Персен® ночной

МНН: Валерианы лекарственной корневища с корнями, Мелиссы лекарственной трава, Мяты перечной листья
Производитель: Лек Фармасьютикалс д.д.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие снотворные и седативные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№005945
Информация о регистрации в РК: 30.05.2017 - 30.05.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Персен ночной

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді заттар: 87.501 мг құрғақ шүйгіншөп тамырының сығындысы ((4-7):1), құрғақ бұрыш жалбызы жапырақтарының сығындысы ((3-6):1) 17.502 мг, 17.502 мг құрғақ сермене жапырақтарының сығындысы ((3-6):1)

қосымша заттар: магний тотығы, лактоза моногидраты, тальк, магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, желатин.

Желатинді капсуланың құрамы:

корпусы - желатин, темірдің (III) қызыл тотығы (Е 172), титанның қостотығы (Е 171), темірдің (III) сары тотығы (Е 172)

қақпағы - желатин, темірдің (III) қызыл тотығы (Е 172), титанның қостотығы (Е 171), темірдің (III) сары тотығы (Е 172)

1- құрамында 70 % табиғи сығынды және 30 % басқа толтырғыштар бар 125.00 мг құрғақ сығындыға сәйкес келеді

2- құрамында 70 % табиғи сығынды және 30 % басқа да толтырғыштар бар 25.00 мг құрғақ сығындыға сәйкес келеді

 

Сипаттамасы

Корпусы мен кірпіш-қызыл түсті қақпағы бар, өлшемі 2, қатты желатин капсулалар. Капсуланың ішіндегісі – қоңыр түсті теңбілдері бар ұнтақ немесе нығыздалған ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Ұйықтататын және тыныштандыратын басқа да дәрілер

АТХ коды N05CM

Фармакологиялық қасиеттері

Персен ночной өсімдік текті дәстүрлі дәрілік зат болып табылады. Оның құрамында құрғақ шүйгіншөп тамырының сығындысы, құрғақ бұрыш жалбызы жапырақтарының сығындысы, құрғақ сермене жапырақтарының сығындысының қоспасы бар. Шүйгіншөп тамыры мен сермене жапырақтары тыныштандырғыш қасиеттерге ие екені және сермене жапырақтары мен бұрыш жалбызы жапырақтары жеңіл асқазан-ішек мәселелерінде жағымды әсер көрсететіні дәстүрлі белгілі.

Шүйгіншөп, лимон және бұрыш жалбызы үйлесімінің тиімділігі дәстүрлі қолдануға негізделген. Үйлесімнің тыныштандыратын жеңіл әсері бар және орташа-уақытша жүйке ширығуы (ақыл-ой ширығуы, мазасыздық сезімі, қозу кезінде тәуліктік тыныштандыратын дәрі ретінде) және/немесе ұйықтап кетудегі уақытша қиындықтар кезінде де тағайындалады.

Аталған қолдану аумағы тек көп жылдық тәжірибеге ғана негізделеді.

Қолданылуы

  • ұйқысыздықта

  • шамадан тыс жүйке ширығуында

  • мазасыздықта

  • жоғары қозушылықта

Қолдану тәсілдері мен дозалары

Персен® ночной препаратын тамақтану уақытына байланыссыз, судың аздаған мөлшерімен қабылдау керек.

Ұйқысыздықта Персен® ночной 1 капсуласын ұйықтағанға дейін жарты сағат-бір сағат бұрын қабылдау ұсынылады.

Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға қатты қозу, шамадан тыс жүйке ширығуы кезінде Персен® ночной 1 капсуласын күніне 2 рет қабылдау ұсынылады.

Персен® ночной препаратының емдік әсері біртіндеп байқалады. Ұтымды әсеріне жету үшін Персен® ночной кем дегенде 14 күн қабылдануы керек. Емдеу тоқтатылғаннан кейін тәуелділік симптомдарының немесе абстиненция синдромының дамуы жүрмейді. 14 күн өткеннен кейін емдік әсері байқалмаса немесе симптомдар нашарласа, пациент дәрігерге қаралуы керек.

Жағымсыз әсерлері

  • жүрек айнуы, қыжыл, іштің шаншуы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

  • өт жолдарының қабынуы, өттас ауруы

  • холангит, холецистит

  • 12 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер

  • жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Галактозаны көтере алмайтын сирек туа біткен кінәраттары, лактоза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза сіңуінің бұзылуы бар пациенттер препаратты қабылдамауы керек. Гастроэзофагеальді рефлюксі бар пациенттер препаратты қабылдаудан тартынғандары жөн.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етеді. Емдеу кезінде автокөлікті басқаруға және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істеуге болмайды.

Артық дозалануы

Симптомдары: шаршау, іш аймағының түйілуі, үрейлену, қол дірілдеуі, көз қарашығының үлкеюі. Бұл симптомдар 24 сағат ішінде қайтады.

Емі: симптоматикалық - асқазанды шаю, адсорбенттер қабылдау.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 капсуладан алюминий фольгадан және екі қабатты пластикті АКЛАР® фольгасынан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25оС-ден аспайтын температурада, ылғалдан қорғалған жерде сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Тіркеу куәлігінің иесі

Лек Фармасьютикалс д.д. Веровшкова 57, Любляна, Словения

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын, дәрілік заттың қауіпсіздігін тіркеуден кейінгі қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«Сандоз Фармасьютикалс д.д.» АҚ Қазақстан Республикасындағы өкілдігі, Алматы қ., Луганский к-сі 96

Тел: +7 (727) 2581048  Факс: +7 (727) 2581047

e-mail: kzsdz.drugsafety@sandoz.com

8 800 080 0066 – Қазақстан бойынша тегін қоңырау шалынатын нөмір

 

 

Прикрепленные файлы

951712561477977105_ru.doc 49.5 кб
995221691477978266_kz.doc 28.29 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники