Плантаглюцид-Здоровье
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Плантаглюцид-Здоровье
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Түйіршіктер
Құрамы
1 пакеттің ішінде
белсенді зат - плантаглюцид 1.0 г
қосымша зат: рафинад-қант
Сипаттамасы
Өзіне тән әлсіз иісі бар, дәмі тәтті, сұр реңді ақшыл-қоңыр түстен сұрғылт реңді күңгірт-қоңыр немесе күңгірт-сұр түске дейінгі түйіршіктер
Фармакотерапиялық тобы
Қышқылдықтың бұзылуымен байланысты ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар.
АТХ коды А02Х
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакодинамикасы
Плантаглюцид - өсімдік тектес дәрі. Плантаглюцид құрамында үлкен жолжелкен жапырақтарынан алынатын полисахаридтер қоспасы бар жиынтық препарат.
Жолжелкен жапырақтарының құрамында гликозид аукубин, ащы және иіткіш заттар, каротин, К витамині, U витамині, флавоноидтар, полисахаридтер, пектиндер бар. Препараттың асқазан секрециясына реттеуші әсері бар, асқазандағы қабыну үдерісіне ықпал етеді. Қабынуға қарсы әсері полисахаридтерге (шырыштар, пектиндер), каротин мен U витаминіне байланысты. Гликозид аукубин, ащылығы асқазансөлі секрециясын күшейтеді, асқазан ішіндегісінің қышқылдығын арттырады. Пектиндік заттар асқазан ойық жарасы кезінде қорғаныс әсерін береді. Сондай-ақ препарат спазмолитикалық әсер береді. Препарат ас қорытуды реттейді, асқазан мен ішектің тегіс бұлшықеттері тонусын төмендетеді, гастрит және АІЖ қабыну сипатындағы басқа аурулары кезінде қабынуға қарсы және регенерациялық әсері бар.
Қолданылуы
-
- гипоацидті гастритте (емдеу және қайталануының алдын алу)
- асқазан сөлінің төмен қышқылдануымен қатар жүретін асқазан және ішек аруруларында
Қолдану тәсілі және дозалары
Тамақтанудан 20- 30 мин бұрын, қабылдар алдында ¼ стақан жылы суға ерітіп, ішке қабылдайды.Ересектер және жасы 12 асқан балаларға 1 пакеттен тәулігіне 2-3 рет тағайындайды. Жасы 6-дан 12 жасқа дейінгі балаларға ½ пакеттен тәулігіне 2-3 рет тағайындайды. Гастриттің өршу кезеңінде емдеудің ұзақтығы 3-4 апта.Ауру қайталануының алдын алу үшін препаратты сол дозаларда тәулігіне 1-2 рет 1-2 ай бойы қабылдайды.Емдеу дозалары мен ұзақтығы әр адамға жекелей анықталады.
Жағымсыз әсерлері
Кейде болуы мүмкін:
-
- қыжыл
-
- аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, қышыну, ісіну)
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары жеке сезімталдық
- гиперацидті гастритте
- жоғары қышқылдықпен асқазан және он екі елі ішектің ойық жара ауруы
- рефлюкс-эзофагит
- 6 жасқа дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Препараттың басқа да дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі туралы деректер жоқ.
Айрықша нұсқаулар
Қант диабетімен ауыратын науқастар 1 пакет препараттың құрамында 1г рафинад-қант бар екенін ескерулері керек.
Педиатрияда қолданылуы
Балаларда препаратты дозалау туралы ұсынымдар «Қолдану тәсілі және дозалары» бөлімінде келтірілген. Препаратты 6 жасқа дейінгі балаларға қолдану тәжірибесі жеткіліксіз.
Жүктілік және лактация кезеңінде қолданылуы
Препаратты жүктілік және бала емізу кезеңінде қолдану туралы ақпарат жоқ.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе күрделі механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралдарын басқару қабілетіне және қауіптілігі зор қызмет түрлерін орындауға әсер етпейді.
Артық дозалануы
Артық дозалануы кезінде жағымсыз әсерлердің күшеюі мүмкін.Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем.
Қолдану тәсілі және дозалары
2 г-ден полиэтилен жабыны бар қағаздан жасалған қосарланған пакетке (№2) немесе 2 г-ден пакеттерге (№1) немесе фармацевтикалық препараттарға арналған біріктірілген материалдан (буфлен) жасалған қосарланған пакеттерге (№2) салынған.
10 немесе 30 пакет №1, немесе 20 (10 қосарланған пакет № 2) немесе 25 (12 қосарланған пакет №2 және 1 пакет №1) пакеттен медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.
Тұтынушымен келісе отырып, № 2 қосарланған пакеттерді медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың сәйкес санымен гофрланған картон жәшікке қаптауға жол беріледі.
Сақтау шарттары
Құрғақ жерде, 15 ºС-ден 25 ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
“ Здоровье” фармацевтикалық компаниясы” ЖШҚ.
Украина, 61013, Харьков қ., Шевченко к-сі, 22.
тел. (057) 757-0-777
факс (057) 714-96-20
Тіркеу куәлігінің иесі
“Здоровье” Фармацевтикалық компаниясы” ЖШҚ, Украина
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
Мекенжай: «Фарм-Евро» ЖШС
050039, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Майлин к-сі,
72 үй, 34 пәтер
Телефон: +7(272) 71-10-17
Факс: +7(272) 71-84-97
Электронды поштасы: farmevro@mail.ru