Пирацезин®

МНН: Пирацетам, Циннаризин
Производитель: Минскинтеркапс УП
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие психостимуляторы и ноотропные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019422
Информация о регистрации в РК: 21.11.2012 - 21.11.2017
Номер регистрации в РБ: 21/03/995
Информация о регистрации в РБ: 24.03.2021 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Пирацезин®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді заттар: пирацетам - 400 мг, циннаризин - 25 мг,

қосымша заттар: кальций стеараты, негізгі магний карбонаты,

қабықтың құрамы: глицерин, титанның қостотығы Е - 171, тазартылған су, натрий лаурилсульфаты, желатин.

Сипаттамасы

Цилиндр пішінді ақ түсті ұшы жартылай сфера тәрізді № 0 қатты желатинді капсулалар. Капсула ішіндегісі –ақ немесе ақ дерлік түсті ұнтақ

Фармакотерапиялық тобы

Психоаналептиктер. Психостимуляторлар және ноотроптар. Психостимуляторлар және басқа да ноотроптар

АТХ коды N06BX

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Асқазан-ішек жолдарынан жылдам және толық сіңеді. Циннаризиннің плазмадағы ең жоғары концентрациясы 1-4 сағаттан кейін анықталады, пирацетам –2-6 сағаттан кейін анықталады .

Таралуы

Циннаризиннің жоғары концентрациясы бауырда, бүйректе, жүректе, өкпеде, көкбауырда және мида 1-4 сағаттан кейін анықталады. Циннаризин плазма ақуыздарымен 91% байланысады. Пирацетам өмірлік маңызы бар органдардың барлығына тез таралады. Ол гемато-энцефалдық бөгет арқылы өтеді және көбіне ми қыртысы мен мишықтың сұр затында концентрацияланады, сондай-ақ nucleus caudatus (құйрықты ядрода), hippocampus (гиппокампта), corpus medianum, geniculus lateralis және plexus choroidalis (хороидалдық өрімдерде).

Шығарылуы

Пирацетам несеппен өзгермеген түрде шамамен 30 сағатта шығарылады. Циннаризиннің 60% өзгермеген түрде нәжіспен шығарылады, қалған бөлігі –несеппен метаболиттер түрінде шамамен 5 сағатта шығарылады.

Фармакодинамикасы

Пирацезин® – гипоксияға қарсы және тамыр кеңейтетін әсері бар, ми қан айналымын және ми метаболизмін жақсартатын біріктірілген (пирацетам + циннаризин) ноотропты препарат.

Пирацетам мидың зат алмасу үдерістеріне оң әсер ететін ноотропты заттар класына жатады. Ол ми тіндерінде АТФ концентрациясын жоғарылатады, рибонуклеинді қышқыл және фосфолипидтердің биосинтезін күшейтеді, гликолитикалық үдерістерді көтермелейді, глюкоза утилизациясын күшейтеді. Пирацетам мидың интегративті қызметін жақсартады, жадының консолидациясына ықпал етеді, церебральді гипоксияның әртүрлі түрлерінде қорғаныштық әрекет етеді, оқу үдерісін жеңілдетеді.

Циннаризин мидың, шеткергі және коронарлық қан айналымын және микроайналымын жақсартады, эритроциттердің деформациялану қабілетін жоғарылатады, қан тұтқырлығы жоғарылығын төмендетеді және тіндердің гипоксияға тұрақтылығын жоғарылатады.

Ол сондай-ақ қан тамырыларына тікелей спазмолитикалық әсер етеді, олардың биогендік тамыр тарылтатын заттарға реакциясын төмендетеді (адреналин, норадреналин, вазопрессин, ангиотензин), ми тамырларына СО2 әсерін күшейтеді. Жүйелік артериялық қысымға, жүрек жиырылуы жиілігіне, жүрек жиырылуы мен өткізгіштігіне циннаризин елеулі әсер етпейді.

Циннаризиннің гистаминге қарсы орташа белсенділігі бар, вестибулярлық аппараттың қозғыштығын (нистагмді бәсеңсітеді) азайтады.

Циннаризиннің фармакологиялық қасиеттері елеулі шамада жарғақшалық кальцийлік өзекшелерді бөгеу қабілетіне байланысты. Ол жасушаларға кальций иондарының түсуін тежейді және олардың плазмолемм депосындағы құрамын азайтады.

Пирацетам мен циннаризинді үйлестіруде біріктірілім уыттылығы жекелеген компоненттердің уыттылығынан жоғары болмайтындықтан екі компонент бір бірінің әсерін уыттылығын ұлғайтпай өзара күшейтеді.

Екі компонент бір бірінің әсерін өзара күшейтеді. Препараттың орталық жүйке жүйесіне әсеріне қатысты циннаризиннің седативті әсері басым. Біріктірілім уыттылығы жекелеген компоненттердің уыттылығынан жоғары емес. Емдік әсері 1-6 сағаттан кейін анықталады.

Қолданылуы

- ми қан айналымы бұзылуында: ми тамырларының атеросклерозында, ишемиялық және геморрагиялық инсульттан кейінгі, бассүйек ми жарақатынан кейінгі қалпына келу кезеңінде

- жадының және басқа да когнитивті қызметтерінің бұзылу басымдығы бар немесе эмоционалдық-ерік күші сферасы бұзылуы бар психоорганикалық синдромда

- генезі әртүрлі энцефалопатияда

- генезі әртүрлі лабиринтопатияда (бас айналуы, құлақтағы шуыл, жүрек айнуы, құсу, нистагм)

- Меньер синдромында

- кинетоздар мен бас сақинасының алдын алуда

- интеллектуалдық дамуы кешеуілдеген балаларда жадыны және оқуды жақсарту үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Емдеу курсының ұзақтығын және препарат дозасын емдеуші дәрігер әрбір емделуші үшін ауру сипатына қарай және емделушінің жеке ерекшеліктеріне қарай жеке анықтайды.

Ересектерге препаратты 1-2 капсуладан тәулігіне 3 рет тамақтан кейін 1-3 ай бойына аурудың ауырлығына қарай тағайындайды.

Ең жоғары тәуліктік доза – 6 капсула.

6 жастан асқан балаларға тәулігіне 1-2 рет тамақтан соң 1-2 капсуладан тағайындайды.

Кинетозда: ересектер - 1 капсуладан жолға шығардың алдында жарты сағат бұрын. Қажет болғанда 6 сағаттан кейін 1 капсуладан ең жоғары ұсынылатын дозаға дейін қабылдайды. Препаратты 3 айдан артық қабылдауға болмайды!

Жылына 2-3 курс жүргізілуі мүмкін.

Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде (Cl креатинин <60 мл/мин) дозаны төмендету керек немесе препарат қабылдау аралығын ұлғайту керек.

Жағымсыз әсерлері

- қозғалыс іркілісі, тітіркенгіштік, ұйқышылдық, депрессия, астения, бас ауыруы, ұйқысыздық, психикалық қозу, тепе теңдік бұзылуы, атаксия, эпилепсия барысының асқынуы, үрейлену, елестеулер, сананың шатасуы, аяқ-қол дірілдеуі, бұлшықет тонусы жоғарылауы

- абдоминальді ауыру, жүрек айнуы, құсу, диарея, ауыз құрғауы

- дене салмағының артуы

- вертиго

-өте жоғары сезімталдық, анафилактикалық реакциялар, ангионевротикалық ісіну, дерматит, қышыну, есекжем, фотосезімталдық.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

-бауырдың және/немесе бүйректің ауыр жеткіліксіздігі

- паркинсонизм

- геморрагиялық инсульт

- жүктілік және лактация

- ажитацияланған депрессия

- 6 жасқа дейінгі балалық жас

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Пирацезинмен® бір уақытта қолданғанда седативті препараттардың, үшциклді антидепрессанттардың, ноотропты және гипотензивті дәрілердің, сондай-ақ этанолдың әсері күшеюі мүмкін.

Вазодилататорлар бір уақытта қолданғанда Пирацезин® әсерін күшейтеді, ал гипертензивті дәрілер оны азайтады.

Егде және қарттық жаста Пирацезин® антиангинальді препараттардың әсерін күшейтеді. Нитроглицеринге қажеттілікті төмендетеді.

Қалқанша без гормондары препараттарымен, пероральді антикоагулянттармен қоса сақтықпен тағайындайды.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты көзішілік қысым жоғарылағанда, Паркинсон ауруы бар, бауыр және бүйрек аурулары бар науқастарға сақтықпен тағайындайды (зертханалық көрсеткіштерге ұдайы бақылау керек).

Пирацезин® әсіресе дәрігер пирацетам мен циннаризинді бір уақытқа тағайындаған жағдайларда қолданған ыңғайлы –екі капсула орнына тек біреуін ғана қабылдайсыз.

Пирацезин® құрамына циннаризин кіретіндіктен, препарат допинг – тест жүргізгенде спортшыларда оң реакция туындатуы мүмкін.

Пирацезин® пирацетаммен монотерапия науқаста ширығу мен ұйқысыздық туындатқан кезде таңдау препараты болып табылады.

Кортикальді миоклониялы науқастарды емдеуде емдеуді күрт тоқтатудан абай болу керек (ұстамалар жаңғыру қаупі).

Жағымсыз әсерлер даму көбіне психикалық бұзылыстары бар емделушілерге тән болатынын ескеру керек. Коронарлық жеткіліксіздіктің асқынуы көбіне ауыр науқастарда туындайды; бұл жағдайларда дозаны төмендету немесе емді тоқтату керек.

Циннаризиннің антигистаминдік белсенділігіне байланысты дәрілік зат Пирацезин®қабылдағаннан кейінгі 4 күн бойына жүргізілетін тері аллергиялық сынамалар нәтижесіне әсер етуі мүмкін.

Дәрілік зат гемостаз бұзылуында, хирургиялық араласуларда, қан кетулерде сақтықпен қолданылады.

Препарат ОЖЖ бәсеңсітетін дәрілер тиімділігін күшейтеді (оның ішінде этанолдың). Емдеу уақытында алкоголь пайдаланудан сақ болу керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқаруда қолдану ұсынылмайды.

Артық дозалануы

Симптомдары: абдоминальді ауыру, қан араласқан диарея, балаларда қозу реакциялары көбірек – ұйқысыздық, тітіркенгіштік, мазасыздық, эйфория, тремор, сирек –шым-шытырық түстер, елестеулер,құрысулар.

Емдеу: құсуды индукциялау, асқазан шаю, симптоматикалық ем, гемодиализ (тиімділігі 50-60 %). Спецификалық у қайтарғысы жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 капсуладан.

6 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Ылғалдан және жарықтан қорғалған жерде, 150С-ден 250С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Минскинтеркапс» УК, Беларусь Республикасы,

220075, Минск қ., а/ж 112, Инженерная к-сі, 26 үй

Тел./факс (+ 37517) 344-18-66

Тіркеу куәлігінің иесі

«Минскинтеркапс» УК, Беларусь Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Рахметова» ЖК, ҚР тел.: +7 777324-23-37, e-mail: al.rakhmetova@yandex.kz

 

Прикрепленные файлы

167250681477977011_ru.doc 71 кб
284712701477978187_kz.doc 64.5 кб
21_03_995_p.pdf 0.31 кб
21_03_995_s.pdf 0.49 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ