Пантогам (сироп, 100 мг/мл)

МНН: Гопантеновая кислота
Производитель: ПИК-ФАРМА ПРО ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие психостимуляторы и ноотропные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020453
Информация о регистрации в РК: 26.06.2019 - 26.01.2024

Инструкция

Саудалық атауы

Пантогам

Халықаралық патенттелмеген атауы

Гопантен қышқылы

Дәрілік түрі

Шәрбат 100 мг/мл

Құрамы

100 мл препараттың құрамында:

белсенді зат – кальций гопантенаты (Пантогам®) 10,0 г;

қосымша заттар: глицерин (100 % шаққанда), сорбит, лимон қышқылы моногидраты, натрий бензоаты, аспартам, тағамдық хош иістендіргіш «Шие 667», тазартылған су

Сипаттамасы

Шиенің иісі бар, түссіз немесе сәл сарғыштау сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да психостимуляторлар және ноотроптар.

АТХ коды N06BX

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Пантогам асқазан-ішек жолынан жылдам сіңеді, гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтеді, ең жоғары концентрациялары бауырда, бүйректе, асқазанның қабырғаларында және теріде болады. Препарат метаболизденбейді және өзгермеген күйінде 48 сағаттың ішінде: қабылданған дозаның 67,5% - бүйрек арқылы, 28,5% - нәжіспен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Пантогамның әсер ету ауқымы оның құрылымында гамма-амин май қышқылының бар болуымен байланысты. Әсер ету механизмі Пантогамның ГАМҚБ-рецептор-өзекшелік кешенге тікелей әсер етуімен жүзеге асады. Препарат ноотропты және құрысуға қарсы әсерге ие. Пантогам мидың гипоксияға және уытты заттардың әсерлеріне төзімділігін жоғарылатады, нейрондардағы анаболиялық үдерістерді көтермелейді, орташа седативті әсерді стимуляциялаушы жағымды әсерімен біріктіреді, моторлық қозуды азайтады, ақыл-ой және дене жұмыс қабілетін арттырады. Алкогольмен созылмалы улану кезінде және этанолды тоқтатқаннан кейін ГАМҚ метаболизмін жақсартады. Новокаин мен сульфаниламидтердің белсенділігін жою механизміне қатысатын ацетилдену реакциясын тежеуге қабілетті, соның арқасында соңғыларының әсерін ұзартуға қол жеткізіледі. Патологиялық тұрғыдан жоғарылаған қуық рефлексін және детрузор тонусын тежейді.

Қолданылуы

  • өмірінің алғашқы күнінен перинатальді энцефалопатиясы бар балаларда

  • балалар церебральді салдануының әр түрлі формаларында

  • түрлі дәрежеде білінетін, оның ішінде мінез-құлық бұзылулары болатын ақыл кемістігінде

  • психикалық дамудың жалпы кідіруі, сөйлеудің спецификалық

бұзылулары, қозғалыс функциялары және олардың үйлесуі, мектеп дағдыларын қалыптастыру (оқу, жазу, санау және т.б.) түрінде балалар психологиялық статусы бұзылуларында

  • гиперкинетикалық бұзылыстарда, оның ішінде зейін бөлу тапшылығы бар асқын белсенділік синдромында

  • неврозға ұқсас жағдайларда (көбіне клоникалық түрде болатын кекештену; жыбырлап тартылу, органикалық емес энкопрез және энурез кезінде)

  • мнестикалық-интеллектуалдық өнімділіктің сенилдік деменция бастапқы формалары кезінде, мидың шығу тегі жарақатты, уытты, нейрожұқпалы органикалық зақымдануларында ми тамырлары атеросклероздық өзгерістерінің салдарынан төмендеуінде

  • церебральді органикалық жеткіліксіздігі бар шизофренияда (психомоторлық препараттар кешенінде)

  • мидың органикалық аурулары кезіндегі экстрапирамидтік бұзылуларда (миоклонус-эпилепсия, Гентингтон хореясы, гепатолентикулярлы дегенерация, Паркинсон ауруы және т.б.), сондай-ақ нейролептиктерді қабылдаудан болған экстрапирамидтік синдромды емдеу мен алдын алуда;

  • психикалық үдерістері баяулаған және когнитивті өнімділігі төмендеген эпилепсияда антиконвульсанттармен бірге

  • психоэмоциональді жүктемелерде, ақыл-ой және дене жұмыс қабілеті төмендегенде, зейінді жұмылдыруды және есте сақтауды жақсарту үшін

  • несеп шығарудың нейрогендік бұзылуларында (поллакиурия, императивті несеп шығарғысы келу, императивті несепті ұстап тұра алмау)

Қолдану тәсілі және дозалары

Пантогам 100 мг/мл шәрбатын ішке тамақтанудан кейін 15-30 мин соң қабылдайды. Ересектер үшін бір реттік доза әдетте 2,5-10 мл (0,25-1 г), балаларға − 2,5-5 мл (0,25-0,5 г); ересектер үшін тәуліктік доза – 15-30 мл (1,5-3 г), балалар үшін – 7,5-30 мл (0,75-3 г) құрайды. Емдеу курсы – 1-4 ай, кейде 6 айға дейін. 3-6 айдан кейін емдеу курсын қайталап жүргізуге болады.

Балаларға жасы мен жүйке жүйесінің патологиясына байланысты төмендегі дозалар мөлшері ұсынылады: бір жастағы балаларға – тәулігіне 5-10 мл (0,5-1 г), 3 жасқа дейін – тәулігіне 5-12,5 мл (0,5-1,25 г), 3-тен 7 жасқа дейінгі балаларға – 7,5-15 мл (0,75-1,5 г), 7 жастан асқандарға – 10-20 мл (1-2 г). Емдеу тактикасында 7-12 күн бойы дозаны арттырып отыру, 15-40 және одан көп күн бойы ең жоғарғы дозада тоқтатқанға дейін 7-8 күн бойы дозаны біртіндеп азайта отырып, қабылдау қарастырылады. Емдеу курсы – 30-90 күн (жекелеген ауруларда 6 айға дейін және одан көп).

Шизофрения кезінде психотропты препараттармен біріктірілімде – тәулігіне 5-тен 30 мл (0,5-3 г) дейін. Емдеу курсы – 1-ден 3 айға дейін. Эпилепсия кезінде антиконвульсанттармен біріктірілімде – тәулігіне 7,5-тен 10 мл дозаға (0,75-1 г) дейін. Емдеу курсы − 1 жылға дейін және одан да ұзақ. Экстрапирамидтік бұзылулармен қатар жүретін нейролептикалық синдром кезінде тәуліктік доза – 30 мл дейін (3 г дейін), емдеу бірнеше ай бойы. Жүйке жүйесінің органикалық аурулары бар науқастардағы экстрапирамидтік гиперкинездерде – тәулігіне 5-тен 30 мл (05,-3 г) дейін. Емдеу курсы – 4 айға дейін және одан да ұзақ.

Нейрожұқпалар мен бассүйек-ми жарақаттарының салдары кезінде – тәулігіне 5-тен 30 мл (0,5-3 г) дейін.

Жоғары жүктеме және астениялық жай-күйлер кезінде жұмыс қабілетін қалпына келтіру үшін Пантогамды 2,5-5 мл-ден (0,25-0,5 г) тәулігіне 3 рет тағайындайды.

Несеп шығару бұзылыстарында балаларға − 2,5-5 мл-ден (0,25-0,5 г), тәуліктік доза 25-50 мг/кг құрайды, емдеу курсы 1-3 ай; ересектерге –

5-10 мл-ден (0,5-1 г) тәулігіне 2-3 рет.

Ұзақ емдеу жағдайларында препаратты басқа ноотропты және стимуляциялаушы дәрілермен бір мезгілде тағайындауға болмайды. Препараттың ноотропты әсерін ескере отырып, оны таңертеңгі және күндізгі уақыттарда қабылдаған дұрыс.

Жағымсыз әсерлері

Сирек:

  • аллергиялық реакциялар (ринит, конъюнктивит, тері аллергиялық реакциялары) болуы мүмкін. Мұндай жағдайда дозаны азайтады немесе препаратты тоқтатады.

Өте сирек:

  • ОЖЖ тарапынан бұзылулар (қозудың аса жоғарылауы, ұйқының бұзылуы немесе ұйқышылдық, енжарлық, мәңгіру, бас ауыруы, бас айналу, бастың шуылдауы). Бұл жағдайда препараттың дозасын азайтады.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препаратқа жоғары сезімталдық

  • бүйректің ауыр жедел ағымды аурулары

  • жүктілік (1 триместр) және лактация кезеңі

  • фенилкетонурия (шәрбат құрамында аспартам бар)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Барбитураттардың әсерін ұзартады, құрысуға қарсы дәрілердің әсерін күшейтеді, фенобарбиталдың, карбамазепиннің, нейролептиктердің жағымсыз құбылыстарын болғызбайды. Глицинмен, этидрон қышқылымен біріктіргенде Пантогамның әсері күшейеді. Жергілікті анестетиктердің (прокаин) әсерін үдетеді.

Айрықша нұсқаулар

Ұйқышылдықты туындату ықтималдығын ескере отырып, препаратты алғаш қабылдаған күндері көлік құралдарын және механизмдерді басқару кезінде сақ болған жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз құбылыс симптомдарының күшеюі (ұйқының бұзылуы немесе ұйқышылдық, бастың шуылдауы).

Емі: белсенділендірілген көмір, асқазанды шаю, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

100 мл-ден алғашқы ашылуы бақыланатын сақинасы бар қақпақпен тығындалған күңгірт шыны құтыда. Әр құты номиналды көлемі 5 мл өлшеуіш қасығы және «½» (2,5 мл сәйкес келеді) таңбалауымен сызығы бар немесе «¼» және «½» (1,25 мл және 2,5 мл сәйкес келеді) таңбалау сызығы бар номиналды көлемі 5 мл өлшеуіш қасықпен, қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Қаптаманы ашқаннан кейін тоңазытқышта сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Ашқаннан кейінгі қолдану кезеңі – 1 ай.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы.

Тіркеу куәлігінің иесі

«ПИК-ФАРМА» ЖШҚ, Ресей, 125047, Мәскеу қ., Оружейный тұйық к-сі, 25 үй, 1 құр.

Өндіруші

«ПИК-ФАРМА ПРО» ЖШҚ, Ресей, 188663, Ленинград обл., Всеволожский ауданы, Кузьмоловский қ.с., цех ғимараты № 92.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«ПИК-ФАРМА» ЖШҚ

Телефон: (495) 925-57-00

Факс: (495) 925-57-00

Электронды поштасы: pikfarma@pikfarma.ru

Интернеттегі сайты: www.pantogam.ru

 

Прикрепленные файлы

282186931477976778_ru.doc 51 кб
030458391477977948_kz.doc 79 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники