Пепсан-Р

МНН: 1,4-Диметил-7-(2-пропил)азулен (Гвайазулен), Диметикон
Производитель: Лаборатории Роза-Фитофарма
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Silicones
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№016131
Информация о регистрации в РК: 13.07.2016 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Пепсан - Р

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың ішінде

белсенді заттар: 300 мг диметикон

4 мг гвайазулен,

қосымша заттар: желатин, глицерол, кристалданбайтын 70% сорбитол, патенттелген көк V, титанның қостотығы, тазартылған су.

Сипаттамасы

Жұмсақ ұзынша жылтыр көк түсті капсулалар. Капсула ішіндегісі – көк түсті тұтқыр ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

АІЖ функциялық бұзылыстарын емдеуге арналған препараттар. Ішек функциясының бұзылыстарын емдеуге арналған препараттар. Ішек функциясының бұзылыстарын емдеуге арналған басқа да препараттар.

АТХ коды А03AХ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Диметикон және гвайазулен химиялық инертті затар болуына байланысты әрі асқазан-ішек жолдарынан сіңбейтіндіктен, фармакокинетикасы жөнінде деректер жоқ.

Фармакодинамикасы

Пепсан-Р - біріктірілген препарат. Қабынуға қарсы әсер етеді, асқазандағы тұз қышқылы секрециясын төмендетеді, ішекте газ түзілуін азайтады.

Гвайазулен – қабынуға қарсы айқын әсері бар, аллергиялық реакцияны босатып, регенерациялық үдерістерді күшейтіп, антиоксидантты әсер етеді. Асқазанның шырышты қабығының жасушалары мастоциттерден гистаминнің босап шығуын тежейтін әсері арқасында, қышқыл секрециясын тежейді.

Диметикон – беткейлік тартылу күші төмен гидрофобты полимерлі зат, ол ішекте газ түзілуін төмендетеді және асқорыту жолының қабырғасын қорғайтын үлбірмен жабады. Әсер ету механизмі ішектегі газ көпіршіктерін беткейлік тартылуын өзгертуге негізделген. Газ көпіршіктері жарылып, олардың ішіндегі газ босап шығады да, сіңеді немесе табиғи жолмен шығарылады.

Қолданылуы

- гастралгияны симптоматикалық емдеуде

- ішек метеоризмінде

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер мен 14 жастан асқан балаларға тамақтанудың алдында, не ауыру туындаған жағдайда 1 капсуладан тәулігіне 2-3 рет.

Емдеу курсын дәрігер жекелей белгілейді.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, қышыну)

- іштің ауыруы және кебуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың компоненттеріне жоғары сезімталдық

- ішек бітелісі

- асқазан-ішек жолының обструкциялық аурулары

- балаларға және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Егер симптомдар сақталса немесе нашарласа, дәрігермен кеңесу ұсынылады.

Айрықша нұсқаулар

Сорбитол болуы салдарынан препаратты фруктоза жақпаушылығы бар пациенттерге қолдануға болмайды. Пепсан-Р құрамында қант болмағандықтан, қант диабетімен зардап шегетін адамдарға қарсы көрсетілімі жоқ.

Жүктілік және лактация

Жүкті және бала емізу кезеңінде қолданылуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары: диарея, іштің ауыруы

Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 капсуладан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. 3 пішінді ұяшықты қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшада.

Сақтау шарттары

25 0С-ден аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Лаборатории Роза-Фитофарма»

68 рю Жан-Жак Руссо 75001 Париж, Франция

Тіркеу куәлігінің иесі

«Лаборатории Роза-Фитофарма»

68 рю Жан-Жак Руссо 75001 Париж, Франция

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«ФИК Медикаль» (FIC MEDICAL) Қазақстан Республикасындағы өкілдігі, Төле би к-сі 69, 33 кеңсе, 050000, Алматы, Қазақстан

тел.: +7 (727) 272 93 08, факс: +7 (727) 272 90 25

e-mail: fic_kz@ficmedical.kz

Прикрепленные файлы

581076371477976201_ru.doc 45.5 кб
066910671477977448_kz.doc 49.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники