Пиковит® (пастилки)

Производитель: КРКА, д.д., Ново Место
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Поливитамины с другими минеральными веществами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010866
Информация о регистрации в РК: 13.03.2018 - 13.03.2023

Инструкция

Саудалық атауы

ПИКОВИТ®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Пастилкалар

Құрамы

1 пастилканың құрамында

белсенді заттар:

     

A дәрумені пальмитатының концентраты (синтетикалық майлы түрі) 1.7 млн ХБ/г

-

0,35

мг

холекальциферол концентраты (майлы түрі)

1 млн ХБ /г (Д3 дәрумені)

-

0,08

мг

аскорбин қышқылы (С дәрумені)

-

10,00

мг

тиамин нитраты (В1 дәрумені)

-

0,25

мг

рибофлавин (В2 дәрумені)

-

0,30

мг

пиридоксин гидрохлориді (В6 дәрумені)

-

0,30

мг

0.1 % маннитолдағы цианокобаламин (В12 дәрумені )

(цианкобаламинге баламалы)

-

0,20

(0,20)

мг

мкг

никотинамид (РР дәрумені)

-

3,00

мг

фолий қышқылы

-

0,04

мг

кальций пантотенаты (В5 дәрумені )

-

1,20

мг

сусыз кальций гидрофосфаты

(кальцийге баламалы)

(фосфорға баламалы)

-

43,00

(12,50)

(10,00)

мг

мг

мг

қосымша заттар: лактоза моногидраты, апельсин майы 05073, полисорбат 80, глицерин, майсана майы (суық күйде сығылған), сусыз лимон қышқылы, сорбитол, сұйық глюкоза (құрғақ зат), көбікке қарсы зат 1510, магний стеараты, капол 600 фарма, сұйық парафин, повидон, Ponceau 4R (E124) бояғышы, титанның қостотығы (E171), сахароза

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, қызғылт-қызыл түсті пастилкалар.

Фармакотерапиялық тобы

Дәрумендер. Басқа да минералды заттары бар полидәрумендер.

АТХ коды А11АА03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Композициясының күрделілігінен, және әдетте дәрумендер мен минералдардың тамақтану рационында болуы себепті, Пиковит® пастилкалары құрамындағы дозаларда дәрумендерді зерттеу мүмкін емес.

Суда еритін дәрумендер (В тобының дәрумендері, С дәрумені және биотин) тәуліктік қажеттілікке сай мөлшерде өте жақсы сіңеді. Артық мөлшері несеппен, кей жағдайларда нәжіспен шығарылады. Бұл дәрумендер организмде тек шектеулі мөлшерде ғана сақталады, сондықтан тіндерде олардың талапқа сай концентрациясын ұстап тұру үшін олар организмге ұдайы қабылдануы тиіс.

Пероральді қабылдауға тағайындалған майда еритін А және D дәрумендері майлардың қатысуымен аш ішекте жақсы сіңеді. Е дәруменінің сіңуі салыстырмалы түрде көп (дозаның 25%-дан 85% -ға дейін) болмайды. Үлкен дозаларда қолданғанда бұл дәрумендер бауырда жинақталады, сондықтан олар суда еритін дәрумендерге қарағанда уыттырақ болып келеді.

Кальций иондары аш ішекте белсенді тасымалдану және баяу диффузия жолымен сіңеді. Кальцийдің 45% плазма ақуыздарымен байланысады. Кальцийдің артығы негізінен несеппен және нәжіспен шығарылады. Фосфаттар асқазан-ішек жолынан белсенді тасымалдану нәтижесінде және баяу диффузия жолымен сіңеді; плазмада, жасушадан тыс сұйықтықта, жасушалық жарғақшада, коллагенде және сүйек тіндерінде таралады. Фосфаттардың көбі аш ішекте сіңеді және негізінен несеппен бөлініп шығады.

Фармакодинамикасы

Пиковит® пастилкалары құрамында кальций және фосформен үйлестірілген дәрумендер бар.

Дәрумендер – организмдегі көптеген биохимиялық үдерістерді реттеуге қатысатын, биологиялық жоғары мәнге ие заттар. Организмдегі дәрумендер мен минералдардың әсері негізінен, физиологиялық және ол фармакодинамикалық емес.

В тобының дәрумендері (В1, В2, В6, пантотен қышқылы және никотинамид) көмірсулардың, ақуыздардың және майлардың зат алмасуына қатысады, сондай-ақ жүйке жүйесінің жұмыс істеуіне қатысады.

А дәрумені эпителиалдық жасушалардың дамуы және көру пигментінің синтезі үшін қажет.

D дәрумені кальцийдің алмасуын реттейді және оны қолдану сүйектің талапқа сай өсуіне және тістердің минерализациялануына мүмкіндік береді.

С дәрумені темірдің сіңуіне ықпал етеді және организмдегі көптеген тотығу-тотықсыздану процестеріне қатысады.

Организм үшін минералдардың маңызы зор. Олар дәнекер тіндер құрамына кіреді немесе ферменттер мен гормондардың катализаторлары және компоненттері болып табылады. Кальций мен фосфор сүйек пен тістердің минералдануында негізгі роль атқарады. Кальций иондары көптеген ферменттерді белсендіреді, олар жүрек бұлшықеттерінің тонусын реттеуге және жүйкелік импульстердің берілуіне қатысады, сондай-ақ жасушалық жарғақшалардың өткізгіштігін реттейді.

Қолданылуы

- тәбеттің болмауында

- мектеп жасындағы балалардың шектен тыс шаршап- шалдығуында

- антибиотиктермен емдегенде қосымша ем ретінде

- дәруменді-минералды тағамдық қоспа ретінде

Қолдану тәсілі және дозалары

Балаларға

6-дан 7 жасқа дейін: 4 пастилкадан қабылдау ұсынылады, ең көбі тәулігіне 5 пастилкадан.

7-ден 14 жасқа дейін: 5 пастилкадан қабылдау ұсынылады, ең көбі тәулігіне 7 пастилкадан.

Пиковит® пастилкаларының дәмі жағымды, оларды ауызда толық ерігенше ұстау керек.

Тәбет болмаған жағдайда Пиковит® пастилкаларын 2 ай бойы, қалған жағдайларда – қажетіне қарай қабылдау ұсынылады.

Жағымсыз әсерлері

Өте сирек (<1/10 000)

- өте жоғары сезімталдық реакциялары

Егер аллергиялық реакциялар дамыса, емдеуді тоқтату керек және дәрігерден немесе фармацевттен кеңес алу керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді компоненттеріне және қосымша заттарына жоғары сезімталдық

- А және D гипервитаминозы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Егер аллергиялық реакциялар дамыса препарат тоқтатылуы тиіс.

Бір уақытта басқа дәрумендік, дәруменді-минералды және/немесе минералдық препараттарды қабылдағанда дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіп алу керек. Қант диабетімен ауыратын науқастар Пиковитті® қабылдай алады, бірақ олар тәуліктік доза құрамында 2,4 г –дан 4,2 г дейін қант барын ескеруі тиіс. Әрбір пастилка құрамында 0,6 г қант бар.

Пиковит® пастилкалары 6 жасқа дейінгі балалар үшін ұсынылмайды. Жүктілік және лактация кезеңі

Жүкті әйелдер және бала емізетін аналар дәрігердің ұсынысы бойынша

дәрумендер мен минералдарды қабылдай алады.

Пиковит® пастилкаларындағы дәрумендер мен минералдардың дозасы балаларға арналған.

Кейбір ингредиенттері туралы арнайы ақпараттар Пиковит® пастилкалары құрамында лактоза, сахароза, глюкоза, сорбитол (E420) және азобояғыш Е124 бар.

Сирек кездесетін тұқым қуалайтын фруктоза немесе галактоза көтере алмаушылығы, Лапп лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-изомальтоза мальабсорбциясы бар пациенттерге бұл препаратты қолдану ұсынылмайды.

Азобояғыш Е124 аллергиялық реакциялар туындатуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Өте үлкен дозаларда ұзақ уақыт қолдану артық дозалану қаупі өте аз болса да, А және Д гипердәруменозына алып келуі мүмкін.

Симптомдары: қысқа мерзімдік артық дозалануда фокусталмаған көру, бас ауыруы, қимыл-қозғалыс үйлесімінің дұрыс болмауы, іштің ауыруы, тәбет жойылуы, жүрек айнуы, тері қызаруы пайда болады.

Үлкен дозаларда ұзақ уақыт қабылдау мыналарды: көрудің бұзылуын, созылмалы бас ауыруын, қайталанатын жүрек айнуын, тері жұқаруын, тері қышынуын, еріннің жарылуын, конъюнктивит, буын ауыруын, ауыз қуысы құрғауын, ауызда металл дәмі болуын, шөлді, тәбет жойылуын, жүрек айнуын, салмақ төмендеуін, түйілулерді, диареяны, бағдарсыздықты туындатуы мүмкін.

Емі: препаратты тоқтату

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті/полиэтиленді/поливинилдихлоридті (PVC/PE/PVDC) үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 15 пастилкадан салынған.

2 немесе 4 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25С-ден аспайтын температурада, ылғалдан және жарықтан қорғалған жерде сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

КРКА, д.д. Ново место, Словения

Шмарьешка 6, 8501 Ново место, Словения

Тіркеу куәлігінің иесі

КРКА, д.д., Ново Место, Словения

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«КРКА Қазақстан» ЖШС, ҚР, 050059, Алматы қ-сы, әл-Фараби даңғ. корпус 19, 1 б, 2-ші қабат, 207 кеңсе

тел.: +7 (727) 311 08 09

факс: +7 (727) 311 08 12

info.kz@krka.biz

 

Прикрепленные файлы

826836721477976848_ru.doc 67 кб
793756301477978008_kz.doc 74 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники