Перколит (таблетки, 30 мг)

МНН: Амброксол
Производитель: Марион Биотек Пвт. Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ambroxol
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019963
Информация о регистрации в РК: 21.06.2013 - 21.06.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Перколит

Халықаралық патенттелмеген атауы

Амброксол

Дәрілік түрі

Таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат: амброксол гидрохлориді 30 мг

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, жүгері крахмалы, тазартылған тальк, магний стеараты, аэросил.

Сипаттамасы

Бір жағында сызығы бар, екі беті дөңес, дөңгелек пішінді, ақ түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Суық тию мен жөтел симптомдарын жоюға арналған препараттар. Қақырық түсіретін препараттар. Муколитиктер. Амброксол.

АТХ коды R05СВ06

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін амброксол гидрохлориді АІЖ-дан тез және толықтай сіңіріледі. Өкпе тіндеріне жақсы өтеді. Амброксолдың қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясы ішу арқылы қабылдағаннан кейін 1/2–3 сағаттан кейін байқалады. Емдік әсері 30 минуттан соң дамиды және 6-дан 12 сағатқа дейін созылады (қабылдаған дозаға байланысты). Жартылай шығарылу кезеңі – 10–12 сағат. Препараттың жинақталуы байқалған жоқ. Қан плазмасының ақуыздарымен байланысу дәрежесі - шамамен 90 %. Ішке қабылдағаннан кейін барлық ағзалар мен тіндерге жылдам өтеді, бірақ препараттың ең көп концентрациясы өкпе тіндерінде белгіленген. ГЭБ, плацентарлық бөгет арқылы жақсы өтеді, емшек сүтімен секрецияланады. Амброксол метаболизмі белсенді емес метаболиттердің (глюкуронидтер мен дибромоантранил қышқылы) түзілуімен конъюгация арқылы бауырда жүреді. Препараттың 90 %-ы несеппен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Амброксол гидрохлориді – бензиламиндер тобының синтетикалық секретолитикалық және секретомоторлық дәрісі. Препарат бронхтың шырышты қабық бездерінің сероздық жасушаларына қатысты көтермелеуші әсер етеді, бұл қақырықтың сероздық және шырышты компоненттерінің арақатынасының өзгеруіне және шырыш секрециясының артуына әкеледі. Гидролитикалық ферменттердің бір уақытта белсенділендірілуі және бронхтың жыпылықтағыш эпителийінің қозғалу белсенділігінің артуы патологиялық секреттің бронх қабырғаларынан бөлінуіне негізделеді және тыныс алу жолдарынан оның шығарылуын жақсартып, ұсақ бронхтар мен бронхиолалардың дренаждық функциясын қалпына келтіреді. Препарат өкпеде сурфактанттың мөлшерін арттырады, сондай-ақ, пневмоциттерде оның деструкциясын болдырмайды. Бұл қақырықтың реологиялық көрсеткіштерінің қалпына келуіне әкеледі, оның тұтқырлығын және адгезивтік қасиетін төмендетеді. Амброксол гидрохлориді бронхтың жыпылықтағыш эпителийінің белсенділігін тікелей көтермелейді, оның жабысуының алдын алады және қақырықтың мукацилиарлық эвакуациясын жақсартады. Препарат бронх демікпесі бар науқастардың бронх бұлшықеттерінің асқын реактивтілігін төмендетеді. Айқындығы әлсіз жөтелге қарсы әсерге ие. Амброксол қабынуға қарсы әсерге ие, антиоксидантты қасиеті бар, жергілікті имунитетті көтермелейді.

Қолданылуы

- секрецияның бұзылуымен және қақырықтың қиын түсуімен сипатталатын жедел және созылмалы бронх-өкпе ауруларының секретолитикалық емінде

Қолдану тәсілі мен дозалары

Перколит таблеткаларын тамақтан кейін жеткілікті мөлшердегі жылы сұйықтықпен ішке қабылдайды.

Ересектер мен 12 жастан бастап балаларға 1 таблеткадан тәулігіне 2 рет, ең жоғары доза - тәулігіне 3 таблетка.

Емдеу курсы 4-5 күнді құрайды.

Жағымсыз әсерлері

Жиі

- диспепсия, жүрек айну, қыжыл, диарея

Сирек

- аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, қышыну)

- ангионевротикалық ісіну

Болуы мүмкін

- гиперсаливация

- мұрын шырышы секрециясының ұлғаюы

- гипертермия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- амброксол гидрохлоридіне және/немесе препараттың басқа да компоненттеріне асқын сезімталдық

- асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы

- жүктіліктің I триместрі және лактация кезеңі

- 12 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Перколитті қақырықтың шығарылуын бәсеңдететін жөтелге қарсы препараттармен бір уақытта тағайындау ұсынылмайды. Препарат доксициклин, цефуроксим мен амоксициллиннің емдік тиімділігін арттырады. Амброксол гидрохлориді өкпедегі рифампициннің концентрациясын арттырады. Препаратты жүрек гликозидтерімен, диуретиктермен қолданылуы мүмкін, Амброксол гидрохлоридінің теофиллинмен біріктірілуі емдік тұрғыдан дұрыс.

Айрықша нұсқаулар

Бүйректің функционалдық қабілеті шектелген кезде және/немесе ауыр бауыр ауруларында Перколитті қабылданатын дозаны азайта отырып және препаратты қабылдаудың аралық уақытын арттыра отырып, ерекше сақтықпен қолдану керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Бүгінгі күнге дейін Перколиттің ұрық пен нәрестеге кері әсері туралы нақты деректер болмауына қарамастан, Перколитті емдеуші дәрігер пайда/қауіп арақатынасына мұқият талдау жүргізгеннен кейін ғана жүктіліктің ІІ және ІІІ триместрінде және лактация кезеңінде пайдаланылуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаларға салады. 5 пішінді қаптамадан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Препаратты құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Марион Биотек Пвт.Лтд.»

Б-49, Секторы-67, Нойда, Үндістан

Тіркеу куәлігінің иесі

«Марион Биотек Пвт.Лтд.», Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Spectramax» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Сейфуллин д-лы 458-460/95, 312 кеңсе

Телефон/факс нөмірі +7(727) 344-94-37 (8)

Электронды поштасы vikaskaushik@quramax.com

 

 

Прикрепленные файлы

681063941477976880_ru.doc 53.5 кб
152142931477978045_kz.doc 60 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники