Персен®

МНН: Валерианы лекарственной корневища с корнями, Мелиссы лекарственной трава, Мяты перечной листья
Производитель: Лек Фармасьютикалс д.д.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие снотворные и седативные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№005944
Информация о регистрации в РК: 03.03.2017 - 03.03.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Персен®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетка құрамында

белсенді заттар: 35.001 мг құрғақ шүйгіншөп тамырының

сығындысы (4-7:1)

17.502 мг құрғақ бұрыш жалбызы жапырақтарының

сығындысы ((3-6):1)

17.502 мг құрғақ сермене жапырақтарының

сығындысы ((3-6):1)

қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, жүгері крахмалы, кросповидон, тальк, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты

қабығының құрамы: гипромеллоза, натрий кармеллозасы, повидон, сахароза, коллоидты кремнийдің қостотығы, кальций карбонаты, темірдің қоңыр тотығы (Е 172), титанның қостотығы (Е 171), глицерин, тальк, монтангликоль.

________________________________________________________________________

  • құрамында 70% табиғи сығынды және 30% басқа толтырғыштар бар 50.0 мг құрғақ сығындыға сәйкес келеді

  • құрамында 70% табиғи сығынды және 30% басқа толтырғыштар бар 25.0 мг құрғақ сығындыға сәйкес келеді

Сипаттамасы

Екі беті дөңес дөңгелек пішінді, шоколадты-қоңыр түсті қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Ұйықтататын және тыныштандыратын басқа да дәрілер

АТХ коды N05CM

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикаcы

Ғылыми әдебиетте шүйгіншөп тамыры, сермене жапырақтары және жалбыз жапырақтарының фармакокинетикалық қасиеттеріне қатысты деректер жоқ.

Фармакодинамикасы

Персен® дәстүрлі шөптік дәрілік өнімдер болып табылады. Оның құрамы құрғақ шүйгіншөп тамырының сығындысы, құрғақ бұрыш жалбызы жапырақтарының сығындысы мен құрғақ сермене жапырақтарының сығындысы біріктірілімін қамтиды. Асқазан-ішектің жеңіл дімкәстігінде шүйгіншөп тамыры мен сермене жапырақтарының тыныштандыратын қасиеттері бар екендігі және сермене жапырақтары мен бұрыш жалбызы жапырақтарының жақсы әсер ететіні дәстүрлі түрде белгілі.

Шүйгіншөп, сермене және бұрыш жалбызы үйлесімінің тиімділігін дәстүрлі қолдануға негізделген. Үйлесімнің тыныштандыратын жеңіл әсері бар және орташа-уақыттық жүйке ширығуы (ақыл-ой ширығуы, мазасыздық сезімі, қозу кезінде тәуліктік тыныштандыратын дәрі ретінде) және/немесе ұйықтап кетудегі уақытша қиындықтар кезінде тағайындалады.

Көрсетілген қолдану саласы тек көп жылғы тәжірибеге негізделеді.

Қолданылуы

Персен® дәстүрлі шөптік дәрілік өнімдер болып табылады. Оның құрамы құрғақ шүйгіншөп тамырының сығындысы, құрғақ бұрыш жалбызы жапырақтарының сығындысы мен құрғақ сермене жапырақтарының сығындысының біріктірілімін қамтиды.

Дәстүрлі түрде қозғыштықтың жоғарылауы және шамадан тыс жүйке ширығуы сияқты стресс туындататын орташа-уақыттық жағдайлар мен ұйықтап кетуді жеңілдету кезінде пайдаланылады.

Көрсетілген қолдану саласы тек көп жылғы тәжірибеге негізделеді.

Қолдану тәсілі және дозалары

Персен® препаратын тамақтану уақытына байланыссыз, судың аздаған мөлшерімен қабылдау керек.

Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға Персен® 3 таблеткасын күніне үш рет қабылдау ұсынылады.

Ұйқысыздықта ұйықтағанға дейін жарты-бір сағат бұрын Персен® 3 таблеткасын қабылдау ұсынылады.

Персен® препаратының емдік әсері біртіндеп байқалады. Ұтымды әсеріне жету үшін Персен® кем дегенде 14 күн қабылдануы керек. Емдеу тоқтатылғаннан кейін дағдылану симптомдарының немесе абстиненция синдромының дамуы жүрмейді.

14 күн өткеннен кейін емдік әсері байқалмаса немесе симптомдар нашарласа, пациент дәрігерге қаралуы керек.

Жағымсыз әсерлері

Асқазан-ішек жолы тарапынан симптомдар (мысалы, жүрек айнуы, іштің шаншуы) құрамында шүйгіншөп тамыры бар препараттарды ішке қабылдаудан кейін пайда болуы мүмкін. Бұл симптомдардың пайда болу жиілігі белгісіз.

Бұрыш жалбызын ішке қабылдағаннан кейін гастроэзофагеальді рефлюкс (қыжыл) ушығуы, сондай-ақ қыжылдың күшеюі мүмкін.

Жоғарыда аталмаған басқа жағымсыз реакциялар пайда болған жағдайда емдеуші дәрігермен немесе фармацевпен кеңескен жөн.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

  • өт жолдарының қабынуы, өттас ауруы

  • холангит, холецистит

  • 12 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер

  • жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Галактозаны көтере алмайтын сирек туа біткен кінәраттары, лактоза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза сіңуінің бұзылуы бар пациенттер препаратты қабылдамауы керек. Гастроэзофагеальді рефлюксі бар пациенттер препаратты қабылдамауы керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етеді. Емдеу кезінде автокөлікті басқаруға және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істеуге болмайды.

Артық дозалануы

Симптомдары: шаршау, іш аймағының түйілуі, үрейлену, қол дірілдеуі, көз қарашығының үлкеюі. Бұл симптомдар 24 сағат ішінде қайтады.

Емі: симптоматикалық - асқазанды шаю, адсорбенттер қабылдау.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан алюминий фольгадан және ПВХ/TE /ПВДХ тұратын үш қабатты термо қалыптағыш фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

2 немесе 4 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25о С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл.

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қабылдауға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Лек Фармасьютикалс д.д., Веровшкова 57, Любляна, Словения

Қаптаушы

Лек Фармасьютикалс д.д., Лендава, Словения

Тіркеу куәлігінің иесі

Лек Фармасьютикалс д.д., Веровшкова 57, Любляна, Словения

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«Сандоз Фармасьютикалс д.д.» АҚ Қазақстан Республикасындағы өкілдігі, Алматы қ., Луганский к-сі 96

Тел: +7 (727) 2581048  Факс: +7 (727) 2581047

e-mail: kzsdz.drugsafety@sandoz.com

8 800 080 0066 – Қазақстан бойынша тегін қоңырау шалынатын нөмір

 

Прикрепленные файлы

671531591477977119_ru.doc 69.5 кб
534464171477978290_kz.doc 59 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники