Пантовигар

МНН: L-цистин, Дрожжи медицинские, Кальция пантотенат, Мононитрат тиамина, кератин, п-аминобензойная кислота
Производитель: Мерц Фарма ГмбХ и Ко.КГаА
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Витамины в комбинации с прочими препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021182
Информация о регистрации в РК: 17.05.2020 - бессрочно
Номер регистрации в РБ: 10061/12/18/22
Информация о регистрации в РБ: 26.03.2018 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Пантовигар

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың ішінде

белсенді зат: медициналық құрғақ ашытқы 100 мг, тиамин нитраты

60 мг, кальций пантотенаты 60 мг, цистин 20 мг, аминобензой қышқылы

20 мг, кератин 20 мг

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, тальк, повидон, магний стеараты, коллоидты кремнийдің қостотығы,

желатинді капсула құрамы: желатин, титанның қостотығы (E 171), темірдің сары тотығы (Е 172) (капсула қақпақшасы үшін), индигокармин (E 132) (капсула қақпақшасы үшін), тазартылған су.

Сипаттамасы

Цилиндр пішінді, корпусы ақшыл-крем түсті, күңгірт-жасыл түсті қақпақшасы бар қатты желатин капсулалар.

Капсула ішіндегісі – өзіне тән иісі бар ақшыл-қоңыр ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да витаминдер, оның ішінде басқа препараттармен біріктірілімдегі витаминдер. Басқа препараттармен үйлесімдегі витаминдер.

АТХ коды A11JC

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Пантовигар препаратының әсері оның компоненттерінің біріккен әсері болып табылады, сондықтан кинетикалық бақылаулар жүргізу мүмкін емес. Витаминдер АІЖ жоғарғы бөлігінде сіңеді. Кератин гидролизі (L-цистин және пара-амин-бензой қышқылы) нәтижесінде алынған амин қышқылдарының компоненттері пассивті диффузия жолымен және/немесе белгілі бір тасымал жүйесіне байланысты сіңеді.

Фармакодинамикасы

Пантовигар - біріктірілген препарат, құрамында шашқа және тырнаққа қажетті элементтер – Д-пантотенат кальций, L-цистин және амин қышқылдары, кератин бар. Препарат қасиеті оның құрамына кіретін компоненттер қасиетіне байланысты.

Қолданылуы

- этиологиясы гормоналдық емес шаштың диффуздық түсуі

- шаш құрылымының дегенеративтік өзгерістері (химиялық әсерден, күннің және ультра күлгін сәулелену салдарынан шаштың зақымдануы)

- ақ шаштар пайда болуын тойтару

- тырнақ құрылымының бұзылуы

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер:

Тәулігіне 3 рет 1 капсуладан.

Капсуланы тамақ ішу кезінде, шайнамай, судың аздаған мөлшерімен қабылдау керек. Емнің орташа ұзақтығы – 3-6 ай. Қажет болғанда курсты дәрігер ұсынысы бойынша жалғастыруға болады.

Жағымсыз әсерлері

- диарея, жүрек айнуы, құсу, қыжыл, метеоризм, іш аумағындағы ауыру

Сирек

- есекжем, бөртпе, қышыну

- тахикардия, тамыр соғысының жиілеуі

- қатты терлеу

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық

- жүктіліктің I және II триместрі және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалық жас және жасөспірімдік жас

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препараттың дәрілермен өзара әрекеттесуі сипатталмаған

Айрықша нұсқаулар

Тырнақтың жұқпалы аурулары және андрогендік шаштың түсуі препаратты қолдануға көрсетілім емес. Аталған патологияларда препарат біріктірілген ем құрамында пайдаланылуы мүмкін.

Егер шаш немесе тырнақ аурулары жағымсыз, үдемелі жағдайға өтсе, дәрігерге қаралу керек, өйткені бұл жүйелік аурулар белгісі болуы мүмкін, бұл жөнінде емделуші хабардар болуы тиіс.

Егер емделуші сульфаниламидті препараттар қабылдап жүрсе, Пантовигар қабылдауды бастар алдында ол дәрігермен кеңесу керек.

Жүктілік

Жүктіліктің III триместрінде препаратты тек дәрігер тағайындауы бойынша ғана қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Пантовигар препаратының артық дозалану жағдайлары туралы хабарланбаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

ПВХ/ ПВДХ алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 15 капсуладан.

6 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Мерц Фарма ГмбХ и Ко.KГaA, Германия

Тіркеу куәлігінің иесі

Мерц Фармасьютикалс ГмбХ, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Фарма Гарант ГмбХ компаниясының өкілдігі, Жібек Жолы 64, 305 кеңсе, Алматы, Қазақстан, 050002, тел./факс: (727) 2 73 62 78

Электронды поштасы: pharmagarant.kaz@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

875475321477976512_ru.doc 53.5 кб
680452511477977669_kz.doc 50 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники