Периндид (4 мг/1,25 мг)

МНН: Индапамид, Периндоприл
Производитель: Эдж Фарма Прайвет Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Периндоприл в комбинации с диуретиками
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020894
Информация о регистрации в РК: 17.06.2020 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 71.75 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Периндид

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 2 мг/0,625 мг, 4 мг/1,25 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында:

белсенді заттар:

периндоприл эрбумині - 2 мг немесе 4 мг, индапамид - 0,625 мг немесе 1,25 мг;

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, лактоза моногидраты, коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты;

үлбірлі қабықтың құрамы:

2 мг/0,625 мг дозалар үшін: Винкоут WT-01985 бояғышы (қоңыр) (гипромеллоза, макрогол-400, титанның қостотығы, тальк, макрогол–6000, темірдің қызыл тотығы бояғышы Е172);

4 мг/1,25 мг дозалар үшін: Винкоут WT-01097 бояғышы (қызыл сары) (гипромеллоза, макрогол-400, титанның қостотығы, тальк, макрогол–6000, күн батар түстес сары бояғыш Е110).

Сипаттамасы

Қызыл-қоңыр түсті (2 мг/0,625 мг дозалары үшін) немесе қызыл сары түсті (4 мг/1,25 мг дозалары үшін) үлбірлі қабықпен қапталған, екі жақ беті дөңес, дөңгелек таблеткалар.

Таблетканың көлденең кесіндісіндегі ядросы ақ немесе ақ дерлік түсті.

Фармакотерапиялық тобы

Ренин-ангиотензин жүйесіне ықпалын тигізетін препараттар. Басқа диуретиктермен біріктірілген АКФ-тежегіштері. Диуретиктермен біріктірілген периндоприл.

АТХ коды С09ВА04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Периндоприл мен индапамидтің бекітілген біріктірілімінің фармакокинетикалық көрсеткіштерінің оларды жеке қолданумен салыстырғанда айырмашылығы жоқ.

Периндоприл ішке қабылданғаннан кейін асқазан-ішек жолынан ішке тез сіңеді. Периндоприлдің биожетімділігі 65 – 70% құрайды. Ас қабылдау периндоприлдің периндоприлатқа айналуын азайтады.

Ішке қабылдағаннан кейін ең жоғары концентрацияға 1 сағаттан соң жетеді. Бауырда метаболизмге ұшырап, белсенді метаболит периндоприлат түзіледі. Қан сарысуында периндоприлаттың ең жоғары концентрациялары 3-4 сағаттан кейін байқалады.

Периндоприлаттың қан плазмасы ақуыздарымен, негізінен, ангиотензин-конвертирлеуші ферментпен (АКФ) байланысуы дозаға байланысты және 20%-ға жуықты құрайды. Периндоприлді күніне 1 рет қабылдай отырып, тұрақты қонцентрацияға 4 күн ішінде жетеді. Периндоприлат, гематоэнцефалдық бөгетті қоспағанда, гистогематикалық бөгеттер арқылы оңай өтеді, аздаған мөлшерде плацента арқылы және емшек сүтіне өтеді. Бүйректер арқылы шығарылады, периндоприлаттың байланыспаған фракциясының «тиімді» жартылай шығарылу кезеңі (Т1/2) 17 сағатқа жуықты құрайды. Жиналмайды.

Егде жастағы емделушілерде, бүйрек және жүрек жеткіліксіздігі бар науқастарда периндоприлаттың шығарылуы баяулайды.

Гемодиализ кезінде (жылдамдығы 70 мл/мин - 1,17 мл/сек) және перитонеальді диализ кезінде шығарылады.

Индапамид асқазан-ішек жолында тез және іс жүзінде түгел сіңеді. Ас қабылдау сіңуін біршама баяулатады, бірақ сіңірілген препараттың мөлшеріне елеулі ықпалын тигізбейді. Қан плазмасында ең жоғары концентрацияға бір реттік дозаны қабылдағаннан кейін 1 сағаттан соң жетеді. Қайталап қабылдағанда екі доза аралығында препараттың қан плазмасындағы концентрацияларының өзгеруі басылады. Индапамид қан плазмасы ақуыздарымен 79%-ға байланысады. Жартылай шығарылу кезеңі 14-тен 24 сағатқа дейінді (орта есеппен 18 сағатты) құрайды. Жиналмайды.

Бауырда метаболизденеді. Индапамидтің 70%-ға жуығы бүйректер арқылы көбіне метаболиттер түрінде шығарылады (препараттың өзгермеген фракциясы 5%-ға жуықты құрайды). 22%-ға жуығы өтпен бірге белсенді емес метаболиттер түрінде шығарылады. Бүйрек функциясы жеткіліксіз емделушілерде препараттың фармакокинетикалық параметрлері едәуір өзгереді.

Фармакодинамикасы

Периндид – біріктірілген препарат, гипотензивтік, диуретикалық және вазодилатациялық әсер береді.

Периндоприл АКФ тежегіші болып табылады, оның әсер ету механизмі ангиотензин II түзілуінің азаюына әкеп соғатын АКФ белсенділігінің тежелуімен байланысты, ангиотензин II-нің вазоконстриктивтік әсерін жояды, альдостерон секрециясын төмендетеді. Ірі артериялық қантамырлардың созылғыштығының қалпына келуіне мүмкіндік береді, сол жақ қарынша гипертрофиясын, өкпе артерияларындағы қысымды азайтады. Миокардтың гипертрофиясын азайтады. Алдыңғы және соңғы жүктемені, сол жақ және оң жақ қарыншалардың толу қысымын, жалпы шеткергі қантамырлық кедергіні (ОШҚК) төмендетеді, жүректің жиырылу жиілігін (ЖЖЖ) орташа азайтады, бұлшықеттерде аймақтық қан ағысын күшейтеді.

Индапамид сульфонамид туындысына жатады және фармакологиялық қасиеттері бойынша тиазидтік диуретиктерге ұқсас. Индапамид бүйрек өзекшелерінің кортикальді сегментінде натрийдің сіңуін тежейді, бұл натрий және хлор иондарының несеппен бірге бөлініп шығуын арттырады, және диурездің күшеюіне әкеледі, аз дәрежеде калий мен магний иондарының шығарылуын арттырады. Өзінің әсеріне қосымша индапамид артериолярлы және жалпы шеткергі төзімділігінің төмендеуімен байланысты қантамырлық әсерге ие. Индапамид айқын диуретикалық әсерлері жоқ дозаларда гипертензияға қарсы әсер береді. Жоғары дозаларда, диурездің ұлғаюына қарамастан, артериялық қысымның (АҚ) төмендеу дәрежесіне ықпалын тигізбейді. Индапамид, басқа да тиазидтік диуретиктер сияқты, сол жақ қарыншаның гипертрофиясын азайтады.

Периндид препараты науқастың жасына және дене қалпына қарамай-ақ, және рефлекторлы тахикардиямен қатар жүрмейтін, дозаға тәуелді айқын гипотензивтік әсер береді. Липидтердің (жалпы холестерин, тығыздығы төмен липопротеиндер (ТТЛП), тығыздығы өте төмен липопротеиндер (ТӨТЛП), тығыздығы жоғары липопротеиндер (ТЖЛП), триглицеридтер (ТГ)) және көмірсулардың метаболизміне, соның ішінде қант диабетімен ауыратын науқастарда, ықпалын тигізбейді.

Емдік дозаларда іс жүзінде көмірсудың алмасуына ықпал етпейді.

Гипертензияға қарсы әсері 24 сағат бойы сақталады.

Периндид препаратын 1 ай қолдану аясында, ЖЖЖ артпай-ақ, АҚ тұрақты төмендейді. Емдеуді доғару «тоқтату» синдромына әкелмейді.

Қолданылуы

- біріктірілген ем көрсетілген емделушілерде артериялық гипертензияда

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке тәулігіне бір рет, дұрысы таңғы асқа дейінгі таңертеңгілік уақытта, сұйықтықтың мол мөлшерімен.

Бастапқы дозасы – Периндид 2 мг/0,625 мг препаратын 1 таблеткадан тәулігіне 1 рет. Егер препаратты 1 ай қабылдағаннан кейін АҚ талапқа сай бақылауға қол жетпесе, препарат дозасын тәулігіне 1 рет Периндид 4 мг/1,25 мг препаратының 1 таблеткасына дейін арттырған жөн.

Егде жастағы емделушілер

Егде жастағы емделушілерде креатинин клиренсін (КК) олардың жасын, дене салмағын және жынысын есепке ала отырып есептейді. Бүйрек функциясы қалыпты егде жастағы емделушілерге 2 мг/0,625 мг Периндидті тәулігіне 1 рет 1 таблеткадан тағайындайды, мұндайда АҚ төмендеу дәрежесін бақылап отырған жөн.

Бүйрек функциясы бұзылған емделушілер

Препаратты бүйректің орташа және ауыр жеткіліксіздігі бар (КК минутына 60 мл-ден кем) емделушілерге қолдануға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).

Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде (КК минутына 60 мл және одан астам) дозаны түзету талап етілмейді. Емдеу аясында қан плазмасындағы креатинин мен калий концентрацияларын үнемі бақылап отыру қажет.

КК минутына 30-60 мл болатын емделушілер үшін Периндид препаратының ең жоғары дозасы тәулігіне 1 рет 2 мг/0,625 мг құрайды.

Бауыр функциясы бұзылған емделушілер

Препаратты бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерге қолдануға болмайды.

Бауырдың орташа бұзылуы бар емделушілерде дозаларды түзету қажет емес.

Балалар және жасөспірімдер

Периндидті 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолданбаған жөн, өйткені тиімділігі және қауіпсіздігі анықталған жоқ.

Жағымсыз әсерлері

Емдеу кезінде пайда болуы мүмкін жағымсыз реакциялардың жиілігі келесі градациямен берілген:

өте жиі >1/10

жиі > 1/100 – < 1/10

жиі емес > 1/1000 – < 1/100

сирек >1/10000 – < 1/1000

өте сирек < 1/10000-нан бастап, жиілігі нақтыланбаған жекелеген мәлімдемелерді қоса (жиілігі жеткілікті деректер бойынша есептелуі мүмкін емес).

Жиі:

- АКФ тежегіштерін қолдану аясында осы топтағы препараттарды қабылдау кезінде ұзақ сақталатын және оларды тоқтатқаннан кейін жоғалатын құрғақ жөтел пайда болуы мүмкін

- ентігу

- парестезиялар, бас ауыру, бас айналу, астения

- ауыздың шырышты қабығының құрғақтығы, жүректің айнуы, құсу, іштің ауыруы, эпигастрияда ауыру, дәм сезімінің бұзылуы, тәбеттің нашарлауы, диспепсия, іш қату, диарея; тері бөртпесі, қышыну, макулопапулезді бөртпе

- бұлшықеттердің түйілуі

- көрудің нашарлауы, құлақтың шыңылдауы

Жиі емес:

- АҚ айқын төмендеуі, соның ішінде ортостатикалық гипотензия

- бронхтың түйілуі

- ұйқының бұзылуы, көңіл-күйдің құбылмалылығы, қатты терлеу

- беттің, еріннің, аяқ-қолдардың, тілдің, іркістердің және/немесе көмейдің шырышты қабығының ангионевроздық ісінуі, есекжем («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

- демікпелік және аллергиялық реакцияларға бейім емделушілерде жоғары сезімталдық реакциялары

- геморрагиялық васкулит

- жүйелік қызыл жегінің жедел түрі бар емделушілерде ауру барысы өршуі мүмкін

- бүйрек жеткіліксіздігі

- импотенция

Сирек:

- ішектің ангионевроздық ісінуі, холестаздық сарғаю

- гиперкальциемия

Өте сирек:

- жүрек ырғағының бұзылуы, соның ішінде, брадикардия, қарыншалық тахикардия, жыпылықтағыш аритмия, сондай-ақ стенокардия және миокард инфарктісі, жоғары қауіп тобындағы емделушілерде АҚ шамадан тыс төмендеуі салдарынан болуы мүмкін («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз)

- эозинофильді пневмония, ринит

- тромбоцитопения, лейкопения/нейтропения, агранулоцитоз, апластикалық анемия, гемолитикалық анемия

- естен тану

- бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде бауыр энцелопатиясы («Қолдануға болмайтын жағдайлар» және «Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

- сананың шатасуы

- панкреатит

- мультиформалы эритема, уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы

- фотосезімталдық реакциясы («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз)

- бүйрек жедел жеткіліксіздігі

Жиілігі нақтыланбаған:

- «пируэт» типті аритмиялар (өліммен аяқталуы ықтимал)

- ЭКГ-де QT аралығының ұзаруы

- препаратты қабылдау кезінде қандағы несеп қышқылы және глюкоза концентрацияларының жоғарылауы; «бауыр» ферменттері белсенділігінің жоғарылауы

- емдеуді тоқтатқаннан кейін жоғалатын, көбіне бүйрек артерияларының стенозы бар емделушілерде, артериялық гипертензияны диуретиктермен емдегенде және бүйрек жеткіліксіздігінде несептегі және қан плазмасындағы креатинин концентрацияларының шамалы жоғарылауы

- гипокалиемия, әсіресе қауіп тобына жататын емделушілер үшін маңызды

- гиперкалиемия, көбіне өткінші

- дегидратацияға және ортостатикалық гипотензияға әкеп соғатын гипонатриемия және гиповолемия

- гипохлоремия

- протеинурия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың кез келген белсенді немесе қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық

- АКФ басқа тежегіштеріне және сульфонамидтерге жоғары сезімталдық

- тұқым қуалайтын лактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

- калий жинақтаушы диуретиктермен, калий мен литий препараттарымен бір мезгілде қабылдау, және қан плазмасында калий иондарының мөлшері жоғарылаған емделушілерде

- гипокалиемия

- декомпенсация сатысындағы жүректің созылмалы жеткіліксіздігі (ЖСЖ)

- QT аралығын ұзартатын препараттармен бір мезгілде қабылдау

- “пируэт” типті қарыншалық аритмияны тудыратын препараттарды бір мезгілде қабылдау

- сыртартқыда ангионевроздық ісіну (Квинке ісінуі) (тұқым қуалайтын идиопатиялық немесе АКФ тежегіштерін қабылдау салдарынан ангионевроздық ісіну)

- бүйректің орташа және ауыр жеткіліксіздігі (КК минутына 60 мл-ден төмен), гемодиализді қоса

- бауыр айқын жеткіліксіздігі (соның ішінде энцефалопатиямен бірге)

- бүйрек артерияларының екі жақты тарылуы немесе жалғыз бүйрек артериясының тарылуы

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Сақтықпен: бүйрек жеткіліксіздігінің жеңіл дәрежесі (КК минутына 60 мл-ден астам), дәнекер тіннің жүйелі аурулары (соның ішінде жүйелік қызыл жегі, склеродермия), иммунодепрессанттармен емдеу (нейтропенияның, агранулоцитоздың пайда болу қаупі бар), сүйек кеміктік қан түзілудің тежелуі. Айналымдағы қан көлемінің төмендеуі (диуретиктерді қабылдау, тұзсыз емдәм, құсу, диарея), стенокардия, цереброваскулярлы аурулар, реноваскулярлы гипертензия, қант диабеті, жүректің компенсацияланған жеткіліксіздігі, гиперурикемия (әсіресе подаграмен және уроатты нефролитиазбен қатар жүретін), АҚ құбылмалылығы, егде жас, десенсибилизациялаушы ем жүргізу (аллергиялық аурулары бар емделушілерде) немесе ТТЛП аферезі емшарасы, бүйрек трансплантациясынан кейінгі жағдай, аортальді клапанның стенозы/гипертрофиялық кардиомиопатия.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Периндид

Потенциальді қауіпті дәрілермен өзара әрекеттесулері

Литий препараттары

Литий және АКФ тежегіштерін бір мезгілде қолданғанда қан плазмасында литий концентрациясы және осымен байланысты уытты әсерлер қайтымды түрде жоғарылауы мүмкін. Тиазидтік диуретиктерді қосымша тағайындау литий концентрациясының әрі қарай жоғарылауына мүмкіндік беруі және уыттылықтың біліністері қаупін арттыруы мүмкін. Периндоприл мен индапамид біріктірілімін литий препараттарымен бір мезгілде қолдануға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).

Айрықша назар аударуды талап ететін препараттарды біріктіру

Баклофен

Гипертензияға қарсы әсері күшеюі мүмкін. АҚ және бүйрек функциясын бақылаған жөн, гипотензивті дәрілердің дозасын түзетуді қажет етеді.

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП), ацетилсалицил қышқылының жоғары дозаларын қоса (тәулігіне 3 г-ден астам)

ҚҚСП тағайындау (қабынуға қарсы әсер ететін дозадағы ацетилсалицил қышқылы, циклооксигеназа-2 (ЦОГ-2) тежегіштері және селективті емес ҚҚСП) диуретикалық, натрийуретикалық және гипертензияға қарсы әсерлердің төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін. Сұйықтықтарды едәуір жоғалтқанда, сондай-ақ егде жастағы емделушілерде бүйрек жедел жеткіліксіздігі (шумақтық сүзілу жылдамдығының төмендеуі салдарынан) пайда болуы және қан сарысуында калий мөлшері артуы мүмкін. Науқастар жоғалған сұйықтықтың орнын толтыруы және емнің бас кезінде де, сонымен қатар емдеу барысында да бүйрек функциясын үнемі бақылауы қажет.

Назар аударуды талап ететін препараттарды біріктіру

Үшциклдік антидепрессанттар, психозға қарсы дәрілер (нейролептиктер)

Осы топтың препараттары гипертензияға қарсы әсерді күшейтеді және ортостатикалық гипотензия қаупін арттырады (аддитивті әсер).

Глюкокортикостероидтар, тетракозактид

Гипертензияға қарсы әсердің төмендеуі (глюкокортикостероидтардың әсер етуі нәтижесінде сұйықтықтың және натрий иондарының іркілуі).

Басқа да гипотензивті дәрілер: гипертензияға қарсы әсері күшеюі мүмкін.

Периндоприл

Потенциальді қауіпті дәрілермен өзара әрекеттесулері

Калийжинақтаушы диуретиктер (амилорид, спиронолактон, триамтерен, монотерапия түрінде де, сонымен қатар біріктіргенде де) және калий препараттары

АКФ тежегіштері калийдің диуретиктер әсерінен бүйректер арқылы жоғалуын азайтады. Калий жинақтаушы диуретиктерді (мысалы, спиронолактон, триамтерен, амилорид), калий препараттарын және ас тұзының құрамында калий бар алмастырғыштарын бір мезгілде қабылдау қан плазмасында калий мөлшерінің өліммен аяқталатын елеулі жоғарылауына әкеп соғуы мүмкін. Периндоприл мен индапамид біріктірілімін калий препараттарымен бір мезгілде қолдануға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).

Айрықша назар аударуды талап ететін препараттарды біріктіру

Ішке қабылдауға арналған гипогликемиялық дәрілер (сульфонилмочевина туындылары) және инсулин

Төменде көрсетілген әсерлер каптоприл және эналаприл үшін сипатталған. АКФ тежегіштері қант диабеті бар емделушілерде инсулиннің және сульфонилмочевина туындыларының гипогликемиялық әсерін күшейтуі мүмкін. Гипогликемияның пайда болуы өте сирек байқалады (глюкозаға төзімділіктің және инсулинге қажеттіліктің төмендеуі есебінен).

Назар аударуды талап ететін препараттарды біріктіру

Аллопуринол, цитостатикалық және иммуносупрессивті дәрілер, глюкокортикостеродтар (жүйелік қолданған кезде) және прокаинамид

АКФ тежегіштерімен бір мезгілде қолдану лейкопения қаупінің жоғарылауымен қатар жүруі мүмкін.

Жалпы анестезияға арналған дәрілер

АКФ тежегіштерін және жалпы анестезияға арналған дәрілерді біріктіріп қолдану гипертензияға қарсы әсердің күшеюіне әкеп соғуы мүмкін.

Диуретиктер (тиазидтік және «ілмектік»)

Диуретиктерді жоғары дозаларда қолдану гиповолемияға, ал емдеуге периндоприлді қосу артериялық гипотензияға әкеп соғуы мүмкін.

Алтын препараттары

АКФ тежегіштерін, соның ішінде, периндоприлді, инфузиялық түрде алтын препараттарын (натрий ауротиомалаты) қабылдап жүрген емделушілерге тағайындағанда нитратқа ұқсас реакциялар (бет терісінің гиперемиясы, жүректің айнуы, құсу, артериялық гипотензия) байқалды.

Индапамид

Потенциальді қауіпті дәрілермен өзара әрекеттесулері

«Пируэт» типті аритмияны туындатуға қабілетті дәрілік заттар

Гипокалиемияның пайда болу қаупіне байланысты, индапамидті «пируэт» типті аритмияны туындатуға қабілетті препараттармен, мысалы, аритмияға қарсы дәрілермен (хинидин, гидрохинидин, дизопирамид, амиодарон, дофетилид, ибутилид, бретилия тозилат, соталол); кейбір нейролептиктермен (хлорпромазин, циамемазин, левомепромазин, тиоридазин, трифлуоперазин); бензамидтермен (амисульприд, сульпирид, сультоприд, тиаприд); бутирофенондармен (дроперидол, галоперидол); басқа да нейролептиктермен (пимозид); бепридил, цизаприд, дифеманил метилсульфаты, көктамырішілік (к/і) эритромицин, галофантрин, мизоластин, моксифлоксацин, пентамидин, спарфлоксацин, к/і винкамин, метадон, астемизол, терфенадин сияқты басқа препараттармен бір мезгілде қолдануға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).

Гипокалиемияны туындатуға қабілетті дәрілік заттар

Амфотерицин В (к/і), глюко- және минералокортикостероидтар (жүйелік тағайындаған кезде), тетракозактид, асқазан-ішек жолының (АІЖ) моторикасын стимуляциялайтын іш жүргізгіш дәрілер: гипокалиемияның пайда болу қаупі ұлғаяды (аддитивті әсер). Қан плазмасындағы калий мөлшерін бақылау, қажеттілік болғанда оны түзету керек. Жүрек гликозидтерін бір мезгілде қабылдап жүрген емделушілерге айрықша көңіл бөлген жөн. АІЖ моторикасын стимуляцияламайтын іш жүргізгіш дәрілерді қолданған жөн.

Жүрек гликозидтері

Гипокалиемия жүрек гликозидтерінің уытты әсерін күшейтеді. Индапамидті және жүрек гликозидтерін бір мезгілде қолданғанда қан плазмасындағы калий мөлшерін және ЭКГ көрсеткіштерін бақылаған жөн және, қажет болғанда, емді түзету керек.

Назар аударуды талап ететін препараттарды біріктіру

Метформин

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі әсіресе «ілмектік» диуретиктерді қабылдау аясында пайда болуы мүмкін, метформинді бір мезгілде тағайындағанда сүтқышқылды ацидоздың пайда болу қаупі жоғарылайды. Егер қан плазмасындағы еркектерде креатинин концентрациясы 15 мг/л-ден (135 мкмоль/л) және әйелдерде 12 мг/л-ден (110 мкмоль/л) асып кетсе, метформинді қолданбаған жөн.

Құрамында йоды бар контрастты дәрілер

Диуретикалық дәрілерді қабылдау аясында организмнің сусыздануы бүйрек жедел жеткіліксіздігінің пайда болу қаупін арттырады, әсіресе құрамында йоды бар контрастты дәрілерді пайдаланған кезде. Науқастар құрамында йоды бар контрастты заттарды қолданар алдында жоғалған сұйықтықтың орнын толтыруы қажет.

Кальций тұздары

Бір мезгілде тағайындаған кезде кальций иондарының бүйректер арқылы шығарылуының төмендеуі салдарынан гипокальциемия пайда болуы мүмкін.

Циклоспорин

Айналымдағы циклоспорин мөлшерінің өзгеруінсіз қан плазмасында креатинин концентрациясы, тіпті сұйықтық пен натрий иондарының мөлшері қалыпты болса да, жоғарылауы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Литий препараттары

Периндид препаратын литий препараттарымен бір мезгілде қолдануға кеңес берілмейді («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).

Бүйрек функциясының бұзылуы

Периндид препаратымен емдеуді бүйректің орташа және ауыр жеткіліксіздігі бар (КК минутына 60 мл-ден төмен) емделушілерге қолдануға болмайды. Бұған дейін бүйрек функциясының бұзылуларынсыз артериялық гипертензиясы бар кейбір емделушілерді Периндид препаратымен емдеу аясында бүйрек жедел жеткіліксіздігінің белгілері пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайда Периндид препаратымен емдеуді тоқтатқан жөн. Әрі қарай біріктірілген емді, Периндид препаратының төмен дозаларын, немесе периндоприл және индапамид препараттарын монотерапия түрінде қолдана отырып, қайта бастауға болады.

Мұндай емделушілерде Периндид препаратымен емдеуді бастағаннан кейін әрбір 2 апта сайын және одан кейінгі әрбір 2 ай сайын қан сарысуындағы калий және креатинин мөлшерін үнемі бақылап отыру қажет.

Жүректің ауыр созылмалы жеткіліксіздігі (ЖСЖ) бар немесе бастапқыдан бүйрек функциясы бұзылған емделушілерде, соның ішінде, бүйрек артерияларының екі жақты стенозында немесе қызмет жасап тұрған жалғыз бүйрек артерияларының стенозында бүйрек жедел жеткіліксіздігі жиі пайда болады.

Бүйрек артерияларының екі жақты стенозы немесе қызмет жасап тұрған жалғыз бүйрек артерияларының стенозы бар емделушілерде Периндид препаратын қолдануға болмайды.

Артериялық гипотензия және су-электролиттік теңгерімнің бұзылуы

Гипонатриемия артериялық гипотензияның кенеттен пайда болу қаупімен байланысты (әсіресе бүйрек артерияларының екі жақты стенозы немесе қызмет жасап тұрған жалғыз бүйрек артерияларының стенозы бар, Периндид препаратын қолдануға болмайтын емделушілерде). Сондықтан емделушілерді динамикалық бақылағанда, мысалы, ұзаққа созылған диареядан немесе құсудан кейін, сусызданудың ықтимал симптомдарына және қан плазмасында электролиттер мөлшерінің төмендеуіне назар аударған жөн. Мұндай емделушілерде қан плазмасындағы электролиттерге үнемі бақылау жасау қажет.

Айқын артериялық гипотензияда 0,9% натрий хлоридінің ерітіндісін к/і енгізу қажет етілуі мүмкін.

Өткінші артериялық гипотензия емдеуді әрі қарай жалғастыру үшін қарсы көрсетілім болып саналмайды. Айналымдағы қан көлемі (АҚК) және АҚ қалпына келгеннен кейін, препараттың төмен дозаларын, немесе периндоприл және индапамид препараттарын монотерапия түрінде қолдана отырып, Периндид препаратымен емдеуді қайта бастауға болады.

Калий мөлшері

Периндоприл мен индапамидті біріктіріп қолдану, әсіресе қант диабеті немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде гипокалиемияның пайда болуының бетін қайтара алмайды. Гипотензивті дәрілер мен диуретикті біріктіріп қолданған кездегідей, қан плазмасындағы калий мөлшерін үнемі бақылап отыру қажет.

Периндоприл

Нейтропения/агранулоцитоз

АКФ тежегіштерін қабылдап жүрген емделушілерде нейтропения/агранулоцитоз, тромбоцитопения мен анемия жағдайлары пайда болу мүмкін. Бүйрек функциясы қалыпты емделушілерде басқа асқынулар жоқ болғанда нейтропения сирек пайда болады және АКФ тежегіштерін тоқтатқаннан кейін өздігінен жоғалады.

Периндоприлді дәнекер тіндерінің аурулары бар және бір мезгілде иммуносупрессивті ем, аллопуринол немесе прокаинамид қабылдап жүрген емделушілерге, әсіресе бүйрек функциясының бұзылуы бұрыннан бар болғанда, аса сақтықпен қолдану қажет. Мұндай емделушілерде антибиотиктермен қарқынды ем жүргізуге келмейтін ауыр инфекциялар пайда болуы мүмкін. Периндоприлді тағайындаған жағдайда қандағы лейкоциттерді мерзім сайын бақылап отыруға кеңес беріледі. Емделушіге инфекциялық аурулардың қандай да бір белгілері (тамақтың ауыруы, температураның көтерілуі) пайда болған жағдайда дәрігерге дереу қаралу керектігі алдын ала ескертілуі тиіс.

Жоғары сезімталдық/ангионевроздық ісіну (Квинке ісінуі)

АКФ тежегіштерін, соның ішінде периндоприлді, қабылдаған кезде сирек жағдайларда беттің, еріннің, тілдің, жоғарғы таңдай тілшесінің және/немесе көмейдің ангионевроздық ісінуі байқалуы мүмкін. Осы симптомдар пайда болған кезде препаратты қабылдау дереу тоқтатылуы, емделуші ісіну белгілері түгел жоғалғанша бақылауда болуы тиіс.

Егер ангионевроздық ісіну тек бет пен ерінде ғана болса, онда оның біліністері әдетте өздігінен жоғалады немесе оның симптомдары жоғалуы үшін антигистаминдік препараттар қолданылуы мүмкін. Тілдің немесе көмейдің ісінуімен қатар жүретін ангионевроздық ісіну тыныс жолдарының обструкциясына және өлімге әкеп соғуы мүмкін.

Мұндай симптомдар пайда болған кезде тері астына дереу эпинефрин (адреналин) (1:1000 сұйылтылған (0,3 немесе 0,5 мл) енгізу және/немесе тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету керек.

Сыртартқысында АКФ тежегіштерін қабылдаумен байланысты емес Квинке ісінуі байқалған емделушілерде, осы топтағы препараттарды қабылдағанда, оның пайда болу қаупі жоғарылауы мүмкін.

Сирек жағдайларда АКФ тежегіштерімен емдеу аясында ішектің ангионевроздық ісінуі пайда болады. Мұндайда емделушілерде оқшауланған симптом ретінде немесе жүректің айнуымен және құсумен бірге, кейбір жағдайларда бұған дейін беттің ангионевроздық ісінуінсіз және С1-эстераза қалыпты деңгейде болғанда, іш ауыруы білінеді. Диагноз құрсақ қуысына компьютерлік томография, ультрадыбыстық зерттеулер жәрдемімен немесе хирургиялық араласым жасаған сәтте анықталады. АКФ тежегіштерін қабылдауды тоқтатқан кезде симптомдар жоғалады. АКФ тежегіштерін қабылдап жүрген іші ауыратын емделушілерде дифференциальді диагноз жүргізген кезде ішектің ангионевроздық ісінуінің пайда болуы мүмкін екендігін ескеру қажет.

Десенсибилизация емшараларын жүргізген кездегі анафилактоидтық реакциялар

Жарғақ қанатты жәндіктердің (аралар, соналар) уымен десенсибилизациялаушы ем жүргізу кезінде АКФ тежегіштерін қабылдап жүрген емделушілерде өмірге қауіп төндіретін ұзақ анафилактоидтық реакциялардың пайда болғаны жөнінде жекелеген мәлімдемелер бар. Десенсибилизация емшарасын қабылдап жүрген, аллергиялық реакцияларға бейім емделушілерге АКФ тежегіштерін сақтықпен қолдану қажет. Жарғақ қанатты жәндіктердің уымен иммунотерапия қабылдап жүрген емделушілерге АКФ тежегішін тағайындамаған жөн. Дегенмен, анафилактоидтық реакциялардың пайда болуына, десенсибилизация емшарасын жүргізуден кем дегенде 24 сағат бұрын, АКФ тежегіштерін уақытша тоқтату арқылы жол бермеуге болады.

ТТЛП аферезін жүргізген кездегі анафилактоидтық реакциялар

Сирек жағдайларда АКФ тежегіштерін қабылдап жүрген емделушілерде декстран сульфатын пайдаланып ТТЛП аферезін жүргізген кезде өмірге қатер төндіретін анафилактоидтық реакциялар пайда болуы мүмкін. Анафилактоидтық реакцияларды болдырмау үшін ағыны жоғары жарғақшаларды пайдаланып жүргізілетін ТТЛП аферезінің әрбір емшарасы алдында АКФ тежегішімен емдеуді тоқтатқан жөн.

Гемодиализ

АКФ тежегіштерін қабылдап жүрген емделушілерде ағыны жоғары жарғақшаларды (мысалы, AN69®) пайдалана отырып гемодиализ жүргізген кезде (периндоприл артық дозаланған жағдайларда) анафилактодтық реакциялар білінді.

Калий жинақтаушы диуретиктер және калий препараттары

Периндоприл мен калий жинақтаушы диуретиктерді, сондай-ақ калий препараттарын және ас тұзының құрамында калий бар алмастырғыштарын бір мезгілде қолдануға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар», «Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімдерін қараңыз).

Жөтел

АКФ тежегіштерімен емдеу аясында құрғақ жөтел пайда болуы мүмкін, ол осы топтағы препараттарды тоқтатқан кезде жоғалады. Құрғақ жөтел пайда болған кезде осы симптомның АКФ тежегіштерін қабылдаумен ықтимал байланысын ескерген жөн. Егер дәрігер АКФ тежегіштерімен емдеу емделушіге қажет деп есептесе, Периндид препаратын қабылдау жалғастырылуы мүмкін.

18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Периндид препаратын 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге, қолдану тиімділігі және қауіпсіздігі жөнінде деректердің жоқ болуына байланысты, қолдануға болмайды.

Артериялық гипотензия және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі қаупі (ЖСЖ бар, су-электролиттік теңгерімі бұзылған емделушілер және т.б).

Ісінулермен және асцитпен, артериялық гипертензиямен, ЖСЖ қатар жүретін бауыр циррозында, әсіресе айқын гиповолемияда және қан плазмасындағы электролиттер мөлшері төмендегенде (тұзсыз емдәм немесе диуретиктерді ұзақ қабылдау аясында) ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің (РААЖ) едәуір белсенділенгені байқалуы мүмкін.

АКФ тежегішін қолдану РААЖ блокадасын тудырады, осыған байланысты АҚ күрт төмендеуі және/немесе, бүйрек жедел жеткіліксіздігінің пайда болғанын айғақтайтын, қан плазмасындағы креатинин концентрациясы жоғарылауы мүмкін, бұл Периндид препаратының алғашқы дозасын қабылдағанда немесе емдеудің алғашқы екі аптасы ішінде жиі байқалады.

Егде жастағы емделушілер

Периндид препаратын қабылдар алдында бүйрек функциясына және қан плазмасындағы калий мөлшеріне баға берген жөн. Периндид препаратының бастапқы дозасын, әсіресе АҚК азайғанда, АҚ төмендеу дәрежесіне сай іріктейді. Осыған ұқсас шаралар АҚ күрт төмендеуін болдырмауға мүмкіндік береді.

Атеросклероз

Артериялық гипотензия қаупі барлық емделушіде бар, алайда жүректің ишемиялық ауруы бар және ми қан айналымы жеткіліксіз емделушілерге Периндид препаратын қолданғанда аса сақ болған жөн. Мұндай емделушілерде емдеуді Периндид препаратының 2 мг/0,625 мг дозасынан бастаған жөн (бастапқы доза).

Реноваскулярлы гипертензия

Бүйрек артериясының анықталған немесе болжам жасалған стенозы бар емделушілерді Периндид препаратымен емдеуді стационар жағдайында, бүйрек функциясын және қан плазмасындағы калий мөлшерін бақылай отырып, Периндид препаратының 2 мг/0,625 мг дозасынан бастаған жөн. Кейбір емделушілерде бүйрек жедел жеткіліксіздігі пайда болуы мүмкін, ол препаратты тоқтатқаннан кейін қайтымды болады.

Қант диабеті бар емделушілер

Периндид препаратын ішке қабылдауға арналған гипогликемиялық дәрілер немесе инсулин қабылдап жүрген емделушілерге тағайындағанда емнің алғашқы айы ішінде қандағы глюкоза концентрациясын жүйелі түрде бақылап отыру қажет.

Этникалық ерекшеліктері

Периндоприл (басқа да АКФ тежегіштері сияқты), басқа нәсіл өкілдерімен салыстырғанда, негроид нәсілді емделушілерде гипертензияға қарсы айқындылығы азырақ әсер берді.

Хирургиялық араласымдар/Жалпы анестезия

Жалпы анестезия қолдану арқылы хирургиялық араласым жасалған науқастарда АКФ тежегіштерін қолдану, әсіресе гипотензивті әсер беретін жалпы анестезияға арналған дәрілерді қолданғанда, АҚ айқын төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін.

АКФ тежегіштерін, соның ішінде периндоприлді қабылдауды, АКФ тежегіштерін қолданып жүргенін дәрігер-анестезиологқа ескертіп, хирургиялық араласымнан 12 сағат бұрын тоқтату керек.

Аортальді стеноз/Митральді стеноз/Гипертрофиялық обструктивті кардиомиопатия

АКФ тежегіштері сол жақ қарыншаның шығар жолының обструкциясы бар бар емделушілерге сақтықпен қолданылуы тиіс.

Бауыр жеткіліксіздігі

Сирек жағдайларда АКФ тежегіштерін қабылдау аясында холестаздық сарғаю пайда болады, ол өршіген кезде бауырдың фульминантты некрозы пайда болады, кейде өліммен аяқталады. Синдромның пайда болу механизмі анық емес. АКФ тежегіштерін қабылдау аясында сарғаю пайда болғанда немесе «бауыр» трансаминазасының белсенділігі елеулі жоғарылағанда Периндид препаратын қабылдауды тоқтатқан жөн. Бауыр ауыр жеткіліксіздігінде Периндид препаратын қолдануға болмайды.

Анемия

Анемия адамдарда бүйрек трансплантациясынан кейін пайда болуы мүмкін.

Гиперкалиемия

АКФ тежегіштерімен, соның ішінде, периндоприлмен, емдеу кезінде пайда болуы мүмкін. Гиперкалиемия қаупінің факторлары бүйрек жеткіліксіздігі, егде жас, қант диабеті, кейбір қатар жүретін жағдайлар (АҚК төмендеуі, жүрек жеткіліксіздігінің декомпенсация сатысы, метаболизмдік ацидоз), калий жинақтаушы диуретиктерді (спиронолактон, эплеренон, триамтерен, амилорид сияқты), сондай-ақ калий препараттарын немесе ас тұзының құрамында калий бар алмастырғыштарын және қан плазмасында калий мөлшерінің артуына мүмкіндік беретін басқа да препараттарды (мысалы, гепарин) қолдану болып табылады. Гиперкалиемия жүрек ырғағының ауыр бұзылуларына, кейде өліммен аяқталуына әкеп соғуы мүмкін. Жоғарыда аталған препараттарды біріктіріп қолдануды абайлап жүргізу қажет.

Индапамид

Фотосезімталдық

Тиазидті және тиазид тәрізді диуретиктерді қабылдау аясында фотосезімталдықтың жоғарылағаны жөнінде мәлімдемелер бар. Периндид препаратын қабылдау аясында фотосезімталдық реакциясы пайда болғанда емдеуді тоқтату қажет. Егер Периндид препаратын қолдануды қайта жаңғырту қажеттілігі туындаса, терінің ашық жерлерін күннің тура түсуі әсерінен және жасанды ультракүлгін сәулелерден қорғаған жөн.

Су-электролиттік теңгерім

Қан плазмасындағы натрий мөлшері

Периндид препаратымен емдеуді бастағанға дейін қан плазмасындағы натрий мөлшерін анықтау және препаратты қабылдау аясында электролиттерге жүйелі бақылау жүргізу қажет. Барлық диуретикалық дәрілер ауыр асқынуларға әкеп соғатын гипонатриемияны тудыруға қабілетті.

Қан плазмасындағы калий мөлшері

Тиазидтік және тиазид тәрізді диуретиктермен емдеу мына емделушілерде: егде жастағы, жүдеу емделушілерде, бауыр циррозы, шеткергі ісінулері, асциті, жүректің ишемиялық ауруы, ЖСЖ бар емделушілерде гипокалиемияның (3,4 ммоль/л-ден кем) пайда болу қаупімен байланысты. Осы емделушілерде гипокалиемия жүрек гликозидтерінің уытты әсерін күшейтеді және аритмияның пайда болу қаупін арттырады.

Жоғары қауіп тобына ЭКГ-де QT аралығы ұзарған емделушілер жатады.

Гипокалиемия, брадикардиядағы сияқты, жүрек ырғағының ауыр бұзылуларының, әсіресе «пируэт» типті аритмияның пайда болуына мүмкіндік береді, ол өліммен аяқталуы мүмкін. Осыған байланысты, емге Периндид препаратын қолдануға болмайды.

Қан плазмасындағы кальций мөлшері

Тиазидтік және тиазид тәрізді диуретиктер кальцийдің бүйректер арқылы шығарылуын азайтып, қан плазмасындағы кальций мөлшерінің шамалы және уақытша жоғарылауына әкеледі. Айқын гиперкальциемия жасырын гиперпаратиреоздың салдары болуы мүмкін. Қалқанша маңы безі функциясын зерттеу алдында Периндид препаратын қабылдауды тоқтатқан жөн.

Қан плазмасындағы глюкоза концентрациясы

Қант диабеті бар емделушілерде глюкозаның концентрациясын тексерген жөн.

Несеп қышқылы

Қан плазмасында несеп қышқылының концентрациялары жоғарылаған науқастарда Периндид препаратымен емдеу аясында подагра барысының өршу жиілігі артуы мүмкін.

Диуретикалық дәрілер және бүйрек функциясы

АҚК төмендеуі нәтижесінде гиповолемия немесе диуретиктерді қабылдаудан туындаған гипонатриемия Периндид препаратымен емдеуді бастаған кезде шумақтық сүзілу жылдамдығының төмендеуіне әкеп соғуы және қан плазмасында креатинин мен мочевина концентрацияларының жоғарылауымен қатар жүруі мүмкін.

Спортшылар

Индапамид допинг-бақылау жүргізген кезде оң реакция беруі мүмкін.

Дәрілік препаратты жүктілікте және лактация кезеңінде қолдану:

Жүктілік

Периндидті жүктілік кезеңінде қолдануға болмайды. Жүктілікті жоспарлағанда немесе препаратты қабылдау аясында жүкті болып қалғанда препарат қабылдауды дереу тоқтатқан және басқа гипотензивті емді тағайындаған жөн. Жүкті әйелдерде АКФ тежегіштеріне тиісті бақыланатын зерттеулер жүргізілген жоқ. Жүктіліктің I триместрінде препараттың әсер етуі жөнінде қолда бар шектеулі деректер препараттың фетоуыттылыққа байланысты кемістіктің туындауына әкелмегенін айғақтайды.

Периндидті жүктіліктің I триместрінде қолданбаған жөн, препаратты жүктіліктің II және III триместрлерінде қолдануға болмайды.

АКФ тежегіштерінің жүктіліктің ІІ және ІІІ триместрлерінде ұрыққа ұзақ әсер етуі, оның дамуының бұзылуына (бүйрек функциясының төмендеуіне, олигогидрамнионға, бас сүйектің оссификациясының баяулауына) және жаңа туған нәрестелерде асқынулардың пайда болуына (бүйрек жеткіліксіздігіне, артериялық гипотензияға, гиперкалиемияға) әкеп соғуы мүмкін екендігі белгілі.

Жүктіліктің ІІІ триместрінде тиазидтік диуретиктерді ұзақ қолдану әйелде гиповолемияны тудыруы және жатырлық-плаценталық қан ағынын төмендетуі мүмкін, бұл фетоплацентарлы ишемияға және ұрықтың дамуының кідіруіне әкеп соғады. Сирек жағдайларда, босануға дейінгі шамалы уақыт ішінде диуретиктерді қабылдау аясында, жаңа туған нәрестелерде гипогликемия және тромбоцитопения пайда болады.

Егер емделуші әйел жүктіліктің ІІ және ІІІ триместрлерінде Периндид қабылдаған болса, бас сүйек және бүйрек функциясы жағдайына баға беру үшін ультрадыбыстық зерттеу жүргізу ұсынылады.

Анасы АКФ тежегіштерімен ем қабылдаған жаңа туған нәрестелерде артериялық гипотензия байқалуы мүмкін, осыған байланысты жаңа туған нәрестелер мұқият медициналық бақылауда болуы тиіс.

Лактация кезеңі

Периндидті бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды.

Периндоприлаттың аздаған мөлшері емшек сүтімен бірге бөлініп шығады.

Индапамид емшек сүтімен бірге бөлініп шығады. Тиазидтік диуретиктерді қабылдау емшек сүтінің мөлшерін азайтуы немесе лактацияны бәсеңдетуі мүмкін. Жаңа туған нәрестелерде мұндайда сульфонамид туындыларына жоғары сезімталдық, гипокалиемия және «ядролық» сарғаю пайда болуы мүмкін.

Периндоприл мен индапамидті лактация кезеңінде қолдану емшек еметін нәрестеде ауыр асқынуларды туындататын болғандықтан, анасын емдеудің маңыздылығына баға беру және емшек емізу жөнінде немесе препаратты қабылдау жөнінде шешім қабылдау қажет.

Көлік құралдарын және басқа да қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Артериялық қысымның өзгеруімен байланысты, әсіресе емнің бас кезінде немесе гипертензияға қарсы басқа дәрілерді қосқанда жекелей реакциялар болуы ықтимал. Соның нәтижесінде автомобильді басқару және зейінді жұмылдыруды талап ететін механизмдермен жұмыс жасау қабілеті төмендеуі мүмкін.

Артық дозалануы

Симптомдары: АҚ айқын төмендеуі, жүректің айнуы, құсу, құрысулар, бас айналу, ұйқысыздық, полиурия немесе олигурия, анурия, брадикардия, су-электролиттік теңгерімнің бұзылуы.

Емі: асқазанды шаю және/немесе белсенділендірілген көмір тағайындау. Артериялық қысым едәуір төмендегенде науқастың басын төмен етіп жатқызған жөн. Медициналық мекемеде жүргізілетін әрі қарайғы шаралар су-электролиттік теңгерімнің қалпына келуіне бағытталуы тиіс, симптоматикалық ем. Арнайы у қайтарғысы жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 немесе 14 таблеткадан.

Пішінді ұяшықты 1, 2 немесе 3 қаптама медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Эдж Фарма Прайвет Лимитед»

166 Атланта Билдинг,

209 Нариман Пойнт,

Мумбай 400 021, Үндістан

Тіркеу куәлігінің иесі

«Эдж Фарма Прайвет Лимитед» Үндістан

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«СonsultAsia» ЖШС

Розыбакиев, 68, 302 кеңсе

E-mail: pv@consultingasia.kz

Тел/факс: +727-98-32-601/+77051708876

Прикрепленные файлы

860223921477976633_ru.doc 120 кб
337071341477977779_kz.doc 220 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники