Пентовит

МНН: Никотинамид, Пиридоксин, Тиамин, Фолиевая кислота, Цианокобаламин
Производитель: Алтайвитамины ЗАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Поливитамины
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№011852
Информация о регистрации в РК: 16.07.2013 - 16.07.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Пентовит

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар:

тиамин гидрохлориді (В1 витамині) - 10 мг

пиридоксин гидрохлориді (В6 витамині) - 5 мг

никотинамид - 20 мг

фолий қышқылы - 0,4 мг

цианокобаламин (В12 витамині) - 0,05 мг

қосымша заттар: сахароза, тальк, кальций стеараты, картоп крахмалы.

қабықтың құрамы: сахароза, ара балауызы, тальк, магний карбонаты, бидай ұны, суда еритін метилцеллюлоза, тағамдық желатин, титанның қостотығы (Е 171).

Сипаттамасы

Ақ түсті қабықпен қапталған, екі беті дөңес, дөңгелек пішінді таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Поливитаминдер

АТХ коды А11ВА

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Тиамин гидрохлориді (В1 витамині) негізінен он екі елі ішек пен аш ішекте сіңеді. Тиамин барлық тіндерге жақсы сіңеді және таралады. Күнсайын тиаминнің 1мг-ға жуық мөлшері метаболизденеді. Тиаминнің фосфорлануы бауырда жүреді, ол депода (бауыр, жүрек, ми, бүйрек, көк бауыр) жинақталып қаныққаннан кейін ғана несепте пайда болады. Фосфорланған тиаминнің шығарылуы тіндерде, негізінен бауырда деградациялануы жолымен жүреді. Тиаминнің және витаминнің түзілген метаболиттері (олар 10-нан асады) өзгермеген күйде бүйрекпен шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі 9,5-18,5 күн.

Никотинамид (РР витамині) асқазан-ішек жолдарынан (АІЖ) тез сіңеді. Барлық ағзалар мен тіндерде біркелкі таралады. Организмде негізінен метилдену арқылы белсенсіздендіріледі. РР витамині егер оның көп мөлшері организмге түссе, несепте белсенді түрде кездеседі.

Пиридоксин гидрохлориді (В6 витамині) АІЖ-да жеңіл сіңеді және бауырда витаминнің белсенді түрі – пиридоксальфосфатқа айналады. В6 витаминінің биологиялық белсенді, коферментті формасы болып оның фосфорланған туындысы: пиридоксаль 5-фосфат және пиридоксамин 5-фосфат саналады. Метаболизмнің соңғы өнімі бүйрекпен шығатын 4-пиридоксил қышқылы.

Фолий қышқылы Фолий қышқылының физиологиялық дозасы (1мг) белсенді сіңу жолымен сіңеді, ал жоғары дозасы диффузия жолымен сіңеді. Фолий қышқылы қарапайым гидролизат түрінде сіңеді. Гидролизді жүзеге асыратын ферменттердің көпшілігі он екі елі ішек пен аш ішекте болады. Фолий қышқылы организмнің барлық тіндеріне таралады. Организмдегі жалпы мөлшері 5мг-нан 10мг-ға дейін болады, оның 1/3 бөлігі негізінен метилфолат түрінде бауырда болады. Фолий қышқылының метаболизмі және оның тіндердегі биотрансформациясы толық зерттелмеген.

Цианокобаламин (В12 витамині) асқазанның шырышты қабатының париетальді жасушаларымен өндірілетін ішкі фактор-гликопротеид В12 витаминінің сіңген жерден мықын ішекке жетуін қамтамасыз ететін тасымалдаушы рөлін атқарады және осы үдерісті жеңілдетеді. Ішкі фактор көмегімен жүзеге асатын ішектің шырышты қабаты арқылы белсенді тасымалдануы, ішке қабылданған витаминнің 90%-ың түсуін қамтамасыз етеді. Витаминнің миллиграммен өлшенетін жоғары дозасы ішкі фактордың көмегінсіз қарапайым диффузия арқылы сіңе алады. Мұндай сіңу жолының тиімділігі шамалы, өйткені витаминнің қабылданған дозасының 1,5 %-ң ғана түсуін қамтамасыз ете алады. В12 витаминінің жинақталатын басты орны бауыр. Көп бөлігі көк бауырда және бүйректе, одан аз мөлшері бұлшық еттерде жинақталады. Витаминнің метаболизмі өте баяу жүреді. Бауырдағы жартылай өмір сүру уақыты 12 айға жуық. Тәулігіне В12 витаминінің организмдегі қолданылған мөлшерінің 0,2-0,3% өтпен шығарылады. Оның негізгі бөлігі энтерогепатиялық циркуляцияға ұшырайды. Βитаминнің бос фракциясы несеппен тәулігіне 0,25мг дейін шығарылады.

Фармакодинамикасы

Аталған витаминдердің біріктірілімі үшін орталық және шеткергі жүйке жүйелерінің функциональдік жағдайына олардың синергиялық әсері негіз болып табылады. В тобының нейротропты витаминдері (тиамин хлориді немесе тиамин бромиді, пиридоксин гидрохлориді) қимыл-тірек аппаратының қабыну және дегенеративті ауруларында жағымды әсер етеді, қан айналымының күшеюіне ықпал етеді және жүйке жүйесінің жұмысын қалпына келтіреді, қышқыл-сілтілік жағдайды, көмірсу, ақуыз және май алмасуларын реттейді.

Фолий қышқылы белсенді емес. Көміртегіні тасымалдаудың біріккен үдерісіне қатысатын әртүрлі коферменттердің ізашары ретінде әсер етеді. Фолаттар коферменттері нуклеин қышқылдарының синтезіне қажет әртүрлі метаболикалық үдерістерге қатысады.

Цианокобаламин (В12 витамині) фолий қышқылының фолинге айналуына қажетті гомоцистеиннің метионинге метилденуін жүзеге асырады. Фолин қышқылы сүйек кемігінде нормобластық типтегі қан түзілуін жүзеге асыруға және АІЖ қалыпты қызмет жасауына қажет. В12 витамині миелин тінінде липопротеидтің өндірілуіне қажет ферменттің түзілуімен қамтамасыз етеді.

Никотинамид (РР витамині) – РР витаминінің бір түрі. Пеллаграға қарсы әсері бар, организмде көмірсутекті және азоттық алмасуларды қалпына келтіреді, липидтік алмасуды қалыпқа келтіреді, никотин қышқылы ретінде тіннің тыныс алу үдерісіне қатысатындықтан, жасушалардың тотығу-тотықсыздану үдерістеріне де қатысады. Қанда атерогендік липопротеиндердің деңгейінің төмендеуін туғызады. Айқын қантамырларды кеңейтетін әсер бермейді. Никотинадениндинуклеотидтің (НАД) және никотинадениндинуклеотидфосфаттың (НАДФ) синтезін стимуляциялайды. НАД және НАДФ түрінде, тотығу-тотықсыздану реакцияларына протондарды акцептирлейді және жеткізеді, алмасулардың көптеген түрінің, сонымен қатар энергетикалықтың да қалыпты жүруін қамтамасыз етеді.

Қолданылуы

- В және РР тобының гиповитаминоздарын емдеуде және алдын алуда

- В тобындағы витаминдерге жоғарғы қажеттілікте

- ауыр соматикалық және жұқпалы аурулардан кейінгі қалпына келу кезінде

- стресс, астениялық және невротикалық жағдайлардың алдын алуда

- невралгия, әртүрлі этиологиядағы полиневриттерде

- дерматиттер және әртүрлі этиологиядағы дерматоздарда

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге және 12 жастан асқан балаларға - күніне 3 рет 2-4 таблеткадан. Ас қабылдаумен бір мезгілде қабылдау керек. Емдеу курсының ұзақтығын дәрігер жекелей анықтайды.

Жағымсыз әсерлері

  • қышыма, уртикарлы бөртпе

  • тахикардия, жүрек тұсының ауыруы, орталық жүйке жүйесінің қозуының жоғарылауы, ұйқысыздық

  • сирек: құрысу

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- 12 жасқа дейінгі балалар.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Пиридоксин леводопаның паркинсонға қарсы әсерін төмендетеді. Пеницилламинді ұзақ қабылдаған кезде, пиридоксиннің тапшылығы дамуы мүмкін. Пентовитті және колхицинді немесе бигуанидті бір мезгілде қабылдаған кезде, цианокобаламиннің сіңуінің төмендеуі байқалады. Қанның ұюын жоғарылататын препараттармен цианокобаламинді бірге қолдануға болмайды. Пентовитті қабылдау аясында құрысуға қарсы препараттармен (фенобарбиталмен, фенитоинмен, карбамазепинмен) ұзақ уақыт емдеу, препараттың құрамына кіретін тиаминнің тапшылығына әкелуі мүмкін. Алкоголь тиаминнің сіңуін дереу төмендетеді.

Айрықша нұсқаулар

Артық дозалануын болдырмас үшін, препаратты қабылдау кезінде басқа поливитаминді кешендерді қолдану ұсынылмайды.

Көрсетілген күндік дозадан асырмау керек.

Қант диабетімен науқастар

Драже қабығының құрамында қант болғандықтан, инсулин қабылдайтын қант диабетімен науқастарға, НБ ескере отырып, көміртегі мөлшерін есептеу қажет.

Көлік құралдарын жүргізу, механизмдерді басқару қабілетіне әсері

Препарат көлік құралдарын жүргізуге және зейінді жоғары жұмылдыруды қажет ететін жұмыстарды жасауға әсер етпейді

Артық дозалануы

Препараттың артық дозалану жағдайлары туралы қазіргі уақытта хабарланбаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

Пішінді ұяшықты қаптамалар медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықтың сәйкес санымен бірге топтық қаптамаға немесе тасымалдайтын ыдысқа салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Қаптамада көрсетілген, жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Алтайвитамины» ЖАҚ, Ресей Федерациясы

Мекенжайы: 659325, Алтай өлкесі, Бийск қ- сы, Заводская к-сі, 69

Телефон: (3854) 326-943

Факс: (3854) 327-640, 327-153

Тіркеу куәлігінің иесі

«Алтайвитамины» ЖАҚ, Ресей Федерациясы

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы туралы түскен шағымдарды қабылдайтын ұйымның атауы, телефон нөмірі, факс нөмірі электрондық поштасы.

«Алтайвитамины» ЖАҚ

Мекенжайы: 659325, Ресей, Алтай өлкесі, Бийск қ- сы, Заводская к-сі, 69

Телефон: (3854) 326-943

Факс: (3854) 327-640, 327-153

Прикрепленные файлы

932942671477976876_ru.doc 58 кб
377094991477978041_kz.doc 64 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники