Пиридоксин

МНН: Пиридоксин
Производитель: Новосибхимфарм ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Pyridoxine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019657
Информация о регистрации в РК: 07.02.2013 - 07.02.2018
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)

Инструкция

Саудалық атауы

Пиридоксин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Пиридоксин

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған 50 мг/мл ерітінді, 1 мл

Құрамы

1 мл препараттың құрамында

белсенді зат: пиридоксин гидрохлориді - 50.0 мг

қосымша зат: иньекцияға арналған су 1.0 мл дейін

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз немесе сәл боялған сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Витаминдер. Таза түрдегі басқа да витаминдер.

АТХ коды: А11НА02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Бауырда метаболизденіп, фармакологиялық белсенді метаболиттер (пиридоксальфосфат және пиридоксаминофосфат) түзеді. Пиридоксальфосфат плазма ақуыздарымен 90% байланысады. Барлық тіндерге жақсы өтеді. Көбінесе бауырда, азырақ бұлшықеттерде және орталық жүйке жүйесінде таралады. Плацента арқылы өтеді, емшек сүтіне бөлінеді. Жартылай шығарылу уақыты – 15-20 күн. Бүйрекпен (көктамыр ішіне енгізгенде – өтпен 2 %), сондай-ақ гемодиализ барысында шығарылады.

Фармакодинамикасы

В6 витамині.

Пиридоксин гидрохлориді (В6 витамині) өсімдіктерде және жануарлар ағзаларында, әсіресе дәнді дақылдардың тазартылмаған дәндерінде, көкөністерде, етте, балықта, сүтте, нәлім мен ірі қара малдың бауырында, жұмырта сарыуызында болады. В6 витамині ашытқыларда біршама көп. В6 витаминінің қажеттілігі тамақ өнімдерімен қанағаттандырылады; ол ішек микрофлорасымен де ішінара синтезделеді.

Зат алмасуда маңызды рөл атқарады, орталық және шеткергі жүйке жүйесінің қалыпты қызмет атқаруы үшін қажет, нейромедиаторлар синтезіне қатысады. Фосфорланған түрінде (пиридоксаль-5-фосфат) амин қышқылдарының декарбоксилдену, қайта аминделу, аминсіздендіру үдерістерін қамтамасыз етеді, ақуыз, ферменттер, гемоглобин, простагландиндер синтезіне, серотониннің, катехоламиндердің, глутамин қышқылының, гамма-аминомай қышқылының (ГАМҚ), гистаминнің алмасуына қатысады, қанықпаған май қышқылдарының пайдаланылуын жақсартады, қандағы холестерин мен липидтер деңгейін төмендетеді, миокард жиырылуын жақсартады, фолий қышқылының оның белсенді түріне айналуына ықпал етеді, гемопоэзды көтермелейді. Атеросклероз кезінде В6 витамині липидтік алмасуды жақсартады. Организмге түсе отырып, ол фосфорланып, пиридоксаль-5-фосфатқа өзгереді және амин қышқылдарының декарбоксилденуін, трансаминделуін және рацемизациялануын, сондай-ақ құрамында күкірті бар және гидроксилденген амин қышқылдарына ферменттік алмасуын жүзеге асыратын ферменттердің құрамына кіреді.

Триптофанның алмасуына (серотониннің биосинтезі реакциясына қатысу) қатысады.

Пиридоксиннің оқшауланған тапшылығы өте сирек, негізінен арнайы жасанды тамақтандырудағы балаларда (диареямен, құрысумен, анемиямен байқалады, шеткергі невропатия дамуы мүмкін) кездеседі.

Пиридоксин атеросклерозда және қант диабетінде гликозилденген гемоглобин мөлшерін азайтады, бұдан басқа, пиридоксин диуретик ретінде әсер етеді: жоғары артериялық қысымды түсіруге көмектеседі.

Пиридоксиннің норэпинефрин мен серотониннің өндірілуіне оң әсер етіп, депрессиялар тұсында олардың өнімін арттыратыны анықталды, бұл оның катехоламиндер синтезі үдерісіне дофа-декарбоксилаза кофакторы ретінде қатысуымен байланысты.

Пиридоксин қан ұю уақытын ұзартып, тромбоциттер агрегациясын тежей алады, ықтималды түрде, бұл пиридоксальфосфаттың тромбоциттер беткейіндегі фибриногенмен және спецификалық амин топтарымен байланысуымен түсіндіріледі.

Қолданылуы

- В6 гипо- және авитаминозында.

Кешенді ем құрамында:

неврологияда:

- паркинсонизмде

- шығу тегі орталықтық немесе шеткергі салдануларда

- Литтл ауруында

- Меньер ауруы мен синдромында

- теңіз және әуе ауруында

- радикулитте

- невралгияда

- невриттерде.

дерматологияда:

- дерматиттерде (оның ішінде атопиялық және себореялық)

- герпестік жұқпаларда

- белдемелі теміреткіде

- нейродермитте

- псориаз, экссудативті диатезде.

- анемияларда (гипохромды, микроцитарлы, сидеробласты).

- жедел және созылмалы гепатиттерде

- маскүнемдікте.

- диурезді ұзарту және диуретиктердің әсерін күшейту үшін.

- изониазид пен басқа да гидразид изоникотин қышқылы туындылары нейроуыттылығының алдын алу және емдеуде.

- жаңа туған нәрестелердің туа біткен пиридоксинге тәуелді құрысу синдромында.

Қолдану тәсілдері және дозасы

Пиридоксинді көктамыр ішіне, бұлшықет ішіне немесе тері астына (егер ішке қабылдау мүмкін болмаса, мысалы, құсқанда және ішекте сіңудің бұзылуы кезінде) тағайындайды.

Ересектерге гипо- және В6 авитаминозы кезінде күніне емдік доза 1-2 қабылдауға 50-100 мг (1-2 мл 5% ерітінді) құрайды. Ересектер үшін емдеу курсы - 1 ай.

Балаларға – тәулігіне 20 мг (0,5 мл 5% ерітінді), емдеу курсы - 2 апта.

Паркинсонизмде тәулігіне 100 мг (2 мл 5%) ерітіндіні тәулікте бұлшықет ішіне тағайындайды. Емдеу курсы - 20-25 инъекция. 2-3 айдан соң емдеу курсын қайталайды, немесе дозаны тәулігіне 50-100 мг бастап, күнделікті дозаны 50 мг-ға арттырады, оны тәулігіне 300-400 мг дейін жеткізіп, 12-15 күн бойы бір реттік инъекция түрінде жүргізеді.

Анемияны емдеу үшін бұлшықет ішіне 100 мг аптасына 2 рет тғайындайды. Фолий қышқылын, цианокобаламинді, рибофлавинді бір мезгілде қабылдаған тиімді болмақ.

Пиридоксинге тәуелді құрысу синдромын емдеу үшін ересектерге – көктамыр ішіне немесе бұлшықет ішіне 30-600 мг; балаларға – күнделікті 10-100 мг.

Инволюциялық жастағы депрессия кезінде - бұлшықет ішіне тәулігіне 200 мг.

ГИНҚ (гидразид изоникотин қышқылымен) және оның туындыларымен туберкулезді емдегенде енгізілген 1 г ГИНҚ-қа 100 мг пиридоксин (орталық жүйке жүйесі қызметі бұзылуының алдын алу үшін) тағайындау қажет.

Жағымсыз әсерлері

– аллергиялық реакциялар: анафилактикалық шок, есекжем, макулезді-папулезді бөртпелер, терінің қышынуы

– іш тұсының ауыруы, қыжыл, асқазан сөлінісінің артуы, тұз қышқылы гиперсекрециясы

– аяқ-қолдардың ұюы, аяқ-қолдарда қысу сезімінің – "шұлық" және "қолғап" симптомдарының пайда болуы, құрысулар (тек жылдам енгізген кезде туындайды)

– көктамыр ішіне жылдам енгізген кезде естен тану және құрысудың дамуы

– лактогендік кезеңде лактацияның басылуы (кейде емдік әсер ретінде пайдаланады). Пиридоксин тәулігіне 200-600 мг және жоғары дозада лактацияны толық тоқтауға шейін басады.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- Препаратқа жоғары сезімталдық.

- Асқазан мен 12 елі ішектің ойық жара ауруы (асқазан сөлі қышқылдылығының жоғарылауы мүмкін екендігіне байланысты).

- Ауыр қызметтік жеткіліксіздікпен өтетін бауыр аурулары.

- Жүректің ишемиялық ауруы.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Изоникотин гидразиді, пеницилламин, циклосерин және құрамында эстрогені бар ішу арқылы қабылданатын контрацептивтер пиридоксиннің әсерін бәсеңдетеді.

Тиамин (B1) және цианокобаламин (B12) витаминдерімен фармацевтикалық үйлесімсіз.

Пиридоксинді леводопамен бірге тағайындамайды, өйткені соңғысының әсері әлсірейді.

Диуретиктердің әсерін күшейтеді. Жүрек гликозидтерімен, глутамин қышқылымен, калий және магний аспарагинатымен біріктіріледі.

Пиридоксинді циклосеринмен, этионамидпен, гидралазинмен, азатиопринмен, хлорамбуцилмен, кортикотропинмен, циклофосфамидпен, циклоспоринмен, меркаптопуринмен, изониазидпен, пеницилламинмен бір мезгілде қолдану - анемия және невропатияны туындатуы мүмкін.

Жүрек гликозидтерімен (пиридоксин миокардта жиырғыш ақуыздар синтезінің артуына ықпал етеді), глутамин қышқылымен және аспаркаммен (гипоксияға төзімділігі жоғарылайды) жақсы үйлеседі.

Кортикостероидты гормондар организмде В6 витаминінің азаюына әкелуі мүмкін.

Құрысуға қарсы, сондай-ақ туберкулезге қарсы препараттарды қабылдау В6 витамині тапшылығына әкелуі мүмкін, алайда мұндай жағдайда пиридоксинді сақтықпен қабылдаған жөн, өйткені үлкен дозалар препараттың әсерін бұзуы мүмкін.

Паркинсон ауруын емдеуге арналған дәрілердің тиімділігін азайтады.

Препарат сіңіретін әсері бар левомицетин препараттарын (синтомицин, хлорамфеникол) ұзақ уақыт қолданған кезде пайда болатын офтальмологиялық асқынуларға жол бермейді.

Препарат үшциклді антидепрессанттардың жағымсыз әсерлерін болдырмайды, бұл олардың антихолинергиялық белсенділігіне байланысты (ауыздың құрғауы, несептің кідіруі).

Бір еккіште тиаминмен және цианокобаламинді араластыруға болмайды. Пиридоксин инъекциясын тиамин инъекциясынан кейін кем дегенде 12 сағаттан ерте жасамаған дұрыс.

Айрықша нұсқаулар

Бауырдың ауыр зақымдануы кезінде пиридоксин тәулігіне 50 мг артық дозада оның қызметін нашарлатуы мүмкін. Бауыр аурулары бар емделушілерде сақтықпен қолдану керек.

Уробилиногенді Эрлих реагенті көмегімен анықтауда нәтижелер бұрмалануы мүмкін. Пиридоксиннің алмасуы алкогольді ұдайы қабылдаған кезде бұзылады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік кезінде жүкті әйелдер токсикозында және жүкті әйелдер құсқан кезде тағайындайды. Препаратты бала емізу кезеңінде тағайындағанда лактацияның төмендеуі мүмкін.

Дәрілік препараттың көлік құралдарын, механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ықтималдығы.

Препараттың зейінді шоғырландыру мен психомоторлы реакциялар жылдамдығын талап ететін автомобиль және басқа қызмет түрлерін басқару қабілетіне жағымсыз әсері туралы хабарланбаған.

Артық дозалануы

Артық дозалану симптомдары пиридоксинді үлкен дозаларда (200-2000 мг/тәул және одан артық) енгізгенде туындауы мүмкін. Білезіктер мен табан ұюының дамуы, оларда қысу сезімдерінің пайда болуы тән. Жәрдем шараларына препараты тоқтату, симптоматкалық ем (нейро-бұлшықет берілісін жақсарту үшін неостигмин немесе галантаминнің аз дозаларын енгізу) кіреді. Арнайы у қайтарғысы жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Инъекцияға арналған 50 мг/мл ерітінді.

1 мл-ден бейтарап шыны ампулада. Әр ампулаға қағаздан жасалған заттаңбаны немесе өзі желімделетін заттаңбаны жапсырады, немесе шыны бұйымға арналған жылдам бекитін бояумен ампулаға таңба салынады. 10 ампуладан картон қорапқа салады. Әр қорапқа медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықты және ампуланы ашуға арналған пышақ немесе ампула скарификаторы салынады. Қорапқа қағаздан жасалған бандероль-заттаңбаны жапсырады.

Сындыру сақинасы немесе сыну нүктесі бар ампулаларды қаптаған кезде ампула ашуға арналған пышақ немесе ампула скарификаторы салынбайды.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 15 °С-ден 25 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

3 жыл. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Новосибхимфарм» ААҚ

630028, Ресей, Новосібір қ., Декабристер к-сі, 275

тел. (383)363-32-44,

факс (383) 363-32-55

Тіркеу куәлігінің иесі:

«Новосибхимфарм» ААҚ

630028, Ресей, Новосібір қ.,

Декабристер к-сі, 275

тел. (383)363-32-44;

факс (383) 363-32-55

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР-дағы «Валента Фарм» ААҚ өкілдігі, Алматы қ., Абай даңғ., Радостовец көш. бұр., 151/115, «Алатау» бизнес орталығы №702 кеңсе

Тел./факс 8727 334-15-52, Е-mail: asia@valentapharm.com

 

Прикрепленные файлы

251808041477976971_ru.doc 56 кб
860795821477978147_kz.doc 83.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники