ПАСК (800 мг/г)

МНН: Аминосалициловая кислота
Производитель: С.П. Инкомед Пвт. Лтд.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Aminosalicylic acid
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021195
Информация о регистрации в РК: 03.03.2015 - 03.03.2020
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)

Инструкция

Саудалық атауы

ПАСК

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішекте еритін қабықпен қапталған түйіршіктер 600 мг/г және 800 мг/г

Құрамы

1г түйіршіктер құрамында:

белсенді зат - натрий аминосалицилат дигидраты 600,00 мг/г немесе 800,00 мг/г

қосымша заттар: нон парель, крахмал, поливинилфенилкетон, сахароза, тальк, диэтилфталат, дибутилфталат, сары сансет лагы Е110, гидроксипропилметилцеллюлоза, полиэтиленгликоль 6000, целлюлоза ацетилфталаты, шеллак үлпектері

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, сары-қызылсары түсті ішекте еритін қабықпен қапталған түйіршіктер

Фармакотерапиялық тобы

Туберкулезге қарсы препараттар. Аминосалицил қышқылы және оның туындылары. Аминосалицил қышқылы.

АТХ коды J04AA01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағанда жақсы сіңеді. Гистогематикалық бөгет арқылы жеңіл өтеді және тіндерге таралады. Препараттың жоғары концентрациялары өкпеде, бүйректерде және бауырда анықталады. Жұлын-ми сұйықтығына препарат тек ми қабығының қабынуында өтеді. 4 г дозасын ішке қабылдағаннан кейін қан сарысуындағы ең жоғары концентрациясы 75 мкг/мл құрайды. Қан ақуыздарымен байланысуы-50-60 %. Бауырда метаболизденеді. Аминосалицил қышқылы шумақтық сүзіліс арқылы шығарылады. Препараттың 80 % несеппен экскрецияланады, 50 %-дан артығы ацетилденген түрінде шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі 0,5 - 1 сағатты құрайды. Бүйрек жеткіліксіздігінде және егде жастағы адамдарда препараттың бүйректік элиминациясы баяулайды.

Фармакодинамикасы

Аминосалицил қышқылы Mycobacterium tuberculosis қатысты бактериостатикалық әсер иеленген.

Әсер ету механизмі: аминосалицил қышқылы парааминобензой қышқылымен (ПАБҚ) бәсекелеседі және туберкулездің микобактерияларында фолий қышқылының синтезін басады, Mycobacterium tuberculosis темірді қармауының азаюына әкелетін, микобактерия қабырғасының компоненті микобактиннің түзілуін басады. Аминосалицил қышқылы белсенді көбею жағдайындағы микобактерияларға әсер етеді, және іс жүзінде тыныштық сатысындағы микобактерияларға әсер етпейді. Жасушаішілік орналасқан қоздырғышқа әлсіз әсер етеді. Тек Mycobacterium tuberculosis-ке қатысты ғана белсенді, басқа туберкулезді емес микобактерияларға әсер етпеді. Стрептомицинге және изониазидке бактериялық төзімділіктің даму мүмкіндігін азайтады.

Бактерияға қарсы белсенділіктен басқа препарат десенсибилизациялайтын және қабынуға қарсы әсер білдіреді, зақымдануға тіндік реакцияның сипатын аздап өзгертеді және казеозды массаның ішінара резорбциясына ықпал етеді.

Қолданылуы

- Әртүрлі формадағы және орналасудағы мультирезистентті туберкулезде

Қолдану тәсілі және дозалары

Түйіршіктерді астан кейін 0,5-1 сағаттан соң қышқыл сұйықтармен (шырындар: апельсиннен, қызанақтан, алмадан) ішке қабылдайды. Шайнауға болмайды!

Асқазан шырынының жоғары қышқылдығында препаратты сумен ішу керек. Ересектерге 33-45 кг салмақта– 8000 мг-ден, 50-70 кг – 8000 – 10000 мг-ден және 70 кг асатын салмақта –12000 мг-ден тәулігіне 2-3 қабылдауға.

Балаларға дене салмағына 0,2 г/кг есеппен тәулігіне 1-2 қабылдауға; тәулігіне 10 г асырмай тағайындайды. Қабылдар алдында қышқыл тағаммен (алма пюресі немесе йогурт) немесе шырынмен (апельсиннен, қызанақтан, алмадан) араластырады.

Амбулаторлық емдеу жағдайында барлық тәуліктік дозаны бір қабылдауға (жақсы көтерімділік жағдайында) тағайындауға болады.

Жағымсыз әсерлері

- жүрек айнуы, құсу, тәбеттің болмауы немесе нашарлауы, сілекей бөлінуінің жоғарылауы, метеоризм, іштің ауыруы, диарея немесе іш қату, гепатомегалия, оң жақ қабырға астының ауыруы, бауыр трансаминазалары белсенділігінің жоғарылауы, дәрілік гепатит, оның ішінде өліммен аяқталатын; сарғаю, B12-тапшылығымен мегалобласты анемия

- қызба, есекжем немесе пурпура типтес дерматиттер, энантема, бронхтүйілуі, Квинке ісінуі, сирек анафилактикалық шок, эксфолиативті дерматит; жұқпалы мононуклеозге ұқсайтын синдром немесе лимфолиз, буындардың ауыруы, Леффлер эозинофилиясы

- шаршағыштық, әлсіздік

Сирек

- гипербилирубинемия, протеинурия, гематурия, цилиндрурия, глюкозурия, қанда мочевина деңгейінің жоғарылауы, ацидоз, кристаллурия, подагра

- агранулоцитоз, лейкопения, тромбоцитопения, глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығымен емделушілердегі гемолитикалық анемия

- етеккір функциясының бұзылуы, эректильді функцияның бұзылуы, салмақ қосу

- гипотиреоз, зоб, микседема (жоғары дозаларды ұзақ уақыт қолданғанда) 

- перикардит, гипогликемия, көру жүйкесінің невриті, васкулит, протромбин мөлшерінің азаюы, гипокалиемия, супержұқпа

- D витамині алмасуының бұзылуы есебінен, кальций мен фосфор балансының бұзылуы

- артериялық қысымның ауытқуы, жүрек тұсының ауыруы, бас ауыруы

- салдану симптомдары, тонико-клоникалық құрысу, сондай-ақ психоз байқалуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат ингредиенттерінің кез келгеніне, басқа салицилаттарға немесе сульфонамидтерге аса жоғары сезімталдық

- бүйректің ауыр аурулары (нефрит)

- бауыр жеткіліксіздігі, гепатит, бауыр циррозы

- ішкі ағзалар амилоидозы

- асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы, өршу фазасындағы энтероколит

- өршу фазасындағы микседема, ішкі ағзалар амилоидозы

- қан ұюының бұзылуы

- атеросклероз

- декомпенсацияланған созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (оның ішінде жүрек ақауы аясында)

- тромбофлебит, гипокоагуляция, глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы

- эпилепсия

- 3-жасқа дейінгі балаларға

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа туберкулезге қарсы дәрілік заттармен сыйымды.

Рифампициннің, эритромициннің және линкомициннің сіңуін бұзады және тиімділігін төмендетеді.

Цианокобаламиннің сіңуін (B12-тапшылықты анемия дамуы мүмкін) бұзады.

Дигоксиннің қандағы концентрациясын 40 %-ға төмендетеді.

Антацидті дәрілер препараттың сіңуін бұзбайды.

Тікелей емес антикоагулянттар - кумарин мен индандион туындыларының әсерін күшейтеді (антикоагулянттар дозасын түзету қажет).

Құрамында йод бар қалқанша без гормондарын, олардың аналогтарын және антагонистерін (антитиреоидты дәрілерді қоса) қабылдағанда, пара-аминобензой қышқылы (ПАБҚ) аясында қанда тироксин (Т4) және тиреотропты гормонның (ТТГ) концентрациясы өзгереді.

Аммоний хлориді кристаллурия даму қаупін жоғарылатады.

Этионамидпен бір мезгілде қабылдау гепатоуыттылық қаупін жоғарылатады.

Дифенгидрамин аминосалицил қышқылының тиімділігін төмендетеді.

Пробенецид оның плазмадағы концентрациясын жоғарылатып, аминосалицил қышқылының экскрециясын төмендетеді.

Айрықша нұсқаулар

Бүйрек және/немесе бауыр жеткіліксіздігінде, сыртартқысында асқазандық қан кетуде сақтықпен қабылдау керек;

Аллергиялық реакцияны білдіретін, алғашқы белгілерінде препаратты қабылдауды дереу тоқтату және десенсибилизациялайтын ем жүргізу керек. Емдеу үдерісінде несеп пен қанды жүйелі зерттеу, бауырдың функциональді жағдайын тексеру («бауыр» трансаминазалары белсенділігін бақылау) керек.

Туберкулезді интоксикация немесе спецификалық зақымдану аясында бүйрек функциясының төмендеуі препаратты тағайындауға қарсы көрсетілім болып табылмайды. Протеинурия мен гематурия дамуы препаратты уақытша тоқтатуды талап етеді.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Қазіргі уақытқа дейін көлік құралдарын жүргізу немесе механизмдерді басқару қабілетіне әсері байқалған жоқ.

Артық дозалануы

Симптомдары: препараттың жағымсыз әсерлері күшеюі мүмкін.

Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем көрсетілімде.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Ішекте еритін қабықпен қапталған 600 мг/г немесе 800 мг/г түйіршіктер, буфленнен жасалған сашеде 4 г. 12 сашеден қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Ішекте еритін қабықпен қапталған 600 мг/г түйіршіктер; 100 г-ден немесе 500 г-ден полиэтиленнен жасалған пакетте, 1 пакеттен өлшегіш қасығымен және қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге полиэтилен банкаға салынған.

Ішекте еритін қабықпен қапталған 800 мг/г түйіршіктер; 100 г-ден немесе 500 г-ден полиэтиленнен жасалған пакетте, 1 пакеттен өлшегіш қасығымен және қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге полиэтилен банкаға салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

С.П. Инкомед Пвт. Лтд., Үндістан

323/1, Централ Хоуп Таун, Кэмп Роуд, Селакуи Дехрадун-248197, Уттаракханд, Үндістан

Тіркеу куәлігінің иесі

«ABMG Expert» ЖШҚ, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«ABMG Expert» ЖШҚ,

Алматы қ-сы, Гоголь к-сі, 86

т.2508-445

Прикрепленные файлы

297025551477976549_ru.doc 79 кб
070202051477977714_kz.doc 90 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники