Пиковит® форте

МНН: Аскорбиновая кислота, Витамин E, Кальция пантотенат, Колекальциферол, Никотинамид, Пиридоксин, Ретинол, Рибофлавин, Тиамин, Фолиевая кислота, Цианокобаламин
Производитель: КРКА, д.д., Ново Место
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Поливитамины
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015869
Информация о регистрации в РК: 27.01.2021 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Пиковит® форте

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Пастилкалар

Фармакотерапиялық тобы

Ас қорыту жолы және зат алмасу. Дәрумендер. Полидәрумендер.

АТХ коды А11ВА

Қолданылуы

- мектеп жасындағы балалардың зейін қою қабілетінің төмендеуінде және олар қатты шаршағанда

- физикалық күш түскенде (сондай-ақ спортпен шұғылдануда)

- толыққанды емес және теңестірілмеген тамақтануда

- антибиотиктермен емделуде

- тәбеттің төмендеуінде

- диеталық дәрумендік қоспа ретінде

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші заттарға немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдылық

- А және D гипервитаминозы

- 7 жасқа дейінгі балаларға

- фенилкетонурия

- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Қант диабеті

Бір пастилканың құрамында 0,84 г малтитол бар екендігін есте сақтау керек. Малтитол метаболизмі үшін инсулин қажет, бірақ баяу гидролизіне және асқазан-ішек жолында баяу сіңуіне байланысты инсулинге қажеттілік аз. Бір пастилканың энергетикалық құндылығы шамамен 10 кДж (2,4 ккал) құрайды.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

С дәрумені сульфаниламид тобының микробқа қарсы дәрілерінің әсері мен жағымсыз әсерлерін (соның ішінде несепте кристалдардың пайда болуын) күшейтеді.

Пиридоксин леводопаның паркинсонға қарсы әсерін төмендетеді. Пеницилламинді ұзақ уақыт қолданғанда пиридоксин тапшылығы дамуы мүмкін. Пиковит® форте және колхицинді немесе бигуанидтерді бір мезгілге қолданғанда цианокобаламин сіңуінің тһмендеуі байқалады. Цианокобаламинді қан ұюын арттыратын препараттармен біріктіруге болмайды. Құрысуға қарсы препараттармен (фенобарбиталмен, фенитоинмен, карбамазепинмен) ұзақ уақыт емдегенде Пиковит® форте қолдану аясында препарат құрамына кіретін тиамин тапшылығына әкелуі мүмкін. Алкоголь тиаминнің сіңуін күрт төмендетеді.

Кейбір дәрілік препараттармен (мысалы, тетрациклиндер, фторхинолондар, холестирамин) бір мезгілде қолдану кальций иондарының өзара әрекеттесуіне әкелуі мүмкін.

Арнайы ескертулер

Педиатрияда қолданылуы

Балаларға ұсынылған дозаларды арттырмаған жөн.

Жоғары дозаларды ұзақ уақыт қолдану А және D гипервитаминозын туындатуы мүмкін, бірақ артық дозалану ықтималдығы аз.

Басқа дәрумендік немесе минералдық препараттармен бір мезгілде қолдану қажет болған жағдайда, дәрігермен кеңесу керек.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүкті және емшек емізетін әйелдер препаратты дәрігердің ұсынысымен қолдануына болады.

Қосымша заттар туралы ақпарат

Пиковит® форте құрамында малтитол (Е965) және сұйық малтитол бар. Бұл препаратты тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы бар адамдарға қолдануға қарсы көрсетілген.

Пиковит® форте құрамында фенилаланиннің көзі болып табылатын аспартам (Е951) бар, сондықтан препарат фенилкетонуриясы бар пациенттерге қарсы көрсетілген.

Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Пиковит® форте пастилкасын толық ерігенше ауызда ұстау керек.

7 жастан асқан балаларға күніне бір рет тамақтан кейін 1 пастилкадан қабылдау керек.

Емдеу ұзақтығы

Орташа емдеу ұзақтығы 1 айды құрайды. Тәбетті жақсарту үшін пастилкаларды 2 ай бойы қабылдау керек.

Артық дозаланған жағдайда қолданылуы қажет шаралар

Жоғары дозаларды ұзақ қолдану (1 айдан астам) А және D3 гипервитаминозын туындатуы мүмкін, бірақ препараттың артық дозалану ықтималдығы төмен болып табылады.

Маннитол және малтитол тәттілендіргіштері асқорыту жолында нашар сіңіріледі. Едәуір жоғары дозаларды олар диареяны және ішектің кебуін туындатады. Іш жүргізетін әсері 60 г астам малтитолды (Пиковит® форте 75 пастилкалары) немесе 10 г астам маннитолды (Пиковит® форте 77 пастилкасы) күнделікті қолданғанда пайда болады.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

Өте сирек (<10000)

- асқазан-ішек бұзылыстары (метеоризм және диарея)

- аса жоғары сезімталдық реакциялары (бөртпе, қышыну)

Белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес)

- анафилаксиялық реакциялар

Аса жоғары сезімталдық реакциялары пайда болғанда препаратты қабылдауды тоқтатып, дәрігерге қаралу керек. Анафилаксиялық реакция дамыған кезде шұғыл медициналық көмекке дереу жүгіну керек.

Күтілген дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігін және осындай хабарламаны нұсқайтын алуан түрлі жолдарын қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

Бір пастилканың құрамында

белсенді заттар:

ретинол (А дәрумені)

(А дәрумені концентраты мөлшеріне сәйкес (синтетикалық майлы түрі) 1,7 млн ХБ/г)

5000 ХБ

2,94 мг

холекальциферол (D3 дәрумені)

(холекальциферол концентраты мөлшеріне сәйкес (майлы түрі) 1 млн ХБ/г)

400 ХБ

0,40 мг

аскорбин қышқылы (С дәрумені)

60 мг

никотинамид

20 мг

альфа-токоферол (Е дәрумені)

(токоферол ацетаты 50 % түйіршіктеріне сәйкес)

15 мг

30 мг

кальций пантотенаты (В5 дәрумені)

10 мг

пиридоксин гидрохлориді (В6 дәрумені)

2 мг

рибофлавин (В2 дәрумені)

1,7 мг

тиамин нитраты (В1 дәрумені)

1,5 мг

фолий қышқылы

0,4 мг

цианокобаламин (В12 дәрумені)

(маннитолда 0,1 % цианокобаламин

мөлшеріне сәйкес)

6 мкг

6 мг

қосымша заттар: маннитол, аспартам, мандарин хош иістендіргіші, полисорбат 80, глицерин, майсана майы (суықтай сығылған), сұйық малтитол (құрғақ зат), магний стеараты, капол 600 фарма, повидон, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, титанның қостотығы (Е171), бета-каротин (Е 160а), малтитол.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, қызғылт сары түсті қабықпен қапталған пастилкалар.

Шығарылу түрі және қаптамасы

15 пастилкадан поливинилхлоридті/поливинилдихлоридті/ поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25С-ден аспайтын температурада, жарық пен ылғалдан қорғалған жерде сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәліметтер

КРКА, д.д., Ново место,

Шмарьешка цеста 6, 8501 Ново место, Словения

тел.: +386 7 331 21 11

факс: +386 7 332 15 37

info@krka.biz

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

КРКА, д.д., Ново место,

Шмарьешка цеста 6, 8501 Ново место, Словения

тел.: +386 7 331 21 11

факс: +386 7 332 15 37

info@krka.biz

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттардың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«КРКА Қазақстан» ЖШС,

Қазақстан Республикасы,

050059, Алматы қ., Әл-Фараби д-лы 19,

«Нұрлы Тау» БО, 1б корпусы, 207 кеңсе,

тел.: +7 (727) 311 08 09

факс: +7 (727) 311 08 12

info.kz@krka.biz

Прикрепленные файлы

Пиковит_форте_рус.docx 0.03 кб
Пиковит_форте_каз.docx 0.04 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники