Пиносол® (спрей назальный, 10 мл)

МНН: Витамин E, Мяты перечной масло, Сосны обыкновенной хвои масло, Тимолол, Эвкалипта прутовидного листьев масло
Производитель: Фармак ПАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Комбинированные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020272
Информация о регистрации в РК: 01.11.2018 - 01.11.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Пиносол®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Мұрын спрейі, 10 мл

Құрамы

1 мл препараттың құрамында

белсенді заттар: тау қарағай майы 35.0 мг, жалбыз майы 10.0 мг, эвкалипт майы 5.0 мг, тимол 0.3 мг, α- токоферол ацетаты 15.0 мг.

қосымша заттар: 1.0 мл-ге дейін тізбекті ұзындығы орташа триглицеридтер бар

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз немесе сәл сарғыштау, өзіне тән иісі бар майлы сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Мұрын препараттары. Жергілікті қолдануға арналған антиконгестанттар және басқа да мұрын препараттары. Біріктірілген препараттар

АТХ коды R01А Х30

Фармакологиялық қасиеттері

Пиносол® қабынуға қарсы және ісінуге қарсы әсер береді, жергілікті экссудативті реакциялар симптомдарын басады, тыныс алу жолдары шырышты қабықтары сөлінісінің тұтқырлығын азайтады. Препарат грамоң және грамтеріс бактериялардың кейбір штаммдарына қатысты антибактериялық белсенділігін байқатады, сондай-ақ ашытқы және өңезденген зеңдерге қатысты зеңге қарсы әсері бар.

Қолданылуы

- шығу тегі аллергиялық емес жедел және созылмалы риниттерде

- ринофарингиттерде

- мұрын және мұрын-жұтқыншақ шырышты қабығының жұқпалы-қабыну ауруларында

- ларинготрахеиттерде

Қолдану тәсілі және дозалары

Мұрынға қолдануға арналған.

Қолданар алдында сорғы-дозатордың қорғаныш қақпағын ашу керек, саусақпен жеңіл баса отырып, 2 сынама бүрку жасаңыз (мұрын жолдарына емес), содан соң препаратты әрбір мұрын қуысына бүркіңіз. Пайдаланудан кейін сорғы-дозаторды қорғаныш қақпағымен жауып қою керек.

Ересектерге және 12 жастан асқан балаларға ұсынылатын Пиносол® дозасы: қабыну процесінің айқындылығына байланысты әрбір мұрын жолына бір бүркуден тәулігіне 3-6 рет.

Емдеу ұзақтығын аурудың сипаты және динамикасына байланысты емдеуші дәрігер белгілейді.

Жағымсыз әсерлері

Cирек:

- қышыну

- мұрын қуысын ашытып күйдіру

- мұрын қуысы шырышты қабығының ісінуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- дәрілік препараттың компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- аллергиялық ринит

- 12 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Белгісіз

Айрықша нұсқаулар

Пиносол® препаратын қолданар алдында оны мұрынға бір рет бүркіп, емделушінің препаратқа жекелей реакциясын тексеріп көру қажет, аллергиялық реакция туындаған жағдайда препаратты тоқтатқан жөн.

Ауыр дәрежелі бауыр аурулары бар емделушілерге сақтықпен тағайындайды.

Препаратты көзге тигізіп алмау керек!

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және лактация кезеңінде препаратты емдік дозаларда қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 мл препараттан бүріккіші бар сорғы-дозатормен жабдықталған, қоңыр шыныдан жасалған құтыға салынған.

Құтыға өздігінен желімделетін заттаңба жапсырылады.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 8°С-ден 25°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Құтыны ашқаннан кейін 28 күннен артық сақтауға болмайды.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші/Қаптаушы:

Фармак ЖАҚ, Украина

Тіркеу куәлігінің иесі

Зентива а.с., Словак Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Санофи-авентис Қазақстан» ЖШС

050013 Алматы қ., Фурманов к-сі, 187Б

телефон: 8-727-244-50-96

факс: 8-727-258-25-96

e-mail: quality.info@sanofi.com

Прикрепленные файлы

105046251477976781_ru.doc 38.5 кб
563473551477977938_kz.doc 49 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники