Пирантел (250 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Пирантел
Халықаралық патенттелмеген атауы
Пирантел
Дәрілік түрі
Таблеткалар, 250 мг
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 720 мг пирантел эмбонаты (250 мг пирантелге баламалы),
қосымша заттар: картоп крахмалы, повидон, коллоидты кремнийдің қостотығы, этилцеллюлоза, магний стеараты, қызғылт сары хошиістендіргіш.
Сипаттамасы
Апельсиннің дәмі және иісі бар, екі жақ беті тегіс, бөлетін сызығымен, қызғылтсары түсті аздаған теңбілдері бар сұр-жасыл реңді сарғыш-құм түсті, дөңгелек пішінді таблеткалар. Таблеткалар жарықтың әсерінен күңгірттеніп, түсі сарғыш-қоңырға өзгереді
Фармакотерапиялық тобы
Гельминттерге қарсы препараттар. Тетрагидропиримидин туындылары. Пирантел.
АТХ коды Р02С С01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сіңуі
Асқазан-ішек жолында әлсіз сіңіріледі. Дене салмағының әр кг 10 мг бір реттік дозаны қабылдағаннан кейін плазмадағы препараттың концентрациясы 1-ден 3 сағат ішінде 0,05 – 0,13 мкг/мл құрайды.
Таралуы
Препараттың плацента арқылы және ана сүтіне өтуі, сондай-ақ препараттың биологиялық тіндер мен сұйықтықтарда орналасуы туралы деректер жоқ (теориялық түрде препараттың сіңуі өте аз).
Метаболизмі
Асқазан-ішек жолдарынан сіңген препараттың аз мөлшері бауырда ішінара N-метил-1,3-пропандиаминге (0,8-5,6%) дейін метаболизденеді.
Организмнен шығарылуы
Ішу арқылы қабылданған препарат дозасының 50% астамы өзгермеген түрде нәжіспен және 15% кемі несеппен өзгермеген түрде немесе N-метил-1,3-пропандиамин метаболиті түрінде шығарылады.
Фармакодинамикасы
Пирантел ішектің жұмыр құрттарын жұқтырғанда гельминтке қарсы тиімді препарат болып табылады. Олардың жүйке-бұлшықеттік деполяризациялау және холинэcтераза әсерін бөгеу арқылы ішек нематодтарының бұлшықеттеріне әсер етеді. Жылжымайтын паразиттер ішектен перистальтикалық қимылдар әсерінен шығарылады. Гельминттердің жылжуын тудырмайды, тітіркендіруші әсері жоқ. Паразиттердің жетілген түрлеріне, сондай-ақ дамуының ерте сатыларындағыларға әсер етеді және балаңқұрттарға олар тіндерге көшірулеріне әсер етпейді. Препаратты ең алдымен острицаларды (Enterobius vermicularis) және аскаридаларды (Ascaris lumbricoides) жұқтырғанда қолданылады.
Анкилостома жұқтырылғанда қолдануға болады; некаторозды емдеуге қарағанда анкилостомидозды емдегенде тиімді әсер етеді.
Қолданылуы
- энтеробиозда
- аскаридозда
- анкилостомозда
- некаторозда
Қолдану тәсілі және дозалары
Препаратты тамақтану кезінде немесе одан кейін сумен ішеді.
Таблетканы жұту алдында оны мұқият шайнау немесе үгіту керек.
Ascaris lumbricoides, Enterobius vermicularis, Ancylostoma duodenale және Necator americanus тудырған ауруларда пациенттің жасы және дене салмағына байланысты мынадай дозалар ұсынылады:
Пациенттің жасы |
250 мг таблеткалар |
мг |
6-дан 12 жасқа дейін |
2 |
500 |
дене салмағы 75 кг аспайтын 12 жастан асқандар және ересектер |
3 |
750 |
дене салмағы 75 кг асатын ересектер |
4 |
1000 |
Аскаридоз және энтеробиозда (сондай-ақ осы аурулардың бірігуінде) жалпы емдік дозаны (дене салмағының әр кг 10 мг) бір рет тағайындайды.
Анкилостомидозада тәуліктік дозаны (дене салмағының әр кг тәулігіне 10 мг) 3 күн бойы күніне 1 рет қабылдайды. Некатороздың ауыр түрлерінде (Necator americanus массивті инвазиялары) дене салмағының әр кг тәулігіне 20 мг күніне 1 рет 2 күн бойы немесе тәулігіне 10 мг/кг 3 күн бойы тағайындайды.
Жағымсыз әсерлері
Жағымсыз әсерлер емдеу аяқталғаннан кейін басылады.
Сирек (>1/10 000 <1/1 000 дейін)
- жүрек айнуы, құсу, асқазанның ауыруы және түйілуі, тәбеттің бұзылуы, диарея, аминотрансферазалар белсенділігінің өтпелі артуы
- бас ауыруы, бас айналуы, ұйқышылдық, ұйқысыздық, әлсіздік
- тері бөртпесі
Жиілігі белгісіз
-
үлкен дәретке отырғысы келу
-
елестеулер, сананың шатасуы, парестезиялар, естудің бұзылуы
-
қызба.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- пирантелге немесе қосымша заттарға жоғары сезімталдық
- бір мезгілде пиперазинді қабылдау
- миастения (емдеу кезеңінде).
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Бір мезгілде пиперазинмен бірге қабылдауға болмайды. Біріктіріп қолдану антагонистік әсер етеді.
Пирантел плазмадағы теофиллин концентрациясын жоғарылатуы мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Пирантелді сақтықпен қабылдау керек – ерекше дәрігерлік бақылау мынадай пациенттерге қажет:
-
бауыр жеткіліксіздігі бар, өйткені препарат емдеу үдерісінде AспAT концентрациясын жоғарлатуы мүмкін.
-
жеткіліксіз тамақтанатын немесе анемиясы бар.
Назар аударыңыз
-
Энтеробиозды емдегенде бірге тұратын адамдардың барлығы бір мезгілде емделулері тиіс.
-
Гигиена ережелерін мұқият қадағалау керек.
-
Пирантел препаратымен емдеу аяқталғаннан кейін, қабылдаған сәттен 14 күннен кейін паразитологиялық бақылау зерттеуін жүргізу керек.
Жүктілік және лактация кезеңі
Пирантелді жүктілік кезінде қолданудың қауіпсіздігіне бақыланатын зерттеулер жүргізілген жоқ, сондықтан препаратты бұл кезеңде анаға деген пайдасы ұрыққа төнетін ықтимал қауіптен асып түскен жағдайда ғана, қолдануға болады.
Әйелдерге лактация кезінде тағайындауға болмайды. Егер пирантелмен емделу аса қажет болса, бала емізуді тоқтату қажет.
Көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Жекелеген жағдайларда бас айналуы байқалуы мүмкін, сондықтан көлік құралдарын жүргізгенде және механикалық жабдықтарын басқарғанда сақ болған жөн.
Артық дозалануы
Симптомдары: көрудің бұзылуы, бағдарсыздық, бас айналуы, жатқан немесе отырған қалыптан тұрғанда естен тану немесе бас айналуы, қатты тершеңдік, бұрын байқалмаған шаршағыштық немесе әлсіздік сезімі, жүректің тұрақты соқпауы; құрысу, діріл және бұлшықеттер әлсіздігі; жүдеу сезімі, асфиксия (тұншығу, естен тану).
Емі: симптоматикалық және демеуші (асқазанды ертерек шаю, тыныс жолдары өткізгіштігі мен тыныс алуды қолдау, қан қысымын демеу). Арнайы у қайтарғысы жоқ.
Шығарылу түрі
3 таблеткадан алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамада.
1 қаптамадан мемлекеттік және орыс тіліндегі қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл
Препаратты жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші ұйымның атауы мен елі
«Польфарма» АҚ фармацевтикалық зауыты
Пельплиньска к-сі 19, 83-200 Старогард Гданьски, Польша
Тіркеу куәлігінің иесі
«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы
Қаптаушы ұйымның атауы мен елі
«Польфарма» АҚ фармацевтикалық зауыты, Польша
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Химфарм» АҚ, Шымкент қ., Қазақстан Республикасы,
Рашидов к-сі, 81
Телефон нөмірі 7252 (561342)
Факс нөмірі 7252 (561342)
Электронды поштасы infomed@santo.kz