Пиолизин (мазь)

МНН: Пиолизин+цинка оксид+салициловая кислота
Производитель: Зерумверк Бернбург АГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты, способствующие нормальному рубцеванию
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№024560

Инструкция

Саудалық атауы

Пиолизин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі, дозалануы

Сыртқа қолдануға арналған жақпамай

Фармакотерапиялық тобы

Дерматология. Жарақаттар мен ойық жараларды емдеуге арналған препараттар. Жарақаттарды жазатын препараттар. Жарақаттарды жазатын басқа препараттар.

АТХ коды D03AX

Қолданылуы

Жарақаттардың жазылуын эмпирикалық емдеу үшін. Беткейлік жарақаттар кезінде, мысалы, аяқтың ойық жараларын емдеуге қосымша ретінде қолданылады.

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- 12 жасқа дейінгі балалар

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Жақпамайды окклюзиялық қолдану жөнінде деректердің болмауына байланысты таңғыш материалдармен (мысалы, гидроколлоиды бар таңғыштар) біріктірілімнен аулақ болған жөн.

Жақпамай көзге қолдану үшін арналмаған.

Пиолизин жақпамайы мен мүшеқаптарды бірге пайдалану жыртылуға төзімділікті төмендетіп, осылайша, мүшеқаптардың қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Салицил қышқылы басқа сыртқы белсенді заттардың сіңірілуін арттыруы мүмкін, ал мырыш тотығы бұл қасиетін төмендетеді.

Арнайы ескертулер

Жақпамай 12 жасқа дейінгі балаларда пайдаланылмауы тиіс, себебі бұл жастағылар үшін деректер жеткілікті мөлшерде алынған жоқ.

Жүктілік және лактация кезеңінде

Жақпамайды жүктілерде қолдану туралы деректер жеткілікті мөлшерде алынбаған, қауіпсіздік мақсатында жақпамайды жүктілік кезеңінде қолданудан аулақ болған жөн.

Жақпамай кеуде аумағына пайдалану үшін арналмаған.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын басқару немесе қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне ешқандай әсер етпейді.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Беткейлік жарақаттарды емдеу кезінде жақпамай күнделікті 2-ден 3 ретке дейін жұқа қабатпен жағылады.

Аяқтың ойық жараларын емдеу кезінде жақпамай күніне бір рет жұқа қабатпен жағылады

Дегенмен, егер жағдай нашарласа немесе бір аптадан кейін жақсару байқалмаса, дәрігерге қаралу қажет.

Енгізу әдісі және жолы

Жарақаттарды жазу және емдеу үшін жұқа қабатпен жағылады, жақпамай сыртқа қолдануға арналған.

Емдеу ұзақтығы

Жақпамайды 3 аптадан артық қолданбаған жөн.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажеті шаралар

Анықталмаған

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алғанда қажетті шаралар

қолданылмайды

Тоқтату симптомдарының болу қаупіне нұсқау

қолданылмайды

Дәрілік препаратты қабылдаудан бұрын дәрігерге немесе фармацевтке қаралыңыз

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар

Өте сирек

- жанаспалы аллергия байқалады

Жағымсыз реакциялар туралы хабарлау

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

1.0 г жақпамайдың құрамында

белсенді заттар: микроорганизмдердің сорпа өсірінділері құнарлы ортасының фильтраты (Escherichia Coli, Pseudomonas aeruginosa, Streptococcus pyogenes, Enterococcus faecalis, Staphylococcus aureus), фенолдың консервтелген ерітіндісі 0,45% (Пиолизин фильтратының өсінділері **) 248.9 мг, мырыш тотығы 69.0 мг, салицил қышқылы 5.0 мг

қосымша заттар: фенол (1,1 мг микроорганизмдер өсіріндісінің қоспасы үшін консервант ретінде), ақ вазелин, сұйық парафин, қатты парафин, октадецилстеарат, глицерин моноолеаты, тазартылған су

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар, ақ немесе ақ дерлік түсті біртекті жақпамай.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 г препараттан пластмассалық бұралатын қалпақшамен тығындалған ішкі жабыны лакталған алюминий сықпаға салынады.

1 сықпадан медициналық қолданылуы жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Ашқаннан кейінгі қолдану кезеңі 6 ай.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

30° С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәлімет

Зерумверк Бернбург АГ, Бернбург, Германия

+49(0)34718600

info@serumwerk.de

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Зерумверк Бернбург АГ, 06406 Бернбург, Германия

+49(0)34718600

info@serumwerk.de

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

Қазақстан Республикасы Алматы қаласындағы «Х.Аббе Фарма ГмбХ»

(H.Abbe Pharma GmbH) компаниясының өкілдігі.

050002, Алматы қ., Жібек Жолы к-сі 64/47, 618А-кеңсе.

тел. 8(727)2738640 / 8(727)2738436,

электронды пошта: info@abbe-pharma.kz

Прикрепленные файлы

Инструкция__Пиолизин,_мазь___тех_ошибка_07-10-2020_рус.docx 0.04 кб
Пиолизин,_ЛВ_мазь_тех_ошибка_2020__каз.docx 0.04 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту