Пантестин-Дарница

МНН: Декспантенол, Мирамистин
Производитель: Фармацевтическая фирма «Дарница» ЧАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты, способствующие нормальному рубцеванию
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013613
Информация о регистрации в РК: 07.06.2019 - 07.06.2024

Инструкция

Саудалық атауы

Пантестин-Дарница

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Гель 15 г

Құрамы

1 г гельдің құрамында

белсенді заттар: 50 мг декспантенол (Д-пантенол), мирамистин сусыз затқа шаққанда 5 мг

қосымша заттар: пропиленгликоль, полиэтиленгликоль (макрогол 400), полоксамер (проксанол 268), цетил спирті, стеарил спирті, тазартылған су.

Сипаттамасы

Әлсіз спецификалық иісі бар ақ түсті гель

Фармакологиялық тобы

Асқын тыртықтануды емдеуге арналған басқа да препараттар

АТХ коды D03AX

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Пантестин-Дарница геліндегі декспантенол жүйелі қан ағымына түспейді деуге болады. Дексапантенол тіндерде жаққан орнында метаболизденеді. Мирамистин, жақпамай негізді полимерлік заттардың қасиеттері арқасында жара беткейінде сақталып тұрады және жүйелі қан ағымына сіңбейді.

Фармакодинамикасы

Пантестин-Дарница препаратының белсенді заты дексапантенол провитамин болып табылады. Теріге жаққан кезде дексапантенол эпителий жасушаларына өтеді және пантатен қышқылына өзгереді, бұл пластикалық материалдың синтезі үдерісіне қатысатын А коферментінің құрылымдық бөлшегі болып табылады. Бұл жазылуы қиын, асқынған жаралар терісінің қалыптасу үдерістері мен регенерациясының күшеюіне алып келеді.

Қиын жазылатын жаралар, әдетте жара жұқпасымен асқынатындықтан, жара жұқпасының алдын алу және емдеу мақсатында препаратқа катиондық антисептик – мирамистин енгізілген, оның микробқа қарсы әсері дексапантенолдың әсерін толықтырады.

Қолданылуы

  • орналасуы мен шығу тегі әр түрлі жараларды, соның ішінде операциядан кейінгі жаралар, трофикалық ойық жаралар мен регенерация фазасындағы тесілулерді (жара үдерісінің 2-фазасы) емдеу үшін хирургияда

  • күнге күйген жерлерді, грануляцияланатын күйікті жараларды емдеу үшін, оларды аутодермопластикаға дайындауда және пластикалық операциялардан кейін комбустиологиядағы тері трансплантанттарының бітісуін жақсарту үшін

  • шырышты қабықтардың, тері мен оның айналасындағы тіндердің сәулелік зақымдануларының алдын алу, сондай-ақ радиациялық медицинада регенерация фазасындағы сәулелік ойық жараларды емдеу үшін

  • тері жұқпасын, ішінара, салдарлы жұқпаланған экземалар мен нейродермиттерді емдеу үшін

  • ұсақ сыдырылған жерлерді, кесілген жерлерді, жырылуларды, күйіктерді, күлдіреген жерлерді емдеу мен олардың тұрмыстық жарақаттануда жұқпалануының алдын алу үшін

  • гинекологияда жатыр мойны эрозиясын, эрозиялы кольпиттер мен қынаптың шырышты қабығының зақымдануын емдеуде

  • стоматологияда пародонт ауруларын (катаральді, ойық жаралы-некроздық гингивит, жергілікті пародонтит, жайылған пародонтит), ауыз қуысы шырышты қабығының ауруларын (стоматит, созылмалы қайталанатын афтозды стоматит), ауыз қуысы шырышты қабығының жарақаттық зақымдануын (протездік стоматит) емдеу үшін

Қолдану тәсілі мен дозалары

Пантестин-Дарница гелін жергілікті қолданады. Жара беткейін стандартты өңдегеннен кейін, гелді жараға жұқа қабаттап жағады, сосын стерильді дәке таңғышты қояды, егер қажет болса, гельді таңғыш материалға жағып, сосын жараға таңуға болады. Экссудат бар болса, препаратты жараға қолданар алдында фурацилиннің ерітіндісімен (1:5000) немесе сутегінің асқын

тотығымен (3 %) жуу және дәке сүрткімен құрғату қажет. Дерматологиялық аурулар мен күнге күйген күйіктерде емдеу таңғышсыз әдіспен жүргізілуі мүмкін; гельді күніне 2-3 рет зақымдалған беткейге жағады. Гинекологиялық ауруларда (жатыр мойны эрозиясында, эрозиялы кольпиттерде және т.б.) дәке тампонына гельді алдын-ала сіңдіреді, оны жатқан қалыпта қынапқа терең енгізеді.

Стоматологиялық ауруларда препаратты тек ересек емделушілерге қолданады. Препарат ауыз қуысына жергілікті қолдануға арналған. Жеке гигиенадан кейін ауыз қуысын шайып, гельді қызыл иек беткейіне немесе ауыз қуысы шырышты қабығының бөлігіне жұқалап жағу керек. Бір сағат ішінде сұйық ішуге және тамақ жеуге болмайды. Ауыз қуысы шырышты қабығының жарақаттық зақымдануларын (протезді стоматит) емдеу кезінде зақымданған аймаққа гель жаққаннан кейін тіс протездерін пайдалануға болады. Гельді тәулігіне 2-3 рет қолданады. Емдеу ұзақтығы 7-10 күн, зақымдану толық жазылғанға немесе қабыну үдерістері азайғанға дейін.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар (терінің қызаруы және қышыну)

- өздігінен кететін және препаратты тоқтатуды қажет етпейтін жеңіл күйдіру сезімі.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- жара үдерісінің бірінші фазасында айқын іріңді экссудация кезінде

- құрамында мирамистин болғандықтан, тесілген дабыл жарғағына аппликациялау үшін

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препаратты сабынмен және басқа мирамистиннің микробқа қарсы әсерінің белсенділігін жоятын антисептиктермен бірге қолдануға болмайды (анион белсенді дәрілермен).

Мирамистинмен бір мезгілде қолданғанда антибиотиктерге микроорга-

низмдер төзімділігінің бірқатар төмендеуі байқалады.

Декспантенол ацетилхолин синтезін көтермелеу қабілетінің арқасында деполяризациялаушы миорелаксанттардың әсерін күшейтуі және деполяризацияламайтын миорелаксанттардың әсерін нашарлатуы мүмкін.

Емдеу кезінде дәрігермен алдын ала кеңесіп алмай, басқа препараттармен бір мезгілде қолданбаған жөн.

Айрықша нұсқаулар

Гельдің көзге түсуін болдырмау керек.

Дәрігермен алдын ала кеңесіп алмай, басқа препараттармен бір мезгілде қолданбаған жөн.

Балалар

Препараттың балалар тәжірибесінде қолданылуы жөнінде деректер жоқ.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік кезінде препаратты терінің үлкен бөліктеріне қолданудан аулақ болу керек. Бала емізу кезінде тек терінің кішігірім бөліктеріне қолдануға ғана жол беріледі.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Жергілікті қолданылғанда артық дозалану ықтималдығы аз, өйткені препараттың белсенді компоненттері жүйелі қан ағымына түспейді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

15 г-ден медициналық мақсаттарға арналған жарғақшасы бар немесе импорттық, пластмасса қақпақтармен бұралатын алюминий сықпаларға салынған. Әр сықпа медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Препаратты мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Фармацевтикалық фирма «Дарница» ЖАҚ

Украина 02093 Киев қ., Борисполь к-сі, 13.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Фармацевтикалық фирма «Дарница» ЖАҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

телефон/факс: (+ 380 44) 207 73 27

е-mail: vigilance@darnitsa.kiev.ua

http://www.darnitsa.kiev.ua

Прикрепленные файлы

653445251477976753_ru.doc 55 кб
586770041477977922_kz.doc 76.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники