Педекс (0,5%, 40 г)

Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
ПЕДЕКС
Халықаралық патенттелмеген атауы
Перметрин
Дәрілік түрі
Cыртқа қолдануға арналған 0.5% 40 г гель
Құрамы
1 г гельдің құрамында
белсенді зат – 5.00 мг перметрин (100 % затқа шаққанда)
қосымша заттар: 96 % этил спирті, карбомер, троламин (триэтаноламин), метилпарагидроксибензоат, тазартылған су
Сипаттамасы
Ақтан крем түске дейінгі мөлдір емес гель
Фармакотерапиялық тобы
Эктопаразиттерді жоюға арналған препараттар (қотыр кенесін қоса алғанда). Пиретриндер. Перметрин.
АТХ коды Р03АС04
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Жергілікті пайдаланғанда гельдің белсенді заты сіңбейді және резорбтивті әсер етпейді.
Фармакодинамикасы
Перметрин синтетикалық пиретроидтың цис- және транс- түрлері изомерлерінің қоспасы болып табылады. Бұл терінің сыртына қолданылатын инсектицидті және акарицидті дәрі, ол көптеген инсектерге, соның ішінде битке де әсер етеді.
Перметрин жәндіктердің жүйке жасушалары жарғақшаларына тікелей әсер етеді. Әсер ету механизмі жарғақшаның поляризациясын реттейтін жүйке жасушалары жарғақшасында натрий арналарының блокадасы арқылы реполяризация үдерісін бөгеуге негізделген, осының салдарынан паразиттің салдануы мен өлуі орын алады.
Қолданылуы
Ересектер мен 2 жастан бастап балалар педикулезінде.
Қолдану тәсілі және дозалары
Аздаған мөлшердегі гельді инсектермен зақымданған жерге жұқалап жағады. Зақымданған аумақтың көлеміне және шаштың қалыңдығына бір жағуға 25-40 г жұмсалады. 40 минуттан кейін сабынды немесе сусабынды жылы сумен жуып тастайды. Жуып болғаннан кейін шашты өлген насекомдарды кетіру үшін жиі тарақпен тарайды.
Жағымсыз әсерлері
-
шырышты қабыққа әлсіз тітіркендіргіш әсері
-
сирек жағдайларда жапсырылған жерде қышу, эритема, бөртпе немесе күйдіру сезімі, ісіну болуы мүмкін.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
гельдің белсенді затына және/немесе кез келген басқа компонентіне жоғары сезімталдық
-
2 жасқа дейінгі балалар
-
жүктілік және лактация кезеңі
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Деректер жоқ
Айрықша нұсқаулар
Гель көзге тиіп кеткен жағдайда, көп мөлшердегі сумен дереу жуу керек.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Гель көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етпейді.
Артық дозалануы
Анықталмаған
Шығарылу түрі және қаптамасы
40 г препарат бұрандалы қалпақшасы бар алюминий сықпаға салынған.
1 сықпадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
“ЛМП” ЖШҚ, Виеталвас к-сі 1, Рига, LV-1009, Латвия.
Тел.: (+371) 67040788
Тіркеу куәлігінің иесі
“ЛМП” ЖШҚ, Виеталвас к-сі 1, Рига, LV-1009, Латвия.
Тел.: (+371) 67040788
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы Мекенжайы: «ЭМИТИ Интернашнл» ЖШС
Қазақстан Республикасы, 050026, Алматы қ-сы, Мұратбаев к-сі, 23/1
Телефон: 8 (727) 255 84 74
Электронды поштасы: pretension@amity.kz