Пиковит® (сироп)

Производитель: КРКА, д.д., Ново Место
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Поливитамины
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010615
Информация о регистрации в РК: 26.03.2018 - 26.03.2023

Инструкция

Саудалық атауы

ПИКОВИТ®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

150 мл шәрбат

Құрамы

5 мл шәрбаттың құрамында

белсенді заттар:

ретинол пальмитаты 1.7 млн ХБ/г (А витамині)

900 ХБ

холекальциферол 1 млн ХБ/г (D3 витамині)

100 ХБ

Аскорбин қышқылы (С витамині)

50.000мг

Тиамин гидрохлориді (В1 витамині)

1.000 мг

Рибофлавин натрий фосфаты (В2 витамині)

1.000 мг

Пиридоксин гидрохлориді (В6 витамині)

0.600 мг

Цианокобаламин (В12 витамині)

0.001 мг

Никотинамид (РР витамині)

5.000 мг

Декспантенол (D – пантенол)

2.000 мг

қосымша заттар: агар, трагакант, сахароза, сұйық глюкоза, апельсин майының хош иістендіргіші, грейпфрут хош иістендіргіші, апельсин хош иістендіргіші, полисорбат 80, лимон қышқылының моногидраты, Ponceau 4R (E124) бояғышы, натрий бензоаты, тазартылған су

Сипаттамасы

Қою тұтқыр көзге көрінетін қосылыстары болуы мүмкін ашық-сарыдан қоңыр қызыл сары түске дейінгі жағымды исі және қышқыл дәмі бар сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Витаминдер. Поливитаминдер.

АТХ коды А11BА

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Пиковит® шәрбатына қатысты фармакокинетикалық деректер жоқ. Жекелеген витаминдердің организмдегі қажеттілігі белгілі және әдебиетте жазылған.

Суда еритін витаминдер (В және С тобының витаминдері) организмнің тәуліктік қажеттілігіне сәйкес мөлшерлерде өте жақсы сіңеді. Тіндердің қанығу деңгейінен асатын мөлшерлер несеппен кейде нәжіспен шығарылады. Олар организмде тек шектеулі мөлшерлерінде шығарылады, сондықтан осы витаминдерді тұрақты қабылдау тіндердегі қажетті концентрацияларын ұстап тұру үшін маңызды.

Ішу арқылы қабылдағаннан кейін майда еритін А және D витаминдері майлардың қатысуымен аш ішекте жақсы сіңеді. Майда еритін витаминдердің едәуір жоғары мөлшерлері бауырда жинақталады.

Фармакодинамикасы

Пиковит® шәрбатының құрамында организмдегі көптеген биохимиялық үдерістерді реттеуге қатысатын тоғыз негізгі витамин бар. Витаминдердің организмдегі әсерлері фармакодинамикалық емес, негізінен физиологиялық. Олар тіршілік үшін маңызды қызметті және жақсы психофизикалық жай-күйді ұстап тұруда маңызды рөлге ие.

А витамині әртүрлі заттардың (ақуыздардың, липидтердің, мукополисахаридтердің) синтезіне қатысады және терінің, шырышты қабықтардың, сондай-ақ көру органдарының қалыпты қызметін қамтамасыз етеді.

D3 витамині организмде кальций мен фосфордың тепе-теңдігін ұстап тұруда маңызды рөл ойнайды. Сүйек тінінде ол жеткіліксіз болғанда қальций мөлшері азаяды (остеопороз).

В1витамині жүректің қызметін қалыпты етеді және жүйке жүйесінің қалыпты қызмет етуіне ықпал етеді.

В2 витамині тіндердің, соның ішінде тері жасушаларының регенерация үдерісіне ықпал етеді.

В6 витамині сүйектің, тістің, қызыл иектің құрылымы мен қызметін сақтауға әсер етеді; эритропоэзге ықпал етеді, жүйке жүйесінің қалыпты қызмет етуіне әсер етеді.

В12 витамині эритропоэзге қатысады, жүйке жүйесінің қалыпты қызмет етуіне әсер етеді. В тобының витаминдері организмдегі зат алмасуын реттейтін әртүрлі ферменттердің түзілуіне қатысады.

С витамині бірқатар биологиялық белсенді заттардың тотықтануына, дәнекер тіндердегі алмасуына, көмірсу алмасуының реттелуіне, қан ұйығыштығына және тіндердің регенерациясына қатысады, стероидтық гормондардың түзілуін көтермелейді, қылтамырлар өткізгіштігін қалыпты етеді. С витамині организмнің жұқпаларға төзімділігін жоғарылатады, қабыну реакцияларын төмендетеді.

РР витаминдері және Д-пантенол – ақуыз метаболизміне, май қышқылдары мен холестерин синтезіне, энергияны өндіруге қатысатын және орталық жүйке жүйесінің қалыпты қызмет етуі үшін қажет коферменттер.

Қолданылуы

- витаминдерге қажеттіліктің жоғарылауымен қатар жүретін жай-күйлердің алдын алуға

- мектеп жасындағы балалардың қажуында

- дене және жүйке-психикалық жүктемелері жоғарылағанда

- тәбеттің болмауында және тамақтың тұрақты емес, толыққанды емес немесе біркелкі рационында

- өткерген аурулардан кейінгі сауығу кезеңінде

- организмнің жұқпалы және суық тию ауруларына қарсыластығын арттыру үшін

- химиотерапиялық дәрілерді қолдану кезіндегі кешенді емде

Қолдану тәсілі мен дозалары

Пиковит® шәрбатын ішу арқылы қабылдайды.

1-ден 3 жасқа дейінгі балалар: шәрбатты тәулігіне 2 рет 1 өлшегіш қасықтан (5 мл).

4-тен 6 жасқа дейінгі балалар: шәрбатты тәулігіне 3 рет 1 өлшегіш қасықтан (5 мл).

7-ден 14 жасқа дейінгі балаларға: шәрбатты тәулігіне 3 рет 1 өлшегіш қасықтан (5 мл), ең жоғарғы доза - тәулігіне 4 рет .

Шәрбатты қасықпен беруге немесе шаймен, шырынмен немесе жеміс пюресімен араластыруға болады. Ұсынылған тәуліктік дозадан арттыруға болмайды.

Тәбет болмағанда шәрбатты 1 ай бойы күн сайын беру керек. Қайта қабылдау курсы 1-3 айдан кейін.

Жағымсыз әсерлері

Өте сирек (<1/10000):

- аллергиялық реакциялар

Аллергиялық реакциялар пайда болғанда емдеуді тоқтату және дәрігермен кеңесу қажет.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың белсенді заттарына немесе қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық

- қант диабеті

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Сульфаниламидтермен емдегенде кристаллурияның дамуын болғызбау үшін С витаминін жоғары дозаларда қолданудан аулақ болу керек.

Айрықша нұсқаулар

Жоғары сезімталдық реакциясы пайда болғанда препаратты қабылдауды тоқтату керек.

Басқа витаминдермен және витаминді-минералды препараттармен бір мезгілде қолданғанда дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесу керек.Құрамында рибофлавиннің болуына байланысты несептің сары түске боялуы мүмкін. Бұл әсер қауіпсіз болып табылады.

Пиковит шәрбатын қант диабеті бар емделушілерге қолдану ұсынылмайды, өйткені 5 мл (1 өлшегіш қасық) шәрбаттың құрамында 3 г қант бар.

1 жасқа дейінгі балаларға шәрбатты тек дәрігердің ұсынысымен және дәрігердің қадағалауымен беруге болады.

Кейбір ингредиенттері туралы арнайы ақпарат

Пиковиттің ® құрамында сахароза, глюкоза және азобояғыш Е124 бар.

Фруктозаны көтере алмаушылықтың сирек тұқым қуалайтын формалары, глюкоза/галактоза мальабсорбциясы немесе сахараза-изомальтаза тапшылығы бар емделушілерге бұл препаратты тағайындамау керек.

Азобояғыш Е124 аллергиялық реакциялардың дамуын туғызуы мүмкін.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз әсерлерінің күшеюі.

Емі: белсенділендірілген көмір қабылду, асқазанды шаю; қажет болғанда симптоматикалық ем жүргізеді.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

Бірінші ашылуы бақыланатын бұралып жабылатын полиэтилен қақпағы бар күңгірт шыныдан жасалған шыны құтыларға шәрбат 150 лм-ден құйылған.

Өлшегіш қасығымен және медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулығымен бірге 1 құты картоннан жасалған пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25 ºС-ден аспайтын температурада, жарықтан қорғалған жерде.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

КРКА, д.д. Ново место, Словения

Шмарьешка 6, 8501 Ново место, Словения

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

КРКА, д.д. Ново место, Словения

Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан өнімнің (тауардың) сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

ҚР-дағы «KRKA, tovarna zdravil, d.d., Novo mesto» өкілдігі,

ҚР, 050059, Алматы қ-сы, Әл-Фараби д-лы19, 1б корпус, 2-ші қабат.

тел. 8 (727) 311-08-09

факс 8 (727) 311-08-12

www.krka.si

 

Прикрепленные файлы

098520371477976906_ru.doc 61.5 кб
406922871477978077_kz.doc 66 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники