Пантодерм (мазь, 5%)

МНН: Декспантенол
Производитель: "Акрихин" АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Dexpanthenol
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023123
Информация о регистрации в РК: 24.07.2017 - 24.07.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Пантодерм

Халықаралық патенттелмеген атауы

Декспантенол

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған 5% жақпамай

Құрамы

100 г жақпамайдың құрамында:

белсенді зат – 5 г декспантенол;

қосымша заттар: вазелин, сұйық парафин, бадам майы, араның ақ балауызы, ланолин, цетостеарил спирті (цетил спирті – 60 %, стеарил спирті – 40 %), ланолин спирті, тазартылған су.

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар, сарғыштау реңді ақтан ақшыл-сары түске дейінгі жақпамай.

Фармакотерапиялық тобы

Тері ауруларын емдеуге арналған препараттар. Жаралар мен ойық жараларды емдеуге арналған препараттар. Артық тыртықтануды емдеуге арналған басқа да препараттар. Декспантенол.

АТХ коды D03AX03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Декспантенол жергілікті қолданғанда терімен жылдам сіңіріледі (жылдам сіңеді) және пантотен қышқылына айналады, плазма ақуыздарымен (ең бастысы бета-глобулинмен және альбуминмен) байланысады. Пантотен қышқылы организмде метаболизмге ұшырамайды және өзгермеген күйі 60-70%-ы несеппен, қалған бөлігі АІЖ арқылы шығарылады.

Фармакодинамикасы

Декспантенол тері жасушаларында пантотен қышқылына айналады, ол коэнзим А құрамдас бөлігі болып табылады және зақымданған тері жабындарының қалыптасуына да, жазылуында да маңызды рөл атқарады; тері регенерациясын көтермелейді, жасушалық метаболизмді қалпына келтіреді.

Қолданылуы

- жеңіл зақымдануларда, жарылуларда, сыдыруларда, тері тітіркенулерінде, жаялықтан болған эритемада, жеңіл күйіктерде, созылмалы ойық жараларда, тесілулерде, теріні ауыстырып салғанда терінің жазылу үдерісін тездету (белсенділендіру) үшін

- емшек жасындағы балаларда базданудың профилактикасында және емдеуде

- емізу кезіндегі сүт бездері күтімінде: емшек ұшының «құрғақтығын» және жарылуын емдеуде

- тері жабынының бүтіндігі зақымданған кездегі тері құрғақтығын емдеу және профилактикасында.

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа

Жақпамайды терінің зақымданған немесе қабынған бөліктеріне күніне 1-2 рет жұқалап жағады.

Емшек емізетін аналардың сүт бездерінің күтімі: жақпамайды емшектің ұшына әр емізгеннен кейін жағады.

Емшек еметін баланың күтімі: жақпамайды жаялықты (жөргекті) ауыстырған сайын жағады.

Жағымсыз әсерлері

Төменде аталатын жағымсыз әсерлері өздігінен келіп түскен хабарламаларға негізделген. Олардың әрқайсысының нақты кездесу жиілігін анықтау мүмкін емес.

Иммундық жүйе, тері және тері асты шелі тарапынан: аллергиялық, оның ішінде тері реакциялары – жанаспалы дерматит, аллергиялық дерматит, қышыну, эритема, экзема, бөртпе, есекжем, терінің тітіркенуі, сулы бөртпе.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттестуі

Басқа препараттармен өзара әрекеттесу жағдайлары белгісіз.

Айрықша нұсқаулар

Көзге тигізуге болмайды.

Ланолин, стеарил және цетил спирттері жергілікті тері реакцияларын, тітіркенуді (жанаспалы дерматит) туындатады.

Жүктілік және лактация кезеңінде қолдану

Қолдануда шектеулер жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Пантодерм препараты көлік құралдарын және басқа механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Декспантенол жақсы көтерімді және қандайда бір жағымсыз реакциялар туындатпайды. Осы кезге дейін артық дозалану жағдайлары тіркелмеген.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 г препараттан алюминий сықпаға салынады.

Әрбір сықпа медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз.

Өндіруші ұйымның атауы мен елі

"АКРИХИН" химиялық-фармацевтикалық комбинаты" акционерлік қоғамы ("АКРИХИН" АҚ), Ресей

142450, Мәскеу облысы, Ногинский ауданы, Старая Купавна қ., Киров к-сі, 29 үй.

Телефон/факс: +7 (495) 702-95-03.

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

"Химфарм" АҚ, Қазақстан Республикасы

Қаптаушы ұйымның атауы мен елі

"АКРИХИН" химиялық-фармацевтикалық комбинаты" акционерлік қоғамы ("АКРИХИН" АҚ), Ресей

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Химфарм» АҚ, Шымкент қ., Қазақстан Республикасы,

Рашидов к-сі, 81

Телефон нөмірі 7252 (561342)

Факс нөмірі 7252 (561342)

Электрондық пошта infomed@santo.kz

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы

«Химфарм» АҚ, Шымкент қ., Қазақстан Республикасы, Рашидов к-сі, 81,

Телефон нөмірі 7252 (561342)

Факс нөмірі 7252 (561342)

Электрондық пошта infomed@santo.kz

Прикрепленные файлы

Пантодерм_каз.doc 0.06 кб
Пантодерм_рус.docx 0.04 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту