Пиона настойка

МНН: Пиона уклоняющегося корневища и корни
Производитель: ТК Фарм Актобе ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие снотворные и седативные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№025321
Информация о регистрации в РК: 08.11.2021 - 08.11.2026

Инструкция

Саудалық атауы

Таушымылдық тұндырмасы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі, дозасы

Тұндырма

Фармакотерапиялық тобы

Жүйке жүйесі. Психолептиктер. Ұйықтататын және тыныштандыратын дәрілер. Ұйықтататын және тыныштандыратын басқа препараттар.

АТХ коды N05СМ

Қолданылуы

  • - ұйқысыздықта

  • - шығу тегі әр түрлі вегетативті-қантамырлық бұзылуларда

  • - жоғары жүйке қозғыштығында

  • Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

    Қолдануға болмайтын жағдайлар

    • әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

    • бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі

    • жүктілік және лактация кезеңі

    • 18 жасқа дейінгі балалармен жасөспірім жастағылар

    Сақтықпен бүйрек аурулары, маскүнемдік, бассүйек-ми жарақаты, ми аурулары кезінде

  • Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

  • Егер препарат көзге түссе, мол сумен жақсылап шайыңыз.

  • Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

  • Препарат ұйықтататын, тыныштандыратын, жүрек дәрілерінің, спазмолитиктердің әсерін күшейтеді; ОЖЖ көтермелейтін дәрілік заттардың әсерін азайтады.

    Арнайы ескертулер

    Бұлыңғырлануы мен ерітіндіде шөгіндінің болуы оның тиімділігіне әсер етпейді.

    Қолданар алдында құтыны жақсылап шайқау керек.

    Педиатрияда қолдану

    Препаратты 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдануға болмайды.

    Жүктілік немесе лактация кезінде

    Қолдануға болмайды.

    Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

    Емдеу кезінде автокөлікті және жоғары зейін шоғырландыру мен психомоторлық реакциялар жылдамдығын қажет ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерін басқару кезінде сақ болу қажет.

    Қолдану жөніндегі нұсқаулар

    Дозалау режимі

    Ішке 30-40 тамшыдан немесе 1 шай қасықтан күніне 3 рет.

    Емдеу ұзақтығы

    Емдеу курсы 25-30 күн.

    Артық дозаланғанда қолданылатын шаралар

  • Байқалған жоқ

  • Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар

  • Жағымсыз әсерлер пайда болған жағдайда: препаратты қабылдауды тоқтатып Сіздің емдеуші дәрігермен кеңескен жөн.

  • ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

    Белгісіз

  • - аллергиялық реакциялар: терінің бөртуі, қышыну

  • Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыныз

  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

  • http://www.ndda.kz

    Қосымша мәліметтерДәрілік препараттың құрамы

    1 л препараттың құрамында

    белсенді зат: 100.0 г иілгіш таушымылдық тамырсабағы мен тамыры

    қосымша зат: 1л-ге дейін 40 % этил спирті

    Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

    Ашық сарыдан қызыл-қоңыр түске дейінгі мөлдір, өзіне тән иісі бар сұйықтық. Сақтау үдерісінде шөгінді отыруына жол беріледі.

    Шығарылу түрі және қаптамасы

    25 мл-ден полиэтилен тығынмен тығындалған және бұрандалы полиэтиленді қақпағы немесе полиэтиленді қақпағы бар, бұрандалы мойны бар шыныдан жасалған құтыда.

    Құтыларға өзі желімделетін заттаңбалар немесе заттаңбалық немесе жазу қағазынан жасалған заттаңбалар жапсырылады.

    Құтылар саны сәйкесінше медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге орауыш қағаздан жасалған бумаға немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе жылу ұстайтын полиэтилен үлбірге немесе гофрланған картоннан жасалған жәшіктерге салынады.

    Сақтау мерзімі

    2 жыл

    Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

    Сақтау шарттары

    Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

    Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

    Дәріханалардан босатылу шарттары

    Рецептісіз

    Өндіруші туралы мәліметтер

    «ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, ҚР, Ақтөбе обл., Ақтөбе қ-сы, Астана ауд., Шестихатка а., Шестихатка т.а., № 467 ғимарат, тел.: 8 (7132) 21 72 15.

    Электронды пошта: dir-tkpharm@mail.ru

    Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

    «ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, ҚР, Ақтөбе обл., Ақтөбе қ-сы, Астана ауд., Шестихатка а., Шестихатка т.а., № 467 ғимарат, тел.: 8 (7132) 21 72 15.

    Электронды пошта: dir-tkpharm@mail.ru

    Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта)

    «ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, ҚР, Ақтөбе обл., Ақтөбе қ-сы, Астана ауд., Шестихатка а., Шестихатка т.а., № 467 ғимарат, тел.: 8 (7132) 21 72 15.

    Электронды пошта:dir-tkpharm@mail.ru

    Прикрепленные файлы

    ИМП_(ЛВ)_Пиона_настойка_каз.docx 0.04 кб
    ИМП_(ЛВ)_Пиона_настойка_русс._.docx 0.04 кб

    Отправить прикрепленные файлы на почту

    Источники

    Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники