Пиона настойка
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Таушымылдық тұндырмасы
Халықаралық патенттелмеген атауыЖоқ
Дәрілік түрі, дозасыТұндырма
Фармакотерапиялық тобы
Жүйке жүйесі. Психолептиктер. Ұйықтататын және седативті дәрілер. Ұйықтататын және седативті басқа препараттар.
АТХ коды N05CM
Қолданылуы
Ұйқының бұзылуы, жүйке қозғыштығының жоғарылауы, вегетативті-тамырлы бұзылулар үшін седатив ретінде қолданылады. Іріңді жараларды, жараларды, жарықтарды, эрозияларды емдеу үшін антисептикалық, микробқа қарсы және қабынуға қарсы агент ретінде қолданылады.
Қолдану басталғанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- әсер етуші затқа немесе қосымша затқа аса жоғары сезімталдық
- алкоголизмнен, эпилепсиядан зардап шегетін адамдарға, балаларға, жүкті және бала емізетін әйелдерге, бауыр ауруларымен ауыратын науқастарға
- асқазанның қышқылдығының жоғарылауы
- бүйрек жеткіліксіздігі
- төмен қан қысымы
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Таушымылдық тұндырмасы орталық жүйке жүйесін сергітетін дәрілердің әсерін әлсіретуге көмектеседі, ұйықтайтын таблеткалардың, седативтердің, антиспазмодиктердің әсерін күшейтеді
Арнайы ескертулер
Аллергиялық реакциялардың дамуымен қолдануды тоқтату керек.
Препараттың құрамына этил спирті кіретіндіктен, тұндырманы ұзақ уақыт ішуге болмайды.
Педиатрияда қолдану
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдануға болмайды.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүктілік немесе лактация кезінде қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты сақтықпен қолдану керек, өйткені препаратта этил спирті бар.
Қолдану бойынша ұсынымдар
Дозалау режимі
Ішке 30-40 тамшыдан немесе 1 шай қасықтан күніне 3 рет.
Енгізу әдісі мен жолы
Сыртқа, ішке
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсы 30 күн.
Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар
Анықталмаған
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар
Егер Сізде препаратты қабылдау туралы қосымша сұрақтарыңыз болса, емдеуші дәрігерге қаралыңыз.
ДП стандартты қолдану кезінде пайда болатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Белгісіз (бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес):
- аллергиялық реакциялар- әлсіздену, ұйқышылдық
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
Бір құтының құрамында
белсендi заттар: 2.5 г, 5 г иілгіш таушымылдық шөбі
2.5 г, 5 г иілгіш таушымылдық тамырсабағы мен тамыры
қосымша зат: 40 % этанол 50 мл-ге дейін, 100 мл-ге дейін.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ашық қоңыр түсті, ащы тұтқыр дәмді, өзіне тән иісі бар мөлдір сұйықтық. Тұнба түзілуіне жол беріледі.
Шығарылу түрі және қаптамасы50 мл немесе 100 мл шыны массадан жасалған, полимер тығындармен, пластмасса қақпақтармен немесе алюминий қалпақшалармен тығындалған құтыда.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші туралы мәліметтер
«ДАУЛЕТ-ФАРМ» ЖШС, Қазақстан Республикасы,
Алматы қ., Василий Бартольд к-сі, 157К
Тел: 8 (727) 383-95-08
Факс: 8 (727) 383-95-08
Электронды пошта мекенжайы: daulet-farm@mail.ru
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«ДАУЛЕТ-ФАРМ» ЖШС, Қазақстан Республикасы,
Алматы қ., Василий Бартольд к-сі, 157К
Тел: 8 (727) 383-95-08
Факс: 8 (727) 383-95-08
Электронды пошта мекенжайы: daulet-farm@mail.ru
Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасы жөнінде шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың қауіпсіздігін тіркеуден кейінгі бақылауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта):
«ДАУЛЕТ-ФАРМ» ЖШС, Қазақстан Республикасы,
Алматы қ., Василий Бартольд к-сі, 157К
Тел: 8 (727) 383-95-08
Факс: 8 (727) 383-95-08
Электронды пошта мекенжайы: daulet-farm@mail.ru