Пармелии настойка
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Пармелия тұндырмасы
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Тұндырма
Құрамы
Сипаттамасы
Шырыш сезілетін ашқылтым дәмі бар, қызыл-қоңыр түсті сұйықтық. Сақтаған кезде тұнба түзілуі мүмкін.
Фармакотерапиялық тобы
Тыныс алу мүшелері ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар.
АТХ коды R07AХ
Фармакологиялық қасиеттері
Пармелия – бірнеше жылдық қына, төмен топтағы уақ саңырауқұлақтар мен балдырлардан тұратын екі организмнің симбиозы болып табылады. Қынаның денесі қатпарлары деп аталады. Пармелия қатпарларында уснин қышқылы, өзінің химиялық құрылысы бойынша талшыққа ұқсас және ыстық суда ісінетін және еритін қабілетімен ерекшеленетін көп мөлшерде көмірсулар (лихенин және изолихенин) бар. Қант, аскорбин қышқылы, тұтқыр заттар да анықталған. Пармелия тұндырмасының бактерицидтік, антисептикалық, қанды тоқтататын, жараны жазатын, қабынуға қарсы, бүркеуіш қасиеттері бар.
Қолданылуы
Тыныс жолдары мен өкпе ауруларын (бронхит, қарқындылығы әртүрлі жөтел, бронх демікпесі, туберкулез), асқазан-ішек жолдарының ауруларын (гастриттерді, ойық жараларды, энтероколиттерді) емдеу үшін ішке қолданады.
Іріңді жараларды, кесілген жерді, сызаттарды, баздануды емдеу үшін сыртқа қолданылады.
Қолдану тәсілдері және дозасы
Ішке. Ересектерге және 12 жастан асқан балаларға 10-15 тамшысын 1/2 стакан жылы, қайнаған суға тамызып, тамақтанар алдында күніне 3 рет береді. Емделу курсы ауру көрсетіліміне байланысты және оны дәрігер тағайындайды.
Сыртқа. Зақымданған жердің бетіне (алдын ала жасалған алғашқы хирургиялық өңдеуден кейін) ерітіндімен мол дымқылданған дәке таңғыш салады. Ерітіндінің дайындалуы – 200 мл қайнаған суға 1 ас қасық препарат.
Жағымсыз әсерлері
Терідегі бөртулер түріндегі аллергиялық реакциялар, қышыну болуы мүмкін.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық
-12 жасқа дейінгі балаларға
-жүктілік және лактация кезеңі
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Айрықша нұсқаулар
Препараттың құрамында этил спирті болғандықтан, препаратты созылмалы бауыр жеткіліксіздігі бар және алкогольге тәуелді емделушілерге, сондай-ақ 12 жастан асқан балаларға қолданғанда сақ болу керек.
Препараттың автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Автокөлікті басқарғанда сақ болған жөн, өйткені препараттың құрамында этил спирті бар.
Артық дозалануы
Анықталмаған
Шығарылу түрі және қаптамасы
50 мл препараттан полиэтилен тығынмен және бұралып жабылатын пластмасса қақпақпен тығындалған, алюминий қалпақшамен тығындалған мойны бұрандалы қызғылт сары түсті құтыларда. Құты қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 8 0С-ден 18 0С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Препаратты жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қабылдауға болмайды.
Босатылу шарты
Рецептісіз
Өндіруші
«Даулет-Фарм» ЖШС, Қазақстан
Тіркеу куәлігінің иесі
«Даулет-Фарм» ЖШС, Қазақстан
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«Даулет-Фарм» ЖШС, Қазақстан
Алматы қ., Тополевская к-сі, 157 К
Телефон, 383-95-08 факс 383-95-08,
E-mail daulet-farm@mail.ru