Пентаса (гранулы с пролонгированным высвобождением, 2 г)

МНН: Месалазин
Производитель: Ферринг Интернешнл Сентер СА
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Mesalazine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020277
Информация о регистрации в РК: 29.11.2018 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Предельная цена закупа в РК: 888.86 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Пентаса

Халықаралық патенттелмеген атауы

Месалазин

Дәрілік түрі

Босап шығуы ұзаққа созылатын түйіршіктер 2 г

Құрамы

Бір пакетшенің құрамында

белсенді зат – 2000 мг месалазин,

қосымша заттар: повидон, этилцеллюлоза.

Сипаттамасы

Ақшыл сұр түстен ақшыл қоңыр түске дейінгі цилиндр пішінді түйіршіктер.

Фармакотерапиялық тобы

Қабынуға қарсы ішек препараттары.

Аминосалицил қышқылы мен соған ұқсас препараттар. Месалазин.

АТХ коды 07ЕС02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Қабылдағаннан және ерігеннен кейін месалазин біртіндеп он екі елі ішектен тоқ ішекке дейін асқазан-ішек жолы (АІЖ) бойымен өткенде әр микротүйіршігінен ішек ортасының кез-келген рН мәнінде босап шығады. Препаратты ішу арқылы қабылдағаннан кейін 1 сағаттан соң микротүйіршіктер ас ішуге байланыссыз он екі елі ішекте анықталады. Дені сау еріктілерде ішектегі пассажының орташа уақыты 3–4 сағатты құрайды. Месалазин, ішектің шырышты қабығында жүйеалдылық жолмен де, бауырда жүйелі жолмен де N-ацетил-месалазинге айналады. Аздап ацетилденуі тоқ ішек бактерияларының қатысуымен жүзеге асады, соның нәтижесінде ацетил-5-аминосалицил қышқылы түзіледі. Ішу арқылы қолданғанда препараттың 30-ден 50 %-ға дейінгісі аш ішекте сіңеді. Қабылдағаннан кейін 15 минуттан соң-ақ месалазин қан плазмасында анықталады. Месалазин қан плазмасындағы ең жоғарғы концентрациясына препаратты қабылдағаннан кейін 1–4 сағаттан соң жетеді. Месалазиннің қан плазмасындағы концентрациясы біртіндеп төмендей береді және, қолданғаннан кейін 12 сағаттан соң анықталмайды. Ацетил-месалазин концентрациясының қан плазмасындағы қисығы да сондай сипатта, бірақ тұтас алғанда оған жоғарырақ концентрациялары мен баяуырақ шығарылу тән. Ацетил-месалазиннің қан плазмасындағы месалазинге метаболизмдік арақатынасы тәулігіне 3 рет 500 мг және тәулігіне 3 рет 2 г қолданғаннан кейін сәйкесінше 3,5-тен 1,3-ке дейінді құрайды, бұл ацетилденуінің дозасына тәуелділігін көрсетеді. Месалазиннің қан плазмасындағы орташа тұрақты концентрациялары тәулігіне 1,5; 4 және 6 г  қабылдағаннан кейін сәйкесінше 2, 8 және 12 ммоль/л құрайды. Ацетил-месалазин үшін бұл концентрациялар сәйкесінше 6, 13 және 16 ммоль/л құрайды. Месалазин мен ацетил-месалазин гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтпейді. Месалазиннің қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы 50 %-ға жуықты, ал ацетил-месалазиннің байланысуы — 80 %-ға жуықты құрайды. Месалазиннің қан плазмасынан жартылай шығарылу кезеңі 40 минутқа жуықты (500 мг  қолданғаннан кейінгі клиренсі 18 л/сағатты құрайды), ал ацетил-месалазинде - 70 минутқа жуықты құрайды. Месалазин үнемі АІЖ арқылы өткенде босап шығатындықтан, препараттың ішу арқылы қабылдағаннан кейінгі жартылай шығарылу кезеңін анықтау мүмкін емес. Сынақ нәтижелері, месалазиннің ішу арқылы қлданғаннан кейін тұрақты концентрациясына 5 күн ішінде жететіндігін көрсетті. Месалазин мен ацетил-месалазин несеппен және нәжіспен шығарылады (несеппен көбінесе ацетил-месалазин шығарылады). Месалазиннің ішу арқылы қабылдағандағы биожетімділігі ішектің жедел қабыну аурулары кезіндегі диарея және жоғары қышқылдылық сияқты патофизиологиялық үдерістерге байланысты сәл бұзылады. Ішек перистальтикасы күшейген пациенттерде жүйелі сіңуі препараттың тәуліктік дозасының 20–25 %-ына дейін төмендейді. Бұл заттың несеппен және нәжіспен шығарылу көрсеткіштерінің артуы да ықтимал. Бауыр және бүйрек функциясың бұзылуы бар пациенттерде препараттың шығарылу жылдамдығының жеткіліксіз болуы жағымсыз нефроуытты әсерінің қаупін арттыруы мүмкін.

Фармакодинамикасы

Пентаса – босап шығуы ұзаққа созылатын түйіршіктер, этилцеллюлозамен қапталған месалазиннің микротүйіршіктері түрінде келеді. Месалазин ойық жара колитін және Крон ауруын емдеу үшін пайдаланылатын сульфасалазиннің белсенді компоненті болып табылады.

Клиникалық зерттеулердің нәтижесіне сәйкес, месалазиннің емдік құндылығы пероральді және ректальді қолдану тәсілінде жүйелі әсерге қарағанда асқазан-ішек тіндерінің қабынуында жергілікті әсері жылдам болады.

Ішектің қабыну аурулары бар барлық пациенттерде лейкоциттердің жоғары көшуі, цитокиндердің аномальді өндірілуі, арахидон қышқылы метаболиттерінің жоғары өндірілуі, атап айтқанда лейкотриен В4 және ішектің қабынған тіндерінде бос радикалдардың түзілуінің күшейгені байқалады. Месалазиннің фармакологиялық әсері, цитокиндер мен лейкотриендердің өндірілуінің төмендеуі, сондай-ақ бос радикалдардың шығарылуы, in-vitro және in-vivo хемотаксис лейкоциттердің тежелуінің құрамында болады. Осы уақытқа дейін месалазиннің клиникалық тиімділігіне бұл механизмдердің қайсысы ықпал ететіні белгісіз.

Ойық жара колитінде, әсіресе патологиялық үдерісі тараған пациенттерде, ауруы >8 жыл бойы болған, сыртартқысында жақын туысында ТТІО бар немесе алғашқы склероздық холангит қатар жүрген кезде тоқ ішек және тік ішек обырының (ТТІО) пайда болу қаупі жоғары. Колиттен туындаған ТТІО пайда болу қаупі, ойық жара колиті пайда болғаннан кейін 10 жыл бойы 2%, 20 жыл бойы 8% және 30 жыл бойы 18% құрайды.

9 экспериментальді емес зерттеулердің (3 топтық зерттеулерде және 6 бақылау-жағдай әдісімен зерттеулерде) салыстырмалы талдауларында ойық жара колиті бар 1,932 пациент арасында ТТІО 334 жағдайы және дисплазияның 140 жағдайы көріністелді, бұл месалазинмен ем алып жүрген пациенттерде ТТІО пайда болу қаупі 50%-ға қысқарғаны, сондай-ақ ТТІО және дисплазия үшін біріктірілген клиникалық нәтиже көрсетті. ТТІО пайда болу қаупінің қысқаруы дозалауға байланысты, бұл месалазин күніне ≥1.2 г хемопревентивті әсерінің болуына байланысты, күнделікті жазбадағы дозалануды зерттеудің салыстырмалы талдамасы дәлелдеді. Бұдан басқа хемопрофилактика месалазиннің өмірлік дозасымен (4) байланысты. Соңында месалазинмен жасалған демеуші емде ТТІО пайда болу қаупінің қысқарғаны байқалған. Экспериментальді модельдерден және пациенттер биопсиясы арқылы анықталған месалазиннің әсері препараттың ойық жаралы колит туындатқан ТТІО алдын алудағы, сондай-ақ колит туындатқан ТТІО дамуына қатысатын дабыл жолдарының қабыну үдерісімен байланысты және байланысты емес мөлшерінің төмендеуіндегі препараттың рөлін растайды.

Қолданылуы

- спецификалық емес ойық жаралы колитте

- Крон ауруында

Қолдану тәсілі мен дозалары

Ойық жаралы колит

Өршу сатысы

Ересектер: тәулігіне бір рет немесе 2-4 қабылдауға бөлінген ең жоғарғы тәуліктік доза – 4 г, дәрігер жекелей белгілейді.

6 жастағы және одан үлкен балалар: дозасын дәрігер жекелей, тәулігіне бірнеше рет қабылданатын 30-50 мг/кг бастап белгілейді. Ең жоғарғы тәуліктік дозасы - 75 мг/кг, бірақ 4 г аспайды.

Ремиссия сатысы

Ересектер: ең жоғарғы тәуліктік дозасы – 1 рет қабылдауға 2 г.

6 жастағы және одан үлкен балалар: дозасын дәрігер жекелей, тәулігіне бірнеше рет қабылданатын 15-30 мг/кг бастап белгілейді.  Ең жоғарғы тәуліктік дозасы - 2 г.

Емдеу ұзақтығын дәрігер аурудың ағымына байланысты жекелей анықтайды.

Крон ауруы

Өршу сатысы

Ересектер: ең жоғарғы тәуліктік дозасы – 2-4 қабылдауға бөлінген 4 г, дәрігер жекелей белгілейді.

6 жастағы және одан үлкен балалар: дозасын дәрігер жекелей, тәулігіне бірнеше рет қабылданатын 30-50 мг/кг бастап белгілейді. Ең жоғарғы тәуліктік дозасы - 75 мг/кг, бірақ 4 г аспайды.

Ремиссия сатысы

Ересектер: ең жоғарғы тәуліктік дозасы – 2-4 қабылдауға бөлінген 4 г, дәрігер жекелей белгілейді.

6 жастағы және одан үлкен балалар: дозасын дәрігер жекелей, тәулігіне бірнеше рет қабылданатын 15-30 мг/кг/ бастап белгілейді.  Ең жоғарғы тәуліктік дозасы - 2 г.

Емдеу ұзақтығын дәрігер аурудың ағымына байланысты жекелей анықтайды.

Пакеттің ішіндегісін ауызға сеуіп, шайнамай, аздаған сумен немесе шырынмен ішу қажет. Оңтайлы әсеріне қол жеткізу үшін, препаратты жүйелі түрде қабылдау қажет.

Жағымсыз әсерлері

Жиі

- бас ауыруы

- жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, диарея

- тері бөртпесі (есекжемді, эритематоздық бөртпені қоса)

Сирек

- бас айналуы

- миокардит, перикардит

- метеоризм, амилаза деңгейінің жоғарылауы, панкреатит

- панколит

- дәрі-дәрмектік ауру

Өте сирек

- эозинофилия (аллергиялық реакцияның көрінісі ретінде), анемия, соның ішінде апластикалық, лейкопения (гранулоцитопенияны және нейтропенияны қоса), тромбоцитопения, агранулоцитоз, панцитопения

- аса жоғары сезімталдық реакциялары

- шеткергі невропатия

- миалгия, артралгия

- ентігу, жөтел, бронх түйілуі, аллергиялық альвеолит, өкпе инфильтрациясы, өкпе эозинофилиясы, пневмония

- бауыр трансаминазалары белсенділігінің жоғарылауы, холестаз белгілері, гипербилирубинемия, гепатоуыттылық белгілері (гепатитті, холестаздық гепатитті, циррозды, бауыр жеткіліксіздігін қоса)

- жедел және созылмалы интерстициальді нефрит, нефроздық синдром, бүйрек жеткіліксіздігі, несеп түсінің өзгеруі, протеинурия, гематурия, олигурия, анурия, кристаллурия

- әлсіздік, қызыл жегіге ұқсас синдром

- алопеция

- көз жасы сұйықтығы өнімділігінің төмендеуі, паротит

- олигоспермия

- стоматит

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың белсенді немесе қосымша компоненттеріне немесе салицилаттарға аса жоғары сезімталдық

- қан жүйесінің аурулары - асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы

- геморрагиялық диатез - бауырдың және/немесе бүйректің ауыр жеткіліксіздігі

- жүктілік және лактация кезеңі

- 6 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Сульфонилмочевина туындыларының гипогликемиялық әсерін, глюкокортикостероидтардың ульцерогенділігін, метотрексаттың уыттылығын күшейтеді. Фуросемидтің, спиронолактонның, сульфаниламидтердің, рифампициннің белсенділігін төмендетеді. Антикоагулянттардың әсерін күшейтеді. Урикозуриялық препараттардың (өзекшелік сөлініс блокаторларының) белсенділігін арттырады. Цианокобаламиннің сіңірілуін баяулатады. Месалазин глюкокортикоидтардың асқазанның шырышты қабығына жағымсыз әсерін әлсіретуі, дигоксиннің сіңуін төмендетуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты сыртартқысында салицилаттарға (сульфасалазинге) аллергия бар пациенттерге сақтықпен қолдану қажет.

Құрысулар, абдоминальді ауру, дене температурасының жоғарылауы, қатты бас ауыруы, бөртпелер сияқты жедел симптомдар туындаған жағдайда, препаратты қабылдауды дереу тоқтату қажет.

Препаратты бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. Қажет болса, емдеуге дейін және емдеу кезінде бауырдың AЛТ және AСТ сияқты функционалдық көрсеткіштерін бақылауға алу керек.

Препаратты бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдану ұсынылмайды. Емдеу кезінде бүйрек функциясының бұзылуы месалазиннің нефроуытты әсерінен туындауы мүмкін. Бүйрек функциясын, атап айтқанда, қан сарысуындағы креатинин деңгейін ұдайы бақылап отыру қажет (әсіресе емдеудің бастапқы фазасында).

Миокардиттің, перикардиттің дамуына күдіктенгенде немесе қан құрамы өзгерген жағдайда, емдеуді тоқтату керек. Жоғарыда аталған жағымсыз реакциялардың көріністері: қан құрамының айқын өзгерістері жағдайында — қатты қанағыштық, тері астына қан кетулер, тамақтың ауыруы және қызба,  перикардит немесе миокардит жағдайында — қызба, төс артының ауыруы және ентігу болуы мүмкін. Ацетилдену үдерісі баяу жүретін пациенттерде жағымсыз әсерлерінің дамуы қаупі жоғары. Несеп пен көз жасы сұйықтығының сарғыш қызыл-сары түске боялуы, жанаспалы линзалардың боялуы байқалуы мүмкін.

Егде жастағы пациенттерде қолданғанда дозасын төмендету қажет емес.

Жүктілік және лактация кезеңі

Месалазиннің плаценталық бөгет арқылы өтетіндігі белгілі. Бұл дәрінің жүктілік кезіндегі қолданылуы жөніндегі шектеулі деректер болуы мүмкін уытты әсеріне баға беруге мүмкіндік бермейді. Месалазин емшек сүтіне ана қанындағыға қарағанда төменірек концентрацияларда түседі, бұл кезде ацетил-месалазин метаболиті емшек сүтінде дәл сондай немесе жоғарырақ концентрацияларда анықталады. Аналары Пентаса препаратын қабылдаған емшектегі балаларда жағымсыз әсерлері байқалмаған, бірақ қолда бар ақпарат шектеулі. Жүктілік және бала емізу кезеңінде препаратты сақтықпен және тек, егер препарат әсерінің мүмкін болатын пайдасы ықтимал қаупінен асатын болса ғана қолдану керек.

Көлік құралдарын жүргізуге және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Орталық жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз әсерлерінің дамуы мүмкіндігін ескере отырып, көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқарудан бас тарту керек.

Артық дозалануы

Препараттың босап шығуы ұзаққа созылатын түйіршіктер түріндегі бірегей дәрілік түрін және месалазиннің спецификалық фармакокинетикалық қасиеттерін ескере отырып, белсенді затының тек болар-болмас бөлігі ғана жүйелі әсер береді, сондықтан тіпті препараттың аса жоғары дозаларын қабылдағанда да, артық дозалануының даму симптомдарын күтпеген жөн.

Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, гастралгия, әлсіз, ұйқышылдық.

Емі: белгілеріне қарай: асқазанды шаю, іш жүргізгіш дәрілерді қолдану; клиникалық жағдайға байланысты қышқыл-сілтілік теңгерімді қалпына келтіру және аралас алкалоз/ацидоз кезіндегі жоғалған электролиттердің орнын толтыру; гипергидрозда, құсуда сұйықтық көлемінің орнын толтыру; гипогликемия кезінде — глюкозаны енгізу. Бүйрек функциясын бақылау.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Босап шығуы ұзаққа созылатын 2 г түйіршіктерді пакетшелерге салады.

60 пакеттен медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қаптамаға салады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 15 ºС-ден 25 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Ферринг Интернешнл Сентер СА,

Чемин де ла Вергогнаусаз 50, 1162, Сан-Пре, Швейцария

Тіркеу куәлігінің иесі

Ферринг Интернешнл Сентер СА, Швейцария

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасындағы «Ферринг Фармацевтикалс С.А.» өкілдігі

Қазақстан Республикасы

Алматы қ., 050049

әл-Фараби даңғылы, 7 үй, 5А блогы, 131 кеңсе

«Нұрлы Тау» бизнес орталығы

Тел.\факс: +7(727) 311-54-47, факс: +7 (727) 311-52-87

Прикрепленные файлы

189856471477976788_ru.doc 78 кб
260752181477977944_kz.doc 101 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники