Перколит (сироп, 100 мл)

МНН: Амброксол
Производитель: Марион Биотек Пвт. Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ambroxol
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020036
Информация о регистрации в РК: 26.07.2013 - 26.07.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Перколит

Халықаралық патенттелмеген атауы

Амброксол

Дәрілік түрі

Шәрбат 100 мл

Құрамы

5 мл шәрбаттың құрамында

белсенді зат: 15 мг амброксол гидрохлориді

қосымша заттар: сорбитол (70% ерітінді түрінде), натрий сахарині, лимон қышқылы моногидраты, глицерин, ментол, пропиленгликоль, динатрий гидрофосфаты, натрий дигидрофосфаты, динатрий эдетаты, лимон хош иістендіргіші, таңқурай хош иістендіргіші.

Сипаттамасы

Тәтті дәмі және жемістің хош иісі бар түссіз сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Суық тию мен жөтел симптомдарын жоюға арналған препараттар. Қақырық түсіретін препараттар. Муколитиктер. Амброксол.

АТХ коды R05СВ06

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін амброксол гидрохлориді АІЖ-дан тез және толықтай сіңіріледі. Өкпе тіндеріне жақсы өтеді. Амброксолдың қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясы ішу арқылы қабылдағаннан кейін 1/2–3 сағаттан кейін байқалады. Емдік әсері 30 минуттан соң дамиды және 6-дан 12 сағатқа дейін созылады (қабылдаған дозаға байланысты). Жартылай шығарылу кезеңі – 10–12 сағат. Препараттың жинақталуы байқалған жоқ. Қан плазмасының ақуыздарымен байланысу дәрежесі - шамамен 90 %. Ішке қабылдағаннан кейін барлық ағзалар мен тіндерге жылдам өтеді, бірақ препараттың ең көп концентрациясы өкпе тіндерінде белгіленген. ГЭБ, плацентарлық бөгет арқылы жақсы өтеді, емшек сүтімен секрецияланады. Амброксол метаболизмі белсенді емес метаболиттердің (глюкуронидтер мен дибромоантранил қышқылы) түзілуімен конъюгация арқылы бауырда жүреді. Препараттың 90 %-ы несеппен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Амброксол гидрохлориді – бензиламиндер тобының синтетикалық секретолитикалық және секретомоторлық дәрісі. Препарат бронхтың шырышты қабық бездерінің сероздық жасушаларына қатысты көтермелеуші әсер етеді, бұл қақырықтың сероздық және шырышты компоненттерінің арақатынасының өзгеруіне және шырыш секрециясының артуына әкеледі. Гидролитикалық ферменттердің бір уақытта белсенділендірілуі және бронхтың жыпылықтағыш эпителийінің қозғалу белсенділігінің артуы патологиялық секреттің бронх қабырғаларынан бөлінуіне негізделеді және тыныс алу жолдарынан оның шығарылуын жақсартып, ұсақ бронхтар мен бронхиолалардың дренаждық функциясын қалпына келтіреді. Препарат өкпеде сурфактанттың мөлшерін арттырады, сондай-ақ, пневмоциттерде оның деструкциясын болдырмайды. Бұл қақырықтың реологиялық көрсеткіштерінің қалпына келуіне әкеледі, оның тұтқырлығын және адгезивтік қасиетін төмендетеді. Амброксол гидрохлориді бронхтың жыпылықтағыш эпителийінің белсенділігін тікелей көтермелейді, оның жабысуының алдын алады және қақырықтың мукацилиарлық эвакуациясын жақсартады. Препарат бронх демікпесі бар науқастардың бронх бұлшықеттерінің асқын реактивтілігін төмендетеді. Айқындығы әлсіз жөтелге қарсы әсерге ие. Амброксол қабынуға қарсы әсерге ие, антиоксидантты қасиеті бар, жергілікті имунитетті көтермелейді.

Қолданылуы

- секрецияның бұзылуымен және қақырықтың қиын түсуімен сипатталатын жедел және созылмалы бронх-өкпе ауруларының секретолитикалық емінде

Қолдану тәсілі мен дозалары

Перколит шәрбатын жеткілікті мөлшердегі жылы сұйықтықпен қоса ұсынылатын өлшеуіш стақанның көмегімен тамақтан кейін ішке қабылдайды.

Ересектер мен 12 жастан бастап балаларға 10 мл шәрбаттан тәулігіне 2 рет.

Балаларға 5-12 жастан бастап 5 мл шәрбаттан тәулігіне 2-3 рет

Балаларға 2-5 жастан бастап 2,5 мл шәрбаттан тәулігіне 2-3 рет

Балаларға 1-2 жастан бастап 2,5 мл шәрбаттан тәулігіне 2 рет

Емдеу курсы 5-10 күнді құрайды.

Егер жедел респираторлық ауруларға жүргізілген емдеу кезінде жай-күй жақсармаған жағдайда, медициналық көмекке жүгінген жөн.

Жағымсыз әсерлері

Жиі

- диспепсия, жүрек айну, қыжыл, диарея

Сирек

- аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, қышыну)

- ангионевротикалық ісіну

Болуы мүмкін

- гиперсаливация

- мұрын шырышы секрециясының ұлғаюы

- гипертермия

- терінің тітіркенуі (құрамында пропиленгликоль болғандықтан)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- амброксол гидрохлоридіне және/немесе препараттың басқа да компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы

- жүктіліктің I триместрі және лактация кезеңі

- тұқым қуалайтын фруктоза, галактоза, глюкоза-галактозаны көтере алмаушылық, мальабсорбция синдромы (препарат құрамында сахарин, сорбитол болғандықтан).

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Перколитті қақырықтың шығарылуын бәсеңдететін жөтелге қарсы препараттармен бір уақытта тағайындау ұсынылмайды. Препарат доксициклин, цефуроксим мен амоксициллиннің емдік тиімділігін арттырады. Амброксол гидрохлориді өкпедегі рифампициннің концентрациясын арттырады. Препаратты жүрек гликозидтерімен, диуретиктермен қолданылуы мүмкін. Амброксол гидрохлоридінің теофиллинмен біріктірілуі емдік тұрғыдан дұрыс.

Айрықша нұсқаулар

Бүйректің функционалдық қабілеті шектелген кезде және/немесе ауыр бауыр ауруларында Перколитті қабылданатын дозаны азайта отырып және препаратты қабылдаудың аралық уақытын арттыра отырып, ерекше сақтықпен қолдану керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Бүгінгі күнге дейін Перколиттің ұрық пен нәрестеге кері әсері туралы нақты деректер болмауына қарамастан, Перколитті емдеуші дәрігер пайда/қауіп арақатынасына мұқият талдау жүргізгеннен кейін ғана жүктіліктің ІІ және ІІІ триместрінде және лактация кезеңінде пайдаланылуы мүмкін.

Перколит емшек сүтіне өтеді, сондықтан лактация кезеңінде ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Шығарылу түрі және қаптамасы

100 мл препараттан бұрандалы алюминий қақпағы бар және алғашқы ашылуы бақыланатын полиэтилентерефталаттан жасалған янтарь түсті құтыларда.

1 құтыдан өлшеуіш қалпақшасы және медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30 о С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Марион Биотек Пвт.Лтд.»

Б-49, Секторы-67, Нойда, Үндістан

Тіркеу куәлігінің иесі

«Марион Биотек Пвт.Лтд.», Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Spectramax» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Сейфуллин д-лы 458-460/95, 312 кеңсе

Телефон/факс нөмірі +7(727) 344-94-37 (8)

Электронды поштасы vikaskaushik@quramax.com

 

Прикрепленные файлы

314750481477976844_ru.doc 56.5 кб
013593781477978003_kz.doc 63.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники