтымды обструкциясыз өкпенің созылмалы ауруларында, өкпенің қою, қиын түсетін қақырықтың аз түзілуімен жүретін созылмалы ауруларында, әсіресе кішкентай балалар мен әлсіз науқастарда; вегетативтік (автономды) нейропатияда сақтықпен қолдану керек.

Жүктілік, лактация

Жүктілік және бала емізу кезінде препаратты тек анасы үшін күтілетін пайдасы ұрық пен бала үшін ықтимал қауіптен асатын жағдайда ғана сақтықпен қолданады.

Балалар

Препаратты балаларға 15 жастан бастап қолданады.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және аса қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Препаратты қолданғанда автокөлік басқарудан және жоғары зейін шоғырландыру мен психомоторлық реакциялардың жылдамдығын қажет ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерін орындаудан бас тарту керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз реакция көріністерінің күшеюі, жүрек айнуы, құсу, артериялық қысымның төмендеуі, қозу, тремор, құрысулар, ұйқысыздық, ұйқышылдық, елестеулер, ашушаңдық, гипертермия, орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеуі, тыныс алу және тамыр қозғалтқыш орталықтар белсенділігінің бәсеңдеуі .

Емі. Асқазанды шаю, холиномиметиктер мен антихолинэстеразалық дәрілерді парентеральді енгізу. Гипертермия кезінде дымқылдап сүрту және ыстық түсіретін дәрілер көрсетілген; қозуда – натрий тиопенталын немесе натрий оксибутиратын көктамыр ішіне енгізу; мидриазда – жергілікті көз тамшысы ретінде фосфакол, физостигмин, пилокарпин. Глаукома ұстамасы дамыған жағдайда дереу конъюнктива қалтасына 1% пилокарпин ерітіндісін сағат сайын 2 тамшыдан тамызады және тәулігіне 3-4 рет тері астына 1 мл 0,05 % прозерин ерітіндісін енгізеді.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

1 мл препараттан шыны ампулаларда.

Ампулаға өздігінен жапсырылатын жабыны бар қағаздан жасалған заттаңба жапсыруға немесе шыны бұйымдарға арналған терең баспа бояумен жағуға болады.

5 ампуладан ампулаларды ашуға арналған пышақпен бірге пішінді ұяшықты қаптамаға (кассетаға) салады.

Түрлі-түсті сындыру сақинасы немесе түрлі-түсті сындыру нүктесі бар ампулаларды қаптағанда ампулаларды ашуға арналған пышақтар салынбайды.

5 ампуладан екі пішінді ұяшықты қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге қорапшаға салынады.

10 ампуладан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен және ампулаларды ашуға арналған пышақпен бірге гофрланған астары бар қорапқа салады.

Түрлі-түсті сындыру сақинасы немесе түрлі-түсті сындыру нүктесі бар ампулаларды қаптағанда ампулаларды ашуға арналған пышақтар салынбайды.

Қораптарды заттаңба-бандерольмен желімдейді.

Топтық қаптамаға медициналық қолдануға арналған нұсқаулықтың тиісті санымен бірге қораптарды қаптауға болады  

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамада, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Дарница» фармацевтикалық фирмасы» ЖАҚ

02093, Украина, Киев қ., Борисполь к-сі,13.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Дарница» фармацевтикалық фирмасы» ЖАҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

050043, Алматы қ., Науаи к-сі 68, 49 пәт.

телефон: (+727) 2424328

е-mail: vigilance@darnitsa.kiev.ua

Дәрілік заттың қауіпсіздігін тіркеуден кейінгі бақылау үшін жауапты ұйымның мекенжайы:

050043, Алматы қ., Науаи к-сі 68, 49 пәт.

телефон: (+727) 2424328

е-mail: vigilance@darnitsa.kiev.ua

 

Прикрепленные файлы

656265831477976232_ru.doc 64.5 кб
489369431477977489_kz.doc 77 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники