Пимафуцин® (крем, 2%)

МНН: Натамицин
Производитель: Теммлер Италиа С.р.Л.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Natamycin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№012738
Информация о регистрации в РК: 16.08.2019 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Пимафуцин®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Натамицин

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған крем 2%, 30 г

Құрамы

1 г препараттың құрамында

белсенді зат - 20 мг натамицин

қосымша заттар: цетостеарил спирті, натрий лаурилсульфаты, пропиленгликоль, цетил эфирлерінің негізіндегі балауыз, децил олеаты (цетиол), метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, тазартылған су

Сипаттамасы

Ақ немесе сәл сарғыш түсті крем

Фармакотерапиялық тобы

Зеңге қарсы жергілікті қолдануға арналған препараттар.

АТХ коды D01AA02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Натамицин – жергілікті әсер ететін препарат, іс жүзінде зақымданбаған тері арқылы сіңбейді.

Фармакодинамикасы

Зеңге қарсы фунгицидті әсер ететін полиенді антибиотик.

Натамицин жасуша жарғақшаларының стеролдарымен байланысып, олардың тұтастығын және функциясын бұзады, бұл микроорганизмдердің өліміне әкеп соғады. Натамицинге көптеген патогенді ашытқы зеңдері, әсіресе Candida spp. сезімтал. Дерматофиттер сезімталдығы кемдеу. Клиникалық тәжірибеде ашытқы зеңдері арасында натамицинге төзімділік кездеспейді.

Қолданылуы

- тері мен шырыштардың сезімтал ашытқы, ашытқы тәрізді зеңдер және дерматофиттерден болған жұқпаларында, оның ішінде баланопоститте, отомикозда

Қолдану тәсілі және дозалары

Тері мен шырышты қабаттардың кандидоздарында кремді бір немесе бірнеше рет, әдетте тәулігіне 4 ретке дейін жағады.

Сыртқы есту жолының кандидозды микозында зақымданған жеріне кремді бір немесе бірнеше рет, әдетте тәулігіне 4 ретке дейін жағады.

Препаратты қолданар алдында құлақты тазартады. Препаратты қолданғаннан кейін есту жолына табиғи материалдан (мақта, жүннен) жасалған турунда салады.

Крем түріндегі Пимафуцинді® жұптасының жыныс мүшесінің кандидозды зақымдануын емдеу үшін пайдаланады.

Баланопоститте кремді терінің зақымданған жеріне бір немесе бірнеше рет, әдетте тәулігіне 4 ретке дейін жағады.

Емдеу курсының ұзақтығын дәрігер әр адамға жекелей белгілейді. Ауру симптомдары жоғалғаннан кейін емді тағы бес күнге жалғастыру керек.

Жағымсыз әсерлері

- жеңіл тітіркену, күйдіру сезімі (қолданған жерде)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Дәрілік өзара әрекеттесулері сипатталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Педиатрияда қолданылуы

Жаңа туған кезінен бастап Пимафуцинді® балаларға тағайындауға болады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Пимафуцин® лактация және жүктілік кезеңінде де қолданылуы мүмкін.

Дәрілік заттардың автомобиль немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Пимафуцин® препаратының артық дозалану жағдайлары туралы қазіргі кезде хабарланбаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 г препараттан бұралатын қақпағы бар алюминий сықпаға салынған.

1 сықпадан медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

15 оС-ден 25оС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Теммлер Италиа С.р.Л.»,

Виа деле Индустри 2, 20061 Каругате (МИ), Италия

Тіркеу куәлігінің иесі

«Астеллас Фарма Юроп Б.В.», Нидерланды

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Астеллас Фарма Юроп Б.В» компаниясының ҚР өкілдігі

Алматы қ., Әл-Фараби д-лы 15, «Нұрлы тау» ПФО, 4В ғимараты, 20 кеңсе тел.: +7 (727) 311-13-90, факс: +7 (727) 311-13-89

e-mail: astellas@com.ru

Прикрепленные файлы

382131631477976791_ru.doc 40.5 кб
271494271477977955_kz.doc 60 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники