Перца стручкового настойка

МНН: Перца стручкового плодов настойка
Производитель: Химфарм АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Капсаицин и подобные
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010956
Информация о регистрации в РК: 01.02.2013 - 01.02.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Бұршаққынды бұрыш тұндырмасы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

50 мл тұндырма

Құрамы

50 мл тұндырманың құрамында

белсенді зат - 5.0 г бұршаққынды бұрыштың жемісі

қосымша зат - 90% этил спирті.

Сипаттамасы

Қызғылтым-сары түсті мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Тірек-қимыл аппараты ауруларын жергілікті емдеуге арналған препараттар.

Бұрыш негізінде жасалған препараттар.

АТХ коды М02АВ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Бұршаққынды бұрыш тұндырмасын сыртқа қолданғанда жүйелі қан ағымына шамалы мөлшерде енеді. Кинетикасы жөніндегі мәліметтер жоқ.

Фармакодинамикасы

Бұршаққынды бұрыш тұндырмасы құрамында жергілікті тітіркендіретін және аулақтатқыш әсерге ие негізгі әсер етуші зат – капсацин бар.

Қолданылуы

- невралгия

- радикулит

- миозит

- люмбоишиалгия

Қолдану тәсiлi және дозалары

Препаратты сыртқа ауыру шоғырланған жерлерге қолданады. Шамамен 5 мл тұндырманы терінің тиісті бөліктеріне тәулігіне 1-2 рет жағады.

Жағымсыз әсерлері

Тұндырма жағылған орында аллергиялық реакциялар, қатты ашыту болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- беткейлік жарақаттар

- аса жоғары сезімталдық

- дерматологиялық аурулар

- балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Препаратты көзге, шырышты қабықтарға, терінің зақымдалған бөліктеріне тигізуге болмайды. Тиген жағдайда – ағынды судың көп мөлшерімен мұқият жуу керек.

Тұндырманы қолданғаннан кейін қолды сабынмен жақсылап жуу қажет.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 мл препараттан бақылау сақинасы бар бұралып кигізілетін немесе импорттық металл қалпақшамен тығындалған, бұрандалы мойны бар немесе импорттық шыны массадан жасалған құтыда.

Әр құтыға заттаңбалық немесе жазу қағазынан жасалған заттаңба жапсырылады.

Құтылар медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге тұтынушылық ыдысқа арналған картоннан немесе сол картоннан аралық төсемі бар гофрланған картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 18 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзiмi өткеннен кейiн қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндiрушi

«Химфарм» АҚ, Қазақстан

Тіркеу куәлігінің иесі

«Химфарм» АҚ, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Химфарм» АҚ, Шымкент қ., ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ,

Рашидов к-сі, н/ж, т/ф: 560882

Телефон нөмірі 7252 (561342)

Факс нөмірі 7252 (561342)

Электронды поштасы standart@santo.kz

Прикрепленные файлы

762862691477976931_ru.doc 46 кб
592264741477978091_kz.doc 44.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники