Пантогам (250 мг)

МНН: Гопантеновая кислота
Производитель: ПИК-ФАРМА ПРО ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие психостимуляторы и ноотропные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018375
Информация о регистрации в РК: 10.11.2011 - 10.11.2016

Инструкция

Саудалық атауы

Пантогам

Халықаралық патенттелмеген атауы

Гопантен қышқылы

Дәрілік түрі

250 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында:

белсенді зат: 250 мг кальций гопантенаты (Пантогам®);

қосымша заттар: метилцеллюлоза, кальций стеараты, магний гидроксикарбонаты, тальк.

Сипаттамасы

Ойығы мен сызығы бар, жалпақ цилиндр пішінді, ақ түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Психостимуляторлар және басқа да ноотроптар. Гопантен қышқылы.

АТХ коды N06BX

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Пантогам асқазан-ішек жолынан жылдам сіңеді, гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтеді, ең жоғары концентрациялары бауырда, бүйректе, асқазанның қабырғаларында және теріде болады. Препарат метаболизденбейді және өзгермеген күйінде 48 сағаттың ішінде: қабылданған дозаның 67,5% - несеппен, 28,5% - нәжіспен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Пантогамның әсер ету ауқымы оның құрылымында гамма-амин май қышқылының бар болуымен байланысты. Әсер ету механизмі Пантогамның ГАМҚБ-рецептор-өзекшелік жиынтыққа тікелей әсер етуімен жүзеге асады. Препарат ноотропты және құрыспаға қарсы әсерге ие. Пантогам мидың гипоксияға және уытты заттардың әсерлеріне төзімділігін жоғарылатады, нейрондардағы анаболиялық үдерістерді көтермелейді, орташа седативті әсерді стимуляциялаушы жағымды әсерімен біріктіреді, моторлық қозуды азайтады, ақыл-ой және дене жұмыс қабілетін арттырады. Алкогольмен созылмалы улану кезінде және этанолды тоқтатқаннан кейін ГАМҚ метаболизмін жақсартады. Новокаин мен сульфаниламидтердің белсенділігін жою механизміне қатысатын ацетилдену реакциясын тежеуге қабілетті, соның арқасында соңғыларының әсерін ұзартуға қол жеткізіледі. Патологиялық тұрғыдан жоғарылаған қуық рефлексін және детрузор тонусын тежейді.

Қолданылуы

  • мидың органикалық зақымдануында болатын когнитивті бұзылуларда (оның ішінде нейрожұқпалар мен бас-сүйек ми жарақаттарында) және невроздық бұзылуларда;

  • церебральдық-органикалық жеткіліксіздігі бар шизофренияда;

  • ми қантамырларының атеросклероздық өзгерістерінен болған цереброваскулярлық жеткіліксіздікте;

  • экстрапирамидтік бұзылуларда (миоклонус-эпилепсияда, Гентингтон хореясында, гепатолентикулярлы дегенерацияда, Паркинсон ауруында және т.б.), сондай-ақ нейролептиктерді қабылдаудан болған экстрапирамидтік (гиперкинетикалық және акинетикалық) синдромды емдеу мен алдын алуда;

  • психикалық үдерістері баяулаған эпилепсияда құрысуға қарсы препараттармен біріктіріп емдеуде;

  • психоэмоциялық жүктемелерде, ақыл-ой және дене жұмыс қабілеті төмендегенде, зейінді жұмылдыруды және есте сақтауды жақсарту үшін;

  • несеп шығарудың нейрогендік бұзылуларында (поллакиурияда, императивті несеп шығарғысы келу, императивті несепті ұстап тұра алмау, энурезде);

  • перинатальді энцефалопатиясы бар балаларда, түрлі дәрежеде білінетін ақыл кемістігі, даму (психикалық, сөйлеу, моторлы немесе олардың бірігуінде) іркілісі, балалар церебральді салдануының түрлі формалары бар балаларға, гиперкинетикалық бұзылуларда (зейін бөлу тапшылығы бар асқын белсенділік синдромында), неврозға ұқсас жағдайларда (көбіне клоникалық түрде болатын кекештенуде; жыбырлап тартылуда).

Препарат 4 жастан асқан балаларға қолданылады. Анағұрлым ерте жаста препаратты сироп түрінде қолдану керек.

Қолдану тәсілі мен дозалары

Тамақтанудан кейін 15-30 минуттан соң ішу керек.

Ересектерге арналған бір реттік дозасы әдетте 0,25-1 г, балаларда 0,25-0,5 г құрайды; ересектерге арналған тәуліктік дозасы – 1,5-3 г, балалар үшін – 0,75-3 г. Емдеу курсы – 1 айдан 4 айға дейін, жекелеген жағдайларда – 6 айға дейін. 3-6 айдан кейін емдеу курсы қайталануы мүмкін.

Эпилепсияда құрысуға қарсы дәрілермен біріктірілетін тәуліктік доза 0,75 г-нан 1 г-ға дейін. Емдеу курсы 1 жылға дейін және одан да ұзақ.

Экстрапирамидтік нейролептикалық синдромда жүргізілетін еммен біріктірілген тәуліктік дозасы 3 г-ға дейін, емдеу ұзақтығы бірнеше айға созылады.

Тұқым қуалайтын жүйке жүйесінің ауруы бар науқастардағы экстрапирамидті гиперкинезде жүргізілетін еммен біріктіріп қолданылатын тәуліктік дозасы 0,5 г-нан 3 г-ға дейін. Емдеу курсы 4 айға дейін және одан да ұзақ.

Нейрожұқпалар мен бас-сүйек ми жарақаттарының зардаптарында тәулігіне 3-4 рет 0,25 г-нан.

Жоғары жүктемелерде және астениялық жағдайларда жұмысқа қабілетін қалпына келтіру үшін Пантогамды тәулігіне 3 рет 0,25 г-нан тағайындайды.

Нейролептиктерді қабылдаудан болған экстрапирамидтік синдромды емдеу үшін: ересектерге күніне 3 рет 0,5-1 г-нан, балаларға - күніне 3-4 рет 0,25-0,5 г-нан. Емдеу курсы – 1-3 ай.

Жыбырлап тартылуда: балаларға күніне 3-6 рет 0,25-0,5 г-нан, 1-4 ай бойы.

Несеп шығару бұзылғанда: ересектерге күніне 2-3 рет 0,5-1 г-нан, балаларға 0,25-0,5 г-нан (тәуліктік доза 25-50 мг/кг құрайды). Емдеу курсы 1 айдан 3 айға дейін.

Жүйке жүйесінің түрлі патологиясы бар балаларға жасына қарай препаратты 1-3 г дозада тағайындау керек. Препаратты тағайындау тактикасы: 7-12 күн бойы дозаны арттырып отыру, 15-40 күн бойы ең жоғарғы дозада қабылдау және Пантогамды тоқтатқанға дейін 7-8 күн бойы дозаны біртіндеп азайту. Пантогамды қабылдау курстары аралығындағы үзіліс, кез келген басқа ноотропты дәрілердегідей, 1 айдан 3 айға дейінді құрайды.

Ұзақ емдеу жағдайларында препаратты басқа ноотропты және стимуляциялаушы дәрілермен бір мезгілде тағайындауға болмайды. Препараттың ноотропты әсерін ескере отырып, оны таңертеңгі және күндізгі уақыттарда қабылдаған дұрыс.

Ұсынылатын ең жоғары доза

Ересектерге: тәулігіне 3,0 г

Балаларға:

4-тен 7 жасқа дейін (г/тәул.)

7 жастан асқан (г/тәул.)

1,5

2,0

4 жасқа дейінгі балаларға таблеткалық түрі тағайындалмайды.

Жағымсыз әсерлері

Сирек:

  • аллергиялық реакциялар (ринит, конъюнктивит, тері аллергиялық реакциялары) болуы мүмкін. Мұндай жағдайда дозаны азайтады немесе препаратты тоқтатады.

Өте сирек:

  • ОЖЖ тарапынан бұзылулар (қозудың аса жоғарылауы, ұйқының бұзылуы немесе ұйқышылдық, енжарлық, бас ауыруы, бас айналу, бастың шуылдауы). Бұл жағдайда препараттың дозасын азайтады.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препаратқа жоғары сезімталдық

  • бүйректің ауыр жедел ағымды аурулары

  • қан көрінісінің айқын өзгеруі

  • 4 жасқа дейінгі балалар

  • жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттестігі

Барбитураттардың әсерін ұзартады, құрысуға қарсы дәрілердің әсерін күшейтеді, фенобарбиталдың, карбамазепиннің, нейролептиктердің жағымсыз құбылыстарын болғызбайды. Глицинмен, этидрон қышқылымен біріктіргенде Пантогамның әсері күшейеді. Жергілікті анестетиктердің (прокаин) әсерін үдетеді.

Айрықша нұсқаулар

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Ықтимал жағымсыз әсерлерін назарға ала отырып, емнің бастапқы кезінде механизмдермен жұмыс атқарғанда және автомобиль жүргізгенде сақ болған жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз құбылыс симптомдарының күшеюі.

Емі: белсенділендірілген көмір, асқазанды шаю, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

250 мг таблеткалар. 10 таблетка пішінді ұяшықты қаптамада. 5 пішінді ұяшықты қаптама қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы.

Өндіруші

«ПИК-ФАРМА» ЖШҚ, Ресей, 125047, Мәскеу қ., Оружейный тұйық көшесі, 25 үй, 1 құр.

Өндірілген орны «ПИК-ФАРМА ПРО» ЖШҚ, Ресей, 188663, Ленинград обл., Всеволожский ауданы, Кузьмоловский қ.қ., цех ғимараты № 92.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«ПИК-ФАРМА» ЖШҚ

Телефон: (495) 925-57-00

Факс: (495) 925-57-00

Электронды поштасы: pikfarma@pikfarma.ru

Интернеттегі сайты: www.pantogam.ru

 

Прикрепленные файлы

546791961477977168_ru.doc 55 кб
250088001477978329_kz.doc 61 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники