Пармелии слоевища

Производитель: Даулет-Фарм ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний органов дыхания
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018097
Информация о регистрации в РК: 05.02.2021 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Пармелия қатпарлары

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі, дозалануы

Пармелия қатпарлары

Фармакотерапиялық тобы

Фармакотерапиялық тобы: Респираторлық жүйе. Тыныс алу мүшелерінің ауруларын емдеуге арналған басқа препараттар.

АТХ коды R07AХ

Қолданылуы

Тыныс жолдары және өкпе аурулары (бронхит, қарқындылығы әр түрлі жөтелдер, бронх демікпесі, туберкулез) кезінде, асқазан-ішек жолдарының ауруларын (гастриттерді, энтероколиттерді) емдеу үшін ішке қолданылады.

Іріңді жараларды, кесіп кеткен жерлерді, жарылуларды емдеуде сыртқа қолданылады.

Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық.

Гипертония кезінде сақтықпен қолдану керек

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Жүктілік және лактация кезіндегі әсері зерттелмеген, сондықтан қолдану ұсынылмайды.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Арнайы сақтандырулар

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік және лактация кезіндегі әсері зерттелмеген, сондықтан қолдану ұсынылмайды.

Фертильділік

Жүктілік және лактация кезіндегі әсері зерттелмеген, сондықтан қолдану ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Ішке қолдануға арналған қайнатпа. 3 шай қасық шикізатты жабық ыдыстағы 1,5 стақан суда 10 минут қайнатып, 2 сағат тұндырып қойып, сүзіп алу керек. Ересектерге күніне 3-4 рет 1-2 ас қасықтан, тамақтанғанға дейін қабылдау керек.

Балаларға. 1 шай қасық шикізатты жабық ыдыстағы 1 стақан суда 5 мин қайнатып, 2 сағат тұндырып қойып, сүзу керек.

6-14 жасқа күніне 3 рет 1 шай қасықтан. Салқын жерде 2 тәуліктен асырмай сақтау керек.

Сыртқа қолдануға арналған қайнатпа. 10 г (1 ас қасық) шикізатты эмаль ыдысқа салып, үстіне 200 мл қайнаған ыстық су құяды, қақпақпен жауып, қайнап жатқан су моншасында 10 минут қыздырады, 8 сағат тұндырып қояды да, сүзіп алып, сығады, қайнаған сумен 200 мл-ге дейін жеткізеді. Дайындалған қайнатпаны салқын жерде 2 тәуліктен асырмай сақтайды. Дәріге малынған дәке түрінде қолдану керек. Емдеу курсын дәрігер тағайындайды.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Анықталмаған

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға жүгініңіз.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

Терідегі бөртпелер, қышыну түріндегі аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Бір пакеттің ішінде:

белсенді зат:

Сапалық және сандық құрамы, граммен:

белсенді зат - кезбе пармелия қатпарлары 30,0 г,100,0 г

Қосымша заттар жоқ

Сыртқы түрінің сипаттамасы

Пармелия қатпарлары

Шығарылу түрі және қаптамасы

Полиэтилен пакеттердегі 30г, 100г пармелия қатпарлары, картон қорапшаларға салынған.

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, «Дәулет-фарм» ЖШС, Василий Бартольд көшесі, 157 К, тел-факс:8(727) 383-95-08,

E-mail daulet-farm@mail.ru

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, «Дәулет-фарм» ЖШС, Василий Бартольд көшесі, 157 К, тел-факс:8(727) 383-95-08,

E-mail daulet-farm@mail.ru

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, «Дәулет-фарм» ЖШС, Василий Бартольд көшесі, 157 К, тел-факс:8(727) 383-95-08,

E-mail daulet-farm@mail.ru

Прикрепленные файлы

Пармелии_каз.docx 0.04 кб
Пармелия_рус.docx 0.04 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники