Педекс (0,5%, 60 мл)

Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Педекс
Халықаралық патенттелмеген атауы
Перметрин
Дәрілік түрі
Cыртқа қолдануға арналған 0,5% 60 мл ерітінді
Құрамы
1 г ерітіндінің құрамында
белсенді зат - 5 мг перметрин (100 % затқа шаққанда)
қосымша заттар: изопропил спирті, қылқанжапырақ эфир майы, тазартылған су, 96 % этил спирті
Сипаттамасы
Сарғыш мөлдір сұйықтық. Аздап бозаңдануы мүмкін
Фармакотерапиялық тобы
Эктопаразиттерді жоюға арналған препараттар (қотыр кенесін, инсектицидтер және репеллентерді қоса алғанда). Пиретриндер. Перметрин.
АТХ коды Р03АС04
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Жергілікті қолданғанда ерітіндінің белсенді заты сіңбейді және резорбтивті әсер етпейді.
Фармакодинамикасы
Перметрин синтетикалық пиретроидтың цис- және транс- түрлері изомерлерінің қоспасы болып табылады. Бұл терінің сыртына қолданылатын инсектицидті және акарицидті дәрі, ол көптеген инсектерге, соның ішінде битке де әсер етеді. Перметрин жәндіктердің жүйке жасушалары жарғақшаларына тікелей әсер етеді. Әсер ету механизмі жарғақшаның поляризациясын реттейтін, жүйке жасушалары жарғақшасында натрий өзектері блокадасы арқылы реполяризация үдерісін бөгеуге негізделген, осының салдарынан паразиттің салдануы мен өлуі орын алады.
Қолданылуы
Ересектер мен 2 жастан бастап балалар педикулезінде.
Қолдану тәсілі және дозалары
Бастағы шашты және шаштың түбірін мақта немесе дәке тампон арқылы губкамен де болады Педекс ерітіндісімен мол етіп ылғалдайды. Педексті шашының қалыңдығына және ұзындығына қарай бір адамға 25-50 мл есебінен жағады. Басты орамалмен таңады. 40 минуттан кейін басты сабынды жылы сумен немесе сусабынмен жуып тастайды. Жуып болғаннан кейін шашты өлген насекомдарды кетіру үшін жиі тарақпен тарайды.
Жағымсыз әсерлері
-
шырышты қабыққа әлсіз тітіркендіргіш әсері
-
сирек жағдайларда аппликация орнында қышыну, эритема, бөртпе немесе күйдіру сезімі болуы мүмкін
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
ерітіндінің белсенді затына және/немесе кез келген басқа компонентіне жоғары сезімталдық
-
2 жасқа дейінгі балалар
-
жүктілік және лактация кезеңі
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Айрықша нұсқаулар
Ерітінді көзге түсіп кеткен жағдайда, дереу көп мөлшердегі сумен жуу керек.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралдарын басқару және қауіптілігі зор механизмдеріне қызмет көрсету қабілетіне ықпал етпейді.
Артық дозалануы
Анықталмаған
Шығарылу түрі және қаптамасы
60 мл препараттан құлыпталатын, бұрандалы пластмасса қақпақпен тығындалған күңгірт шыны құтыға құйылған.
1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
ЛМП ЖШҚ, Виеталвас к-сі 1, Рига, LV-1009, Латвия.
Тел.: (+371) 6704 0788
Тіркеу куәлігінің иесі
ЛМП ЖШҚ, Виеталвас к-сі 1, Рига, LV-1009, Латвия.
Тел.: (+371) 6704 0788
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы Мекенжайы: «ЛМП» ЖШҚ
Виеталвас к-сі 1, Рига, LV-1009, Латвия
Телефон: +371 6704 0788
Факс: +371 6704 0787
Электронды поштасы: info@lmp.lv