Пиносол® (капли назальные, 10 мл)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
ПИНОСОЛ®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
10 мл мұрын тамшы дәрісі
Құрамы
10 г ерітіндінің құрамында:
белсенді заттар: 0.3752 г кәдімгі қарағай майы; 0.1000 бұрышты жалбыз майы; 0.0500 г эвкалипт майы; 0.0032 г тимол; 0.0020 гвайазулен;
α-0.1700 г токоферол ацетаты.
қосымша заттар: бутилгидроксианизол, глицеромакрогол 250 триолеаты, өсімдік майы
Сипаттамасы
Өзіне тән ментол– эвкалипт иісі бар көгілдір немесе жасылдау-көгілдір түсті мөлдір сұйықтық. Препараттан майдың иісі шықпауы тиіс.
Фармакотерапиялық тобы
Мұрын препараттары. Жергілікті қолдануға арналған антиконгестанттар және басқа да мұрын препараттары. Біріктірілген препараттар
ATХ коды R01AX30
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Жекелеген препарат құрамдастарының фармакокинетикалық қасиеттері казіргі сәтте зерттелмеген. Өздерінің липидтердегі ерігіштігі нәтижесінде эфир майлары жергілікті қолданудан кейін шырышты қабықтар арқылы сіңеді.
Фармакодинамикасы
Жекелеген белсенді ингредиенттерінің фармакологиялық қасиеттері мен олардың әсер ету механизмдері әзірше зерттелмеген.
Трофиканы жақсарту, эпителизациялаушы және грануляциялау әсеріне ықпал етумен қатар, гиперемия туындату сияқты әсерлері биологиялық белсенділігі есебінен жекелеген белсенді ингредиенттермен жүзеге асады.
Препараттың микробқа қарсы және антисептикалық әсерлері ментол, тимол, кәдімгі қарағай майы және эвкалипт майына байланысты.
Препараттың гиперемияны демеу әсері жергілікті белсенділілігімен түсіндіріледі, соның салдарынан қантамырлар кеңеюін туындататын медиаторлар (мысалы, брадикинин) босап шығады.
Е витамині өзінің әсер етуімен препараттың жараны жазатын және грануляциялау әсерін қамтамасыз етеді.
Қолданылуы
- жедел ринит
- созылмалы атрофиялық ринит
- мұрын шырышты қабығының құрғауымен қатар жүретін, мұрын және мұрын-жұтқыншақтың жедел және созылмалы қабыну ауруларында
- мұрын қуысына жасалған операциядан кейінгі ахуалда – дәрігердің тағайындауы бойынша (стационарлық және амбулаториялық жағдайларда)
- тұмау және суық тию ауруларының алдын алу мен емдеуде.
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектерге: препараттың 2 – 3 тамшысын күніне бірнеше рет екі танауына да тамызу керек, бастапқыда – бір сағат аралықпен, содан соң тамызу арасындағы аралықты ұзартып, әрбір 6 – 8 сағат сайын. Емдеу ұзақтығы 3 – 7 күн. Созылмалы және асқынған ауруларда емдеуді дәрігердің қадағалауымен 10 күнге дейін жалғастыруға болады.
Ингаляция үшін (тек қана ересектерге): 2 мл препаратты 1 литр ыстық суда еріту керек. Ингаляцияны күніне екі рет жасау керек. Емдеу ұзақтығы 3 – 7 күн.
Балаларға: 2 жастан бастап – 1 – 2 тамшыдан күніне 3- 4 рет. Емдеу ұзақтығы 3 – 7 күн.
Жағымсыз әсерлері
Сирек
-
қышыну сезімі
-
шымылдатып ашыту
-
мұрын қуысы шырышты қабығының ісінуі және қызаруы
-
аллергиялық реакциялар
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препаратқа немесе препараттың басқа да кез келген компонентіне жоғары сезімталдық
- аллергиялық ринит
- 2 жастан кіші балаларға қолдануға болмайды
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Үйлесімсіздік жағдайлары белгісіз.
Айрықша нұсқаулар
Препараттың көз шырышты қабықтарымен жанасуын болдырмаған жөн.
Жүктілік және лактация кезеңі
Бұл препарат жүктілік және лактация кезінде қолданылуы мүмкін.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат зейін қою мен реакция жылдамдығына әсер етпейді.
Артық дозалануы
Препаратты топикалық қолданған кезде артық дозалануы елеусіз. Препаратты кездейсоқ ішу арқылы қабылдаған жағдайда симптоматикалық ем жүргізу.
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 мл препараттан қорғаныш қалпақшасы бар және алғашқы ашылуы бақыланатын резеңке тамшылатқышпен жабдықталған, тартылатын полимер қақпақпен тығындалған, күңгірт шыныдан жасалған құтыға құйылған.
Құтыларға өздігінен желімденетін заттаңбалар жапсырылады.
1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада, құрғақ, жарықтан қорғалған жерде сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жарамдылық мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
Санека Фармасьютикалс а.c., Глоговец, Словак Республикасы
Тіркеу куәлігінің иесі
ЗЕНТИВА а.с., Братислава, Словак Республикасы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
050013 Алматы қ., Фурманов к-сі, 187 Б
телефон: 8-727-244-50-96
факс: 8-727-258-25-96
e-mail: quality.info@sanofi.com
Сырапшы