Пен-Герпевир
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Пен-Герпевир
Халықаралық патенттелмеген атауы
Пенцикловир
Дәрілік түрі, дозасы
Крем, 10 мг/г
Фармакотерапиялық тобы
Дерматологияда қолдануға арналған антибиотиктер мен химиотерапиялық препараттар. Жергілікті қолдануға арналған химиотерапиялық препараттар Вирусқа қарсы препараттар. Пенцикловир.
АТХ коды D06B B06.
Қолданылуы
Ауырсыну мен қышынудың қарқындылығын азайту үшін, сондай-ақ қайталанатын герпес (қайталанатын ерін герпесі) жеңіл формасының жедел кезеңінде зақымдалған бөліктердің (қабығы түзілуін) қалпына келу процесін тездету үшін.
Қолдану басталғанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
Пенцикловирге, фамцикловирге немесе препараттың кез келген қосымша заттарына (мысалы, пропиленгликольге) жоғары сезімталдық.
Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
Арнайы сақтық шаралары қажет емес.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Пен-Герпевир дәрілік затын басқа дәрілік заттармен (жергілікті немесе жүйелі әсер ететін) бір мезгілде қолданған кездегі өзара әрекеттесуі анықталмаған.
Арнайы ескертулер
Кремді тек ерінге немесе ауыздың айналасындағы теріге герпеспен ауырған жерлеріне жағу керек. Кремді шырышты қабықтарға (мысалы, ауыз, мұрын немесе жыныс мүшелеріне) жағу ұсынылмайды. Ерекше сақтық танытқан жөн, кремді көзге немесе оның айналасындағы жерлерге тигізбеу керек. Әсіресе иммунитеті әлсіреген пациенттерге (мысалы, ЖИТС-пен ауыратын пациенттерге немесе сүйек кемігі трансплантаты реципиенттеріне), егер пероральді ем көрсетілсе, дәрігермен кеңесу қажет.
Егер креммен емдеудің 4-ші күнінен кейін аурудың белгілері жойылмаса, дәрігермен кеңесу керек.
Вирустың дененің басқа аймақтарына таралуын болдырмау және айналасындағы адамдарға жұқтырмау үшін келесі ережелерді сақтау керек:
- зақымдалған бөлігіне кремді жағар алдында және одан кейін үнемі қолды жуу;
- крем бар сықпаны түпнұсқа қаптамада сақтап, басқа адамдардың кремді пайдалануына жол бермеу керек;
- ұзақ вирустық әрекет нәтижесінде пайда болған көпіршіктерді теспеуге тырысу;
- көзді сүртпеуге тырысыңыз (вирус көздің мөлдір қабығына әсер етуі мүмкін);
- сүюден, әсіресе балаларды сүюден аулақ болыңыз;
- вирус таратуы мүмкін заттарды бөлісуден аулақ болыңыз: сүлгілер, шыныаяқтар, асханалық ыдыс-аяқ, темекі және т. б.
Крем құрамында цетостеарил спирті бар, ол терінің жергілікті реакциясын (мысалы, жанасу дерматиті) тудыруы мүмкін. Сондай-ақ, крем құрамында теріні тітіркендіретін пропиленгликоль бар.
Педиатрияда қолдану
12 жасқа дейінгі балаларда пенцикловирді қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Деректер жоқ.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Пенцикловирдің жүйелік сіңу деңгейі өте аз болғандықтан, жүктілік немесе лактация кезінде кремді қолданғанда қандай да бір қауіп жоқ. Осы кезеңде пенцикловирді қолдану қауіпсіздігі зерттелмеген, сондықтан ана үшін қолданудан күтілетін пайданың шарана/бала үшін ықтимал қаупі жоғары болған жағдайда, препаратты дәрігермен кеңескеннен кейін ғана қолдану керек.
Пенцикловирдің емшек сүтіне енуі туралы ақпарат жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Автокөлікті немесе басқа механизмдерді басқару қабілетіне қандай да бір әсер байқалмайды.
Қолдану бойынша ұсынымдар
Дозалау режимі
Ересектер (егде жастағы пациенттерді қоса) және 12 жастан асқан балалар.
Кремді әр 2 сағат сайын (ұйқы кезеңінен басқа) ерін немесе ауыз айналасындағы терінің зақымдалған жерлеріне кемінде 6 күніне рет жұқа қабатпен жағу керек.
Тамақтанғаннан кейін кремді қолдану ұсынылады. Егер крем қолданғаннан кейін бір сағат ішінде жуылса, оны қайтадан жағу керек.
Балалар.
12 жасқа дейінгі балаларда пенцикловирді қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Деректер жоқ.
Енгізу әдісі мен жолы
Сыртқа қолдануға арналған. Емдеуді инфекция дамуының алғашқы белгілері пайда болған кезде (мысалы, ашыту, қышыну) мүмкіндігінше ертерек бастау керек. Сонымен қатар, клиникалық зерттеулер көрсеткендей, пенцикловир герпестің сауығу процесін тездетеді және аурудың анағұрлым кешеуілдеген кезеңінде де ұзақ ауырсынуын қысқартады.
Кремді қолданар алдында қолыңызды жуыңыз. Препаратты таза саусақпен немесе терінің зақымдалған бөлігінің көлеміне сәйкес келетін крем мөлшерімен майланған мақта тампонымен қолдануға болады.
Емдеу курсы - 4 күн (96 сағат). Егер препаратпен емдеуді бастағаннан кейін 4 күннен кейін жақсару белгілері байқалмаса, дәрігерге қаралу керек.
Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар
Жергілікті қолданған кезде артық дозалану ықтималдығы аз. Бүкіл қаптама ішіндегісін қате қабылдаған жағдайда да жағымсыз құбылыстар байқалмайды, өйткені пенцикловирдің пероральді сіңуі төмен. Дегенмен, ауыз қуысының тітіркенуі мүмкін. Бүкіл қаптаманың ішіндегісін ішке қате қабылдаған жағдайда нақты емдік шаралар жүргізудің қажеті жоқ.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне жүгіну ұсынылады.
ДП стандартты қолдану кезінде пайда болатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Жиі:
- қолдану орнындағы реакциялар (оның ішінде жағу орнындағы ауыру, гипестезия, күйдіру, шаншу, жансыздану).
Жиілігі белгісіз:
- есекжемді қоса, аса жоғары сезімталдық реакциялары.
- аллергиялық дерматит (бөртпе, қышыну, оның ішінде бет пен ерін күлдіреуін және ісінуін қоса).
Сонымен қатар, жанаспалы дерматит (цетостеарил спиртіне реакция ретінде) және жағатын орындағы тітіркену (пропиленгликольге реакция ретінде) жағдайлары болуы мүмкін. Фотосезімталдықтың жоғарылау жағдайлары (терінің креммен өңделген жерлеріне ультракүлгін сәулелердің түсуі салдарынан болатын пигментация) байқалған жоқ.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
Бір грамм кремнің құрамында
белсенді зат: пенцикловир - 10,0 мг;
қосымша заттар: цетостеарил спирті, полиэтиленгликоль (макрогол) цетостеарил эфирі, пропиленгликоль, ақ жұмсақ парафин, минералды май, тазартылған су;
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ немесе ақ дерлік крем.
Шығарылу түрі және қаптамасы
2 г алюминий сықпада. 1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 30 °C-ден аспайтын температурада.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші туралы мәліметтер
«Киевмедпрепарат» ЖАҚ, Украина, 01032, Киев қ., Саксаганский к-сі, 139.
тел / факс: +38-044-490-75-22
E-mail: office@arterium.ua
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«Киевмедпрепарат» ЖАҚ, Украина, 01032, Киев қ., Саксаганский к-сі, 139.
тел / факс: +38-044-490-75-22
E-mail: office@arterium.ua
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасы жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«ТД Фармамед» ЖШС,
Алматы қ., Ходжанов көшесі, 67 ғимарат, 4а т. е.
Тел.: +7 (727) 344-99-05/06
E-mail: Almaty@pharmamed.kz